kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??рбан айт. Т?рбие са?аттары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бас?аны ?йреткен кісі ?айталау ар?ылы ме?герген білімдерін ны?айтумен ?ана емес, п?нге ??ілуге м?мкіндік алумен де ?зін-?зі ?йретеді. Сонды?тан да ас?ан дарынды Иохим Форций ?зі жайында:-не естіп,не о?ысам да,соны? б?рі тіпті бір айды? ішінде-а? ойымнан шы?ып кетеді,ал бас?алар?а ?йреткенімді ?зімні? бес сауса?ымдай соншалы? ай?ын білемін,- дейді екен.Сонды?тан ол зор табыстар?а жету ?шін ш?кірттеріне ?здеріне  ш?кірттер тауып,олар?а к?н сайын ?здері ?йреніп жат?ан н?рселерін ?йретіп отыруды ке?ес ?ылады.Ян Амос Коменский

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??рбан айт. Т?рбие са?аттары.»

«Аққұдық негізгі мектебі» ММ









Тақырыбы: «Құрбан айт – қасиетті мереке»




Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Асылбекова Б.Ж.




Сынып сағаты.

Тақырыбы: Құрбан айт – қасиетті мереке

Мақсаты:

1.Білімділік: Құрбан айт мерекесінің қасиеті туралы түсіндіру.

2.Тәрбиелілік: Оқушыларды сабырлы, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың бойында имандылық қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: ИАТ, нақыл сөздер.

1.Құрбан шалу – мұсылмандықтың маңызы.

2. Құрбан шалу көрші ақысын еске түсіріп, татулыққа бастайды.

3. Құрбан шалу шаңырақты берекеге бөлейді.

4. Құрбан шалудың қоғамдық пайдасы мол.

Сабақтың түрі: тәрбие сабағы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

ІІ.Құрбан айт туралы не білеміз?

Айт – арабшадан тілімізге аударғанда «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі құран мен сүндетке сүйенеді. Біріншісі- Рамазан айты, екіншісі- құрбан айт.

Құрбан - араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғатта терминдік мағынасы «шарттармен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айт - мұсылманның ұлық мерекесі.

Құрбан айтта құрбандыққа мал шалу – Ханафи мәзһабында (шамасы жеткендерге ғана) уәжіп.

Төмендегідей төрт шартқа ие жандарға құрбан шалу уәжіп:

  • Мұсылман болуы;

  • Ақылды және балиғат жасына толуы;

  • Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы;

  • Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы.

Нисап мөлшері – 85 грамм алтын, яки соның құнына тең келетін ақша. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанымен, жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат.

Құрбан шалу (ғұрып). «Сымайылдың орнына құрбандыққа шалуға алла пейіштен жуан семіз қой түсірді» (Құран хикаялары). Мұсылман елінің ең басты әрі қасиетті тойы әрі мейрамы-Құрбан айтында Мұхаммедтің әр үмбеті дін құрметіне, әруақтарға бағыштап (арнап) мал сойып, құрбандық шалады. Алғаш құрбан шалу Алла бұйрығы бойынша Ибраһим Пайғамбар тұсында болған. Алла оған сүйікті ұлы Сымайылды құрбандыққа шалуға бұйырған. Мұны әке де, бала да құп алады. Алла тағала әкелі-балалы екеуінің шын берілген және адалдығы үшін рахым жасап, жұмақтан көк қошқар түсіріп, ол құрбандыққа шалынады.
     Күндердің күнінде Ибраһим пайғамбар түсінде баласын құрбандыққа шалғалы жатқанын көрді. Белгінің Жаратушыдан келгеніне көз жеткізген Ибраһим пайғамбар бұл белгіні орындауға бекемденеді. Ұлы Жаратушы әмірі қайткенде де сөзсіз орындалуы тиіс. Ақыр соңында тәуекелге бел буды. «Балам түсімде Алланың әмірімен сені құрбандыққа шалуға ниеттеніп, бауыздайтын деп жатыр екем. Бұған не дерсің?» дейді. Баласы әкесінің ойын түсінді: «Әкетай, еш тартынба! Хақ Тағаланың бұйрығын не болса да орында. Тәуекел ет!» деді қасқая. Әке мен бала бұйрықтың басқадан емес, Ұлы Жаратушыдан келгенін жете ұғына білді. Сол үшінде қыңқ деместен, «кессең мойным міне» деп пышаққа түсті. Әттең, қанша қайралса да пышақ өтпей қор қылды. Соңынды сынақтан да сүрінбей өтті-ау. Алланың өзі аян білдірді:«Әй, Ибраһим! Сен көрген түсіңе адалдық таныттың. Міндетіңді орындадың. Исмайылдың орнына құрбандық ретінде шаларсың деп қошқар түсірдім. Біз жақсы құлдарды осылай марапаттаймыз!» Иә, Алла тағала сынағаны болмаса, Исмайылды құрбандыққа шалуды қаламады. Ол тек Ибраһим пайғамбардың өзіне адалдығына, әмірін қалтықсыз орындауына тәнті болуды қалады. Нағыз тәуекел ете білудің үлгісін паш етті. Ибраһим пайғамбардың кезінде құрбан шалу қажылықтың бір шарты ретінде сүннетке айналып, соңғы елші хазірет мұхаммедке де (с.а.с) жетті. Осы кезден бастап құрбан шалу қажылықтың бір рәсімі ғана емес, бүкіл мұсылман жұртшылығына ортақ құлшылықтың түріне айналды. Құрбан шалу Алла елшісі (с.а.с) Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін, хижраның екінші жылы қажылықтан тыс мұсылмандарға да міндеттелді. Осы күндері айт намазын оқу және құрбан шалу уәжіп ретінде бекітілді.

Құрбан шалу ғұрпы сол заманнан бастап сақталып келеді. Бұл да мұсылмандықтың басты бір парызы. Әрбір пенде өзінің Алла тағалаға рухани да, дүниелік те жақындығын яғни қалтқысыз адалдығын көрсету үшін белгілі бір уақытта аты аталып шалынатын мал «құрбандық малы» делінеді. (Мұхтасар). Құрбанға жарайтын малдар: қой, ешкі, сиыр және түйе. Бұлардан басқа хайуандардан құрбан болмайды. (Ғылымхал). Қой, ешкі сияқты ұсақ малды бір адам, сиыр, түйені жеті адам бірігіп құрбанға шалуына болады. Ауру, ақсақ, соқыр, жаралы, қотыр малды құрбан шалуға жарайды. Құрбанға шалынатын малға бата беріледі. «Құрбан қабыл болсын» деу керек. Құрбандық еті көпшілікке беріледі. Құран оқылады, тілек, бата беріледі. Түнде құрбан шалынбайды.

Топпен жұмыс.

І. Екі топқа сұрақтар беріледі. Сол сұрақтар бойынша оқушылар жауап береді.

1- топ

  1. Құрбан шалудың пайдалары.

  2. Құрбандыққа шалынатын мал қанша адамға жетеді?

2-топ

  1. Құрбандыққа шалынатын малдарға қойылатын талаптар

  2. Құрбандықтың уақыты

 

ІІІ. Өзіңді таны

І топ. Адам бойында кездесетін жаман қасиеттерді жазу.

ІІ топ. Адам бойында кездесетін жақсы қасиеттерді жазу.

ІҮ. Мақал –мәтелдер сайысы

І топ. Адамгершілік, мейірімділік, ұқыптылық, тазалық туралы.

ІІ топ. Еңбек туралы.

Ү. Қорытынды

Егемен ел атанған көп ұлтты мемлекетіміз өткен жылдар ішінде дүниежүзінің қалың жұртшылығына жан-жақты жаңарған, экономикасы серпінді дамыған, өсіп-өркендеу мүмкіндігі мол, діні мен тіліне қарамастан барша адамзат балаын бауырына басқан еңселі мемлекет ретінде танылды. Тұғыры берік тәуелсіздігіміздің басты жетістіктерінің бірі жасампаз халқымыздың ділімізбен қайта қауышуы екені даусыз. Олай болса үш күн бойы аталып өтілетін бұл мейрамның барша мұсылмандар үшін мән-маңызы аса зор, өнегесі өзгеше. Ауқатты, тұрмысы жақсы адамдар Ұлы жаратушы Иеміз-Алла разылығы үшін құрбандық шалып, кедей әрі мұқтаж адамдарға, міксін жандарға қамқорлық көрсетеді.

Олай болса, Құрбан айт мерекесі де адамдардың бір-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса кешірім жасасатын күн.

Қасиетті Құрбан айт жүрегімізге қуаныш ұялатып, біздің рухани тазалығымызды қамтамасыз етсін. Жүрегімізді қуанышқа бөлеп, барлық ақ ниетті істерімізді қолдасын.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
??рбан айт. Т?рбие са?аттары.

Автор: Асылбекова Бакыткул Жумакановна

Дата: 07.02.2016

Номер свидетельства: 289727


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства