2017 жылғы 22 желтоқсан сағат 11.00-де «Ертіс» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық шыршасы өткізілді.
Шырша қатысушылары – жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстаннан қоныс аударған балалар. Жаңа жыл мерекесі қатысушыларының жалпы саны 9-13 жас аралығындағы 150 бала. Біздің ауданнан Елбасы шыршасына №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы Аяжан Жарылқасын мен №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы Константин Штукерт қатысты.
Мереке қарсаңында балалар үшін «Ertis-Cinema» кинотеатрында «Джуманжи» киносын көрсету ұйымдастырылған. «Асқақ ордам – Астана!» мерекесін өткізу шеңберінде балалар үшін түрлі-түсті және динамикалық қойылымдар дайындалып, балаларды би және вокалдық нөмірлермен көңілдерін көтерді. Жаңа жылдық шырша аяқталған кейін мерекелік дастарқаннан дәм татты.
Әр балаға сыйлық ретінде смартфон, кітап, жұмсақ ойыншықтар және тәтті сыйлық табыс етілді.