kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдеби – сазды кеш «Жайықтың жайсаң ақыны»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Литературно-музыкальный вечер был проведен на семинаре педагогов дополнительного образования ГККП "Центр внешкольной работы" отдела образования акимата г. Уральска

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдеби – сазды кеш «Жайықтың жайсаң ақыны»»

Әдеби – сазды кеш «Жайықтың жайсаң ақыны»

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»бағдарламасының «Тәрбие және білім» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Республикалық «Яссауитану» жыр-мүшәйрасының жеңімпазы,  Жиембет жырау атындағы сыйлықтың иегері, бірнеше жыр жинақтарының авторы, ақын, ұстаз Талап Таймасұлының шығармашылығына арналған «Жайықтың жайсаң ақыны» атты әдеби – сазды кештің

Бағдарламасы

Өтетін мерзімі: 13сәуір 2018 жыл. Сағат 14,00

Өтетін орны: МТЖО акт залы

Хабарламасыз «» биі

Мұғалім: Армысыздар, қадірменді ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Жайықтың жайсаңақыны»кешіміздің қонағы - Республикалық «Яссауитану» жыр-мүшәйрасының жеңімпазы,  Жиембет жырау атындағы сыйлықтың иегері, бірнеше жыр жинақтарының авторы, талай жас талапкердің балапан жырларын қанаттандырып, әдебиет айдынына аттандырған ұстаз,яғни «Ақ берен» жас ақындар мектебінде ұстаздық еткен жетекші, ақын Талап Таймасұлы.

Қош келдіңіз, аға. (Қонақ жеке қойылған үстелге келіп жайғасады)

Шарамыз басында сөз Мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Ү.Елжанқызына беріледі.

Мұғалім:ақын ағамыздың өмір жолымен, шығармашылығымен тереңірек танысу үшін назарларыңызға бейне баян ұсынылады.

(«Қыр баласы» бейне баянын тамашалаймыз 10 минут)

Ақынның туындылары мен ол туралы баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалардан көрме жасақталады. (Көрмемен таныстыру 3 минут)

Көрмеге қойылған балаларға арналған «Алшы», «Тіл-тамыр» атты жинақтарындағы өлеңдерінен «Ер Төстік» әдеби – шығармашылық үйірмесінің оқушылары өлең, тақпақтар оқиды:

Айдана «С мен Ш»

Рустам «Р мен Л»

Саида «Саусақ санау»

Рамазан «Н мен Л»

Камила «Кім не істейді?»

Ернар «Алшы»

Мерей «Төлдер»

Абылайхан «Тек»

Ақын ағамыз поэзия әлемінде балаларға тек өлең, тақпақтарды ғана емес, Ұлы ақын Абай, Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы аталарымыздай талай мысал өлеңдерін де сыйға тартты. Ол мысалдардың бала тәрбиесіндегі алар орны зор.

Аяжан «Құрқылтай мен Көкек»

Наргиз «Айлакер түлкі»

Әлижан «Кене мен Күшік»

Мұғалім:Балалар, Талап Таймасұлы балаларға , яғни бізге арнап тақпақ, өлең және мысалдар көп жазған екен. Олай болса айтыңдаршы ондай ақынды қалай атаймыз? Дұрыс, Т.Таймасұлы – балалар ақыны.

Т.Таймасұлының өлеңдеріне ән жазылып, сахнаның сәнін келтіріп жүрген жайы бар. Олай болса, келесі кезекті әдемі әнге берейік.

Ән «Бауырларым - ай». Сөзін жазған Т.Таймасұлы, Әнін жазған Ерік Мұханбеткалиев. Орындайтын «Гүлдер» вокал студиясының тәрбиеленушілері.

Мұғалім қолына «Жайықтың жыр жампозы» кітабын қолына алып, әңгімесін жалғастырады.

Талап Таймасұлы кезінде айтыстарға да қатысты. Кейін жазба өлеңге бет бұрған ол зерттеушілік жұмыстарымен айналысты. «Өлең үшін мен өтірік сөйлемеуді өзіме қатаң тәртіп етіп қойдым. Адамның өтірік айтқаны жаман, ал өлеңнің өтірік сөйлегені – қасірет», деп айтып кеткен Оралдық белгілі ақын Жанғали Набиуллиннің шығармашылығын саралап, арнайы еңбек жазды.

Балалар, әдебиет саласында белгілі бір адам өмірін зерттеумен айналысып, ғылыми еңбек жазатын адамды әдебиет зерттеушісі дейді.Олай болса, Т.Таймасұлы – әдебиет зерттеушісі.

Талап Таймасұлы, келесі сіздің шығармаңыз халқымыздың киелі аспабына арналаған екен. Шығармаңызды оқушымыз Ақбота оқып бергеннен кейін домбыраның нағыз үнін естігіміз келеді. Сіздің орындауыңызда бір ән сұраймыз.

Ақбота «Домбыра»

Т.Таймасұлы ән орындайды.

Балалар, Т.Таймасұлының орындауында тамаша әнді тыңдадық, олай болса, ақын ағамыз кім? Олай болса, Т.Таймасұлы – әнші, домбырашы

Т.Таймасұлының өлеңдерітақырыбының ауқымы өте кең. Адамның көңіл – күйі, сезімі – бәрі, бәрі тысқары қалмаған. Балалар, адамның адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсететін шығармаларды лирикалық шығармалар деп аталатынын бәріміз білеміз.Ондай шығармалардаавтордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімі, нақты ойы, көңіл-күйі суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Осындай лирикалық шығармалар жазатын ақынды қалай атаймыз? Т.Таймасұлы қандай ақын? Олай болса, балалар, Т.Таймасұлы – лирик ақын.

Сөзімізге дәлел ретінде келесі оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

Малика «Тіршілік амалы»

Еркеназ «Күн батады»

Аян «Жағалау»

«Тілшілер» үйірмесінің тәрбиеленушілері

«Ақберен» жас ақындар мектебіне 15 жылдың үстінде жетекшілік еткен ұстаз-ақын талай жас талапкердің балапан жырларын қанаттандырып, әдебиет айдынына аттандырды. Қазір ортамызға Т.Таймасұлының шәкірті, қазір осы орталықта еңбек етіп жатқан талантты жас ақын Дәурен Шамұратовты «Ұстазға арнау» өлеңімен ортаға шақырамыз.

Д.Шамұратов «Ұстазға арнау»

Мұғалім: Ақын аға, біз сіздің қаламыңыздан туған жырларыңызға қысқаша ғана шолу жасадық. Солай ете отырып, шығармаларыңыз тақырыбын кең ауқымда ашқымыз келді. Әр бала өзінше тырысты, бұл біздің бала жүрегіміздің сізге деген ризалышылығының көрінісі деп біліңіз. Біз Сіздей жерлес ақынымызды мақтаныш тұтамыз. Бәрі хормен: «Рахмет Сізге, Ақын аға!!!»

Жоғарыда айтылған әңгімемізге шолу жасап жіберейікші:

Т.Таймасұлы

1. Республикалық «Яссауитану» жыр-мүшәйрасының жеңімпазы 

2. Жиембет жырау атындағы сыйлықтың иегері

3. Балалар ақыны

4. Әдебиет зерттеушісі

5. Лирик ақын

6. Әнші, домбырашы

7. Сахна сәнін келтірген әндердің авторы

8. Тәлімгер, ұлағатты ұстаз.

Қазақта жан-жақты, өнерлі, азаматқа баға берерде айтар бір жақсы сөз бар екен. Ол сөзге кез-келген адам лайық бола бермейді. «Сегіз қырлы, бір сырлы». Бүгінгі шарада ұққанымыз, Т.Таймасұлы осындай жан. Енді ағамыздан сыр тартып көрейікші.

Т.Таймасұлына сөз беріледі.

Мұғалім: Қадірменді Т.Таймасұлы, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Жайықтың жайсаңақыны» атты әдеби – сазды шарамыз өз мәресіне келіп жетті. Т.Таймасұлы, өз уақытыңызды бөліп, шақырғанда көңілімізді қалдырмай келгеніңізге алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта шабытыңыз шарықтай берсін. Сіздің қорғасын қылқаламыңыздан әлі талай жырлар туып, халқымыздың жыр-қоржынын толтыра береді деп сенеміз. Бүгінгі кештен естелікті қабыл алыңыз. (Естелік сый табыс етіледі.) Келесі кездескенше күн жақсы болсын.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Әдеби – сазды кеш «Жайықтың жайсаң ақыны»

Автор: Сабыр Орынгул Мұратқызы

Дата: 27.05.2020

Номер свидетельства: 551598


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства