Наурыз мейрамы — праздник весеннего обновления в Казахстане. Он возник у народов Востока задолго до принятия мусульманства, поэтому лишен религиозной обрядности и направленности. По восточному календарю Наурыз - начало нового года, совпадает с днем весеннего равноденствия. Для казахов этот праздник является символом весеннего обновления, торжества любви, плодородия и дружбы. В старину до прихода Наурыза люди приводили свои дома и хозяйство в порядок, в честь праздника сажали деревья, цветы. Считалось, что если Наурыз входит в чистый дом к хорошему хозяину, то болезни, неудачи, невзгоды обходят его стороной
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"?ош келді?, Наурыз."»
«Қош келдің, Наурыз!»
Мақсаты: Оқушылардың Наурыз мерекесі туралы білімдерін кеңейту, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен қатар қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстыру, адамдарға қуаныш, жақсылық тілеп, бауырмал болуға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: шарлар, халықтың салт – дәстүрін бейнелейтін суреттер,
( Жүргізуші мен оқушылар Р. Рымбаева орындауындағы «Наурыз думан» әніне сахнаға шығады)
Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар, дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз құтты болсын. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді.Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілікпен,ақ ниетпен қарсы алады.Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып,дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз.Ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын!
1.Оқушы: Армысыңдар, халайық! Бармысыңдар, халайық» Келді Наурыз сағынтып. Наурыз келсе құт келгені, халайық. Есік ашып, шашу шашып, Ұлысты қарсы алайық
2.Оқушы:Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!
Наурыз тойы басталды,
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге!
3.Оқушы:Көктем келіп, жер когеріп Дала ғажап тұрды енді Ауламыз да, алмамыз да, Кұлпырды да гүлдері.
4.Оқушы:Армысыздар! Аға-іні, бауырлар,
Қарындастар, әпке деген қауым бар
Жарқын жүзді ұстаздарым, армысың,
Наурыз – тойға хош келіпсіз барлығың!
5.Оқушы: Жаңа жылға жаңа тілек тілейік,
Ескі жылдың қадірін де білейік
Алдағы жыл орындалсын армандар,
Барлығымыз аман-есен жүрейік
( оқушылар « Наурыз біздің жаңа жыл» әнін орындайды)
Жүргізуші:Наурыз айының 22- сінде көптеген Шығыс елдерінде Жаңа жыл мерекесі тойланады. Наурыз – жыл басы.
Бұл күні жұрт таза, жаңа киімдерін киіп, үй-үйге қыдырып, бір-біріне деген таза көңілдерін ақ тілегін білдіреді. Әр үйде дастархан жайылып, жеті түрлі тағам түрлері қосылған наурыз көже пісіріледі.
Бар табиғат оянып, түлеп, жасарған. Ұлыстың Ұлы күні-деп те аталады
6.Оқушы:Наурыз көктем, наурыз жыр, Ана мейрім, шуақ нұр. Жан иесін жаңартқан, Аққан бұлақ, нәзік сыр.
7.Оқушы:Наурыз жауын, наурыз сән, Әсем әуен, сазды ән. Қыз бозбала қыдырған, Жаcыл желек, көк аспан.
(оқушылар «Наурыз» әнін орындайды)
Жүргізуші:Бұл жаңа жылды қарсы алуда әр халық бірдей дайындалады. Әр үйде тазалық орнап, жаңа киімдер киеді, мерекелік тағам дайындайды.
Наурыз көңілді ән, би, ойындар, жарыстармен бір-біріне сыйлық жасаумен өткізіледі. Қай ел, қандай ерекешеліктермен тойласа да, Наурызда тек қана жақсылық ниеттер айтылады.
8.Оқушы:Наурыз самал, наурыз таң, Қалың орман ұйқысынан оянған. Сағынышпен қауыштырған жұптарды, Жылдың басы, он екі айда тоғысқан
9.Оқушы:Наурыз дала, наурыз гүл, Тентек сезім, үнсіз тіл. Ақ қайыңның аясында айқасқан, Балуан білек, қыпша бел