АТ- мейрамханасы «Свая игра»
апталық қорытынды кеші.
Мақсаты:
1)Студнентердің білімдерін жүйелеу.
2)Студентердің ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білім бағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.
3)Еңбекке, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, итерактивтік тақта
Түрі: топтық сайыс сағаты
Жоспары:
І.Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі;
ІІ.Кешті өткізуге бағыттама және оның мақсаты (ойының түрі, ережесі т.б. хабарландыру).
а)Кешке 1курс студентері қатысады.
11-топ (қонақтар саны 2)
12-топ (қонақтар саны 2)
13-топ (қонақтар саны 2)
14-топ (қонақтар саны 2)
15-топ (қонақтар саны 2)
16-топ (қонақтар саны 2)
б)Кештің шартымен таныстыру.
Кештің барысында:
Топтар арасындағы жарыс
Ең көп бал жинаған оқушылыар женілпаз атанады
ІІІ.Кеш барысы.
1-жүр.: Армысыздар ма, ұстаздар мен оқушылар,
Бармысыздар, жан күйер әз қауымдас.
Бүгінгі кеште біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық.
2-жүр.: Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі ойын төрінде
Сұрақ шешіп жырысып
Шабыт тасып шалқысып
Көңілді ойын жасайық
1-жүр: Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің қоғамдық арқалап жүрген жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.
(Бүгінгі кештің қонақтарын ортаға шақырамыз.
2-жүр.: Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Арнайыпән сайысы жайында
Сайысты біз бастауға,
Әділ – қазы сайлаймыз.
1.Арнайытехналогия пәнінің мұғалімі Кумарбек Бахытынур
1-жүр.: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені білімді, тапқыр алар.
Кім білімді, кім тапқыр – шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса нық сыналар.
2-жүр.: Топ алдында шыққан басын иіп,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер оқушыларымыз
Сәтті келіп қалғандай танысатын
1-жүр.: Ойын толқын жатқандай асып тасып
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойынан өтеді ғұлама ойлар
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
2-жүр.: Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.
2-жүр.: Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады
Кеш қызығын талай адам тыңдады
Тәрбиелер тәлімі мол, әсерлі
Болса егер көңілді жақын тыңдады
(Әділ қазылардан қорытынды баға сұраймыз)
1-жүр.: Бүгінгі кеш қызықты кеш
Көрермендер халайық
Ой-түйсікті қозғап небір
Көрініске назар салайық
(Ортада КТК-дан үзінді. Әділ қазылар қорытындысын шығарып 1-3 курстарға әділ-қазылар қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау /Диплом, медаль беру/ рәсімі.