kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ауылдас жауынгер – интернационалистер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Ауылдас жауынгер интернационалистер.

Саба?ты? ма?саты: Ке?ес ?скеріні? ау?ан жерінен шы?арыл?анына 27 жыл тол?ан айтулы к?нді атап ?ту, ?ажетсіз со?ысты? ?асіреті жайлы ма?л?маттар беру. Ау?ан ардагерлерімен кездесу ар?ылы ау?ан со?ысы жайында ке?інен м?лімет алу, о?ушыларды ерлікке, ?лтжандылы??а т?рбиелеу, патриотты? т?рбие беру.

К?рнекілігі: на?ыл с?здер, а?паратты стенд, фотасурет.

Ж?ргізуші: 1978 жылы Ау?аныстанда с?уір айында т??керіс болып, оны? арты ая?талмас со?ыс?а айналды. Б?л ?асірет елді? тек ?з ішінде ?ана емес, о?ан сырт мемлекеттерді? ?атысуымен де ?за??а созылды.1979 жылы Ке?ес ?скерлеріні? шектеулі контингенті Ау?аныстан?а кіріп 10 жыл?а жуы? со?ыс ж?ргізді. О?ан  22000 ?аза?станды? ?атысты. ??рметті кеш ?она?тары, мектеп м??алімдері о?ушылар, Ау?ан жерінен Ке?ес ?скеріні? шы?арылуына 27 жыл ж?не т?уелсіздігімізге 25 жыл толуына байланысты   «Ау?анны? от жалыны» атты салтанатты жиынды бастау?а р??сат еті?іздер. Салтанатты жиынымызды бастамас б?рын келіп отыр?ан ?она?тармен таныстырып ?тейін. ??лма?анбетов Шайм?ратты? інісі -  ??лма?анбетов ?ажым?рат, парталас жолдасы – Са?ынбеков ?алыбек, бала кезден досы, жолдасы – Дюсекеев Байдаулет а?айлар.Молдашев Даулетті? інісі – Молдашев М?рат.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ауылдас жауынгер – интернационалистер.»



Сабақтың тақырыбы: Ауылдас жауынгер интернационалистер.

Сабақтың мақсаты: Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толған айтулы күнді атап өту, қажетсіз соғыстың қасіреті жайлы мағлұматтар беру. Ауған ардагерлерімен кездесу арқылы ауған соғысы жайында кеңінен мәлімет алу, оқушыларды ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, ақпаратты стенд, фотасурет.

Жүргізуші: 1978 жылы Ауғаныстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғаныстанға кіріп 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22000 қазақстандық қатысты. Құрметті кеш қонақтары, мектеп мұғалімдері оқушылар, Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 27 жыл және тәуелсіздігімізге 25 жыл толуына байланысты «Ауғанның от жалыны» атты салтанатты жиынды бастауға рұқсат етіңіздер. Салтанатты жиынымызды бастамас бұрын келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейін. Құлмағанбетов Шаймұраттың інісі - Құлмағанбетов Қажымұрат, парталас жолдасы – Сағынбеков Қалыбек, бала кезден досы, жолдасы – Дюсекеев Байдаулет ағайлар.Молдашев Даулеттің інісі – Молдашев Мұрат.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалсын.

1979 жылы 25 желтоқсанда басталып 110 айға созылған соғысқа Қазақстаннан 22000 адам қатысты. Оның 780 – і соғыста құрбан болды, 22 – cі із – түссіз жоғалады. Қаза тапқандар түгелімен дерлік Қазақстанға әкелініп жерленді. Ауған соғысына Жамбыл ауылынан 2 адам қатысты .

  1. Құлмағанбетов Шаймұрат Шаймерденұлы

  2. Молдашев Даулет Ибрагимұлы

Дина: Құлмағанбетов Шаймұрат Шаймерденұлы 1960 жылы 20 мамырда Целиноград облысы Астрахан ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.

Жамбыл орта мектебінің 8 – сыныбын бітірген соң, Целиноград қаласының транспорт құрылыс техникумына оқуға түседі. Техникумды жақсы бағамен бітіріп, диплом алып, 1979 жылдың мамыр айында КСРО Қарулы Күштерінің қатарына шақырылды. Жамбыл облысы Гвардейск қаласында кіші командирлер даярлайтын курсында 6 ай оқып, кіші сержант әскери атағын алады.

1979 жылы желтоқсан айында алғашқылардың қатарында болып, Ауғанстан жеріне интернационалдық борышын атқаруға жіберілді.1980 жылғы 15 наурызда дұшмандармен кескілескен ұрыста ерлікпен қаза табады.

Ерлігі үшін жауынгерлік «Қызыл Жұлдыз» орденімен және «Ауғанстан Республикасының медалімен» марапатталды.

Жамбыл ауылында жерленген.

Эльмира: Молдашев Даулет Ибрагимұлы 1960 жылы 25 қазанда Целиноград облысы, Астрахан ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.

Жамбыл орта мектебін бітіргеннен кейін 1979 жылы мамыр айында КСРО Қарулы Күштерінің қатарына шақырылады. Алматы қалысында 6 ай әскери оқу бөлімінде болды. Оқу бөлімін аяқтаған соң Кушка, Термез қалаларында қызмет атқарып жүреді.

Ауғаныстан жеріне колоннамен жүк тасуға қатысады. Бірінші рет қарулы қақтығыстарға қатысқан. Отан алдындағы берілген антын бұлжытпай сақтап, әскери міндетін абыройлы аяқтап ауылға 1981 жылы мамырда оралды.

Автомабиль жүргізушісі болып жұмыс істеген. Үйленген, 3 баласы бар, екі ұл, бір қыз.

1988 жылы 19 сәуірде ауыр науқастан қайтыс болды.

Жамбыл ауылында жерленген.

Жүргізуші: Ескерткіш тақтаға тағзым ету рәсімі 10 сынып оқушылары Құлкенов Нұрсұлтан және Оразалы Мергенге тапсырылсын.

Жүргізуші: Ортасы ағалардың бізбен толсын,

Сәбилер елімізде аман болсын.

Бір минут үнсіздікпен еске алайық,

Аруағы ағалардың ырза болсын! – дей отырып 1минут үнсіздік жарияламын (Метронм жүріп тұрады).

Бексұлтан: Ауыл баласы

Жол түсіп жазда ауылға барғанымда,

Гүл шоғы жаудыраған бар маңында

Ескеткіш жанарымды тартты бірден

Шеткері тұрған мектеп алаңында.

Емесін ескерткіштің, біліп тегін

Болғанын қорғау үшін нұрлы ертеңін

Жерінде Ауғанстан қаза тапқан,

Жауынгер жайлы сізге сыр шертемін.

Аида: Жасынан еңбек қуған қауымы да,

Баршылық сән – салтанат сауығы да

Еңселі еңбегімен көрінген соң,

Жамбыл – деп аталып ауылы да.

Айтайын ескерткіштің түрі – сырын.

Білмесем айтпас едім мұның бірін

Жауынгер осы ауылдың түлегі екен

Мектебін тәмәмдаған үздік бұрын.

Дина: Отан үмітін ақтап жүрген шақта,

Ұқсады өсіп тұрған гүлде бақта

Ерлігі өнеге боп жүргенінде,

Тап болды жалын жастық ұшқан оққа.

Қиылып қыршын жасы жиырма жаста,

Тек оның аты қалды құйма таста.

Болмайды шындық сөзге иланбасқа

Алмапты қысқа өмірде сыйдан басқа.

Жұлдыз – ай: Сыр шертсе, батыр жайлы дала дастан,

Атыңды жаттап өстік бала жастан

Өзіңді мен өмірде үлгі тұттым,

Босаңсып кейбір сәтте бара жатсам.

Секілді Арқадағы асыл киік

Рухы батыр ұлдың жатыр биік

Атанған Жамбылымның батыр ұлы,

Алдыңа келіп тұрмыз басым иіп.

Шаймұрат! Есіміңіз сақталады,

Жыр болып Жүректерде жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі – бақи мақтанады.



Ақбота: Боздақтардың соңғы хаты.

Жан – жағым таулар,

Алдымда Ауған

Хат жолдаймын еліме.

Қанша сұлу болғанымен таулар

Жетпейді туған жеріме.

Жауынгер елу, Әр ұлттан мұнда,

Алдымда қиын тапсырма.

Жиырмамыз бармыз ертең кетіп,

Жалындап жатқан Ауғанға,

Туыппын майда, көктемгі айда,

Жеңістің ұлы күнінде.

Әрқашан атап жүріңдер мені

Осы бір туған күнімде.

Осы бір хатым жетсе елге,

Анашым, сізден сұранам:

Ойлама мені, ойлама мені

Аман мен елге оралам.

Ән: «Ана туралы баллада» Аубакиров Азаматтың орындалуында.

Жұлдыз: Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан бұл соғыс,

Бейбіт күнде басталған.

Эльмира: Келеді қос жанары отша жанып,

Ағалардың ерлігіне елі қанық.

Есімі ешқашанда ұмытылмайды,

Тарихта аңыз болып қалары анық.

Біліммен қашанда жақсы өлмесін,

Ұмытылмас жылдар өтіп қастерлі есім.

Әркімнің көкірегінен көрем ылғи

Ауғанның батырының жас бейнесін.

Есенғали: Еркіндікті аңсап өткен ер елім,

Менің де бар әлі саған берірім.

Ел боламыз ынтымақты, бірлікті,

Болашаққа ойым таза, сенемін.

Өзгелермен терезесі теңескен,

Өтіп кетті талай асу белестер.

Биіктерден әрқашанда көрініп,

Жанды қайта тұлғалары көп өшкен.

Ауған соғысы - жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын қасірет.

Ауғаныстан жеріндегі соғыс – естігеннің жанын түршіктіретін тарихымыздағы зұламаттардың бірі. Оған қатысқан жауынгерлер жат жердің тыныштағы мен бақыты үшін жанын қиған, сонда мүгедек болған өз отандастарымыз. Өзгенің революциялық мүддесін қорғау мақсатында, Отан алдындағы бұйрықты орындаған қазақ ұландары құрметке лайық.

Ән: «Алға, қазақ жігіттері!» 9 сынып оқушылары.

Осымен «Ауғанның от жалыны атты» салтанатты жиын аяқталды. Бейбітшілік заман мәңгі болсын.

Сөз кезегін мектебіміздің Патриоттық тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Отарбаев Р.М және қонақтарға беріледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ауылдас жауынгер – интернационалистер.

Автор: Кабылтаева Галия Абаевна

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 310969


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства