kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Е? а?ылды» интеллектуалды ойыны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Oйынны? ма?саты:

  • Отан, ту?ан жер туралы білімдерін ке?ейту;
  • Орыс мектептеріндегі о?ушыларды? п?наралы? байланыс ар?ылы ?аза? тілі п?ніне ?ызы?ушылы?ын дамыту;
  • Логикалы? ойлау ?абілеттерін, тіл байлы?ын дамыту;
  • Зиятты  т?л?аны дамыту;
  • Ту?ан жеріне, ту?ан еліне деген с?йіспеншіліктерін арттыру;
  • Білімдарлы?, ой-?рісі ке?, жан-жа?ты т?л?а т?рбиелеу;
  • ?аза?станды? патриотизмге т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Е? а?ылды» интеллектуалды ойыны»

«Ең ақылды» интеллектуалды ойыны


Ойынның мақсаты:


  • Отан, туған жер туралы білімдерін кеңейту;

  • Орыс мектептеріндегі оқушылардың пәнаралық байланыс арқылы қазақ тілі пәніне қызығушылығын дамыту;

  • Логикалық ойлау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту;

  • Зиятты тұлғаны дамыту;

  • Туған жеріне, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру;

  • Білімдарлық, ой-өрісі кең, жан-жақты тұлға тәрбиелеу;

  • Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.


Ойын барысы:

  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар мен мұғалімдер!


Бүгін сіздер «Ең ақылды» интеллектуалды ойынына келіп отырсыздар!


Алдымен ойын ережесін айтайын.


Ойын үш бөлімнен тұрады.


Бірінші бөлімге – іріктеу тестілеуіне – 12 оқушы қатысады. Төрт варианты бар 18 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 5 секунд. Бір дұрыс жауап – 1 ұпай.


Екінші бөлім – жартылай финал. Оған 6 оқушы қатысады. «Дешифровщик» ойынынан басталады. Бірінші болған ойыншылар өздеріне арнаулы тақырыптарды таңдап, 1 минуттің ішінде 10 сұраққа жауап береді. Бір дұрыс жауап – 1 ұпай.


Үшінші бөлім – финал. Оған үш ойыншы ғана өтеді. Финалда ойынның жеңімпазы анықталып, оған «Ең ақылды» атағы мен сыйлық беріледі.


Қазылар алқасына әр топтан бір-бір оқушы мен екі мұғалімді шақырамыз.


Ал, енді ойынға қатысушыларды шақырамыз!


Барлық ойыншыларға сәттілік тілейміз!




І – раунд: Іріктеу тестілеу.


1. Қытайдан бастау алатын өзен.

А) Есіл; В) Ертіс; С) Іле; Д) Шу.


2. Қиял-ғажайып ертегінің кейіпкері.

А) Жиренше; В) Тазша бала; С) Ер Төстік; Д) Алдар көсе.


3. Әбілхан Қастеевтің ұстазы.

А) Н. Рерих; В) Н. Хлудов; С) Айвазовский; Д) Серов.


4. Шәкен Айманов кім?

А) әнші; В) сазгер; С) режиссер; Д) ақын.


5. Соңғы Конституциямыз қашан қабылданды?

А) 1989 жылы; В) 1991ж; С) 1993ж; Д) 1995ж.


6. Туған қаламыздың қазақ драма театры кімнің атында?

А) М.Әуезов; В) Абай; С) Ж.Аймауытов; Д) Ш.Айманов.


7. 2010 жылы Ванкуверде өткен Қысқы олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақстан биатлонист-спортшысы.

А) Е.Хрусталева; В) Б.Артаев; С) И.Ильин; Д) Л.Прокашева.


8. Қазақстанның маңызды дәнді дақылы.

А) сұлы; В) арпа; С) қарақұмық; Д) бидай.


9. Биыл қайғылы желтоқсан оқиғаларына неше жыл?

А) 15; В) 20; С) 25; Д) 30.


10. Қаламызда қандай көше жоқ?

А) Естай; В) Бектұров; С) Ш.Шокин; Д) Н.Назарбаев.


11. Қазақстанның бірегей(уникальное) көлі.

А) Балқаш; В) Алакөл; С) Марқакөл; Д) Маралды.


12. «Қазақ елі» монументі қай қалада орнатылған?

А) Алматы; В) Астана; С) Атырау; Д) Ақтау.


13. Жеті қазынаның бірі.

А) ит; В) түлкі; С) қоян; Д) мысық.


14. Үлкен Алматы көлінің екінші атауы.

А) қызыл; В) жасыл; С) көк; Д) ала.


15. VІІ Қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі қайда өтті? А) Алматы; В) Ақтау; С) Атырау; Д) Астана.


16. Қазақ вальсінің королі.

А) Ш. Қалдаяков; В) Е.Хасангалиев; С) М. Омаров; Д) Н.Тілендиев.


17. Қазақстанның алтын баласы.

А) Жаслан Бараисов; В) Жәнібек Датбаев; С) Қуат Есенов; Д) Қайролла Жакупов.


18. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне неше жыл?

А) 15; В) 25; С) 20; Д) 21.





  • Жақсы, сонымен бірінші бөлім аяқталды. Қазір қазылар алқасы ұпайларды санап, 1-2 минуттан соң кім екінші бөлімге өткендердің аттарын атап шығады. Екінші бөлімге алты ойыншы қатысады.




ІІ – раунд.

Жартылай финал.


- Екінші бөлімге қатысатын алты ойыншыны қарсы алайық. Олар – .....


- 10 сұраққа 1 минут беріледі.

Жартылай финалды дешифровщик ойынынан бастаймыз.


Қаныш Сәтбаевтың азан шақырып қойған аты.

ғ

а

б

д

ұ

л

-

ғ

а

н

и


Берілген арнаулы тақырыптар:


  1. Тарих.

  2. География.

  3. Әдебиет.

  4. Тіл.

  5. Өлкетану.

  6. Құпия.


ТАРИХ


  1. Ежелгі түріктер неге табынған? (Теңгри, Умай, табиғат күштеріне).


  1. Киіз үйдің пайда болуы қай ғасырға жатады? (қола ғасырға).


  1. Қазақстан Республикасы Президентінің бүкілхалықтық сайлауы қашан өткізілді? (1991 жылы 1 желтоқсанда).


  1. Жоңғарларға қарсы жорықтар жылдары Қазақ хандығының астанасы. (Түркістан).


  1. Абылай хан қай жүздің ханы? (Орта жүздің).


  1. Отарлық озбырлық, ел жайлы қоныс, құнарлы жерлерінен ығыстырылғын кезі тарихта қалай аталады? (Зар заман).


  1. «Қазақ» деген сөз 12-15 ғасырларда нені білдірген? (бостандық сүйгіш адам).


  1. Жұт дегеніміз – бұл ... (Малдың аштықтан жаппай қырылуы).


  1. Жоңғар шапқыншылығының тарихта қалған атауы. (Ақтабан шұбырынды).


  1. Қазақтар қай тектен шыққан? (сақтар мен ғұндардан).



ГЕОГРАФИЯ


  1. Республикалық маңызы бар қалалар. (Астана мен Алматы)


  1. Климатымыз қандай? (тым континенталды)


  1. Сырдария бастауын қайдан алады? (Тянь-Шаньнан)


  1. Қазақстанның суы мол өзені. (Ертіс)


  1. Орал өзені қайда ағып құйылады? (Каспий теңізіне)


  1. Әлемнің ағынсыз ірі көлдері. (Арал теңізі мен Каспий теңізі)


  1. Ежелгі гректер Арал теңізін қалай атаған? (Скиф шығанағы)


  1. Біздің облысымыздағы ұлттық табиғи саябақ. (Баянауыл)


  1. Орталық Азияны зерттеген қазақ ғалымы. (Шоқан Уәлиханов)


  1. Әлемнің ең жас елордасы. (Астана).



ӨЛКЕТАНУ


  1. Облысымыздың құрылған жылы. (1938 жылы)


  1. Біз тұрған дала жазығымыздың атауы. (Сарыарқа)


  1. Жасанды канал. (Ертіс – Қарағанды)


  1. Демалуға әрі көркем, әрі жайлы жер. (Баянауыл)


  1. Облысымыздың ең биік жері. (Ақбет тауы)


  1. Павлодар облысының энергетикалық базасының негізі. (арзан көмір)


  1. 1961 жылы Ертістің сол жағасында қаланған қала. (Ақсу)


  1. Павлодарлықтардың ең сүйікті демалыс орны. (Ертіс жағажайы).


  1. Павлодар өңіріндегі курорт. (Мойылды)


  1. Қаламызда неше театр бар? (екі – Аймауытов пен Чехов атындағы драма театрлар).



ӘДЕБИЕТ


  1. Ежелгі түрік әдебиетінің ескерткіші. (Күлтегін)


  1. Қорқыт нені іздеген? (мәңгілік өмірді)


  1. Абайдың философиялық туындысы. («Қара сөздер»)


  1. Жамбылдың ең атақты шығармасы. («Ленинградтық өрендерім»)


  1. Оқиғасы Баянауылда болған лиро-эпостық жыр. («Баян сұлу – Қозы Көрпеш»)


  1. Жырау, біздің жерлесіміз. (Бұқар жырау)


  1. Жошы хан домбыраны немен толтырып құюға бұйрық берді? (қорғасынмен)


  1. Қазақ жыл есебімен байланысқан ертегі. («Жыл басы»)


  1. Жұмбақ – адамның несін дамытады? (қисынын//логикасын)


  1. Бурабайдағы ғажайып құз. (Жұмбақ тас).


ТІЛ


  1. Қазақ тіл білімінің атасы. (Ахмет Байтұрсынов)


  1. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдер тобына)


  1. 1929 жылға дейін қандай жазу қолданылған? (араб)


  1. «Қазақстан Республикасы Тілдер туралы» Заң нешінші жылы қабылданды? (1989жылы 22қыркүйекте)


  1. Қазақ тіліндегі тұңғыш оқулық. («Қазақ хрестоматиясы»)


  1. Антоним дегеніміз не? (мағынасы қарама-қарсы сөздер)


  1. Республикалық радиохабары қашаннан беріле бастады? (1931 жылдан)


  1. Қазақ тілінде шыққан тұңғыш газет. («Түркістан уәлаятының газеті»)


  1. Қазақ тіл білімінің неше саласы бар? (үш – фонетика, лексика, грамматика)


  1. Тұңғыш телехабар қашаннан беріле бастады? (1958 жылдан)



ҚҰПИЯ (Қазақстан Республикасының белгілері)


  1. Елбасымыздың ерекше нышандары (штандарт пен кеудедегі белгі).


  1. Ең жоғарғы атақ (Халық Қаһарманы).


  1. Ұлттық теңгеміздің айналымға енген жылы. (1993 жылы 15 қараша).


  1. Жалауда қандай ою-өрнек бейнеленген? (қошқар мүйіз)


  1. «Қара шаңырақ» деген сөз тіркестің мағынасы (үй, әулет мағынасында, ата-баба үйі).


  1. Ата Заң неше баптан тұрады? (98 баптан)

  2. Жаңа әнұранның шыққан жылы. (2006 жылы)


  1. Бес бұрышты жұлдыздың мағынасы (бес континентпен достық).


  1. Қазақстан Республикасының ең жоғарғы дәрежелі ордені («Алтын Қыран»).


  1. Мемлекеттік белгілерге не жатады? (елтаңба, әнұран, жалау, тіл, жер, әскер).




- Екінші бөлім аяқталды. Қазір қазылар алқасы ұпайларды санап, 1-2 минуттан соң кім үшінші бөлімге өткендердің аттарын атап шығады. Үшінші бөлімге үш ойыншы ғана қатысады.




ІІІ – раунд.

Финал.


  • Үшінші бөлімге қатысатын үш ойыншы – .....


Бөлімді ең көп ұпай жинаған ойыншы бастайды. Кезек-кезегімен ойын жалғаса береді. Ол тақырып пен ұпайды өз-өзіне таңдайды. Мына бөлімде аукцион сұрағы мен қапшықтағы мысық кездеседі.


Аукцион сұрағы дегеніміз – бұл ойыншының ұпайды бар ұпайға көтеруге мүмкіндік беруі. Бірақ, егер ойыншы дұрыс жауап бермесе, балл сол қалаған ұпайға төмендейді.


Қапшықтағы мысық дегеніміз – бұл келген сұрақты басқа бір ойыншыға беруі.


Ал енді бастайық.

Бірінші ........ бастайды. Келесі ...... жалғастырады. Үшінші ....... болады.

Кезек – кезегімен ойнайсыңдар. Іске сәт!


ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫ


200 – Қобыз негізін салушы, күй атасы. (Қорқыт).

400 – Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі. Орындаушысы кім? («Ұлытау»тобы).

600 – Берілген сюжет қандай күй туралы? Күй мен күйшіні атаңыз. (Кетбұға «Ақсақ құлан»).

800 – Қазақ халқының аңызы бойынша, аспан әлемінен бірдеңе түсіп, ықылым заманнан осы кезге дейін жетіпті. Көкте халықтаған сол бірдеңе көшпенді қазақ даласына жеткен. Оны естіген халық сондықтан үлкен әуендік қасиетке ие болған деп есептеледі.

Бұл аңызда не туралы айтылады? (Әуен, музыка туралы).

1000 – Қазақ киносының әйгілі фильмдердің бірі. Фильмді атап, әннің авторын және бұл ән қалай аталатынын айтыңыз. («Сталинге сыйлық (Подарок Сталину)». Абай – «Желсіз түнде жарық ай»).


БАЯНАУЛ


200 – Баянауылды қалай атайды? (Қазақстанның інжу-маржаны).

400 – Жоңғарларға соққы берген батыр. (Жасыбай батыр).

600 – Қаныш Сәтбаевтің туған ауылы. (Теңдік ауылы).

800 – Баянауылдағы қажылық жасайтын жер. (Әулие тас).

1000 – Баян таулары оның саяхат жасаған соңғы жері. (Асан қайғы).


МЕН – ҚАЗАҚПЫН


200 – «Туған халқымның осыған дейінгі қайғы-мұңы мен оның жарқын болашағы мені осы поэманы жазуға жетеледі». Поэма мен оның авторы. (Жұбан Молдағалиев – «Мен – қазақпын»).

400 – Әннің атын, орындау стилі мен орындаушыны атаңыз. (Ерболат Құдайбергенов, рэп стилі).

600 – «Мен – қазақпын » поэмасын орыс тіліне аударған атақты ақын-аудармашы. (Римма Казакова).

800 – «Аңсап келді ұлы ақын, ұға келді

Құдіретті ән иесін, құба белді.

Қараң етіп алдынан, күркелерден,

Көлеңкесі Пугачевтың шыға берді.»

Қазақ даласына қандай орыс ақыны келіпті? (А.С.Пушкин).

1000 - «Мен – қазақпын » поэмасында қазақтар мен орыс арасындағы достық туралы айтылады. Қазақ халқының қандай әні кездеседі? («Дудар-ай» әні).


КӨШПЕНДІЛЕР


200 – Көшпенділер өмір салтымен байланысқан ою-өрнек. (Қошқар мүйіз).

400 – Сақ кезеңінің сәулет-құрылыс мәдениетінің бірегей ескерткіші. (Киіз үй).

600 - Көшпенділер мәдениеті дегеніміз – бұл экология мәдениеті мен әлеммен үндестікте өмір сүру. Көшпенділер мәдениетінің ошағы қайда




сақталып қалған? (Қазақстан, Қырғызстан, Саха(Якутия), Тува, Солтүстік Африка, Оңтүстік Америка, Моңғолия).

800 - Өз империяларын құрған, көшпенділер өмір салтын жүргізген ұлттар. (Ғұндар, моңғол-татарлар).

1000 – Қапшықтағы мысық: Музыка саласы бойынша сұрақ – Бұл Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі күйі. Күйді атаңыз.(«Аққу»).


ҰЛЫ АБАЙДАН СҰРАҚ


200 – (Тән құмары мен жан құмары).

400 – (Білім-ғылым).

600 – Қапшықтағы мысық: Патриотизм бойынша сұрақ.

Жүсіпбек Аймауытов былай деген: «Бұлар туған жеріне сүйіспеншілік тәрбиелейтін нағыз патриоттық пәндер». Қандай пәндерді туралы әңгіме. (Тарих, әдебиет, география).

800 – (Қайрат, Ақыл, Жүрек).

1000 – (Көлеңке).


АКТЕРЛЕР МЕН РОЛЬДЕР


200 – Режиссер Абдулла Қарсақбаевтың 1963 жылы түсірілген фильмі. Оны атаңыз. («Менің атым Қожа»).

400 – Бұл режиссер әлемнің ең атақты режиссер тобына кіреді. Оның аты-жөні... . (Тимур Бекмамбетов).

600 – Ежелден келе жатқан әдемі лиро-эпостық жыр. Осы берілген фильмге негіз болған жыр. Оны атаңыз. («Қыз Жібек»).

800 – Актер мен рольді атаңдар.(Шәкен Айманов – Жамбыл ролі).

1000 – аукцион сұрағы. Бұл фильм 2009 жылы шыққан. Фильмде қандай белгілі ақын туралы айтылады? Фильм мен ақынды атаңыз. («Біржан сал»).


- Сонымен, үшінші бөлім аяқталды. Қазір қазыналар алқасы ұпайларды санап, 1-2 минуттан соң кім «Ең ақылды» атағына ие болғанын атап шығады. Сөз қазыналар алқасының төрайымына – ................... беріледі.

/.................................................................................................................................../


  • Сонымен, ойнымыз аяқталды. Сау сәламат болыңыздар! Келесі кездескенше!

__________________________________________________________________

Іріктеу тестің кілті:


1. В;

2. С;

3. В;

4. С;

5. Д;

6. С;

7. А;

8. Д;

9. С;

10. Д;

11. А;

12. В;

13. А;

14. В;

15. Д;

16. А;

17. С;

18. С.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Е? а?ылды» интеллектуалды ойыны

Автор: Амирова Жибек Дюсентаевна

Дата: 16.12.2015

Номер свидетельства: 267017


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства