Просмотр содержимого документа
«Диспут "Маманды? ??діреті - к?сіби шы?далуда"»
18.01.2016жыл «Бекітемін»_________________
Колледж әдіскері: Прекеева Ж.
Қатысатындар: № 1, № 5, № 21 топ студенттері
Өтетін орны: колледж шеберханасы
Өткізу формасы: пікірталас, әңгімелесу
Тақырыбы: «Мамандық құдіреті – кәсіби шыңдалуда»
Мақсаты: Білімгерлердің ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ
мамандығына байланысты ұғымдарын тереңдетіп,
қызығушылықтарын арттыру. Таңдаған мамандықтарға
сипаттама беріп, қыр-сырын ашу. “Мамандық” құндылығы туралы
түсініктерін арттыру. Мамандық таңдаудың маңыздылығын, оның
нәтижесіндегі еңбек қуанышына қосар үлесі мен жеке тұлғаның
әлеуметтік ашық қоғамға бейімделуіне ықпал ету.
Көрнекіліктері: «Мамандық құдіреті – кәсіби шыңдалуда» билборды,
«Мамандық құдіреті – кәсіби шыңдалуда» қабырға газеті,
слесарьлық құрал- саймандар көрмесі.
Жүргізуші - № 1 топ студенті Төлеген Гүлдана
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен студенттер!
Бүгінгі «Жылу желілерінің қондырғыларын жөндеу слесары»және «Дәнекерлеуші - сантехник» мамандықтары бойынша «Мамандық құдіреті – кәсіби шыңдалуда» атты апталықты ашу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға қош келдіңіздер!
Бүгін біз таңдаған мамандығымыз бен болашақтағы мамандар туралы ой толғаныстарымызды ортаға салып, ой бөліссек деген ниетпен жиналып отырмыз.
Апталықты ашу салтанаттына арналған алғашқы сөз колледжіміздің директоры Қуанышбаев Орынбай Жантөреұлына беріледі.
Бүгінгі іс-шарамыздың мақсатын айқындап, хабарлау үшін сөз Орғараева Майра апайға беріледі.
Ал қазір, Жүсіпбек Аймауытовтың «Неге арналсаң, соны істе» атты мақаласына назар аударайық.
Мақаламен таныстырушы - № 1 топ студенті Махмуд Тұмарай.
-Неге арналсаң , соны істе» деген алғашқы да өктем сөз сияқты көрінсе де, бұл мағынаның астарында , аса әлеуметті , қала берсе әр адамға маңызы зор мәселе жатыр. Әлеумет тұрмысында зор кемшіліктің бірі- әлеуметтің мүшесі , әр адам өз орнында қызмет етпеу.Естеріңізде болсан: «Адам қалай болса солай сүйреуге көне беретін тулақ емес, қалай қақса солай домалайтын алланың добы да емес. Адам- өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет етеді. Кісі іштен туғаннан –ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады. Басқаша айтқанда әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яғни зеректік болады. Кімде- кім өзінің ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен –ақ тауып кеткен адамдар сирек болады. Адамның көбі ана жолға, мына жолға бір түсіп, өмір бойы өз соқпағын таба алмай , сенделумен күн өтеді. Өз жолымен қызмет істемеген адамның жұмысы берекесіз болғаны өз алдына , ондай адам ісіне көңілі жарымағандықтан өмірге, тағдырға, налып, зарланып, бақытсыз жан болып күнелтеді. Сондықтан қорыта келе адамда бір ғана мамандық болуы тиіс. Ең негізгісі- Қандай маман болсаң да, адал, еңбекке қабілетті, зейінді, ойлы болуың қажет. Тек сонда ғана қандай мамандық болса да, зор және маңызды болмақ.
І - бөлім «Ой қозғау»
Жүргізуші: Ендігі кезекті колледжімізддегі мамандықтарды өз қалауымен таңдап келген студенттерге берейік. Өздеріңіз оқып, үйреніп, меңгеріп жатқан мамандыққа қалай келдіңіздер? Бұл мамандықты таңдауға қандай себеп немесе кім себепкер болды?
(Студенттер пікірі)
ІІ - бөлім “Бүгінгі менің ойым”
Жүргізуші: Адам, өмірінде екі - ақ нәрсесі дұрыс болса болғаны өзін бақыттымын деп санайды екен. Біріншісі - мамандық, екіншісі - адал жар. Қарап отырсақ, жұмыс пен оның аясында отбасында тіршілік ету адам ғұмырының тең жартысын алады екен. Өзіңді мамандықтар әлемінде табу - өзіңнің қоғамға қажетті адам екеніңді сезіну, лайықты қаржы табу, өз қабілеттеріңді барынша көрсету мен сый - құрметке бөлену болып табылады. Жалпы адамның өз мамандығына қаншалықты риза болса, өмірге де дәл солай риза болады екен.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен.
Енді сіздер мына пікірмен келісесіздерме?
• Мамандық бір - ақ рет біржола таңдалады. • Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты. • Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты.
• Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды.
• Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек. • Ақша болса, мамандық қажет емес.
(Студенттер пікірі)
ІІІ - бөлім «Шабыт»
Жүргізуші: Мамандықтың бәрі жақсы, баламның өз қалауы бойынша мамандық таңдауға жағдай жасаймын, бірінші кезекте жоғарғы оқу орнын емес, әуелі мамандық таңдауды бірінші кезекке қоямын деген ата – аналар бар.Жоғарғы оқу орнына түскенін қалайтында ата-ана бар.
Сіздер бұл мәселеге қалай қарайсыздар?
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыз?
• Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнына жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез - келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу қажет. • Мүмкіндігі болып жатса, “Жігітке жеті өнер де аз” деген сөз тегін емес. Таным көкжиегі кеңіп, білім қоры артса несі айып. Сәйкес мамандық болса, кең түрде білген, игерген жақсы. Сол мамандықты тереңдете, үнемі қыры - сырын байқап, ізденіп білім толықтыру да жаман емес. Тек тоқырап қалмау керек.
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек? • Бейімділігі (қызығушылығы, еңбек түрткісі, ынтасы); • Қабілеті, денсаулық жағдайы (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер); • Ықылас деңгейі мен өзін - өзі бағалауы; • Икемі;
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет? • Өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын білу; • Кісілік қасиеттерге (имандылық, ізгілік, қайрымдылық, кішіпейілділік, дербестілік, жауапкершілік, намысқойлық, жігерлілік,, т. б.) ие болу; • Ортамен қарым - қатынас жасай білу; • Өзінің таңдаған мамандығының мазмұны мен қызықты қырларын, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана таңдаған мамандығы туралы ой - ниеті салмақтана түседі.
ІҮ - бөлім “Сүйіспеншілік сипат”
Жүргізуші: Енді өздері таңдаған мамандықтарын игеріп жатқан І курс студенттеріне кезек берейік. Өздерін таныстырсын:
-
-
-
Жүргізуші: Колледж студенттері оқу барысында әлеуметтік серіктес мекемелерде өндірістік машықтанудан өтеді.Осы өндірістік машықтану барысында студент тәжірибе жинақтайды, дағды қабілеттерін шыңдайды.Ұжыммен араласады,көпшіліктен үйренері көп. Осы тәжірибе жинақтау жөнінде ІІІ курс студенттерінің де ойын білсек. Өндірістік машықтану сізге не берді, не үйретті? Қандай пайдасы бар?
-
-
Ү- бөлім «Бой сергіту»
Жүргізуші: Ал қазір, бой сергітейік. Мына жұмбақтарды шешіп көрейік:
1. Оқу білім-бағдары
Заманының бағбаны ( Ұстаз)
2.Ара тұрар өлімге
Қай маман бұл өмірде ( Дәрігер)
3.Станогы жанды адам
Сансыз өрмек жалғаған
Тірлігі бар тынымсыз
Өрмекшіден аумаған ( Тоқымашы)
4 Жаңалықтың жаршысы
Қаламының жалшысы( Журналист)
5, Теңіз түбі тірлігін
Зерттеп, барлап,білді кім? ( Ихтиолог)
6.Тау мен тасын, өзенін
туған жерді кезетін
Тамыршыдай дөп басып
Таба білер қажетін
Қай мамандық ол қане
Айтып жібер өз атын ( Геолог)
7. Еңбек орны-танабы
Сүйікті әні-дала әні
Егін жайын мәпелеп
Асырайды қаланы( Диқан-агроном)
Қорытындылау:
Жүргізуші: Бүгінгі әңгімемізді қорытындылау үшін сөз Баданова Айгүл апайға сөз беріледі.
-
Жүргізуші:
Әзір ас жоқ дүниеде. Сабақ өзі оқылмайды, Көйлек өзі тоқылмайды, Тұқым өзі себілмейді, Үйлер өзі салынбайды, Кендер өзі табылмайды, Кітап өзі жазылмайды. Барлық істің батыры – біз, Екі қол мен ақылымыз. Осының бәрін кім істейді? Кім айтады? Асты кім әзірлейді? Сабақты кім оқиды? Көйлекті кім тоқиды? Тұқымды кім себеді? Үйлерді кім салады? Кенді кім табады? Кітапты кім жазады? Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз? Осы сөздердің ортақ атауы - МАМАНДЫҚ.
Мамандық – еңбек қызметінің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.
Мамандық иесі болу үшін әдейі оқу керек.
Абай атамыз айтқандай «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.