kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Білімділер б?секесі" сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Білімділер б?секесі" сайысы сегізіншы сыныптар аралы?ында ?ткізілетін сыныптан тыс зияткерлік ойын. Б?л ойынны? тапсырмалары ?рт?рлі та?ырыптарды ?амтиды. О?ушыны? жан жа?ты дамы?ан ?абілетті т?л?а болуына к?мектесіп ойын орта?а салу?а м?мкіндік жасайды. Жас ерекшеліктеріне сай жасалын?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Білімділер б?секесі" сайысы»

Тақырыбы: «Білімділер бәсекесі» Мақсаты: Оқушыларды озық ойлы, білімді, жан- жақты болуға жәнеойлау қабілетін дамытып шапшаң болуға тәрбиелеу.Білімдерін сынау. Көрнекіліктер:слайд, карточкалар. Түрі: зияткерлік сайыс Сайыстың кезеңдері: I бөлім. «Зымыран сұрақтар» II бөлім. «Тіл- өнер» III бөлім. «Көрерменнен көрімдік» IV бөлім. «Жұмбақ ұяшық» V бөлім. «Жекпе- жек» Кіріспе сөз. Сайысқа қатысушыларды таныстыру.Сайыс шарттарын айту. I топ «Жас Ұлан» , II топ «Болашақ», III топ «Талапкер»

Жүргізуші. Асыл тастан, өнер жастан Шығады деп дарынды. Халық айтса қалт айтпайды, Әрқашанда нанымды, - дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі .

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары .

Білім деген биік шың Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың Қиындықтан өткізер, - деп сайысымыздың алғашқы шарты «Зымыран сұрақтар» бөлімін бастаймыз. Шарты.Бұл бөлімде әр топқа жекелеген сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.Топ жауап бере алмаған жағдайда келесі топтар жауап беруге мүмкіндік алады. «Жас Ұлан» тобына 1.Қазақтың үш биін ата ( Төле би, Әйтеке би, Қазбек би) 2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент) 3.ҚР ның рәміздерін ата( ту,елтаңба, әнұран) 4.Атақты күрес шебері (Қажымұқан Мұңайтпасұлы) 5.А.Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келді? (1845 ж)

«Болашақ» тобына 1. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім ? ( Бердібек Соқпақбаев) 2. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма? (Күй) 3.Сидней Олимпиадасында жеңіске жеткен атақты боксшы кім?( Бекзат Саттарханов) 4.Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы) 5.А.Құнанбайұлы қай жылы дүниеден өтті? (1904 ж)

«Талапкер» тобына 1. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы кім ? ( Ы.Алтынсарин) 2. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыздар кімдер? (Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова) 3.Қазақ халқы өзінің тұңғыш президенті қашан сайланды?( 1991 ж. 1 желтоқсан) 4.Абайдың шын аты кім? (Ибраһим) 5.Атақты суретші? (Әбілхан Қастеев)

II бөлім. «Тіл-өнер» Шарты.Мақалдың жалғасын табу немесе жұмбақ шешіп, орыс ағылшын тілдеріне аудару. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Тұмсығымен қозғалар, Артында аппақ із қалар. (бор, мель,chalk)

Жаман аттан аяғым артық, Жаман ... таяғым артық (дос,друг,fried)

Үй үстінде алтын тас, Алайын десем табылмас.(жұлдыз,звезда,star)

Ат басына күн туса, Ауыздықпен су ішер. Ер басына күн туса, Етігімен .... кешер (су, вода,water)

Қына тасқа бітеді, .... басқа бітеді (Білім)

..... сүйектен өтеді Таяқ еттен өтеді (Сөз)

III бөлім. «Көрерменнен көрімдік». Шарты.Ойыншылар қима қағаздағы сөздерді алып қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді. Көрермендер дұрыс жауабын тауып жатса,түсіндірген ойыншыға 10 ұпай беріледі.Түсіндіре алмаса ұпай жоқ.

Ат.Сандық.Той.Сәби.Балмұздақ.Боран.Ту.Кітап.Көгершін.

IV бөлім. “Жұмбақ ұяшық» Шарты. Әр топ ойыншылары өздері таңдаған ұяшықтағы сұраққа жауап беру арқылы сол ұпайға ие болады.Жауап болмаған жағдайда келесі топ ойыншылары жауап беру арқылы ұпайға иемденуге болады.

Қазақ тілі 10. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? 20.Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір бірімен қалай байланысады? 30.Ыңғайлас салаластың жалғаулықтарын ата 40.Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады. Бұл мысал салаластың қай түріне жатады. (талғаулы салалас)

Әдебиет 10. Қараш қараш оқиғасы, Қилы заман повестерінің авторы кім? (М.Әуезов) 20.Жеті жасында хат танып,әрі қарай өз бетімен ізденіп араб,парсы,түрік тілдерін жетік білген.Фирдоуси, Низами,Сағди,Науаи сияқты шығыс классиктерінің шығармаларын талдап оқыған ойшыл,жазушы, ақын кім? 30.Тахауи Ахтановтың алғашқы әңгімесі қалай аталады? (Күй аңызы) 40. «Мағжан мәдениеті зор ақын» деп пікір айтқан кім? (М.Әуезов)

Салт дәстүр 10. Бесікке салу бұл қандай дәстүр? 20. «Тоқым қағар» бұл қандай дәстүр, қалай жасалады? (Жас бала алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу.Арнаулы мал сойылып,кеңдастархан жайылады) 30. Балталы ,Бағаналы ел, аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!
Бұл шығармада қандай дәстүр бар? («ҚозыКөрпеш - Баян сұлу» жыры, қоштасу) 40. Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті? (Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?) (“Ер Төстік”ертегісі, құда түсу)

V бөлім. «Жекпе жек» Шарты: Топ басшылары «Қазақстандықтар» сөзіне 1минутта бірнеше сөз құрау керек әріптерді қайталаса болады.Болған соң кезекпен кезек оқып шығады.Әр оқыған сөзі 1 ұпай.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Білімділер б?секесі" сайысы

Автор: Нуржанова Сандигул Туйебаевна

Дата: 26.03.2016

Номер свидетельства: 310269


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства