kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? жыры ба?ытты ?ой, т?йірі ?атарында бол?ан ?шін Тайыры

Нажмите, чтобы узнать подробности

«?аза?  жыры  ба?ытты ?ой, т?йірі

?атарында  бол?ан  ?шін  Тайыры»

?деби- жыр  кеші

                                                     Таир - а?ын  болып  туып,

                                                     А?ын  болып  жасап,  а?ын  болып

                                                     д?ниеден  к?з  ж?м?ан  адам.

                                                                                              Т. Молда?алиев.

 Ма?саты: Таир  Жароковты?  шы?армашылы?  жолымен  тере?ірек  танысу, о?ушыларды?   ?ле?дерге  деген  ынтасын  арттыру,  к?ркемс?з  о?у  шеберлігін,  ізденімпазды?  ?асиеттерін  ?алыптастыру.

К?рнекілігі: Кітап  к?рме: «Жайы?ты?  жайсан  а?ыны»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? жыры ба?ытты ?ой, т?йірі ?атарында бол?ан ?шін Тайыры »

«Қазақ жыры бақытты ғой, тәйірі

Қатарында болған үшін Тайыры»

Әдеби- жыр кеші

Таир - ақын болып туып,

Ақын болып жасап, ақын болып

дүниеден көз жұмған адам.

Т. Молдағалиев.

Мақсаты: Таир Жароковтың шығармашылық жолымен тереңірек танысу, оқушылардың өлеңдерге деген ынтасын арттыру, көркемсөз оқу шеберлігін, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: Кітап көрме: «Жайықтың жайсан ақыны»


1-жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар мен мұғалімдер!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер шақырулы қонақтар!

1-жүргізуші: Қазақ әдебиеті тума талант иелеріне ешқашан кенде болған емес. Осындай тамаша дарын иелерінің бірі-өр тұлғалы, асқақ үнді ақын Таир Жароков.

2-жүргізуші: Көрнекті қазақ ақыны Таир Жароков 1908 жылы 26 қыркүйекте Бөкей Орда мекенінде, кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Ауылдағы орыс- қазақ бастауыш мектебінде сауатын ашқан. 1923-1927 жылдары Орынборда Қазақтың ағарту институтында, 1928-1932 жылдары қазақтың педагогиқалық институтында, 1931- 1935 жылдары Ленинградтағы( қазіргі Санкт- Петербург қаласы) тарих, философия, және әдебиет институтының аспиранты. Қазақстан Жазушылар Одағы ұйымдастыру комитетінің хатшысы(1932-1933). Қазақ мемлекеттік баспасының редакторы (1933- 1934), «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары (1936-1938), Жамбылдың әдеби хатшысы(1938-1942) қызметін атқарды.

Ұлы Отан соғысы жылдары әскери қызметте болды. 1946 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар Одағы мен Қазақстан Мемлекеттік көркем әдебиет баспасында(қазіргі «Жазушы») еңбек етті.

1-жүргізуші: «Кең сахараны, мол Қазақстанды «өзімдікі», «бұл менің жерім, менің далам!» деуге үйрене бастаған, бостандық дүниесін жаңа ғана таныған халық атқан таңына, шыққан күніне қызықтай, қызыға қарайтын, сол жарық сәуленің ішінде еркін еңбектеніп жүргеніне шексіз бақытты сезінетін. Еңбекші елдің сол жаңа санасы мен жаңа сезімін Таир бірінші жырлаушылардың қатарында болды»- деп Әбділда Тәжібаев Таир ақынның ақындық шығармашылығына зор баға берген.

2-жүргізуші: Ақынның тұңғыш жинағы-«Жұлдыз жарығы» 1932 жылы басылып шыққан.

Таир Жароковтың ақындық қадамы ұшқырлықты, биіктікті мадақтаудан басталады. Оның «Аэроплан» атты тырнақалды туындысы алғашқы әдеби журналымыз «Жаңа әдебиеттің» 1928 жылғы бірінші санында, бірінші бетінде жарияланды.

«Аэроплан»

1-жүргізуші: Бұл өлеңде ақынның мақсаты мотор ырғағын, қолдар қимылын, бостандық дүниесіндегі еркін еңбектің ішкі үнін әнді жырға айналдыру еді.

Адамның еркіндігі шалқасынан жатқаннан табылмайды, еркіндіктен қуат-энергия туып жануы керек. Сонда адамның арманы космосқа ұмтылған- ең биіктерге, ең тереңдерге жетсем деген қуатты қимылға айналады. Ақын өз бойына біткен дарын сипатын елге ерте танытты. Өршілдік, оттылық, уыттылық, асқақтық оның өзіне ғана жарасатын. «Бесжылдықтың балғасы», мен «Миллион толқыны» атты өлеңдері жиындарда, ойын- сауықтарда жұртшылықтың аузынан түспейтін сүйікті әнге айналды.

«Миллион толқын»

2-жүргізуші: Ақынның «Нарын» мен «Құмдағы дауыл» поэмаларында Батыс облыстарында кеңес үкіметі үшін болған күрес жыр желісіне арқау болған, «Тасқын» мен «Тасқынға тосқын» поэмаларында 1921 жылдары Алматы мен Есік көлінде болған су тасқыны әңгіме болған. Ата- анасы қаза тауып, жетім қалған Жамал мен Қайсардың жаңа заманның қамқорлығы арқасында оқып, адам болғаны суреттеледі. Алматы табиғаты, тасқын суреті, адамның ой-сезімін бейнелейтін, ақынның суреткерлігін танытатын жолдар мол. «Күн тіл қатты» поэмасында дүние жүзін дүр сілкіндірген кеңестік ұшқыштардың ерлігі мен патриоттығы сөз болса, «Қазақ қызы» және «Зоя туралы жыр» поэмаларында Ұлы Отан Соғысы жылдарында өз Отанын сыртқы жаудан қорғаған Кеңестік заман жастарының бейнесі жасалған.

«Зоя туралы жыр»

1-жүргізуші: Ақынның «Ана», «Жастық оты», «Жастық шақ» сияқты өлеңдері анаға деген ұлы махаббат пен жастық сезімді әдемі суреттейді. Ол жырлаған табиғат та көркемдігімен, жарқын суретімен көз тартады. Қысқы түнде қалтырап тұрғандай елестейтін айды(« Тоңған ай»), жігітін тосып тоңған қыз( қызын тосқан жігіт емес) бейнесіндегі «Ақманай» суреттері де әдемі. Ол қыстың, көктемнің, күздің суреттерін жасаған жаңа өлеңдер жазды.

«Ақманай»

2-жүргізуші: Таир Жароков төл шығармаларымен емес, қазақ кеңес әдебиетін көркем аудармалармен де байытқан ақын. Ол А. С. Пушкиннен «Кавказ тұтқыны», «Сығандар», «Граф Нулин», «Ағайынды қарақшылар», М.Ю. Лермонтовтан «Черкестер», «Қылмысты», А. С. Грибоедовтан «Ақыл азабы», Ш. Руставелиден «Жолбарыс терісін жамылған батыр», В. Маяковскийден «В.И. Ленин» сияқты поэма –дастандарды аударып, қазақ оқушыларына таныстырған шебер аудармашы.


1-жүргізуші: Ақын туған елге, өскен жерге деген шексіз сүйіспеншілігін:

Қай қырыңа, қай шоқыңа шықсам да,

Еркелетіп, мені есімде құшқаның!

Аймағыңның қай шетінде жатсам да,

Жырыма арқау болдың, Қазақстаным!-деп ағынан ақтарылатын

«Қазақстан»

2-жүргізуші: Сұрғылттау күзгі мезгілде

Томсарыңқы тынық түн.

Сұр бұлттау сонау бір кезде.

Сарғылттау құмда туыппын.

Құмға жалғас жарқырап,

Жатыр сұлу Ақ Жайық!

Суреті көктен қалтырап

Суында жүзген Ай жарық,-

деп кіндік қаны тамған топыраққа деген кіршіксіз таза көңілін көркем жырмен кестелейтін. Таир ақынның өлеңдері әдетте өз тұрпатына сай асқақ.

«Өлең»

1-жүргізуші: Таир Жароковтың қаламынан жалпы саны жиырмаға жуық поэмалар туды. Оның абыройын көтеріп, оны тың бояулармен көркейтті. Ақын өмір құбылыстарын көтеріңкі леппен романтикаға бөлеп, екпінді жырлау, жаңалық атаулыны дер кезінде аңғарып, жырға арқау ету- Жароковқа тән қасиет.

«Тасқынға тосқын»

2-жүргізуші: Ол -өзі өмір сүрген қоғамның белсенді жыршысы болды. Не бәрі 57 жыл ғана өмір сүрді. Таир ақын көркем әдебиеттің басқа жанрларына бармай таза поэзия саласында қырық жыл бойы үзбестен ізденіс жасап, өз шеберлігін жетілдіре түсті.Ол өз өмірінің ішінде алуан тақырыпты қамтыған 30-дан астам кітап жазды. Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды.

Ақынның Отан, өскен өлке, табиғат туралы жырларының кейінгі ұрпақтарға берер тәлімі де, тағылымы да мол.


1-жүргізуші: Өтті айлар, өтті жылдар,

Өтті талай мезгілім.

Өтті алуан мезгілім.

Өтті алуан отты жылдар

Өсірді өмір өз гүлін.

2-жүргізуші: Жылжып алға жыл жарысты,

Жылдар жалқы өткен жоқ.

Жылдар бізбен жыр жазысты,

Жер де жай гүл төккен жоқ,- деп

ақынның өзі айтқандай оның « Жыр жазысқан» жылдарының жемісін зерделеу болашақтың ісі.




Батыс Қазақстан облысы.

Тасқала ауылы

Қ.И. Сәтбаев атындағы мектеп кітапханасының меңгерушісі


Тасмагамбетова А.Б.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? жыры ба?ытты ?ой, т?йірі ?атарында бол?ан ?шін Тайыры

Автор: Тасмагамбетова Аклима Бахтыбаевна

Дата: 25.03.2015

Номер свидетельства: 191190


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
800 руб.
4000 руб.
800 руб.
4000 руб.
800 руб.
4000 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства