Ә) Ұйымшылдыққа, бірге іс-қимыл, әрекет етуге жаттықтыру;
Б) Отансүйгіштік рухта өз елінің нағыз қорғаушысы болуға тәрбиелеу.
Қатысушылар: 10,11 - сыныптар.
Әр сыныптан 4 ер, 2 қыз бала қатысады.
Өтетін орны: спорт зал
Безендірілуі: қанатты сөздер.
Бағдарламада:
Көп сайыс;
Кермеге тартылу;
Білім сайысы;
Гир көтеру (16 кг);
ЖҚК кию;
Картоп тазалау;
АК -74 автоматын бөлшектеу, жинау ;
Мылтық ату;
Арқан тартыс.
Ұпай берілуі:
І орынға -5 ұпай
ІІ орынға -4 ұпай
Әділқазылар алқасы:
1._______________________________________
2._______________________________________
3._______________________________________
4._______________________________________
Бірінші бөлім.
Топ командирлері саптың басында , әр топ ретімен екі қатар сапқа тұрады. Әскери жетекші жарысқа қатысушылардың дайындығы туралы директорға немес әділқазылар алқасына баяндайды. Жарысқа қатысушылар «Түзел»,«Тік тұр», «Туға түзел» пәрменін орындаған соң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
Саптық дайындық бөлімі:
Оқушылардың киім үлгісі ;
Команда эмблемасы, ұраны;
Бір қатарға сапқа тұруы;
Бір қатардан екі қатарға сапқа тұруы;
Орнында тұрғандағы бұрылыстар.
Саптық жүріс;
Саптық ән;
Взвод командирінің іс-әрекеті.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
«Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш.Уәлиханов, «Ғылыми майданның жауынгері тек үнемі іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қаныш Сәтпаев атамыз айтқандай, еліміздің болашағы тек білімді жастар екені даусыз.
Ендеше осы мақсатта өткізгелі отырған сыныптан тыс сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Білімімен тәнті етеді тектілер,
Мұратыңа білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салыңдар.
Ал келіңдер, келіңдер,
Бір-біріңе еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойын ойнап көріңдер.
Сайысқа 11 және 10 - сынып топтары қатысады.
Әр топ ұраны мен тобын таныстырады.
І-топ «Батыр» тобының ұраны: «Ерлік – ел мұраты»
Батырлар танылады даңқыменен,
Батыр боп бабалардың салтыменен,
Қарсылас командалар жеңе алады,
Білімпаз батырлықтың қалпыменен.
ІІ –топ «Өнер» тобының ұраны: «Өнер алды – қызыл тіл»
Құлақ салып тыңдап ал,
Өнер деген жұмбақ бар.
Шеттерінен қырағы команданың ұланы,
Өнерімен өрге өрлеп,биік шыңға шығады.
Әскери жетекші жарысқа қатысушыларды бағдарламамен, келген қонақтармен, әділқазылар алқасымен және төрешілермен таныстырады.
Екінші бөлім. Жарыс барысы.
Көп сайыс.
Төрешінің ысқырып белгі беруі бойынша жарыс басталады. Уақытпен есептелінеді. Әр қатеге 2 сек. Уақыт қосылады.
кезең. Төрешінің пәрмені бойынша топ сөре сызығынан 5-6 метр жүгіріп келіп гимнастикалық төсенішке алға қарай кезек-кезегімен домалайды.
Ескерту. Төсеніштен бірінші ойыншы тұрғанда ғана екіншісі домалауды бастайды.
кезең.Газтұтқыш кию. 1-кезеңнен өткеннен кейін дереу газтұтқышты киеді. Топ мүшелері газтұтқышты толық киіп болғаннан кейін ғана жүгіре басып 3-нүктеге келеді.
Ескерту. Газтұтқыштың дұрыс киілуіне қарау.
кезең. Туннельден өту. (Туннель-диаметрі 1 метр шеңбер темірге оралып тігілген ұзындығы 3-3,5 метр болатын қара матадан жасалады. ) Газтұтқышты киген бойда 2 қыз екі жақтан туннельдің бас жағындағы шеңбер темірден ұстап, қалған төртеуіне туннельден өткеннен кейін барлығы газтұтқышты шешеді 5-6 метр жердегі 4-нүктеге келеді.
Ескерту. Туннельден топтағы соңғы адам өткенше газтұтқышты шешпеу керек.
кезең. Алғашқы медициналық көмек.Санитар қыздар снған аяққа шина қойып, таңады. Топ жаралыны зембельге салып мәреге алып келіп, жерге қойғанда уақыт тоқтатылады.
Ескерту. Жаралыға көмек ереже бойынша дұрыс орындалуы керек.
Кермеге тартылу.
Тартылғанда иек толық кермеден асу керек. Қолды жібергенде қол түзу болу керек. Топ мүшелерінің барлығы (қыздардан басқа) кезегімен тартылады. Нәтижелері қосылады.
Ескерту. Тартылғанда иегі толық жетпесе есептелінбейді.
Білім сайысы.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдіден шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын-дей келе , кезекті «Білім сайысы» бөліміне берсек.
Әр топтан бір оқушыдан ортаға шығады (топтың қалауымен), сұрақтар АӘД пәні бойынша қойылады.Бұл бөлімде оқушы 1 минутта неше сұраққа жауап берсе, сонша ұпай иеленеді.
ҚР ҚК қай жылы құрылды? (1992 ж 7 мамыр)
ҚР ҚК бас қолбасшысы кім? (Президент Н.Ә.Назарбаев)
Халық қаhарманы Мұхтар Алтынбаевтың әскери атағы? (армия генералы)
Б.Момышұлының әскери атағы кім? ( гвардия полковнигі)
Бұл сауытталған шынжыр табанды машина зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Қалай аталады? (ЖҰМ)
Бұл қазақ қаhарманды украйнада «Вася» деп атаған. Ол кім? (Қ.Қайсенов)
Офицердің табельдік қаруы? (тапанша)
«Дарабоз» атанған батыр кім? (Қабанбай)
Абылай ханның ту ұстаушы үш батыры кімдер? (Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы бөгенбай, Шапырашты Наурызбай)
Жаппай жою қарулары қалай аталады? (Ядролық, химиялық, биологиялық)
Жарылғыш әрекетті жаппай жою қаруы қалай аталады? (Ядролық қару)
Зардап шеккендерді іздеудің кинологиялық әдісі деп нені айтады? (арнайы үйретілген иттерді пайдаланып іздеу)
Табиғи төтенше жағдайларға нелер жатады? (жер сілкінісі, қар көшкіні, су тасқыны,ормандағы өрттер т.б.)
Мерзімді әскери қызметке шақыру жасы? (18-27 жас)
Қарауылдың саны неге байланысты болады? (постылар санына)
Автоматқа шайқас алдында кигізіледі, қоян-қолтық шайқаста жою үшін қызмет ететін не? (сүңгі-пышақ)
Калашников автоматының жарақталған оқжатарымен қосқандағы салмағы қанша? (3,6 кг)
ХХІІ қысқы Олимпиада қай күні, қай жерде басталды? (07.02.14.Сочи)
ХХІІ қысқы Олимпиада қанша медаль алдық?
17.02.14 ж ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы қалай аталады? (Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ)
Жолдауда Қазақстан неше дамыған мемлекеттердің қатарына кіру жоспарланған?
Ескерту. Сұрақтар сыныптардың өтілген тақырыптары бойынша құрастырылады.
Гир көтеру.
16 кг гирді топ мүшелерінің барлығы (қыздардан басқа) көтереді. Нәтижесі қосылады.
Ескерту. Гир көтергенде аяқ бүгілмейді, өкше еденнен көтерілмейді. Сол қол белде, қате жағдайда есептелінбейді.
Жалпыәскерлік қорғаныш костюмін (ОЗК) кию. Әр топтан бір ұл баладан ортаға шығады. Пәрмен берілісімен газтұтқыш, плащ, етік, қолғаптарды киіп, түймелерін түймелегеннен кейін қолын көтеріп бір адым алға шығады. Сол кезде уақыт тоқтатылады.
Ескерту. Жіберген әр қатеге 2 секунд уақыттан қосылады.
Картоп тазалау. Әр топтан бір ұл бала ортаға шығып, әрқайсысы 3 картоптан тазалайды.
Ескерту. Қабығының қалыңдығы ескеріледі.
АК-74 автоматын бөлшектеу, жинау.
Әр топтан бір оқушы шығады. Бөлшектеу уақыты жеке, жинау уақыты жеке есептеліп, қосылып жазылады.
Мылтық ату.
№7 нысанаға әр топтан 2ұл, 1 қыз 3 оқтан атады. Ұпайы қосылып септелінеді.
Ескерту. Қауіпсіздік шарасына көңіл бөлу.
Арқан тартыс.
Топтар бір-бірімен жеңімпаз аталғанша айналым жүйесі бойынша арқан тартысады.
Ескерту. Қолды белгілеген белгіден ұстап, төреші ысқырған кезде тартады. Белгіленген сызықтан тартып шығару керек.
Қорытынды бөлім.
Жарыстың қорытындысын шығару. Жеке нәтиже және топтың нәтижелері бойынша жеңімпаздарды марапаттау.
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда тірлік бар»деген бабам,
Бірлікпен бірге соқсын жүрегіміз ,- дей отырып «Бүгінгі шәкірт-ертеңгі Отан қорғаушы» атты сайыс сабағымызды аяқтаймыз.
Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп
Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай АӘД пәнінен ұйымдастырылған