Елбасымыз Н.?.Назарбаевты? "Балапан" ба?дарламасын ж?зеге асыру ба?ытында жыл сайын ауданымызда мектепке дейінгі ?йымдар бой к?теріп,ел игілігне беріліп келеді.
Соны? бірі ауданорталы?ында орналас?ан "Алтын ?я балаба?шасы". Балаба?шаны? ??рыл?анына аз ?ана уа?ыт ?тсе де, балаба?ша ?жымы бірнеше жетістіктерге жетті.
Балаба?ша т?рбиеленушілеріні? саны артып, ауыл т?р?ындары тарапынан балаба?шаны? ашыл?анына ал?ыста шексіз.
Балаба?шаны? материалды?-техникалы? базасы ?азіргі заман?а сай жабды?талып, о?ыту мен т?рбие ж?мыстарын ж?ргізуге толы? м?мкіндіктері ?арастырыл?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Б?бектерді? ысты? ы?ыласына толы "Алтын ?ясы" »
Бөбектердің ыстық ықыласына толы "Алтын ұясы"
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Балапан" бағдарламасын жүзеге асыру бағытында жыл сайын ауданымызда мектепке дейінгі ұйымдар бой көтеріп ,ел игілігне беріліп келеді. Соның бірі ауданорталығында орналасқан "Алтын ұя балабақшасы". Балабақшаның құрылғанына аз ғана уақыт өтсе де, балабақша ұжымы бірнеше жетістіктерге жетті.
Балабақша тәрбиеленушілерінің саны артып, ауыл тұрғындары тарапынан балабақшаның ашылғанына алғыста шексіз.
Балабақшаның материалдық-техникалық базасы қазіргі заманға сай жабдықталып, оқыту мен тәрбие жұмыстарын жүргізуге толық мүмкіндіктері қарастырылған.
Алтын ұя балабақшасының тәрбиеленушілері де аудандық , облыстық кәсіби сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Үздік педагог-2014" аудандық сайысы Алтын ұя балабақшасының базасында өткізілді. Аталған сайысқа аудандағы балабақша тәрбиешілері қатысып бас жүлдені Алтын ұя балабақшасының тәрбиешісі Кеңесбаева Сұлухан иеленді. Бұл балабақша тәрбиешісінің еңбегінің нәтижесі деп білеміз.
Сонымен қатар балабақша ұжымы аудандық мәдени шараларға да белсене қатысады. Балабақшада жүргізілетін жұмыстардың басты бағыттарының бірі ата-аналармен байланыста жақсы жолға қойылған. Ата-аналармен бала тәрбиесі жөнінде кеңестер сайыстар мен әр түрлі мерекелік шаралар өткізіліп тұрады.
Балабақша барлық тәрбие бағыттарының бастау алатын киелі орны. Сондықтанда балабақшаның біріншіден эстетикалық талғамға сай, көркем де әсем көз тартуы басты міндет. Бұл тұрғыдан балабақша ұжымы талапқа сай тазалық жұмыстарымен қатар, балабақша ауласын жасыл желекке бөлуді, абаттандыруды естен шығармай, балабақша ауласын сан түрлі гүлдермен безендіруде.
Ұжымда тәрбие мен оқытудың басқа да бағыттары жүйелі жолға қойылып, жүргізіліп отырады. Міне, бұл жетістіктер тек бір ғана жылдың еншісінде болса, балабақшамыздың бұған дейінгі кезеңдерде де айтарлықтай жетістіктері мол.
Осындай биік белестерді бағындыруға ұмтылған ұжымның мәңгілік еліміздің ертеңін тәрбиелеуде жетістіктерге жетуіне ұжымды ұйымдастырушылық шеберлігімен қалыптастырған балабақша директоры Жаңбыр Күнсұлудың және тәрбиешілердің кәсіби жетілуіне әр түрлі кеңестер беріп, жол сілтеп отыратын әдіскер Бегжанова Бағдагүлдің еңбектері орасан зор.
Мектепке дейінгі ұйым-тәрбие мен білімнің бастауы, қайнар көзі. Сондықтан да біздің алдымызда орасан зор міндеттер тұр. Ол міндет мәңгілік елдің ертеңін тәрбиелеу. Жоғарыда айтып өткеніміздей жас ұрпақтың жан-жақты тәрбиелі де білімді азамат болып жетілуіне ұжым мүшелері барынша күш-жігерімізді аямай еңбек ете бермекпіз.