?аза?станны? балалары- біз боламыз» та?ырыбында?ы КТК ойындарыны? сценариі.
?аза?станны? балалары- біз боламыз» та?ырыбында?ы КТК ойындарыны? сценариі.
?айырлы кеш ??рметті о?ушылар, к?рермендер ж?не кеш ?она?тары. Еліміз егемендігін алып, к?к байра?ын желбірете бейбітшілік пен жасампазды?ты жа??ырт?анына 24 жыл толып отыр. Ендеше т?уелсіздігімізді? т??ыры биік болсын дей келе б?л мерейлі мерекеге орай ?йымдастырыл?ан к??ілді тап?ырлар «Жайдарман» клубы ойынын бастаймыз.
Просмотр содержимого документа
«?аза?станны? балалары- біз боламыз» та?ырыбында?ы КТК ойындарыны? сценариі.»
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына «Тәуелсіз Қазақстанның балалары- біз боламыз» тақырыбындағы КТК ойындарының сценариі.
( Зал шарлармен, жалаулармен, плакаттармен, КТК тақтасымен безендіріледі)
Жүргізуші:-Қайырлы кеш құрметті оқушылар, көрермендер және кеш қонақтары. Еліміз егемендігін алып, көк байрағын желбірете бейбітшілік пен жасампаздықты жаңғыртқанына 24 жыл толып отыр. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын дей келе бұл мерейлі мерекеге орай ұйымдастырылған көңілді тапқырлар «Жайдарман» клубы ойынын бастаймыз.
(КВН музыкасы ойналады)
Жүргізуші:- Өмірді шаттандырып, нұрландырған бұл әзіл,
Риза қылып кәрі-жасты, бала қылған бұл әзіл.
Келіп тұрған ойыншылары КТК-ның ортамызға,
Сыйласын жақсы көңіл, тәтті ән мен сәтті әзіл.
Жүргізуші:- Сонымен бүгінгі сайысымызға қатысушы көңілді тапқырлар топтарын ортаға шақырайық.
- Бірінші кезең – топтың таныстыруы 7 минут қысқа әзілдер мен миниатюралардан тұрады.
- Екінші кезең –топ басшылар сайысы «Әзіл соңы әзіл» бұл кезеңде нашар әзіл айтқан топ басшылыры ойыннан шығып отырады. 2 әзілден айтылады.
- Үшінші кезең – «Ертегілер ізімен» тақырыбында үй тапсырмасы сайысы. Ұзақтығы 5 минут.
Ендеше, бұл әділ де қатал, қазылар алқасына, көрермен қауымға шексіз күлкі, ұтымды әзілдер сыйлауларыңа тілектеспіз.Сіздерге сәттілік!
( ойыншылар: –рахмет-дейді хормен және музыкамен сахнадан кетеді)
Жүргізуші:- Сонымен 1 кезең – таныстру.Ортада –еліміз үшін, Отан үшін деп ұрандатқан ең кіші әзілкештеріміз 8А сыныбын қошаметтеп ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Қандай керемет әзілдер!
Келесі ортаға « » тобы 9Б сыныбын шақырамыз.
Жүргізуші:Келесі кезекте «» тобы 10 б сыныбын қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: тобы 10 г сыныбының таныстыруын тамашалайық.
Жүргізуші:- Мінеки бірінші кезең аяқталды.Енді әділ қазылар ойыншыларға өз бағасын берсін. Бірінші болып бастаған:
Жүргізуші:-Ойынымыздың келесі кезегі “Әзіл соңы әзіл” топ басшылар сайысы. Ендеше ортаға капитандарды шақырайық.
ойын шарты бойынша әр топ басшы 1 әзілден айтады. Әділ қазылардың көңілінен шыға алмаған топ басшы ойыннан шыға береді. Сонымен кезек бойынша әзілкештердің әзілін тыңдап, көңіл көтерейік.
Жүргізуші: Мінеки екінші кезең аяқталды, енді әділ қазыларымыздың бірінші кезеңге берген ұпай сандарының қорытындысын тыңдайық. Көрерменге әзіл сыйлай білген капитандарға әділ қазылардың берген бағасын тыңдайық, ойыншыларға өз бағасын берсін
Жүргізуші: Ойынымыздың соңғы кезеңі үй тапсырмасы “Ертегілер ізімен” деп аталады.Сайыстың шарты бойынша бұл кезеңде командалар үй тапсырмасын көрсетеді. Сонымен ортаға:
Жүргізуші: Сонымен соңғы турдың бағаларын тыңдайық.
Екінші турдың қорытынды бағаларын тыңдайық.
Жүргізуші: Мінеки ойынымыздың соңғы туры осылай аяқталды қазір әділ қазылар алқасы барлық кезеңдердің қорытынды ұпай сандарын жасауына уақыт беріп, сәл күте тұрайық
Жүргізуші: -Ойын ойнаған тозар,
Асық ойнаған азар.
Бәрінен де әзіл айтып,
КТК ойнаған озар-деп әзілдей келе ортаға барлық командаларды шақырайық. Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. ( Әр әділ қазылар ойыншыларға өз пікірлерін, тілектерін айтады)
Жүргізуші: Ендеше ойыншыларымызды көп күттірмей ойынның барлық қорытынды ұпай сандарын тыңдап биылғы КТК ойындарының үздіктерін анықтауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Бүгінгі ойында жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз. Әркез жүздеріңізден күлкі кетпесін, көңілдеріңіз көтеріңкі, өмірлеріңіз шат күлкіге толы болсын көрермен! Осымен КТК ойыны аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар