Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы
Тайынша қаласының № 1орта мектебі
«Бірлігіміз жарасқан» атты іс-шара
Қазақ тілі мұғалімі:
Шаяхметова Р.С.
2013 жыл
Қазақ тілі апталығына арналған іс-шараның сценарийі
Тақырыбы: Бірлігіміз жарасқан
Өткізілу формасы: сайыс
Өтілетін мерзімі: 1 ақпан 2013 жыл сағ.12.30
Қатысушылар: мұғалімдер мен оқушылар
Жүргізуші: Қайырлы күн ,құрметті әріптестер мен оқушылар! (слайд 1-2)
“Отаны бірдің –тілегі бір,жүрегі бір”деген жақсы сөз бар. “Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір” қаншама ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп отырған Қазақстан атты еліміз, көп ұлтты өкілдері тұратын ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақсатымыз.
Ел бірлігі - ең асыл қасиет. (слайд 3)
Бірлігі берекелі,тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана, ырысы мен табысы мол болмақ. Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасыттылық ең алдымен өзімізге керек.
Н.Ә. Назарбаев
Тілсіз халық болмайды, халықсыз ел болмайды. Ол атадан балаға қалып отырған баға жетпес мұра.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Бірлік жерде тірлік бар, тірлік жерде бірлік бар дегендей
«Бірлігіміз жарасқан» атты іс-шарамызды бастаймыз .
Атаулы шара сайыс түрінде өтеді. Бұл шараға мұғалімдер мен оқушылар қатысқалы отыр. Білім мен білік додасына төрт топ қатысады. (слайд 4)
«Сұңқар» тобының ойыншылары: Игорь Юрьевич пен 11-ші сынып оқушысы Марина
«Тапқыр» тобының ойыншылары Людмила Николаевна мен 10 сынып оқушысы Бэлла
«Намыс» тобының ойыншылары Анжелика Аркадьевна мен 10 сынып оқушысы Тамара
«Жігер» тобының ойыншылары Светлана Станиславна мен 10 сынып оқушысы Аделина.
Осы сайыста қатысушыларымыздың еңбегін бағалайтын қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
Қазақ тілі пәні мұғалімі: Суюндыкова С.Ш.
Оқу ісінің меңгерушісі: Ищанова Б.М.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Жусупова С.С.
Сайысымыз 6 айналымнан тұрады.
І айналым - Танысу. Әр топ өздерін таныстырады.
ІI айналым: Аудырып , толықтыр. (слайд 5 - 9)
Город - ....
Мальчик - ...
Класс - ...
Замок - ....
День - ....
Цветок - ....
Звук - ....
Рисунок - ....
Привычка - ....
Смейся - ....
Белый - ....
Вопрос - ...
Месяц - ....
Богатый - ..
Февраль - ..
Небо -
III айналым: (слайд 10) «Көрерменнен көрімдік» (Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.)
Ат
Айна
Сәби
Жұлдыз
Кітап
Теледидар
Балмұздақ
Кесе
(Үш айналым бойынша қазылар алқасына сөз береміз)
IV айналым:(слайд 11) Сөзстан деп аталады. (қанағаттанарлық) Бұл жұмыстың тәртібі бойынша сіздерге сөз беріледі. Берілген уақыт ішінде сол сөздегі әріптерден сөз құру керек. Бір әріпті қайталап қолдануға болмайды. Іске сәт!
Муз. пауза
Жүргізуші: Берілген уақыт аяқталды. Енді әр топ жазылған сөздерін қазылар алқасына береді.
V айналым: (слайд12) Мен – көркем сөз шеберімін деп аталады. Әр топ дайындап келген шығармадан үзінді оқиды. Сол үзіндіні мәнерлеп оқу керек.
VI айналым: (слайд 13) Бейне – сұрақ (Қай сөз жасырған екенін анықтау)
VII айналым: Сұрақ – жауап. (слайд 14)
I топ: (слайд 15)
1. Шешен билерді ата.
2. Қазақша ай аттарын ата?
3. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы қабылданды?
4. Әнұранның авторлары ?
5. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен ?
II топ: (слайд16)
1.Ұлттық киімдерді ата.
2. Қазақша апта аттарын ата?
3. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады?
4. Қазақстан Туының авторы ?
5. Әнді орындайтын адамды кім дейміз?
III топ: (слайд17)
1. Ұлттық ойындарды ата.
2. Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады?
3. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды?
4. Киіз үйдің бөліктерін ата?
5. Сиыр сүтінен жасалған қандай тағамдарды білесің?
VI топ: (слайд18)
1.Ұлттық аспаптарды ата.
2.Атақты қазақстанның спортшыларын ата.
3.Қазақ тілінде қандай газет – журналдар шығады?
4. Ұлттық тағамдарды ата.
5. Елтаңбамыздың авторларын ата?
1 Жүргізуші: Қазылар алқасы қорытындысын шығарғанша музыкалық сәлем жолдаймыз. («Күн әдемі» әні орындалады)
Құрметті әділ қазылар алқасы сөз кезегі сіздерге беріледі.
Жанымды әттең қажап тұр,
Көңіл бөл тілге аз-ақ бір.
Жүрекпен ұғып тыңдасаң,
Қазақтың тілі ғажап тіл.
Жүргізуші: Назарларыңызға және еңбектеріңізге көп рахмет!
Көріскенше күн жақсы! (слайд19)