kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Д?біріне ?осылып д?ниені?...

Нажмите, чтобы узнать подробности

Д?біріне  ?осылып  д?ниені?.

Хамза  Есенжановты? 105 жыл  толуына  арнал?ан

 ?деби  кеш

Ма?саты:    О?ырмандарды  Хамза  Есенжановты?   шы?армашылы?ымен                   тере?ірек  таныстыру, ту?ан  елге  деген ма?таныш  сезімін  ояту.

К?рнекілігі: Кітап  к?рмесі: «Та?дыр  мен  та?ылым»

1-б?лім. ?айсар  талант

2-б?лім: Халы?  жадында?ы  жазушы

3-б?лім: М??гілік бір  ??мыр

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Д?біріне ?осылып д?ниені?... »

Дүбіріне қосылып дүниенің...

Хамза Есенжановтың 105 жыл толуына арналған

әдеби кеш

Мақсаты: Оқырмандарды Хамза Есенжановтың шығармашылығымен тереңірек таныстыру, туған елге деген мақтаныш сезімін ояту.

Көрнекілігі: Кітап көрмесі: «Тағдыр мен тағылым»

1-бөлім. Қайсар талант

2-бөлім: Халық жадындағы жазушы

3-бөлім: Мәңгілік бір ғұмыр

  1. Жүргізуші: Армысыздар құрметті оқырман қауым!

  2. Жүргізуші: Қош келдіңіздер бүгінгі кештің шақырулы қонақтары!

1-Жүргізуші: Бүгін Жайық өңірінің сүйікті перзенті, көрнекті қазақ жазушысы, жерлес ағамыз Хамза Есенжановтың туғанына 105 жыл толуына арналған «Дүбіріне қосылып дүниенің...» атты әдеби кешіне қош келдіңіздер!

2-Жүргізуші: Ақ Жайық өңірінің тарихи революциялық шежіресін жазған жазушы есімі тек туған республикасына ғана емес, бүкіл Одақ оқырманына кеңінен таныс екені белгілі.

1-Жүргізуші: Хамха Есенжанов Шалқар көлінің жағасындағы шағын ғана ауылда Ықсан деген орта шаруаның отбасында 1908 жылдың 25 желтоқсанында дүниеге келді. Оның балалық және жастық шағы қиын- қыстау кезеңмен тұтас келеді. Ұлы Октябрь әкелген үлкен өзгерістер кезеңі еді. Қуанышы мен қайғысы бірдей сол уақыттың ащы- тұщысын татқан ол жастайынан- ақ ізгілік пен зұлымдықтың, ерлік пен ездіктің не екенін жүрегімен сезініп өсті. Қилы заман жазушы мінезін қалыптастырып, оның талабын шыңдай түсті, шығармашылық жағынан өсуіне әсер етті.

2-Жүргізуші: Хамза аға мінезі тұрасында бір екі ауыз сөз айтқанның артығы болмас. Ол ерекше жұмсақ, өзіне тартып тұратын адам еді. Оның бойындағы кең пішін қарапайымдылықпен, асқан еңбекқорлық ұстамдылықпен ұштасып жататын. Бұл оны өз ортасына, халқына айрықша сыйлы етті. Ол өзі жанындай жақсы көрген ана тілін байыту, оны қадірлеу- әр жазушының борышы екенін қадап айтатын.

1-Жүргізуші: Хамза Есенжановтың қиын да қызық шығармашылық тағдырына көз тоқтатып, көңіл аударар болсақ, оның қолынан шыққан өнер туындыларының өзіне тән ерекшеліктерін байыптап байқасақ, бәрінен бұрын жазушының қаусырымы мол эпикалық құлашын аңғару қиын емес. Жазушының әдеби мұрасы бай. Ол романдардан басқа әңгімелер, драмалар жазды. Оның алты томдық шығармалары да бар. Хамза Есенжанов республиканың әдеби өміріне белсене араласты.

2-Жүргізуші: Десек те Хамза Есенжановтікі- қайталанбас ерлік! Сондықтан болса керек, оның тағдырлас досы, академик Мұхамбеджан Қаратаев осыдан он жыл бұрын Хамзаны қаламгер ретінде «Қайсар талант» деп керемет дәл атады.

Ғайса-Ғали Сейтақ. «Сарыөмірде мәңгілік бір ғұмыр бар»

1-Жүргізуші: Ақ таңда айығар ең ойдан әрең

Нүктесін шығарманың қоймаған ең.

Халқыма ұл болсам деп армандадың,

Халық жауы болам деп ойламап ең,

Соңына лауазым мен атақ еріп,

Томдарың жылдарыңмен қатар өріп,

Ата боп немереге отырмас па ең,

Бұл күнде төрімізде бата беріп. (А. Бахтыгереева.)

2-Жүргізуші: Атағы алты Алашқа «Ақ Жайығымен» жеткен, туған жерінің сүйікті перзенті, жазушы Хамза Есенжанов туралы әлі талай жазыла берер- ау: Мына біздің Жайықты әдебиет әлемінде шебер суреттеп, оның шежіресін бір емес үш бірдей кітапқа арқау еткен ұлы жазушыға көрсетілер тағзым да ерекше. 60 жылдық роман – эпопеяны қазір ҚСРО-ның социалистік реализмінсіз талдау әсте қиын. Хамза Есенжановтың социалистік эстетика қағидаларымен шектелген, тап тартысына құрылған «Ақ Жайық» атты тарихи- революциялық романын қолға алғанда, халқының алдында тұрғандай, алып тұлғасына жәутеңдей қарайтындығымыз заңды деп ойлаймыз.

1--жүріізуші: Әлқисса, көркем шығарманың, нағыз қылдың тот баспайтын, кір шалмайтын ерекше қасиеті бар. Оның ең бірінші алғышарты - өмір сүретін өнер шындығына айналдыру. Ал, өмірдің образ арқылы өнерге айналуы — көркем шығарманың мазмұны мен пішініне тікелей байланысты.

2-жүргізуші: Жазушы өз өлкесіне деген перзенттік ықпалын титтей де суытпай өтті. Ол, әсіресе, Ақ Жайық жағасына, Барбастау, Аңқаты, Өлеңті өзендерін және көгілдір Шалқар көлін көргенше асығатын.

Оқушы: «Ақ Жайық» романынан үзінді. «Қара Оба болысының жері байтақ - бір жағы Жайық, бір жағы Есен Аңқатысының басына қарай ойысып, жалпақ жатқан Жымпиты даласымен үштасып кетеді. Сан түрлі шөп өсетін қүйқасы кілемдей қара топырақты осы жазық алапты үстінен шықпасаң көрінбейтін терең-терең сайлары мен үзын-үзын өзендер ғана жарып өтіп Жайыққа қүлап жатыр.»


«Шалқарым» -деп мың ойландың, жүз жылап,

Қажымадың, қайыспадың сен бірақ.

Ел байырын, жер қадірін қастерлеп,

Дүниеге әкеліпсің, сен кітап.


Иә, «Ақ Жайық» трилогиясы тәлімді кітап. Ол бізге халық жолын, ізгілік пен бостандық соқпағын нүсқайды. Қазіргі алмаға йып қиында қайта өрлеу дәуіріміздің өзінде де «қайыршылар мен қүл жүргенде, қызық дәурен сүру қиын-ақ» деген қарымды сөз еске түседі.

1-жүргізуші: Жазушының 105 жылдық мерей тойы қарсаңында біз оның романдарына қайта үңілеміз. Үңілеміз де жанымызға керемет шуақ қүйылгандай болып, өз өлкеміздің шежіре-сырын одан с айын терең сезіне түсеміз.

2-жүргізуші: Хамза Есенжановтың бейнесі әрдайым үлгі - өнеге болып қала бермек. Бүл жайында оның көзін көргендер де, кейінгі жастар да тебірене сыр шертеді.

Қазақ әдебиетінде көрнекті із қалдырған қаламгер туралы бұдан былай да айтыла беретіні сөзсіз. Өйткені ол халық жадында, елдің төрінде.

М.Хакімжанова «Біздің Хамза»

1- жүргізуші: Өмірі қиын, шығармашылық жолы бұралаң, бірақ халқының ұлылығы мен данышпандығын ардақтаған асыл ағамызды тағы да қимастықпен еске аламыз.

2-жүргізуші:

Ел бірақ ұмыта алмас жарқын ұлды,

Таланттың кім екенін халқы білді

Арманың үндес еді Ақ Жайықпен

Жайықтың мүмкін емес сарқылуы.


  1. жүргізуші: Қадірменді бүгінгі кештің қонақтары! Осымен біздің әдеби кешіміз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп тыңдағандырыңызға көп-көп рахмет. Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар!




Батыс Қазақстан облысы.

Тасқала ауылы

Қ.И. Сәтбаев атындағы мектеп кітапханасының меңгерушісі


Тасмагамбетова А.Б.
















































«Кең тынысты кемел талант»


(Тақырыптық әңгіме)


«Өлді деуге болама айтындаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған!» деп ұлы Абай айтқандай, белгілі халық жазушысы Хамза Есенжанов үлкен шығармашылық жолдан өтіп, соңына асыл мүра қалдырған көрнекті жазушының шығармашылығына қысқаша тоқталмақшымыз.

Ақ Жайық өңірінің тарихи революциялық шежіресін жазған жазушы есімі тек туған республикасына ғана емес, бүкіл Одақ оқырманына кеңінен таныс екені белгілі. Қуанышы мен қайғысын бірдей сол уақыттың ащы - түщысын татқан, ол жастайынан - ақ ізгілік пен зүлымдықтың, ерлік пен ездіктің не екенін жүрегімен сезініп өсті. Қилы заман жазушы мінезін қалыптастырып, оның талабын шыңдай түсуіне, шығармашылық жағынан өсуіне әсер етті.

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясы мен «Көп жыл өткен соң», «Ағайынды Жүнісовтер» атты романдары -саяси салмағы, тарихи тағлымы түрғысынан М.Әуезов, І.Есенберлин туындылары мен деңгейлес дүниелер. «Ақ Жайық» трилогиясының алғашқы сыншыларының бірі - ¥лы М.Әуезов «Бүл – еуропалық үлгіде жазылған ең түңғыш романымыз» деп жоғары баға берген болатын.

Көрнекті жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясы, оның заңды жалғасындай екі бөлімді «Көп жыл өткен соң» романы, «Жүнісовтер трагедиясы» негізінен алғанда тұтастай бір кезеңнің арқауын көтеріп түрған шығармалар. Бүл үлкен Еңбекте Хамзаның Батыс Қазақстан өңіріндегі революциялық қ озғалысты, Кеңес өкіметінің қалай орнағанын суреттейді. Жазушының ұзақ жылдар бойы еңбегі кезінде әдеби ортада лайықты багасын алды.

Бүл қазақ халқының теңсіздігі мен жоқшылығын, Қазақстанда тұңғыш болышевиктердің ерлік істерін, 1918 жылы Орал қаласында болған актардың опасыз бүліншілік, Совет үкіметін қалай орнағанын суреттейді. Романдағы басты кейіпкерлердің бірі, тағдыры шытырман оқиғаға толы бейне –Құныскерей бейнесі. Құныскерей өмірде болған адам. Романда Құныскерей белгілі баукеспе, жұмбағы көп жан.

Хамза Есенжанов Хакімді, Әбдірахманды және оны қорлаған адамдардың айқын тұлғаларын жасау арқылы, бір ұлттың болашақ үшін күресін, еркіндікке д еген ұмтылысын суреттей отырып, адам тағдырының көркемдік күші, ақыл-ой парасаты жағынан да биік тұлғаны жасады.

Шығарма кұр қиялдың жемісі емес, кейіпкерлерінің бә рі де өмірде болған, сол бір сұрапыл жылдардың от- жалынында шыңдалған адамдар.

Қазақ халқының ардагер ұлдары Ө.Әйтиев, М.Измағамбетов, орыс революционерлері П.Дмитриев, П.Паромонов, И.Белан тағы басқалары революциялық қозғалысқа белсене араласқан қайраткерлер.

Сондай-ақ, бұл үлкен еңбекте «Алаш» автономиясының басшылары Жаңаша, Халел Досмұхамедовтер мен ағайынды Бақытжан, Арон Қаратаевтардың бейнелері айрықша көрінеді.

Сөз жоқ, Хамзаның да өз заманының перзенті, сондықтан да трилогияның социалистік реализм үлгісімен, кешегі Кеңес идеологиясының сарынымен жазылғанына таң қалуға болмайды. Өзі де саяси - идеялық көзқарас үшін «Халық жауы» деген желеумен тұтқындалып, жалынды жастығын, ең қымбат жылдарын кеңес түрмесінде, меңіреу орманда өткізіп, жиырма жылға жуық тозақ отын кешкен аяулы Хамзаның кеңестік саясатқа пенде болмайтын шарасы да жоқ еді.

Жетпіс жыл бойы Мәскеу империясының сойылын соғып, саны аз халықтарды құрсауынан шығармай келген кеңестік идеология күйреді. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін демократия мен жариялық лебі өсіп, сонау асыра сілтеу кезеңіндегі «ақтандақтардың» ақиқаты ашылды. Соның нәтижесінде 80-ші жылдардың ортасына шейін қоғамға «жат элемент» ретінде аласталып келген алашорда қайраткерлері тарихтан лайықты бағасын алып, елім деп еңіреген ерлердің есімдері халқына қайта оралды.

Жазушының «Көп жыл өткен соң» романында Кеңес өкіметінің елді ұйымдастыру кезеңіндегі ауылдық жерлердегі асыра сілтеу саясаты, белсенділердің әпербақандығы барынша ашық көрсетіледі. Бұл еңбектен талай жылдар бойы Халықтан бүркемеленіп келген шындықты шығарманың өнбойынан тауып отырасыз.

Отызыншы жылдары қазақ зиялыларына төніп келе жатырған қара бұлтты Хамзаның Шұғылдың қара бурасы арқылы еске беріп, халқына қырғидай тиген қанды қол қарақшы бейнесін- қара бура арқылы суреттейді. Кешегідей салты аяққа сыбағаңды құйып, сабына қарауыл кезеңде былай айту ерлік демей көріңізші.

Тағдыр тауқыметін тартқан елдің қасіретін көзімен көріп, өзі де 37- ші қанді құрыққа іліккен Хамзаның шығарманың соңында ел ішіндегі сұрапыл оқиғаларға батыл қалам тартады.

Хамза Есенжанов дүниеден өткеннен кейін «Жүнісовтер трагедиясы» деген жинағы жарыққа шықты. Бұл «Ағайынды Жүнісовтердің» толық нұсқасы еді.

«Жүнісовтер трагедиясы» отызыншы жылдардағы « ақтандықтардың» ақиқатын ашқан, сол кездегі олқылықтардың орынын сәл де болса толықтырған шығарма болды. Амал не елінің егемендік алғанын аяулы азаматтың өзі көре алмады.

Кейінгі жылдары кеңес өкіметі жылдарында жазылған шығармаларды іске алғысыз етіп мансұқтау етек ала бастады.

Көзі қарақты оқырман әр кезеңнің сұңқары мен сұқсұрын айыра білсе керек.

«Елдің атын ел шығарады»,- десек тиісті орындар қазақ әдебиетінің қайраткеріне сол кезде де лайықты құрмет көрсетер деп ойлаймыз.


Оқырмандарға ұсынылатын сұрақтар:


  1. «Ақ Жайық» романы қазақ әдебиетіміздегі эпикалық шығармалар тобына қосылған елеулі үлес деп бағалаймыз. Сіздің пікіріңіз?

  2. Шығарма құ қиялдың жемісі емес, кейіпкерлерінің бәрі де өмірде болған, сол бір сұрапыл жылдардың от- жалынында шыңдалған адамдар туралы ойыңыз.

  3. Осы шығарманың тәрбиелік мәні мен мазмұны туралы не айтар едіңіз?

  4. «Ақ Жайық» романындағы кейіпкелер?

  5. «Ақ Жайық» романынан басқа да шығармаларын атаңыз?





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Д?біріне ?осылып д?ниені?...

Автор: Тасмагамбетова Аклима Бахтыбаевна

Дата: 26.03.2015

Номер свидетельства: 191569


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства