kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Cекілді өмір қысқа жарты тұтам» Акция «Бір ел-бір кітап» Сұлтанмахмұт Торайғыров

Нажмите, чтобы узнать подробности

оқырмандарға жаңашыл қоғамның өмірін аңсап, армандап кеткен дара ақын С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Cекілді өмір қысқа жарты тұтам» Акция «Бір ел-бір кітап» Сұлтанмахмұт Торайғыров»

«Cекілді өмір қысқа жарты тұтам»

Акция «Бір ел-бір кітап» Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби кеш.

Мақсаты: оқырмандарға жаңашыл қоғамның өмірін аңсап, армандап кеткен дара ақын С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау.Оқушы шығармашылығы мен ізденімпаздығын арттыру.

-Қазақ халқының 20 ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі,демократ,ақын-жазушы ның туғанына 28 қазанда 124 жыл толып отыр. С.Торайғыров –қазақ халқының сүйікті перзенті,асқан дарынды ақын,ағартушы,педагог. Аз жасаса да соңынына аса бай,мейлінше қызықты әдеби мұра қалдырған классик ақын,ұлағатты ұстаз,педагог. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелек шығып күн болуды» арман еткен С.Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісімен шаруашылығына арнаған. Ақын еңбектерінде өзі өмір сүрген дәуірдің өзекті мәселелерін, яғни, оқу-ағарту жайын сөз ете отырып, заман сырын, замандас келбетін көркем кескіндей білген. С.Торайғыров-нағыз ағартушы, педагогқа тән еңбектерінің азабын тартқан жазушы. Ол шындықтың жолымен жүрді. Ақын өмірінде көпшілікке белгісіз ақтаңдақтар бар, оның өмірінің кейбір кезеңдері туралы білетініміз де аз. С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы егжей-тегжейлі зерттеліп, туған әдебиет тарихынан олар орны сараланғанмен, оның ағартушылық қызметі саласында сіңірген еңбегі әлі де болса, өнер қазынасын мұра тұтқан ұрпақтар мойнына жүктелетіні парыз.

С.Торайғыровтың шығармаларын талдау арқылы қараңғы қазақ халқын өнер-білімге, мәдениетке шақырып, көзін ашу мақсатында сіңірген еңбегі, бала оқытып, ұстаздық ету жолындағы ақынның шеберлігінің поэтикалық қуатын көрсету қажет.

Шындықтың аулын іздеп түстім жолға

Разымын не көрсемде осы жолда.

Шаршармын, адасармын, шалдығамын,

Бірақ бір табармын деп көңілім сонда – деген екен.



Өмір бойы осы сертін орындау жолында қызмет істеді. Жарғақ құлағы жастыққа, өзіне, өз халқына өнер, білім, еркіндік, бақыт іздеді.

Қайкен Мерей : «Туған еліме». С.Торайғыров 23 қазанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Үш жасында анасы өліп, әкесінің қолында тәрбиеленді. Оның туған әкесі кедей шаруа, момын, қазақша хат тани білетін адам болды. Ол балалық шағынан аштық пен жаланаштықты, қиындықты көріп өсті. Алты жасар күнінде әкесәнен оқып, хат таниды.Осыдан соң 1902-07 жылдары ауыл молдасына оқуға береді. Ол молдаға оқып жүрген кезінен бастап 13 жасында өлең жаза бастайды. Оның тұңғыш жазған өлені «Секілді өмір қысқа жарты тұтам» деп аталады.

Құрмет Келбет: «Секілді өмір қысқа жарты тұтам».

С.Торайғыров 1908-1910 ж№ Баянауыл қаласында ашылған діни медреседе оқиды. 1912 жылы Сұлтанмахмұт Троицк қаласына келіп, мұсылман дині мектебіне оқуға түседі. «Шәкірт ойы » деген өлеңінде онда барып оқуға түскен кезде іздегенім табылды , енді дегеніме жетем деген ойға келеді.

Қабылқайыр Меруерт ; . «Шәкірт ойы » С.Торайғыров туралы жазылған пікірлерге тоқталатын болсақ.

Жүсіпбек Аймаутов: «Сұлтанмахмұт өз өмірінде көп өзгеріс көрген,берісі қазақтың, арысы адам баласының бақырысын көксеген, өмірін әділдік, шындық іздеуге арнаған, төкпек ойдың ақыны еді. Тірі жүрсе ол жалындай заулаған болат, қайрат, құрыш жігердің, кекті жүректің ақыны еді. Ақын елінің тілі ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой, жанын жеген ары ғой. Айта алмай, жаннан, ардан безбесе,ақынын қандай ел қастерлемесін!»

Мұхтар Әуезов: «Сұлтанмахмұт турасында оны Абайдың шәкіртіне қосу орынсыз. Жақсы болсын , жаман болсын , бұл ақын –басқа дәуір, басқа тарихтық әлеуметтік салт-саналық жәй-жағдайлардың өзіне бөлек , өзінше бір үлкен өкілі»

Темірғали Нұртазин: «Сұлтанмахмұт маған ертегідегідей, аңыздағы жандай көрінеді,. Ол-өз туындысындағы қазақ интелегенттерінің ең білгірлерінің бірі. Бұрынғы, бүгінгі және болашақ туралы оның айтқан пікірлері –ақындық ұшқыр қиялдың ғана жемісі емес, мол да терең біргірліктің, өмір тәжірибелерін кең толғаған зор даналықтың жемісі.»

Мүсілім Базарбаев: «Сұлтанмахмұт Абайдан кейін қазақ ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздікті жете көріп, оны өз шығармаларының негізгі арқауы ете білген, талантты шебер ақын болды. Сұлтанмахмұт өзінің құнды поэма, роман, өлеңдерімен қазақтың Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейінгі дәуіріндегі бұқарашыл ақын-жазушыларының бірсыпырасынан ақындық, шеберлік жағынана да алға қойған мақсат тілегі жағынан да жоғары дәрежеде тұрды.»

Жақанов Жандос: «Жас жүрек»-өлеңі



күй: «Балбырауын»

Қайкен Мерей :«Шығамын тірі болсам адам болып »,

«Бір ел –бір кітап » акция бойынша көрмемен таныстыру.

Қабылқайыр Меруерт: «Аққуда үлбіреген сұңғақ мойын»

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам!

Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда кім болам?!, - дегендей, жарық дүниеге 27 жыл жыл ғана қонақ болып, мәңгілік өмірін рухани мұраларымен жалғаған. С.Торайғыров шығармашалығы өз кезеңінің шындық шежіресі ғана емес, бүгіннен болашаққа ұласқан қысқа ғұмырының ұзақ та мағыналы жолы, өнер сапарының өнегелі құбылысы деуге әбден болады.

Ақынның «Алаш ұраны» атты өлеңін оқу.



Кітапханашы: Жунусова А.Ш.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
«Cекілді өмір қысқа жарты тұтам» Акция «Бір ел-бір кітап» Сұлтанмахмұт Торайғыров

Автор: Жунусова Алия Шариполловна

Дата: 02.02.2018

Номер свидетельства: 454211


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства