kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім к?ні. Т?рбие са?аты.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тілі мен ?дебиеті –баланы? ж?регіне, бойлай еніп, оны? рухани ?рісін болжай алатын п?н. ?аза? тілі мен ?дебиетін о?ытуда?ы ма?сатым – бала ?иялын ?ия?а ?рлетер ?ажайып ертегілер, шыншыл да сыншыл а?ыз-??гімелер, ерлікті д?ріптеген батырлар жыры, шынайы махаббатты м?рат еткен ?серлі ?ашы?ты? жырлар, ?ткір де ?мірше? шешендік с?здер ар?ылы хал?ымызды? рухани ??ндылы?тарын бойына сі?ірген, ерте?гі елімізді? тізгінін ?стайтын, жас жеткіншекті т?рбиелеу. ?рине ш?кірттерім ?деби шы?армаларды о?у ар?ылы хал?ыны? арманы мен ?иялын, ?ткені мен б?гінгі ?мірін таниды. С?йікті кейіпкерлерді? арасында?ы досты?ы мен с?йіспеншілінен, патриотты?ы мен е?беккорлылы?ынан, адалды?ы мен адамгершілік ?асиеттерінен ?лгі алып, жа?сысына жаны с?йсініп, жаманынан жиреніп, ?зінше ой т?йіп, жан-жа?ты іздене біледі. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім к?ні. Т?рбие са?аты.»



«Қазақстан – 2050: Бір ел – бір тағдыр – бір халық»

   Мақсаты: Елбасы, Елтаңба,Ту,Әнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы туралы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді арттыру; оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру; оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

     Көрнекілігі: рәміздерге байланысты түрлі түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отан,жер туралы нақыл сөздер.

                                         Барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Біздер - тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді , өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді  естен шығармайық.

     Эпигарфпен жұмыс.

Отан-жерім, Отан –суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан-ұран, Отан –туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

     Негізгі кезең. Үстіміздегі жылдың 24 сәуір күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан хал­қы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назар­баевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті.Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтой­лық 20 сессиясын «Бір халық – бір ел – бір тағ­дыр» деп атаудың астарында үлкен мән бар.
Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ да­ла­­сына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді.Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ бір­тұтас халыққа айналды.Туған елдің туының астында бірігіп, туған жер­дің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш таға­ны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр.
Бір­лігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол бол­мақ.Осыны халқымыз бек түсініп, бірлігіне бекем болды.
Ел иесі – қазақ халқы да ешкімге шетқақ­пай­лық көрсеткен жоқ.
Ұлтына, тілі мен діліне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін Ата Заңымыз айқындап берді.Табысқа тоқмейілсіп, тоқырап қалмай, алыс болашағымыздың темірқазығы – «Қазақстан-2050» Стра­тегиясын қабылдады.
Онда ең басты 7 басымдықтың бірі – Жаңа қазақстандық патриотизмнің түп қазығы ретін­де ел бірлігін басты назарға алды.
«Қазақстан – 2050» даму стратегиясында Елбасы атап көрсеткен негізгі 7 бағыты:

1.    Түгел қамтитын экономикалық прагматизм;

2.    Кәсіпкерлікті қолдау;

3.    Әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік;

4.    Білім және кәсіби машық;

5.    Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;

6.    Дәйекті және болжамды сыртқы саясат;

7.    Жаңа қазақстандық патриотизм.






«Кім жылдам!» сұрақ-жауап викторинасы.

  1. ҚР қашан тәуелсіздігін алды?

  • 1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

  1. Тұңғыш Президентіміз қашан сайланды?

  • 1991жылы 1- желтоқсанда Қазақстан президенттін сайлау болды.Тұңғыш президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

  1. Негізгі заң шығарушы орган?

  • Парламент.

  1. Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –кім?

  • Президент.

  1. Еліміздің рәміздеріне не жатады?

  2. Елімізде мемлекеттік рәміздер қашан тіркелді?

  • 1992 жылдың 4 маусымында алғашқы рет Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Сөздік жұмысы. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005жылы 4 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау қорытындысында  Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып қайта сайланды.

Мемлекеттік рәміздері

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.Азаматтыққа және отансүйгіштікке, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіндіру мақсатында оларды оқыту жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарының негізгі жалпы білім беру бағдарламаларына енгізіледі.Жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында арнайы оқшауланған көрнекті орынға ұдайы Мемлекеттік Ту тігіледі, Мемлекеттік Елтаңба не олардың бейнесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мемлекеттік тілдегі мәтіні орналастырылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.


Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым.

Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады.

Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi.

Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.

Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шоты Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әнұраны

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.

«Аққұдық негізгі мектебі» ММ







































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Білім к?ні. Т?рбие са?аты.

Автор: Асылбекова Бакыткул Жумакановна

Дата: 07.02.2016

Номер свидетельства: 289715


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства