kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Х.Есенжанов Ұлы жазушы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Х.Есенжановты таныту, шығармаларының тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып жанжақты ашуү

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Х.Есенжанов Ұлы жазушы»





Әдеби Ақжайық жобасы аясында өткізілген Хамза Ихсанұлы Есенжановқа арналған «Қара сөзге өз сезімімен табиғатын сеніп тапсырған жазушы» атты әдеби кеш.

Мақсаты: Х.Есенжановты таныту, шығармаларының тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып жан-жақты ашу.
 Жазушы  шығармасын талдай отырып, жазушы тілінің өткірлігін, айқындылығын, даналық ойға құрылғандығын нақты мысалдармен дәлелдеу, шығарманың эстетикалық, идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру,  жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға,  ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, Сыни тұрғысынан ойлау жобасының элементтері.

Пәнаралық байланыс: тарих, мәнерлеп оқу, музыка.

Сабақтың көрнекілігі: Х.Есенжанов портреті,  кітап көрмесі, слайд.

Ұйымдастыру.    Есенжанов Хамза Ихсанұлы (1908-1974) – жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында туған. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербор) Мемлекеттік өнертану институтының аспирантурасын бітірген. 1932-1937 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы, КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы әдебиет пен фольклор секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1937 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясының, кейін Қазақ опера және балет театрының директоры қызметін атқара жүріп, Қазақ педагогикалық институтында орыс әдебиеті тарихынан сабақ берді. 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары республикалық басылымдарда қаламгердің «Өлеңтінің жағасында», «Қызыл құмақ», «Күшке ? күш» сияқты әңгімелері мен «Жер шарында» атты пьесасы жарияланды. 1938 жылы жалған саяси айып тағылып, 20 жылға жуық уақыт сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын тартты. Елге оралған соң, 1956 жылдан өнімді шығармашылық еңбек жолын бастады. Жазушының басты шығармасы «Ақ Жайық» трилогиясы. Бұл үлкен еңбекте жазушы Батыс Қазақстан өңіріндегі революциялық қозғалысты, Кеңес өкіметінің қалай орнағанын суреттейді. Жазушының ұзақ жылдар бойғы еңбегі кезінде әдеби ортада лайықты бағасын алды.1963 жылы трилогияның заңды жалғасы болып табылатын «Көп жыл өткен соң», ал 1970 жылы «Ағайынды Жүнісовтер» романдарын жазды. Соңғы екі кітапта жаңа өмір құрған елдің сан қырлы тұрмыс-тіршілігі мен әділет үшін күресі, адамның азамат ретінде қалыптасуы бейнеленген. «Ақ Жайық» трилогиясы мен «Көп жыл өткен соң» роман-дилогиясы 5 кітаптан тұратын тұтас эпопея іспетті. Жазушы өмірінің соңғы жылдары «Қарт қазақ», «Жайын ілерде», «Жар», т.б. әңгіме, очерк, әдеби-сын мақалалар жазды. 1978-1981 жылдары жазушының 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Жазушы көркем аударма саласында да өнімді еңбек етіп, М.Шолоховтың «Тынық Дон» романының 1-ші және 4-ші кітаптарын, И.Тургеневтің «Рудин», И. Шуховтың «Өшпенділік» романдарын, А.Пушкиннің «Дубровский» повесін, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды. Сонымен қатар бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар жазды. Ақын Сағат Әбдуғалиевтің «Хамза Есенжанов» атты өлеңінде зұлмат жылдардың құрбаны болған қаламгердің тартқан азабы, көрген қиындығы, сатқындардың құнсыз тірлігі баяндалған. Орал қаласындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына қаламгердің есімі берілген. Есенжанов — М.Шолоховтың “Тынық Дон” романының 1-және 4-кітаптарын, И.С. Тургеневтің “Рудин”, И.П. Шуховтың “Үшпенділік” романдарын, А.С. Пушкиннің “Дубровский” повесін, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды. Сонымен қатар бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар жазды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1967).

  1. Ой қозғау. Хамза Есенжанов туралы не білесіңдер.

  2. Көрініс. «Қадір түні» Межетқали Іңкәр,Зинұр Әмина,Серікқалиев Ержан.

Хамза Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы туралы слайд арқылы түсіндіру

Бүгін біз сіздермен «Ақ Жайық» трилогиясымен танысамыз.(слайд)

«Ақ Жайық» трилогиясы композициялық құрылысы жағынан үлкен үш кітаптан тұрады.

3.«Ақ Жайық» трилогиясынан үзінді ,хаттан үзінді оқылды.Төлеуғали Расул

4. Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы инновациялық – әдістемелік жұмыс бөлімі әдіскерлері Мейрамгүл Жұмабайқызы Есбулатова, Жанаргүл Болатқызы Жаңабергенова қатысып кітап көрмесімен таныстырып, кітапханада оздырылатын улкен шараларға ұстаздармен оқушыларды атсалысуға шақырды.

«Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» — Дулат Бабатайұлы

«Байлық- қанағат пен еңбекте»- Ыбырай Алтынсарин

«Айтуға оңай, істеуге қиын»

«Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетер»

      Қорытынды.

         Филология ғылымының докторы, академик Мұхамеджан Қаратаев Хамза Есенжановтың 60 жасқа келуіне байланысты «Социалистік Қазақстан» газетіне «Қайсар талант» атты мақала жариялап, «Әдетте, талант атаулыны гүлге балаушылық болады, Хамза талантын дәстүр бойынша гүлге баласақ, гортензияға балауға болады. Ол бейне бір гортензия гүлі секілді әрқилы жағдайда-ақ өзінің төзімпаздық қабілетін танытып, барлық тұрақты қасиет, сипатын сақтай білді. «Ақ Жайық» трилогиясы, «Көп жылдар өткен соң» — осының айғағы».  «Ақ Жайық» трилогиясы – қазақ әдебиетін сатыға алғаш көтерген, бүкіл көп ұлтты совет әдебиетінің қазына қорына енген, көркемдік идеялық нысанасы жоғары, кесек шығарма.














































Х. Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясынан үзінді «Қадір түні» бөлімінен көрініс



Хамза Есенжанов туралы ақын – жазушылардың өлеңдері окылды.Төлеуғали Расул жазушының абақтыда отырып сүйген жары София ханымға жазған сағынышты хаттарын оқыды

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы инновациялық – әдістемелік жұмыс бөлімі әдіскерлері Мейрамгүл Жұмабайқызы Есбулатова, Жанаргүл Болатқызы Жаңабергенова қатысып кітап көрмесімен таныстырып, кітапханада оздырылатын улкен шараларға ұстаздармен оқушыларды атсалысуға шақырды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Х.Есенжанов Ұлы жазушы

Автор: Мендешова Орынгүл Серікқызы

Дата: 17.04.2018

Номер свидетельства: 466534


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства