kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Досты?ы жарас?ан, т?уелсіз ?аза?стан!

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасыны? Т?уелсіздігіні? 25 жылды?ына ж?не

1-мамыр ?аза?стан халы?тарыны? бірлігі к?ніне арнал?ан

«Досты?ы жарас?ан, Т?уелсіз ?аза?стан!»

атты к?ркем?нерпаздар бай?ауыны? сценариі 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Досты?ы жарас?ан, т?уелсіз ?аза?стан!»

А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектеп








«Достығы жарасқан, тәуелсіз Қазақстан»


1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған көркемөнерпаздар байқауының сценарийі











Өткізген: А.А.Енсебаева, аға тәлімгер













Баскөл

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және

1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған

«Достығы жарасқан, Тәуелсіз Қазақстан!»

атты көркемөнерпаздар байқауының сценариі


1-жүргізуші: Сыр бойында баулардан,

(Перизат) Алатаудай таулардан.

Сарыарқамдай даламнан,

Теңіз Каспий, Аралдан.

Баян сұлу Жібектей,

Төлегендей түлектей,

Ұл-қызы бар елімнен,

Жұлдызы бар жерімнен.

Сәлем, саған туған ел!


2-жүргізуші: Ұлы тойдай ұлы ісім,

(Ардақ) Жаралған ел, жыр үшін,

Сырда сұлу – күрішім,

Қырда бидай – ырысым,

Миллиардтай алтын дән,

Миллиардтай бар тұлғам,

Жыршы, жырау, салтымнан,

Әнші, күйші халқымнан,

Сәлем саған, туған ел!


1-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар. Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылына арналған, 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында өткізіліп отырған «Достығы жарасқан, Тәуелсіз Қазақстан» атты көркемөнерпаздар байқауын ашық деп жариялаймыз.


2-жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде тұр аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.


1-жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан.

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.


2-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені - халықтар достығы. Қазақстан – алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен достық пен ынтымақ елі. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі бар. Олар бір ананың баласындай, бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату-тәтті өмір сүріп жатыр.


1-жүргізуші: Олай болса, татулықты ту етіп, ынтымақты нығайту мақсатында өткізіліп отырған бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар. Сайыс 5 номинация бойынша өткізіліп отыр.


2-жүргізуші: ең үздік «Достығымыз жарасқан» әдеби-музыкалық композиция.

1-жүргізуші: ең үздік мәнерлеп оқу сайысы.

2-жүргізуші: ең үздік патриоттық ән.

1-жүргізуші: ең үздік хореографиялық шығарма.

2-жүргізуші: ең үздік қабырға газеті.


2-жүргізуші: Үздіктердің үздігін анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таңыс болайық.

1) ________________________________________________________________

2) ________________________________________________________________

3)_________________________________________________________________



1-жүргізуші: Жер- Анамыз жасайды тарлық кімге?

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде


2-жүргізуші: Тәуелсіздік! Бар бақыт, бақ – тұмарым,

Ұранымсың, жадымда сақтар әнім.

Сенсің менің кеудемді керіп тұрып,

Айдай әлем алдында мақтанарым.


  • Сайысымыздың алғашқы кезегін 5 «а» сынып оқушыларына береміз.



2-жүргізуші: Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.


1-жүргізуші: 20 жыл ішінде жас мемлекетіміз талай тарихи оқиғаларды бастан кешіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Елбасымыздың бастауымен Сарыарқаның сайын даласына дәулеті мен сәулеті келіскен астананы тұрғыздық. Осының бәрі бейбітшілік пен татулықтың арқасы.


  • Бейбітшілік пен жасампаздықты ән-жырға қосу үшін ортаға 5 «б» сыныбын шақырамыз.



2-жүргізуші: Тәуелсіздіктің 20 жылдығының қарсаңында Астанада өткен саммит – Қазақстан мемлекетінің тарихындағы ең бақытты, жұлдызды шағы деп есептеуіміз керек.


1-жүргізуші: Жердің жүзі қарайды таңдай қағып,

Ғасырларды жасампаз жалғайды уақыт.

Азиада мекені Қазақстан!

Мұны көру, сезіну қандай бақыт.


  • Кезек 6-шы сынып оқушыларында.



  1. жүргізуші: Қазақстан – менің асыл аймағым,

Қуантады күнге құшақ жайғаның

Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқылдап.


2-жүргізуші: Сен неткен отан-анам ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілім жазар едім

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін

Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім.


  • Алдарыңызда 7 сынып оқушылары, қарсы алыңыздар.



2-жүргізуші: Тәуелсізбін – Азатпын,

Баласымын мен қазақтың

Қазақстан ұлымын

Еркін сүйген күн нұрын.


1-жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

8-ші «А» сыныбын шақырамыз ортаға.



2-жүргізуші: Перизат, айтыңызшы Тәуелсіздік – бұл неге соншама қастерлі сөз?


1-жүргізуші: Әдетте әр халық өзі мекендейтін жерін жаудан жанын сала қорғайды. Бұл – атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүр. Сондықтан өз жерімізді қастерлеп, тәуелсіздігімізді берік ұстауымыз керек. Міне, солай, Ардақ.


2-жүргізуші: Түсінікті, ал осы қастерлі сөзді 8 «б» сынып оқушылары қалай түсіндіреді екен. Ортаға шақырайық.




2-жүргізуші: Қазағым көпті көрген көне халық,

Ту етіп ата арманын келеді алып.

Теңдессіз бірлігімнің арқасында

Жасайды Еуропаға төрағалық

1-жүргізуші: Қарыштай бер Қазақстан шың басына,

Айналып Орта Азия барысына.

Талапты ел атанып, табысты ел,

Асты даңқың мұхиттың ар жағына!


  • Келесі кезекті 9 сыныпқа береміз.


1-жүргізуші: Қайран елім, қара нарым өзіңсің,

Тарих жүгін арқалаған төзімсің.

Тәуелсіздік тұғырынан бүгінде

Шұғыла шашып қарап тұрған көзімсің.


2-жүргізуші: Демеймін мен бұрынғыдай шерлімін,

Еркін жұртпын байқалмайды кемдігім.

Шайқалмасын іргең мәңгі, Отаным,

Жаса, жаса азаттығым теңдігім!

  • Дей келе ортаға 10 сыныптың оқушыларын шақырамыз. Қарсы алайық!



2-жүргізуші: Сөз кезегі әділ-қазы алқасында (марапаттаулар жүргізіледі).


1-жүргізуші: Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз ел,

Болашаққа нық басып, буынған бел.

Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,

Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!


2-жүргізуші: Біз - қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз. Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын!


1-жүргізуші: Жеңістеріңіз жемісті болсын. Осымен байқауымыз аяқталды. Барлық қатысушыларымызға рахмет айтамыз. Амандықта жүздескенше.






«Достығы жарасқан, Тәуелсіз Қазақстан!» 8 «А» сынып

  1. «Достығымыз жарасқан» әдеби-музыкалық композиция


1-оқушы: Қазағымның арайланып азат таңы,

Тағдырдың артта қалды азаптары.

Үмітін үкілеумен өткен жылдар,

Жасампаз жазып жатыр парақтарды.


Аңсаған азаттықты ұлы халық,

Бостан күнге жеткенді белі талып.

Бет түзеп өркениет ауылына,

Арманның алаулайды шамын жағып.


2-оқушы: Тұлпарды шабысынан, домбыраны қағысынан білетін құдіретті қазақ елі. Тәуелсіздік жолында тар заман тауқіметін көріп, арыстай ұл-қыздарыңнан айырылдың. Бірақ, біз оларды жоқтатпаймыз. Біз тәуелсіз елдің ұрпақтары, достығы жарасқан киелі қазақ рухына бас иеміз. Бірлігі бар ел – берекелі, ынтымағы бар ел – ырысты. Бір төсекте басымыз қосылмаса да, қойнауда қойымыз аралас қай көршімізге де айтарымыз мынау: «Дос болғанға құшақ ашық туыспыз, қас қылғанға қиып түсер қылышпыз»


3-оқушы: Алты алаштың баласы

Қауымдасқан күні - бұл.

Бір бірімен жарасып,

Бауырласқан күні - бұл.


Көк аспанда тулардың

Желбірейтін күні - бұл.

Елім деген ұлдардың

Елжірейтін күні - бұл.


Атамекен ақ үйдің

Азат болған күні – бұл.

Құндақтағы сәбидің

Қазақ болған күні – бұл.


Жұпар шашқан гүлімнің

Жаңа ашылған күні - бұл.

Менің ана тілімнің

Бағы ашылған күні - бұл.



4-оқушы: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.


  Достық тапса діндер менен ділімді

Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,

Бір туғандай ұлтаралық келісім

Бір көтерген басқа түскен жүгімді.

  Серт берісіп туыс болып қалуға

Нәубеттерден аман жеттік дамуға,

Байтақ елдің биік ұстап байрағын

Біздің достық мәңгі болып қалуда.


5-оқушы: Тілі бөлек болғанымен тілек бір

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.


Қуаныштан желпілдейді түндігім

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!


6-оқушы: Қазақ – қырғыз туыссыңдар, доссыңдар,

Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.

Дос туыстар көп болса да дүниеде,

Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.


Өзбек – қазақ бірге жүрген бауырлар,

Аспаны ортақ, сыйлап тартар дәмі бар.

Бауырлардың достығымен жыр болған,

Ортақ шаттық, ортақ айтар әні бар.


7-оқушы: Кім сүймейді ет жақынын, туысын.

Украина туысымның бірісін.

Тұрды биік туысымдай бұл достық.

Ел басына төнгенде де улы сын.


Орыс, кәріс, ағылшын мен немісін

Барлығымен тату-тәтті бір ісін

Барлығына ашық сенің құшағын

Нұрын шашқан аспандағы күнісін


8-оқушы: Байтақ дала, жерім менің,

Арта берсін кенің сенің.

Көк байрағың желбіресін,

Егеменді елім менің!


Отан – анам, Отан - әкем.

Осы сөзім қате ме екен?

Қате болса,Неге біздер,

Дейміз оны – «Атамекен?!»


Ән «Атамекен» орындайтын оқушылар тобы.






9-оқушы: Тұлпарыңның шабысын,

Домбыраңның қағысын,

Күңіренткен тау ішін,

Дарияңның ағысын,

Сүйем десем бәрі шын,

Қазақстан – намысым!


Әрбір тасы киелім,

Әр уығы жүйелім.

Ән кернеген жүрегін,

Күй кернеген тиегін,

Сары алтыннан сүйегің,

Қазақстан – жыр елім!


10-оқушы: Тәуелсіздік! Берекенің төл басы,

Дәулетің мен сәулетіңнің тұнбасы.

Қазақстан, сенсің барлық жаһанға,

Кең танылған таудай асқақ тұлғасы.


Тәуелсіздік! Қиян емес қиялдай,

Ол осынау жақын, жылы ұяңдай.

Дәнекері, дәрмияны достықтың,

Атай алам атын әсте ұялмай.


11-оқушы: Топырағыңмен тамырласып кіндігім,

Қуаныштан жүрек толқып тұр бүгін.

Нығайтамын елдігімнің тұғырын,

Берік ұстап Тәуелсіздік тізгінін.


Шежіресін шертсе күй ғып көне жер,

Ертеңіне, өркеніне сене бер.

Дүниені дүбірімен таңдантқан,

Міне, осындай Қазақстан деген ел.


Ән «Қазақстан – қыран далам» орындайтын оқушылар тобы.



  1. Хореографиялық шығарма.

Қазақ биі «Сәулем-ай». Орындайтын: Жұмажан Гүлзада


  1. Мәнерлеп оқу.

«Қазақстан – бейбіт ел». Авторы және орындайтын Балтабек Інжу


  1. Патриоттық ән.

«Қазақтай ел қайда?!». Орындайтындар: Төлеухан Қуаныш, Валиев Даулет, Мадениетов Алдияр



1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне тілектер


1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

         Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

********

         Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.

         Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

         Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

         Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

         Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

********

         Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

         Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

         Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!

********

         Біз – қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз.

         Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын ағайын!

********


Тірлігімен адам байлық жасады,

Бірлігімен асулардан асады.

Адал жандар жер-ананы құрғанда,

Абайландар бейбітшілік жасағы.


Қазақ, қырғыз бір сананың егізі.

Екі жұрттың бірге екен негізі.

Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі,

Қырғыз озса – ол қазақтың жеңісі.


Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,

Болашақтың қасиетті кезіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетелеп,

Ақ қараны тіліп тұрса сөзіміз.


Отан – жерім, Отан – суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді,


Заңғар тау, шалқар жазық маң далалы,

Атырау, Алтай, Арқа таңданады.

Сексен көл Көкшетаудың бауырында,

Сылаңдап сәнге бөлер кең даланы.


Ауылым өткен жылдар белестері,

Бүгінде жерім жомарт, ел еңселі.

Тәу етіп тәуелсіздік ақ таңына,

Тілеймін биік шыңды белестерді.


Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер Түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран.

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен-таңба.



Тәуелсіз елім, тау – елім,

Қойнауың жақұт бау елім.

Көк байрақ туым желбіреп,

Шаттықтықтың салам әуенін.

Күндердің аппақ сағымын,

Қайраққа қайта жаныдым.

Қырандай самғап қияға

Мұқалмас енді қарымым.

Уақыттың ашып кезеңін,

Бақыттың кештім өзенін.

Ғасырдың жаңа бетінен,

Ғарыштың отын сеземін.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді Ту болмады дегенге.


Арыстандай айбаттым,

Жолбарыстай қайраттым,

Қанша жұлдыз жайнаттың,

Қанша бұлбұл сайраттың,

Қазақстан – ардақтым!

Шаңырағың шырағым,

Топырағың тұмарым,

Қаламда жоқ сыңарың,

Ғажайыбым жұмағым.

Басы таза бұлағым,

Таусылмайтым құмарым,

Қазақстан – қыраным!

Айың тусын оңыңнан,

Күнің тусын солыңнан.

Жұлдыз жансын жолыңнан,

Басыңа бақ орнасын.

Қыдыр болсын жолдасың,

Құдай сені қолдасын.

Көркейе бер Қазақстан!


Қаншама ой, асыл арман өрімделіп,

Ақорда аспандайды көңіл берік.

Құйылар қорғасындай әрбір сезім,

Толқыған көңілдерге сенім беріп.


Создық қол болашаққа көз көрмеген,

Тереземіз теңеліп басқа елменен.

Мүше болып БҰҰ-ға қазақ елі,

Мысын басты өзге елдің тең көрмеген.


Тұнық көл, сырнайлы өзен, пүліш жері,

Жасантқан ұрпағының күміс тері.

Елбасы Нұрсұлтандай бастап бүгін,

Үмітін үкілейді қазақ елі.


Айналдым, Қазақстан бостан елім,

Қашанда ашық болсын қыран көгің!

Алатын асқарларың тұғырлы боп,

Шыңдарға қонақтасын шығар шебің.


Намыс еліміздің берік болсын,

Сертке жанған сенімің серік болсын.

Мәңгілік баянды боп тәуелсіздік,

Қыдыр бағың басыңа келіп қонсын.


Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың бауырың.

Отан –өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан - өлең, отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан – осы, достарым.

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

Қайран елім, қара нарым өзіңсің,

Тарих жүгін арқалаған төзімсің.

Тәуелсіздік тұғырынан бүгінде

Шұғыла шашып қарап тұрған көзімсің.

Демеймін мен бұрынғыдай шерлімін,

Еркін жұртпын байқалмайды кемдігім.

Шайқалмасын іргең мәңгі, Отаным,

Жаса, жаса азаттығым теңдігім!


Шырқап көкке аспан ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қала – Астанам!

Жас Астанам – жас ғалам,

Тарихың бар ашпаған.

Ордасы бол ойшылдың,

Ей, бас қала – Астанам




Менің оның тауын сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдыретті үнін сүйем.

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан.

Менің байтақ Республикам таулары,

Менің көгім мөлдіреген көк аспан


Республикам арай тұнған күншуақ,

Кең төснде ырыс, бақыт, ынтымақ.

Келелі іске, кең өріске ұмтылып,

Жаңаруға таба білдің тың қуат.


Республикам мейірімді мәрт ана,

Тосқауылды бұзып өттің қаншама.

Қазыналы ұлан байтақ өлкеге,

Бүкіл ғалам көз тігеді тамсана.


Әлемге атың жайылсын жарқын,

Жасай бер, жаса, Қазақстан!

Баянды болсын бақытың, халқың,

Жасай бер, жаса, Қазақстан!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Досты?ы жарас?ан, т?уелсіз ?аза?стан!

Автор: Енсебаева Анар Анатольевна

Дата: 22.01.2016

Номер свидетельства: 281228


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства