kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Елімні? ба?ытын тербеткен - Т?уелсіздік!" атты салтанатты жиыны

Нажмите, чтобы узнать подробности

1-ж?ргізуші:  Армысыздар ??рметті   ?стаздар!

16 желто?сан ?аза?стан Республикасыны? Т?уелсіздігіне 24 жыл толуына байланысты ?йымдастырылып отыр?ан іс-шарамыз?а ?ош келді?іздер!

2-ж?ргізуші:   2015 жылды? 30 ?араша к?ні ?аза?стан Республикасыны? Президенті Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаевты? халы??а жолдауын талдау ?шін мектеп директоры Жолдас?али Оразай?лына с?з беріледі.

1-ж?ргізуші: 16 желто?сан ?аза?стан Республикасыны? Т?уелсіздігіне 24 жыл толуына байланысты ал?аш?ы ?скери дайынды? п?ніні? м??алімі С?улебаев Жандосты? баяндамасы.

2-ж?ргізуші:   Т?уелсіздік - елімізді? ?з алдына ша?ыра? к?теріп, ешбір елге, ешбір мемлекетке т?уелсіз, дербес  ?аза?стан Республикасы болып ??рылуына байланысты ??ымды білдіреді.

1-ж?ргізуші: Т?уелсіздік – те?дік, бостанды?, еркіндік, б?кіл адамзат баласыны? ?аншама мы?да?ан жылдар бойы а?са?ан арманы, ма?саты, ?раны болып келе жат?аны белгілі.                         

  2-ж?ргізуші:       Елге айналды? Отаным, есімі ?лы,

                                  Ашты? ?лем хал?ы?а есігі?ді.

                                  Зор?а жеткен арда?тап осы ісі?ді,

                                  Т?зе, хал?ым, салты? мен бесігі?ді.

                                  ??ла? кесті ??л емес,?аза? тіпті,

                                       Сезінетін ша? туды азатты?ты.

                                       Отаншылды? бір айтып к?терілсін

                                       Тол?ынындай те?ізді? ?ажап, к?шті.

1-ж?ргізуші:           Тігілген со? А? Орда-ша?ыра?ы?,

                                  Т??ыры?а ?онуда сан ?ыраны?.

                                  Отан деген оранып от ??ша??а,

                                  К?усары?а ш?лі?ді ?андырамын.

                                  Сенен ?ана ?рбиді к?ш, жыр-?нім!

                                  ?аза?стан, о, мені? ??т т?ра?ым

                                  Жер шарына ?аза?ты? халы? атын.

Бірге айтылады:  Т?уелсіздік туымен ??тырамын!

          (Анар А) 1-о?ушы: Желто?сан айы.

     

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Елімні? ба?ытын тербеткен - Т?уелсіздік!" атты салтанатты жиыны»

"Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!" атты салтанатты жиыны


1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар!

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 24 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отырған іс-шарамызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: 2015 жылдың 30 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауын талдау үшін мектеп директоры Жолдасқали Оразайұлына сөз беріледі.

1-жүргізуші: 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 24 жыл толуына байланысты алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Сәулебаев Жандостың баяндамасы.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік - еліміздің өз алдына шаңырақ көтеріп, ешбір елге, ешбір мемлекетке тәуелсіз, дербес Қазақстан Республикасы болып құрылуына байланысты ұғымды білдіреді.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік – теңдік, бостандық, еркіндік, бүкіл адамзат баласының қаншама мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманы, мақсаты, ұраны болып келе жатқаны белгілі.

2-жүргізуші: Елге айналдың Отаным, есімі ұлы,

Аштың әлем халқыңа есігіңді.

Зорға жеткен ардақтап осы ісіңді,

Түзе, халқым, салтың мен бесігіңді.

Құлақ кесті құл емес,қазақ тіпті,

Сезінетін шақ туды азаттықты.

Отаншылдық бір айтып көтерілсін

Толқынындай теңіздің ғажап, күшті.

1-жүргізуші: Тігілген соң Ақ Орда-шаңырағың,

Тұғырыңа қонуда сан қыраның.

Отан деген оранып от құшаққа,

Кәусарыңа шөліңді қандырамын.

Сенен ғана өрбиді күш, жыр-әнім!

Қазақстан, о, менің құт тұрағым

Жер шарына қазақтың халық атын.

Бірге айтылады: Тәуелсіздік туымен ұқтырамын!

(Анар А) 1-оқушы: Желтоқсан айы...

Кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы, және бір қыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді.

«Желтоқсан» десе – ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді.

(Г.Гүлсім)2-оқушы: Себебі, бұл әндер, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадағы» «Елім-ай» секілді, әлдеқашан «Желтоқсан оқиғасының» халық арасындағы әнұранына айналып кетті.

Сонда да, ән-әуенмен қоса, мәңгі көкірек көзінде қалған көріністер шұбырып өтуі хақ. Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай, толқыған ызалы қыз-жігіттердің жігерлі келбеттері Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз пішіндер... одан кейін темір киімдер киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың сарт-сұрт айқасы...

Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйреген қазақ аруы, басынан қан шапшып ыңырси құлаған қазақ бозбала...

СЛАЙД № 2 «Желтоқсан 1986»

(Е.Жадыра) 3 – оқушы: Осы кезде аяқ астынан Пленум болатындығы туралы хабар – сыбыс тез тарады. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Пленумы 1986 жылғы 16 желтоқсанда өтті. Пленумда Д.А. Қонаев жолдасты зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика Компартиясы Орталық пленумында бірінші хатшысы қызметінен босатты. Оның орнына сол уақытқа дейін Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г.В. Колбинді сайлады.

(Т.Меруерт) 4 - оқушы: 1986 жылы желтоқсанның 17 жұлдызында бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды. Бұл кеңес өкіметі тұсында бұрын – сонды кездеспеген құбылыс. «Алматыда демонстрация», «Брежнев алаңында қаптаған жұрт», «Көшеде сап түзеп бара жатқан жастар» деген лебіздер ескен желдей гулеп тарап жатты. Елеңдеген ел түсіне алмай дал болды.

(А.Дана) 5-оқушы: Республика жұртшылығының өмірлік мүдделеріне қатысты мәселені шешудегі Орталықтың әділетсіз әрі өктем бұл қадамы қорланып қалған халық наразылығының жанартаудай атылып сыртқа шығуына түрткі болды.1986 жылы 17 желтоқсан күні таңертең Алматының Брежнев атындағы алаңына халық жинала бастады.Кешке қарай жиналғандардың саны шамамен 25-30 мыңға жетті.

Жиналған көпшілік республика басшылығындағы мұндай өзгерісті Д.А. Қонаевтың өзінің келіп түсіндіруін талап етті. Орталық аландағы жағдай бірден Мәскеудегі Бас хатшыға және басқа билік орындарына баяндалды.

Өз ретінде билік алдына қатаң тарамайтындықтарын қойған бейбіт шеруге жиналушылар нанымды жауап алмайынша алаңнан тарамайтындықтарын мәлімдеді.

(А.Ақмарал) 6-оқушы: Аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер «контрреволюционерлер» емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен көкейтесті мәселелері туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай-сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт – шыт болып ұшып жатыр.

Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын-1986» дейін оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.

(Ш.Жұлдыз) 7-оқушы: Құрамында қазақ ұлтынан ешкімде болмаған бұл штабтың жұмысын КСРО ішкі істер министрінің 1-ші орынбасары генерал полковник Б.К. Елисев басқарды. Штабтың қарауына шамамен 20-25мың адамнан тұратын Алматы гаризонының КСРО ішкі істер министрлігінің Алматы облысында, сондай-ақ Фрунзе,Ташкент, Челябі, Новосібір, Уфа, Свердловск , Тбилиси қалаларында орналасқан арнайы ұшақтармен Алматыға алдырылған әскери күштері берілді. Әскерилерге қарусыз шерушілерді қуып таратуға қажетті қару жараққа қосымша 15 БТР, 20 өрт сөндіруші машина берілді. Милиция және әскер құрамаларына саны 10-15 мың шамасында темір сойылдармен қаруланған «жасақшылар» көмектесті.

Әні: Ш.Қалдаяқов

Сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев «Менің Қазақстаным»

Осы кезде «Менің Қазақстаным» әні айтылады. Жастар теңселіп тұрып әнді ерекше бір шабытпен орындайды.

СЛАЙД № 3 «Жастардың алаңға шығуы»

Көрініс «№ 1»

Алаңға шыққан жастар бейбіт, жайбарақат еді . Қолдарында «Әр халыққа-өз көсемі !», «Лениндік идеялар жасасын!», «Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!», «Қазақстан қазақтардікі», «Ресейге қайт», деген транспоранттар бар.

(Сахна алдына ержүректі желтоқсан батырлары шыға бастайды)

СЛАЙД № 4 «Желтоқсан құрбандары» (Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира суреті)

(Е.Жұлдыз) Ләззат: Сүрмейтұғын болдық қой күйме ғұмыр,

Көлеңкеміз. Күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген,

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

(Жұлдыз Е) - Ләззәт: Әй, туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай!

Қосылыңдар біздің қатарға!

Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпармен ұрып қалады. Қыз сылқ етіп, есінен танып түседі.

2-жүргізуші: Міне өмірден тағы бір қыршын жас қыздың көк желкесінен шоқпармен осылай кеткен еді. Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың да алаңда болғаны анықталды.

Көрініс № 2 «Қайраттың үйіне келуі»

Көрініс № 3 «Қайратты абақтыға қамау» (Түрме іші, темір тор 2 жендет

Қайратты алып келеді, тергеуші жауап алуда)

(Ақылбек) Тергеуші: Сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың?

(Бекпан) Қайрат: Жолдастарыммен бірге.

(Ақылбек) Тергеуші: Жоқ, Сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың, соның нәтижесінде ол қайтыс болды! Сен кінәлісің оған!

(Бекпан) Қайрат: Сөйлесем дауысым жетпейтін

Кез болдың мынау заманға,

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жалғанға.

Елбең, елбең жүгірген

Ебелек отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақсауыт киген темірден,

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей көр.

(Әрі-бері жүреді, өзімен-өзі сөйлесе халыққа қарайды)

Қайраттың туыс – бауырларына арналған өлеңдерінен үзінді

(Бекпан) Қайрат: Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,

Туа бермес сіз секілді асылдар.

Қартайғанда жүрегіңді жаралап,

Кесір болды-ау біз секілді масылдар!


Айналайын, қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауда барамын.

Қайғы жетіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?


Айналайын, інішегім, құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауда, құлыным!

Қайрат Рысқұлбеков.

2-жүргізуші: Бұл Қайраттың өлеңдерінен үзінді.Өмірге құштар ынтық жүректің соңғы лүпілі.Жан сыры, соңғы үміті.Өкініш пен өтініш...

Көрініс № 4 Қайраттың туған-туыстарына жазған хаты

Сахнаға Қайраттың інісі Талғат жүгіріп келеді, қолында хат болады.

(Нұрбек) Талғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.

(Жұлдыз Е) Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын.

Осы кезде жарық түрмеде отырған Қайратқа түсіріледі. Хат оқылады.

(Бекпан) Қайраттың хаты:

Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтыда отырғаныма Сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым.

Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш кінәсі жоқ. Алаңға барғанымыз – азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар!

(Жұлдыз Е) Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың...

(Ш.Жұлдызай) 8-оқушы: Қазақ КСР Жоғары Кеңесі төралқасының Алматыдағы 1986 жылы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы М.Шаханов мынадай мәліметтер келтіреді: «Желтоқсан оқиғаларына қатысқан 8500-ге жуық адам ұсталып, жазаға тартылды. Толық емес мәлімет бойынша 1720 адам жарақат алды. Су шашқаннан, жер бауырлатып жатқызғаннан, қала сыртына апарып тасталғаннан ауырған адамдар есепке алынбады. ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылды. 12 жоғары оқу орындарының ректорлары орындарынан түсіріліп, 246 студент оқудан шығарылды. 99 адам сотталды,соның 46-сы кейін ақталды. Оның екеуі өлім жазасына кесілді».

Көрініс №5 «Қайраттың сот залында тұруы»

Сахна ортасына милиция бақылауындағы Қайрат келеді. Шымылдық артынан сот хатшысының «Орындарыңыздан тұрыңыздар, сот келе жатыр» - деген даусы шығады.

(Жадыра Е) Үкім: Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді:»

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын:

-Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173 - 1 бабы бойынша ең жоғары- өлім жазасына, атуға кесілсін.

(Бекпан) Қайрат:

Күнәдән таза басым бар,

21-де жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты- құрбандық»

Атам десең- атыңдар!

(Қайратты сүйреп әкетеді)

(Меруерт Т) 9-оқушы: КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығы.

1986жылғы Алматы оқиғасының белсенді қатысушысы, айыпкер Қ. Рысқұлбековтың өтінішін қарай келіп, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 23.04 1988 жылғы №8836-XІ Жарлығымен Қ. Рысқұлбековке кешірім жасап, ату жазасын 20 жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы – А. Громыко.

1-жүргізуші: Бостандық пен жарық сәуле үшін жан аямай арпалысып жатқанда, оның тағдырына бүкіл әлем құлақ түрді.

Шетелден келген көптеген пікірлерге байланысты, өлім жазасының 20 жылға ауыстырылуына сөзсіз ықпал болған еді. 500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып, үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып кенеттен Семейден бірақ шықты.

Халық ұлына құрмет.

(Жұлдыз Е) 10-оқушы: 1988 жылғы мамырдың 21 жұлдызында Семей түрмесінде жұмбақ өліммен қайтыс болған жерлесіміз Қайрат Рысқұлбековтің денесі Семей қаласының маңына жерленген. Сол кездері Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері жергілікті заң органдарымен бірлесе отырып, Бірлік ауылының басшыларын Қайраттың үй-ішіне, туған-туыстарына қарсы айдап салды.

«Сендер барғанмен оның денесін көрсетпейді, керек болса өздеріңді атып тастайды» деп қорқытып бақты. Ақырында Қайраттың туыстарының атынан «біздің денесін алып кетуге жағдайымыз жоқ» деген жедел хат салдырады. Кейін Ноғайбай аға Семейге екі рет барып ұлының жерленген жерін әрең дегенде тауып қайтады.

Мәрмәр тасқа Қайраттың бейнесі бейнеленіпті де, былай деп жазылыпты:

«Қайрат Рысқұлбеков

13.03.1966 ж.

21.05.1988 жылы әкімшілдік-әміршілдік жүйеге қарсы күрестің құрбаны, желтоқсан 1986».

Ал, тақта тастағы:

«Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты- құрбандық,

Атам десең, атыңдар...»

деген өлең жолдарын оқығанда көзімізге еріксіз жас алдық.

(Анар А) 11-оқушы: Қайрат қазақ елінің 21-ші басшы зобалаңына ұшырап, 21 жасқа келгенде, 21 сот алдында нақақтан шырылдап Семей түрмесінің 21 камерасында, 21 мамыр күні қапылыста дүниеден өтті.

СЛАЙД № 9 «Қазақстан Республикасының Президенті»

(Мадина С) Мұғалім сөзі: 1989 жылы мамыр-маусым - КСРО Халық депутаттарының І съезінде ақын М.Шаханов Желтоқсан оқиғасына әділ баға беруді талап етті. Желтоқсан оқиғасына түпкілікті баға беру жөнінде М.Шаханов төрағалық еткен комиссия құрылды. 1991 жылы желтоқсанның 10-ы күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылғандарды ақтау туралы» Жарлығы шықты.

ҚР Президентінің Жарлығы бойынша Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылы желтоқсанның 9-да жоғарғы ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп – Алтын Жұлдыз тапсырылды. Желтоқсанға қатысушыларға деген айрықша құрмет болды.

(Фильм көрсетіледі)

Халық қаһарманы атында:

(Гүлсім Г) 12-оқушы: Алматы, Семей қалаларындағы орталық үлкен көшелердің бірі Қайрат есімімен аталды.

13-оқушы: Жетісай қаласындағы орталық мәдени – демалыс паркіне Қайрат Рысқұлбеков есімі берілді.

14-оқушы: Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы, «Қоңырат» совхозы 1-бөлімшесіндегі орталау мектепке Қ. Рысқұлбеков есімі берілді.

2-жүргізуші: Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін рахым күтіп, кім үшін мерт болуға тиіс екендігін сезе бастаған еді. Ол оқ қылмыс керге емес, тығырыққа тірелген қоғамның бар шындығын теріс түсінген көзқарастарға арналған оқ еді.

СЛАЙД № 10 «Жаса, жайна тәуелсіз Қазақстан»

(Мадина) Алматы қаласындағы орталық алаңға тарихи Желтоқсан оқиғасының құрметіне 2006 жылы «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде «Жастарды алаңға шығуға итермелеген желтоқсандағы оқиға еліміздің тәуелсіздігінің жаршысы болды. Бұл оқиғаға ұлтшылдық сипатын беруге талпыныстар жасалды. Саяси бюроға олай емес деп түсіндіруге, соған орай қабылданған арнаулы қаулының күшін жоюға тура келді. Ұлтаралық қақтығыс деп түсіндіру пиғылдары да болды. Мүлдем олай болмағанын тарихтың өзі көрсетіп берді. Жастар бар болғаны әділеттілікті, теңдікті, тәуелсіздікті қалады», - деп Президент бұл қозғалыстың тарихи маңызын жан-жақты ашып көрсетті.

3. Қорытынды

1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны ерекше оқиға.

(Е.Жұлдыз) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік туралы толғаныстарынан үзінді

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар.

Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел

болашағы бар.

Сол күнге берік сенімі бар!

Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.

Ән: «Жаса, Қазақстаным» орындайтын 7 «Б» сынып оқушысы Джексенбаева Ұлданай

2-жүргізуші: Құрметті, Ұстаздар! Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 24 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отырған іс-шарамазыды жабық деп жариялаймыз.

Соңы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Елімні? ба?ытын тербеткен - Т?уелсіздік!" атты салтанатты жиыны

Автор: Елгондиева Айгерим Алдабергеновна

Дата: 12.01.2016

Номер свидетельства: 275538


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства