№19 жалпы орта білім беретін мектепте тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Діни эстремизм мен терроризмнің алдын-алу» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен сұхбат өтті. Мектеп оқушыларымен кездесуде соңғы кездері экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда. Қазақстан Республикасында болып жатқан мәселелер мен қылмыстар туралы айтылды. Еліміздегі экстремистік қылмыстарды көп жағдайда жастар жасайды. Олардың ішіндегі ең жасы 17 жаста болғанын ескертті.
Оқушыларға терроризмге байланысты бейнематериалдар көрсетіп, қосымша мағлұматтар берілді.Күнделікті өмірде кездесетін, түзу жолдан тайдыратын теріс ағымдағы діни ағымдардан сақтану шараларымен таныстырды. Оқушылар мұғалімдерге сұрақтар қойып, өз жауаптарын алды және тренингтер өткізді.