kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ертегі еліне саяхат" сыныптан тыс іс-шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ертегі еліне саяхат" викторина. сыныптан тыс іс-шара

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ертегі еліне саяхат" сыныптан тыс іс-шара»

Ғабиден Мұстафин (1902-1985жж.)


Әдетте, жазушының ізденісі мен өмір жолы көркем шығармасында із қалдырып, ел басынан кешкен тарихи оқиғалар сайрап жатады. Ғабиден Мұстафин мұрасы – осынау қағиданың дәлелі мен айғағы.
Ол 1902 жылы Қарғанды облысының Тельман ауданында шағын дәулетті отбасында өмірге келді. Талапты бала әуелі ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. «Басқа оқу жоқ еді» - дейді ол кейін жастық шағын қынжыла, мұңая еске алып. Кішкентай жүректе жанған шырақ оқу-білім іздетеді, 1916 жылы зауыттағы орысша-қазақша мектептің төртінші сыныбына түсіп, бір жылдан кейін бітіріп шығады. «Қайтып оқуға мұрша болған жоқ» - деп өкінеді кейін жазушы.

1918-1925 жылдары ауылдық кеңестің әр алуан жұмысына араласады. Білімге деген құштарлық Қазақстанның сол кездегі орталығы Қызылордадан оқу іздетеді. Бірақ балалық шағында алған шамалы білім оқу орнына түсуге мүмкіндік бермейді де, жоғарғы сотқа қызметке орналасады. Жазушының өзі айтқандай, көркем әдебиетке деген құштарлығы осы жолдары оянады.
Жиырмасыншы жылдары туған еліміз үшін аса бір маңызды кезең еді. Ауылдағы негізгі тартыстар Азамат соғысынан кейінгі ауыртпалықтар, әлі мен солын айыра бермейтін кедейлердің қиын хал-күйі төңірегінде өрбитін. Жастайынан талай қиянат көрген болашақ жазушы қайнаған өмір ағымынан сырт қала алмады. Өзінің алғашқы қадамы туралы «көргенімді, сезгенімді жазатынмын» - дейтін Ғабең. Демек, жазушылық өмірінің алғашқы сәтінен бастап бүкіл өнер жолына үлкен әсер осындай тартыстардың қызу ортасы еді.

Жас талапкер өзі көрген, сотқа келіп түскен шығымдарда айтылған қиянат, мұң-шер, жапа шеккен адамдар туралы нақтылы оқиға негізінде жазған хабарлама, очерк, фельетондарын «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне жариялап жүрді.
Сөйтіп, Ғабиден Мұстафин алғашқы қалам тартысынан-ақ өзінің өзекті тақырыбын – бүгінгі қайнаған өмірді дәл тапты. Тұңғыш кітабы «Ер Шойынға» (1929) арқау болған да өзі жақсы білетін ауыл өмірі, кедейдің сана-сезімі, таптық күрес еді. «Ер Шойын» - жазушының ғұмырлық тақырыбын белгілеген, өзінің талабы мен талантына сенім туғызған ерекше мәні бар жинақ.
Белгілі сыншы-ғалым З. С. Кедрина жазушының өнер жолын саралай келіп, оны тың тақырыптарға алдымен баратын батылдығын, жаңашылдығын «творчестволық барлауда» деп, басып айтты. Жинаққа кірген тұңғыш шығармасы «Сәрсен мен Боқаш» (1927-1928), «Ер Шойын», «Қан», «Қашқын» сияқты әңгімелерінде ауылда өтіп жатқан таптық тартысты нақтылы оқиға-көріністер арқылы реалистік дәлдікпен бейнеледі. Жазушының ыстық ықыласы қаналған тап жағында. Көркем образдар арқылы: «Адал еңбегінің қызығын көрмей, «адам»! деген ардақты атқа қолы жетпей қиналған адал жандар осылар!» - дейді жазушы. Байдың малын бағып, байлығын көбейтіп жүрген құтты қол жандар жас жазушыға адамгершілік пен ақиқаттың өзіндей көрінеді. Осындай жандарды сүліктей сорып, басын көтертпей езгіге салған үстем тапты автор жиіркенішпен, жек көре суреттейді. Жазушының мақсаты айқын, мүддесі ашық – кімді жақтайтыны, кімді даттайтыны түсінікті. Таптық күресте қажыр-қайрат, ұйымшылдық қажеттілігін суреттеген «Ер Шойын» жинағы тартыстың әлі толастамаған кезінде шыққанын ескерсек, кітаптың әлеуметтік, тәрбиелік мәні ерекше болғанын түсіну қиын емес.

Жас қаламгердің шығармаларында кейбір біркелкілікке құрылып, жинақтау сипаты, көркемдік мәнерлеу, тіл шеберлігі жетпей жатқанмен, алғашқы қадамынан-ақ автордың азаматтық белсенділігі, мақсатының айқындығы анықтала түседі.
Бірақ Ғ. Мұстафиннің ізденісі жеңіл болды, қиыншылыққа кездеспеді десек, шындықтан ауытқыр едік. Жас кезінде жүйелі білім ала алмаған жазушыға өмір – білім бұлағы, еңбек - өнер шырағы болды. Баяу қалыптасып, жеңіл шығармалар да жазды, бірақ тынымсыз еңбек, іздену, оқу білімді, парасатты, қайраткер жазушыға айналдырды.
Жаңа кітаптың қуанышы басылмай жатып, өмірді терең зерттеу қажеттігін түсінген қаламгер Қарағанды қаласындағы қайнаған еңбек майданына (1930)араласып кетеді – үш жыл шахтада жұмыс істейді, жер қазады, токарь мамандығын игереді. «Мен келгенде, - дейді жазушы, - Қарағандыда бес-алты жаман барак қана, 30-40 жұмысшы ғана бар еді. Олар көмірді қайламен қазып, сыртқа темір шелекпен қол бұрау арқылы шығаратын. Шахта дегендері – бір ғана құдық».

1933 жылы Ғ. Мұстафин «қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты секретары қызметіне тағайындалды. Бірақ көп кешікпей қазақ тілінде «Қызыл ту» атты жаңа газеттің ашылуына байланысты Новосибирь қаласына ауыстырылады. Өмірлік тәжірибесі байыған, журналист ретінде қаламы төселген Ғ. Мұстафин 1938 жылы газет жабылысымен Алматыға көшіп келеді. «Бұл менің тоғыз жыл бойы жазушылықтан қол үзіп кеткен, қайта оралған шағым», - деп жазады Ғабең.
Астана жазушыға көп әлеуметтік-қоғамдық жағдайды жаңа биіктен бағалауына, әдеби-мәдени өмірмен етене араласуға мүмкіндік береді. Сол бір идеология майданы шиеленіскен таптық тартыстың қызу жылдарында қаламгер, өзі айтқандай, күресші өнердің шебінде болды. Оның көз алдында жалынды ақын Сәкеннің, Сәбит пен Бейімбеттің, ұлы Мұхтар мен Ғабиттің үлгі тұтар жарқын бейнелері тұрды. Дәл осы жылдары әдебиетті көп оқып, көп үйренді. Жаңа өмірдің әсерімен философиялық, эстетикалық көзқарасы қалыптасып, әдеби талғамы биіктей береді. Көптен көңілін қобалжытқан етене жақын тақырыбы – Қарағанды шахтерлерінің өмірінен «Өмір мен өлім» атты тұңғыш романын жазады (1939). Бұл – үлкен жолың бастауын аша түскен кітап еді.

Он жыл (1939-1948) «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналында қызмет істей жүріп (басында әдеби қызметкер, кейін редактор) ел өмірімен кең, танысып, жазушылық еңбекке біржолата бет бұрады. 1942 жылы «Айғақ» атты шағын пьеса, «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Құлаған құз», «Керуен» секілді әңгімелер жазды. Жазушының кемел кезі басталады.
Замандас туралы жыр. Үлкен жанр өрінде.

1940 жылы Ғ. Мұстафиннің алғашқы көлемді туындысы – «Өмір мен өлім» романы жарыққа шықты. Бұл қазақ әдебиетіндегі ауыр өнеркәсіпке еңбек еткен жұмысшы табы мен техникалық интеллигенцияны бейнелеген тұңғыш шығарманың бірі еді. Қарағанды да көтеріліп кел жатқан зор жаңалық кеңінен суреттелгенмен, алғашқы әңгімелерде кеткен кемшілікті бұл кітаптан да байқауға болар еді. Әйтсе де, жаңа шығарма болашақ романистің шеберлігін шыңдауға үлкен мектеп болды.
«Өмір мен өлімнен» кейін сәтті кезеңі басталады. Ауылдағы өзгерістерге арналған «Шығанақ» (1945) пен «Миллионер» (1948) жарық көрді. Көп кешікпей орыс тілінде жарияланған бұл шығармалар қаламгер есімін кеңінен танытады. Мұстафин шығармалары шет тілдерге де аударыла бастайды.
Қазақ әдебиетінің көрнекті туындысына айналған «Қарағанды» романы (1952) мен жазушы шығармаларының бір шыңы – «Дауылдан кейін» (1960) романы басылып шығады. Соңғы жылдары өз басынан кешкенін, көргенін ғұмырнамалық «Көз көрген» романында жинақтайды.

Өте маңызды тақырыптарға арналған бұл романдарға кең тұрғыдан қарау керек. Жиырмасыншы жылдардағы кескілескен таптық тартыс, қалың бұқараның рухани өзгеруі, ауылдың өзгерісі ен далаға өнеркәсіп алыптарының салынуы – феодалдық құрылыстың тас-талқаны шығып, жаңа бір қоғамның қанат жаюы кең бейнеленген кең құлашты шығармаларға айналды.

Шығанақ туралы сыр


Қазақ әдебиетінде шаруа тақырыбына жазылған шығармалардың ішіндегі айрықша көркемдік қуатқа ие болғаны – «Шығанақ» романы.
Өмірдің талай бел-белесін басынан кешірген Олжабек бейнесі өзінің типтік сипатымен миллиондаған орта шаруаның жол айырықтағы әуре-сарсаңын шыншылдықпен әйгілейді. «Өзімдікі» дегенде өзегі талып, көкірегінің күйгеніне қарамай, жалғыз саяғын көш жерден іздейтін Олжабектер аз болған жоқ. Бұл өмірден алынған шындық еді.

Табиғатында момын, қақ-соқпен ісі жоқ Олжабек азын-аулақ жиған-тергеніне қатер төнгенде шиыршық атып шыға келеді – кәкір-шүкірін ортаға өткізуге іші қимай, үй-ішімен колхоздан қашып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған Жерұйықты іздеп жөнеледі. Ойлап қараңдар: жылдар-жылдар тырнақтап жиған көз құрты – азғантай малынан айырылғалы тұрғанын сезгенде Олжабектің көкірегіне дерт құйылып, тұла бойы қызғаныштан удай ашиды – тас қиыны паналап, айдалаға безіп кетеді. Ал, дәл осы кезде Россия орталығында Никита Моргунок, шалғайдағы қара қазақ Олжабектей, еркіндік іздеп қаңғи жөнеледі. Олжабектің көрген күні қараң: әйелі мен баласынан, қызғыштай қорыған «байлығынан» айрылған, бандының талауына түскен, өлімші болып сабалаған Шығанақ ел ішіне қайта оралып, қызу еңбек еткен сүттей ұйыған абзал жандар ортасынан құтты қоныс, бақыт табады. Сөйтіп, жазушы сайы мен саясы мол өмірді, қаға берісі мен қалтарысы көп адам тағдырын бар болмысымен тұтастай ашады.































ҒабиденМұстафин

Қазақәдебиетініңклассикжазушысы, көркемсөздіңхасшеберіатанғанҒабиденМұстафин 1902 жылы 29 қарашадаҚарағандыоблысындағыосыкүнгіТеміртауқаласынажақынЖауыртау – НұраөзенібойындағыСартөбедегенауылындакедейотбасындатуған. Болашақжазушыныңәкесімалбағуменайналысқан, сондықтандаоныңбалалықшағықарасаң, көзжетпейтінкеңдалада, Сарыжайлаудаөтті. Олбұлкездердеәкесінекөмектесіп, малбағуменқатар, ауылмодасынанарапшасауатындаашты. АлорыстілінеонысолкездеСпасскмысбалқытузаутындатабельшіболыпжұмысістейтінЖүсіпМауқымовдегеназаматүйретті, үлкенқамқорлықжасады. СоғанорайҒабиденосызауытжанындағыорысша-қазақекіжылдықмектептібітіріпшықты. Бұданәріоқуғамүмкіндігіболмай, туғанауылынақайтыпоралады. Ауылдаәртүрліқызметтеболып, 1925 жылыбілімінкөтерумақсатыменҚызылордағакеледі, мұндаоқуғатүсеалмайөлкеліксотқаісқағаздарынтіркеушіқызметінеорналасады. Жазушылықөнергеқұмарлығыосыкезденбасталады. Ғ.Мұстафин - әдебиетмайданынажиырмасыншығасырдыңбасындакелгенжазушы. Олалғашхабар, шағыночерк, фельетон, қысқаәңгімелержазып, өзініңшама – шарқын, қабілетінбіразбайқапкөрген-ді. Облыстықсоттаісқағаздарынтіркеп, қызметбабыменжүргенкездеріндееларасындаболғанәртүрлізаңсыздықтарментанысады. Алғашқыәңгімесі "СәрсенменБоқаш" (1927 ж.) "Жылқұсы" журналындажарияланған. Тұңғышәңгімелержинағы "Ершойын" (1929 ж.) дегенатпенбасылыпшықты. Ауылкедейлерініңтаптықсанасезімініңознуы, байларғақарсыкүресіәңгімелердіңнегізгіарқауыболды.
1930 жылыкөктемдеҚарағандығаауысып, үшжылқаражұмысістеді: слесарь, токарьмамандығынмеңгерді. 1938 жылы "Қарағандыпролетариаты" газетініңжауаптысекретарықызметінетағайындалады. Көпкешікпей, Новосибирскқаласындақазақтілінде "Қызылту" аттыгазетініңшығуынабайланысты, сондажіберіледі. Газетжабылғаннанкейін 1938 жылыАлматығакеледі. 7-8 жылкөркемәдебиеттенқолүзіпкеткенімен, журналистікжұмыстақаламытөселіп, өміртәжірибесімолайыпқалғанҒ.Мұстафинтұңғышроманжазуғакіріседі. Қарағандышахтерлерініңөміріненалынғанбұлроман "Өмір, неөлім" 1940 жылыжекекітапболыпбасылды. Алғашқыда "Әдебиетмайданы" (қазіргі "Жұлдыз") журналдыңқатардағықызметкері (1938-40 ж.), кейінненредакторы (1940-48 ж.) болажүріп, жемістішығармашылықеңбекетті. Ауылсахналарынаарналғанбірнешешағынпьесалар "Айғақ", "Тұтқын", "Күлмегенадам", "Керуен", "Құлағанкүз" тәріздіәңгімелержазды.
Шығармаларыныңнегізгітақырыбы – өндірісөміріменауылтіршілігініңтынысы. Бұрынөндірістақырыбына "Алыптыңкереметтері" (1936 ж.) очеркімен "Керуен" (1938 ж.) аттыәңгімесінжариялағанавтордың "Өмір, неөлім" романысоветәдебиетіндебұлсаладағыалғашқыкүрделітуындыларыныңбіріболды. Өзшығармашылығынаүлкенжауапкершілікпенқарайтынавтороншақтыжылданкейіносытақырыпқақайтаоралып, "Қарағанды" романын, 1952 жылыжазды. Бұлромандарқазақхалқыныңсоветөкіметіжылдарындабастанкешкенөзгерістіөміржолдарынсуреттейді. Жазушыонышығармаларындашынайыотырып, туғанхалқыныңтағдырыжайлытолғаныстаржасайды.
ҒұламажазушыныңҚазақсоветәдебиетіндамытудағыжәнеқоғамдыққызметіндегіқолжеткенжетістіктерібелсенділігі, іскерлігіескерусізқалғанжоқ. Ол "Ленин" орденімен, "ЕңбекҚызылТу" жәнеекіншідәрежелі "ҰлыОтансоғысы" орденіменмарапатталған.
Ғ.Мұстафин 1953-57 және 1961-64 жылдарыҚазақстанЖазушыларыодағыбақармасыныңтөрағасыболыпқызметатқарды. СолкездеолреспубликаКомпартиясыОрталықкомитенініңмүшесі, еліміздіңжәнереспубликаныңЖоғарғыКеңесініңдепутатыболыпсайланды.
ҒабиденМұстафинұзақжәнемазмұндыдақызықтыөміркешті. Оныңөміржолындақуаныш–қызықпенқатарқиындықтарда ,ауыртпашықтардаазкездескенжоқ. Қазірбіздіңарамыздахалықжазушысы, бұрынғыКСРО-ныңМемлекеттіксыйлығыныңлауреаты, республикаҒылымакадемиясыныңмұше–кореспонденті, жазушылардыңхалықаралықжәнеодақтықфорумдарыныңқатысушысыҒ.Мұстафинжоқ. Бірақоныңесіміхалықесінде. Болашақұрпақғұламажазушыныешқашанұмытпақемес. КСРМинистрлерКеңесінің 1986 жылғы 31-шінаурызындағықаулысында: ҚарағандыжәнеАлматыхалықдепутаттарыоблыстықКенесенініңұсынысыңқабылдап, Қарағандықаласыныдағы № 83 ортамектеппенБұқаржырауауданындағы "Березняки" ауылынаҒ. Мұстафинесіміберілген. 2002 жылыҒ.Мұстафинніңтуғанына 100 жылтолуынаорайҚарағандыоблысындаүлкентойболды. Бұлмерейтойжазушыныңұрпақтарыемес, халқына, елінедеүлкенқуанышпенатапөтетіноқиғадеугеболады. Торқалытойдыңмерейлімезеттерініңбірі – ҚарағандыдағыкөпкөшелердіңішіндегіірісінеҒабиденМұстафинесімінберуболдыжәнеосыжерденбасталатынкөшетөрінеклассикжазушыныңмүсініорнатылды. (32-квартал)
Нардыңжүгінкөтеріп, далакассигіаталғанғұламажазушыкөптегеншығармаларыныңтамырынөскенөлкесінентапты. Алайдаоқығанынан, тоқығаныкөп, табиғатынандарынды, даладаналығын, заманажақсылығынбойынасіңіргенғабаңбірғанааймақтыңжазушысыемес. Ол – халық жазушысы, ұлтымыздың мақтанышы.







































Шығармалары

19251964жылыҚарағандышахтасындатеміржонушы, “Қарағандыпролетариаты” (қазіргіОрталықҚазақстан) газетініңжауаптыхатшысы, Новосібірдешыққан “Қызылту” газетінің, “Әдебиетмайданы” (қазіргіЖұлдыз) журналыныңқызметкері, редакторы, ҚРЖазушылародағыбасқармасыныңтөрағасы (1953 – 1956, 1962 –1964) қызметтерінатқарды. Алғашқыәңгімесі “СәрсенменБоқаш” (1927) “Жылқұсы” альманағындажарияланса, тұңғышжинағы “ЕрШойын” (1929) дегенатпеншықты.

1940 жылыҚарағандышахтерлерініңөміріненжазылған “Өмірнеөлім” аттытұңғышроманыжарияланды.Бұлкітапүлкеншығармашылықжолдыңбастауынбелгілегенеңбекеді. Қаламгералғашқыроманынан-аққазақтопырағындағыөндірістақырыбынқозғады, шығармадабұрынжабылыпқалғанөндірістіңКеңестіккезеңдеқайтаашылуысуреттелді. Авторосыжолдағыкүрестікейіпкерлерәрекетіарқылыбіразшиеленістіріп, жұмысшытабыныңбейнесінжасады. Бірақтартыстыңжасандылығыроманкейіпкерлерібейнелерініңәлсізшығуына, композициясыныңбосаңдығынаәсеретпейқоймады. Кейінбұлтақырыпқақайтаоралып, МұстафинҒабидендәуіршындығыменөндірісадамдарынсуреттеудеедәуіртабыстарғажетті. Соғыс жылдарында “Құлаған құз”, “Алынған кек”, “Басқа пәле тілден”, “Айғақ” (1942), “Тұтқын”, “Күлмеген адам”, “Керуен” секілді шағын туындылары өмірге келді (Жиырма бес”, 1953).

Соғыстан кейін ол кең көлемді прозада қалам тартып, тары дақылынан мол өнім алуда дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірінен “Шығанақ” повесін жазды (1945). Соғыс жылдарында еңсесі түскен елге ерен еңбегі арқылы көмек көрсетіп, демеу болған ақтөбелік диқан Шығанақтан да басқа мұнда еңбек адамдарының кесек тұлғалары көрініс тапқан. Шығармада қажырлы еңбектің нәтижелі жемісі сөз етіледі. Ауыр арпалыс нәтижесінде жеткен жаңа өмірдің күрделі де қиын жолын үлкен суреткерлікпен жазады. Бұл өз кезеңінде ұрпақты еңбек сүйгіштікке, табандылыққа, адалдыққа жетелейтін, тәрбиелік мәні жоғары шығарма болды. “Миллионер” повесі (1948) соғыстан кейінгі халық өміріндегі өзгерістерді бейнелеуге арналған. Повесть бірнеше шет тілдерге аударылған (ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, чех, болгар, венгр, қытай, т.б.), шығарма желісі бойынша осы аттас пьеса да жазылған. Ол “Қарағанды” (1952), “Дауылдан кейін” ('1960), “Көз көрген” (1963) романдарын жазды. Бұл шығармалар идеялық-көркемдік қуатының молдығымен қазақ әдебиетіне зор үлес болып қосылып, жазушыны әдебиеттің аса көрнекті өкілдерінің қатарына көтерді.

Мұстафин Ғабиден шығармалары шетел тілдеріне аударылып, оқырмандардан өз бағасын алды. Мұстафин Ғабиденнің шығармалары 20 ғасырдың басындағы дүрбелең оқиғалар мен қоғамдағы жаңалықты, ел басынан өткерген ауырпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда Мұстафин Ғабиден өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалық суреттерін жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері ұмтылған қоғамды, ондағы адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелейді. Кеңестік дәуір әдебиетінде көрнекті шығармалардың біріне айналған “Қарағанды” романы (1952) – ел экономикасын көтерген өндіріс ошағы мен сол өңірдегі жұмыскерлер, зиялылар турасындағы кең тынысты, күрделі роман. Мұстафин Ғабиден бұл шығармасында “Өмір мен өлім” романының кейбір сюжеттік желісін пайдалана отырып, ұлттық зиялылар қауымының қалыптасу кезеңін нанымды бейнелейді. Кейіпкер тағдырын қайшылықты оқиғалар легі арқылы өткір, ұтымды көрсетіп, адамдар әрекетін уақыт тұрғысынан емес, адамгершілік ұстаным тұрғысынан тануға ұмтылды. Әлеуметтік-психологиясының. тереңдігімен ерекшеленетін “Дауылдан кейін” романы (1960) 20-жылдардың орта кезіндегі қазақ ауылындағы өзгерістерді көрсетуге арналған. Көркемдік сапасы, шынайылығы, психологиялық сезім күйлерін суреттеудегі шеберлігі, образдарының жан-жақты ашылуы, оқиғаларының күрделілігі жағынан роман қаламгердің елеулі табысы саналды. Шығармадағы өмір шындығы “Көз көрген” романында (1963) отаршылдық пен езгіге қарсы күрес арқылы жалғасын тапты. Өз өмірінен және өзімен тұстас аға буынның басынан кешкен тарихи кезеңдері жайында мағлұмат беретін мемуарлық трилогия жазуды жоспарлаған Мұстафин Ғабиден “Көз көргенді” дүниеге әкелді. Мұстафин Ғабиден шығармаларының негізгі тақырыбы – өндіріс өмірі мен ауыл тіршілігінің тынысы.

Шығармаларының негізгі тақырыбы

Қаламгер туындылары ерекше қуат-жігерге, қуанышқа толы. Мұстафин Ғабиден қаһармандары – өз еңбектерімен тарихи табыстарға жеткен жандар. Олар аға буынның қажырлы рухын, биік мақсаты мен арманын, мағыналы ғұмырын паш етеді. Жомарт, Жанат, Алма секілді жастардың халық алдындағы перзенттік, азаматтық парызды ақтау талабынан туған ізденісі мен махаббатты қастер тұтатын қасиеті – қазіргі ұрпақтың рухани тәрбиесінде жәрдемі болары сөзсіз. Мұстафин Ғабиден шығармаларының елеулі ерекшелігі оның өзіндік стилінде. Ол сөйлемді қысқа құрып, аз сөзге көп мағына береді. Тілі қарапайым да жатық, ұғымға жеңіл, оралымды, ұтымды. Халықтың қанатты, бейнелі сөздерін орынды пайдаланумен қатар өз тарапынан да өткір, ықшам сөз тіркестерін жиі қолданады. Әдеби-сын мақалаларында елдің, ұлттың жайын қозғап, әдебиеттің бүгіні мен ертеңі, дамуы турасындағы тың ой - тұжырымдарын жазды (“Ой әуендері”, 1974).

Марапаттары

Мұстафин Ғабиден шығармашылықпен қатар қоғамдық-саяси өмірге де белсене араласты. Ол 5-ші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің (1954), 6 – 9 сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1962 – 1978) болды. Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1978). Ол 2 мәрте Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл ту ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған..[1]

Мұстафин Ғабиден және Абай шығармашылығы

Көркем сөз жайлы Абай айтқан талап, талғам - өлшеусіз өнеге. Қазақтың жазба әдеби тілінің тарихындағы «қайта өрлеу» дәуірінің басында туру бақыты Абайға біреудің ұсынысы бойынша берілген «мәртебе» емес, уақыт өлшемінен сараланған даналық ойға, ақындық қуатқа, көркемдік даралыққа, әлемдік ой-сана парасатымен бәйгі алаңынан үн қатқан озат ойлы классикті мойындаудан барып қалыптасқан шынайы пікір.Корреспондент мүшесі болған.

Абайдың эстетикалық ойларының негізгі мәні, оның көркемдік туралы ұғым-нанымы айқын белгі беретін «Өлең - сөздің патшасы, сөз сара- сы...» деген өлеңін еске түсірейік. Өзінің даналық болмысы, сөз енеріндегі даралық сипаты поэзия әлемінде ерекше биіктікке көтерілген Абайдың әдебиетке қояр негізгі көркемдік талғам-талаптарын өлең сөзге байланысты білдіруі занды еді. Абай айтқан талап-тілектердің бастыла- рының бірі көркем шығарманың мазмұнды, идеялы болып келуіне айырықша зер салса, екіншіден, мазмұн мен түрдің үйлесімін қадағалауды, бірлігін сақтауды қатты көздеген.

Өнер әлеміндегі Абайдың осы өнегелік сипаты өзінен кейінгі қазақ әдебиеті үшін тың идея, соны түр, жаңа көркемдік үлгілердің бастау көзі ретінде күні бүгінге дейін мәнін жоймаған, әрқашан бағдар бола беретін құбылыс. Абайдың өнегелік қырларының бағдары сала-сала. Бүгінгі қазақ жазушыларының ішінде одан үйренбеген, оның көркем өнерге қойған талап-тілектерін басшылыққа алмаған ақын-жазушы жоқ десек артық емес. Алайда ол талаптарды бойына сіңіре білу әр жазушының талант-дарынына, зерттей ізденіп, кеңіліне зерделеп тоқи білуіне байланысты. Әдебиеттегі Абай тұлғасының биіктігі, классик өнер туындысын жасай алуы, көркемдік үлгіні ерекше меңгеруімен қатар өзі өмір сурген ортаның, қоғамдық қатынастардың реалистік бейнесін жасай білуінде. Өз заманының мінез-құлқын зерделеп, бүгінгі дәуірі мен кешегі күндерін саралап, болашақ өмірді пайымдап алуында. Қазақтың көрнекті жазушыларының бірі Мұстафин шығармаларында Абай өнегесі, Абай дәстүрі берік орын тепкендігі, жазушының алдына жаңа идеялық мақсаттар қойып, өз дәуірінің көркем бейнесін жасай білуде Абаймен үндестік танытқаны айқын. Ондаған әңгімөлері мен бірнеше шағын пьесаларын былай қойғанда, «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды», «Дауылдан кейін», «Көзбен көрген» сияқты роман, повестері арқылы жазушы қазақ әдебиетінің дамуына, көркемдік жетістіктерге жетуіне мол үлес қосты. Жазушының қатар түзген бұл шығармалары бір-біріне жалғасып жатқан ұлкен көзенді қамти отырып, 20-ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының көркем шежіресін жасады деуге болады.

Осы тұрғыдан келгенде Мұстафин Ұлы ақын дәстүрін, Абай өнегесін бірнеше түрлі сипатта сабақтастыра алды. Бірінші, Ғ. Мұстафин де Абай сияқты тақырыпты өз дәүірінен, бірге тыныстап, қатар тіршілік жасап жүрген замандастарының іс- әрекетінен, көзімен керіп, бастан кешірген өмір шындығынан іздеп тапты Екінші сөз енері жайлы Абай қойған талап деңгейіне ден қойды. Әр сөздің, әр сөйлемнің көркем құрылуы мен ондағы ойдың терең де мағыналы болып шығуына ерекше назар аударды. Жазушының жоғарыда айтылған шығармаларыныңқай-қайсысында болсын, мақал-мәтелге айналып кеткен жолдар аз көздеспейді. Аз сөзге көп мағына беріп, сөйлемді қысқа құруы, тілінің қарапайымдылығы, ұғымға жеңіл, жатық өрі ұтымды, оралымды болып келуі Мұстафинның өзіндік стилін танытады. Халықтың бейнелі, қанатты сөздерін орынды пайдалана отырып, өз тарапынан да өткір, ықшам сөз тіркестерін жасай білген. Абай өлеңіндегі көптеген жолдардың мақал-мәтелге айналып кеткені секілді

Мұстафин шығармаларында көздесетін: «Біткен іске сыншы көп, піскен асты жеуші көп»,«Сыншының бәрі бірдей мінші ме, жеушінің бәрі бірдей енші ме?», «Өмір егер ащыны бермесе, тәттіні білер ме едік, тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік?»,«Теңіздей терең халық ішінде алмастай асыл ойлар жатыр», «Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса - қырсық». «Барды қанағат тұтып, жоқты іздемеу - мешеулік» т. б. тәрізді бейнелі тіркестер қанатты сөздерге айналуы соның айғағы. Кейіпкер образын сомдау барысында портрет жасау шеберлігі де оның өзгеше өнерпаздық қырын айғақтап турғандай. Осының бәрі де - Абай тағылымын өнеге тұтып, Абай дәстүрін сабақтастыра білудің жемісі. Аз сөйлеп, көп толғану тағылымын әбден бойына сіңірген жазушы әдебиет жайлы ойларын да айтуға міндетті тұста ғана сыншыл зерде, биік талғам деңгейінен сүзгіден еткізіп, сығымдап беріп отырған. «Әдебиет - адам енерінің ішіндегі ең ұзақ жасайтындардың бірі» дей отырып, сөз өнері жайлы былайша толғанады: «Әдебиет-ойдың, тілдің жемісі. Алғыр тіл күн шалмағанды шалады, қараңғы көңілге сәуле бере алады, суық көңілді жылыта алады». Осылайша әдебиеттің маңызы, міндеті жайлы, әр көздегі қазақ әдебиетінің белгілі өкілдері, олардың шығармалары туралы толғаныстарын білдіріп отырған. Өзінің әдеттегі жинақы да қысқалықты бағдар тұтатын қалпын сақтай отырып, Ұлы Абай мұрасыжайлы да ойын бір мақаланың аумағында сабақтаған. Абайға арналған «Жұлдызы өлең-жырдың сөнбейтұғын» атты мақаласын Ғ. Мұстафин 1971 ж. Ұлы ақынның жүз жиырма бес жылдық мерейтойына арнап жазған.Жазушының 1978 ж. шыққан «Ой әуендері» кітабында басылып, кейін бес томдық шығармалар жинағының бесінші томына енгізілген. Мақалада Абайдың әдебиеттегі тарихи орны, ақындық тұлғасы жайлы сыр толғанады. «Әдебиет, шын мағынасындағы әдебиет жойылмайды. Өз тұсындағы қауым тіршілігін, табиғат тіршілігін кейінгі ұрпақтарға, кейінгі қауымдарға жеткізіп беріп отырады. Осының мысалдарын алыстан іздемей-ақ, өзіміздің қазақтың фольклор, эпостарынан немесе Абай шығармаларынан көріп, біліп келеміз» дей келіп, ұлы ақынның шығармашылығындағы ерен үлгі мен жан-жақтылығына, аудармашылық шеберлігіне тоқталады. «Абай шыңы бәрімізден жоғарытұр. Орыстың үлкен әдебиетшілері айтқандай-ақ Пушкиннің, Толстойдың орны бос тұр демекші, біздің Абайдың да орны бос тұр», - дейді жазушы. Абай талантының қайнар көзі, даналық сипатының негізі жайлы ойынбылайша ербітеді: «Әрине, ешбір шың тек өзі ғана тіп-тік шығып кетерілмейді. Шың неғұрлым биік болса, солғұрлым оны қоршаған төбе, шоқылар да көп болмақ. Абайды Абай еткен - алдымен өзінің халқы. Тастақ жерге өсімдік еспейді. Абайды өсіретін ортасы- әріден келе жатқан халықтың мұрасы, Шығыстан, Европадан алған білім нәрлері». Аз сөзге көп мағына сыйдырып айтылған бұл жолдарда тарихи баға, терең түжырым жатыр. Біріншіден, Абайдың өз ортасына, кейінгілерге еткен ықпал, әсері пайымдалса, екіншіден. Ұлы ақынды өсірген құнарлы топырақ, қасиетті орта зерделенеді.[2]















































МҰСТАФИН ҒАБИДЕН

(1902-1985)

 Мұстафин Ғабиден (1902-1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.  

Бұрынғы Ақмола облысының Нұра өзенінің жағалауындағы Сарытөбе атты жерде (қазіргі Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданы) дүниеге келген. Ауыл молдасынан ескіше сауат ашып, 14 жасында Спасскі зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқып, сондағы орыс-қазақ мектебін бітірген. 20-жылдардан бастап ауылдағы кеңес жұмыстарына араласты.
1925-1933 жылдары білімін көтеру мақсатында Қызылордаға келіп, оқуға түсе алмай, өлкелік сотта іс-қағаздарды тіркеуші болып істеген. Түскен шағымдарды есіне ала отырып, ел ішіндегі заңсыздықтар туралы мақалалар жазуды үйренді. Жазушылыққа деген ұмытылысы да осы кезеңдерде басталды.  1933-1938 жылдары Қарағанды қаласындағы шахтада темір жонушы (токарь), слесарь. 1938-1940 жылдары - «Қарағанды пролетариаты» (қазіргі «Орталық Қазақстан») газетінің жауапты хатшысы, Новосібірде шыққан «Қызыл Ту» газетінің, «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының әдеби қызметкері, редакторы. 1940-1948 жылдары - Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының редакторы. 1953-1957 жылдары Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы, 1961-1964 жылдары Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы қызметтерін атқарған.

1927 жылы «Жыл құсы» журналында алғашқы «Сәрсен мен Боқаш» тырнақалды әңгімесі жарияланып, 1929 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы «Ер Шойын» атпен шыққан. 1940 жылы Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған «Өмір не өлім» атты тұңғыш романы жарияланды. Бұл кітап үлкен шығармашылық жолдың бастауын белгілеген ақын еңбегі еді. Соғыс жылдарында «Құлаған құз», «Алынған кек», «Басқа пәле тілден», «Айғақ» (1942), «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Керуен» секілді шағын туындылырды өмірге әкелді.

 Соғыстан кейін ол кең көлемді прозада қалам тартып, дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірінен «Шығанақ» повесін жазды (1945). Ол «Қарағанды» (1952), «Дауылдан кейін» (1960), «Көз көрген» (1963) романдарын жазды. Бұл шығармалар идеялық-көркемдік қуатының молдығымен қазақ әдебиетіне зор үлес болып қосылып, жазушыны әдебиеттің аса көрнекті өкілдерінің қатарына көтерді. Ғабиден Мұстафиннің шығармалары көптеген әлем халықтарының тілдеріне аударылып, оқырмандардан өз бағасын алды. Оның шығармалары ХХ ғасыр басындағы дүрбелең оқиғалар мен қоғамдағы жаңалықты, ел басынан өткерген ауыртпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда ол өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалақ суреттерін жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері ұмытылған қоғамды, ондағы адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелеген.

Ғабиден Мұстафин шығармашылық пен қатар қоғамдық-саяси өмірге белсене араласты. Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, 6-шы сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 4-5,8-10 сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Ол 2 мәрте Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.

КСРО Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 31-ші наурызындағы қаулысымен Алматы қаласындағы бір көшеге, Қарағанды қаласындағы № 83 орта мектеп пен Бұқар жырау ауданындағы «Березняки» ауылына белгілі жазушы Ғабиден Мұстафин есімі берілген.

2001 жылы Астана қалалық әкімшілігінің қаулысына сәйкес қалалық мәслихатының 25.12.2001жылғы №132/26-II шешімімен Астана қаласындағы жаңа көшелердің біріне Ғабиден Мұстафиннің есімі берілді.

2002 жылы Қарағанды облысында Ғабиден Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуына орай торқалы мерейтойы кең көлемде атап өтіліп, Токаревка кенті Ғабиден Мұстафин кенті болып өзгертіліп, Қарағанды қаласындағы  көшеге аты беріліп, жазушының ескерткіш-мүсіні орнатылды.

  




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Ертегі еліне саяхат" сыныптан тыс іс-шара

Автор: Абетова Риза Канатовна

Дата: 17.05.2017

Номер свидетельства: 416193


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства