kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Іс - шараны? та?ырыбы: Жа?а жылды? саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Іс-шараны? та?ырыбы: Жа?а жылды? саяхат

Ма?саты: О?ушыларды шет ел халы?тарыны? жа?а жылды ?арсы алу д?ст?рлерімен таныстыру. Бас?а ?лт ?кілдеріні? наным-сенімін, м?дениетін, д?ст?рлерін, тілін сыйлау?а т?рбиелеу.

К?рнекіліктер: безендірілген шырша, жа?а жылды? плакаттар, балаларды? жаса?ан ж?мыстары, шарлар.

Техникалы? жабды?талуы: компьютер, проектор, презентациялар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«мой сценарий»

Іс-шараның тақырыбы: Жаңа жылдық саяхат

Мақсаты: Оқушыларды шет ел халықтарының жаңа жылды қарсы алу дәстүрлерімен таныстыру. Басқа ұлт өкілдерінің наным-сенімін, мәдениетін, дәстүрлерін, тілін сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: безендірілген шырша, жаңа жылдық плакаттар, балалардың жасаған жұмыстары, шарлар.

Техникалық жабдықталуы: компьютер, проектор, презентациялар.

Іс-шараның өткізілуі:

Оқушылар залға кіреді.

Музыка ойнап тұрады.

Фея:

Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар,

Басталады Жаңа жылдық маскарад,

Маска да бар, би де бар, асығыңдар,

Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.

Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды,

Басталады, басталады, жаңа жылдық маскарад!

Осы кезде 1 сынып оқушылары Жаңа жыл туралы өлеңдерін айтуға шығады.

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.



Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.



Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.

Феяға бәpi қосылып:

Қала нұр, дала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл!

Фея:

  • Жаңа жыл ерекше мейрам, оны тек қана балалар ғана емес ересектер де жыл бойы күтеді. Ол бір сиқырлы мереке. Бұл сиқырлы мерекеде ән айтамыз, би билейміз, ойын ойнап, көңіл көтереміз. Ал, Жаңа жылдың сиқырын көру үшін қандай ағашты безендіреміз? Шыршаны, дұрыс. Қане, балалар сұлу шыршамызға арнап дайындаған әндерімізді, оны айнала жүріп айтайық. Жаңа жылдық мерекемізді содан бастайық!

Хоровод. Маленькой елочке, в лесу родилась елочка минусовкалары қосылады. Jingl Bells өлеңі қосылған кезде барлығы шыршаны айнала билейді.

  • Балалар, шыршамыздың шамдарын жағу үшін оған тағы бір арнайы ән айтайық. Бәріміз бірге! Тауда туып, тауда өскен.....

Бәріміз бірге: Таңдат бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат, 3 рет айтылған кезде шырша шамдары жағылады.

Фея: Балалар, Жаңа жылда сендер кімді тосасыңдар? Сендерге сыйлық әкелетін кім? Оның немересінің аты қалай?

Бір кезде жарық өшеді, поезд жүрісінің дыбысы шығады. Жарық жанғанда поездден Почтальон Печкин келеді.

Фея: Қош келіпсіз, Печкин мырза.

Печкин: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер Аяз атаны тосып отырған шығарсыңдар. Ол сендерге осындай хат жазып жіберді.

Фея: - Құрметті балалар, біз немерем екеуміз Жаңа жылға қызу дайындықтамыз. Сендерге асыға келеміз.Бірақ менің бір өтінішім бар, маған көмектесіңдерші. Мені басқа елдерде қалай атайды? Қартайғандықтан есте сақтау қабілетім нашарлапты.

Ал, балалар, кездескенше. Немерем екеуміз сендерге асыға келеміз! – деп жазыпты Аяз ата. Аяз атаға көмектесеміз бе? Олай болса Жаңа жылдық планетамызды саяхаттауға аттануымыз керек. Бірақ алдымен саяхатқа дайындылайық. Ең алдымен шет елдерді еске түсірейік.

Проекторда Африка, Үндістан, Қытай, Швейцария елдерінің суреттері, тулары көрсетіледі. Балалар оларды айырып айту керек.

Фея: Қане, балалар, поезға отырып аттанайық.

Жарық сөнеді, поезддың жүрісі естіледі. Поезд тоқтаған кезде, жарық жағылып, үнді музыкасы ойнайды, проекторда Үндістаннның суреттері тұрады. Балаларды Үнді халқының өкілдері қарсы алады.

Үнділер: Үндістанда Жаңа жыл қарсаңында көптеген тәтті тағамдар дайындалады. Олар айналасын түрлі түсті гүлдермен, шамдармен безендіреді, сиыр жануарын пір тұтатындықтан оған да ас береді. Сонымен қатар биші қыздар би билеп, адамдар ең үздік бшіні таңдайды. Қане, сондай бірЖаңа жылдық биді біз сендерге көрсетейік.

Үнділердің орындауында би.

Ойын: Досыңа дәм татқыз





Просмотр содержимого презентации
«новый год»

ЖАҢА 2015 ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!

ЖАҢА 2015 ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!

С НОВЫМ 2015 ГОДОМ!

С НОВЫМ 2015 ГОДОМ!

Жаңа жыл мейрамы құтты болсын!

Жаңа жыл мейрамы құтты болсын!

С новым годом! Счастья, радости, удачи!

С новым годом!

Счастья, радости, удачи!

Пусть новый год будет волшебным!

Пусть новый год будет волшебным!

Жаңа жылдарыңызбен !

Жаңа жылдарыңызбен !

Жаңа 2015 жыл құтты болсын!

Жаңа 2015 жыл құтты болсын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Іс - шараны? та?ырыбы: Жа?а жылды? саяхат

Автор: Камалиденова Раушан Куатовна

Дата: 20.02.2015

Номер свидетельства: 176721


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства