Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты. "М?стафа К?бен?лы ?зт?рік" »
Сабақтың тақырыбы: «Мұстафа Кәбенұлы Өзтүрік»
Сабақтың мақсаты:
а) Мұстафа Өзтүріктің еңбектерін саралап зерттеумен қатар, өмір жолын
кейінгі ұрпаққа таныстыру;
ә) Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу қабілетін, мәнерлеп оқу
дағдыларын ұштай түсу;
б) Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа, достыққа және балалар
рухын қастерлеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Конференция
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі бөлім
Бастаушы:
Туған жерден жырақ жерде жүріп –ақ қазақ халқының атын әлемге танытқан таэквондо өнерінде әлемдегі ең үздіктердің бірі – Мұстафа Өзтүрік. Ол – тұлпардың тұяғы, алтынның сынығы.
Ұлтымыздың ар намысын ту еткен, рухын әлемге танытқан Өзтүрікті бүгінгі ұрпақ там-тұмдап қана біледі.
Осынау батырға биыл – 60 жыл толыпты.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, сіздердің алдарыңызда тұрған Мұстафа
Өзтүрік – таэквондодан әлемдегі еңсесі биік саңлақ. Ол мұсылман баласының ішінен шыққан 6 даньға ие болған, әрі тұңғыш, әрі әзірге жалғыз жігіт.
Алыса жүрсе де жер жүзіне қазақ даңқын шығарған азаматқа халық өз өнерлеріне тарту етті.
(Мұстафаның алдынан қыздар би билер, домбырамен ән айтылып, шашу шашып, бауырсақпен қарсы алады).
А) Сымбат Мұстафа жайлы баяндама- Сапар сәтті болсын Мұстафа!
Елге хош келдіңіз!
Мұстафа (Жолнур)- Сәтті сіздермен болсын. Біраз күн ел, жер аралап барып жүздесетін. Сонда айтатын ойлар, сырлар көбейтін.
(Мұстафа мінбеге көтеріледі)
Талай жерде:”Мұстафа, сен Қажымуқан атамыздан кейінге батыр бауырымызсың”-дегенде, ол:
“Жоқ, сіздер олай демеңіздер. Қажекен қазақтың маңдайына біткен баға жетпес батыр ұлы болатын. Дараның жанында дарынсызды қатар қоймас болар.
Ол- тау, біз- төбе. Егер сіздер келген қонақтың маңдайына бәрінің көңілін табу үшін қажымуқан атамызбен теңгере берсеңіздер ертең- ақ палуандар атасының бар киесің жоғалтамыз. Қажымуқан енді туа ма, жоқ па, оны тарих көрсетеді. Ал біз қазақтың көп баласының біріміз. Ақыл үйретті деп намыс шақырмақыздар Сырт көз сыншы келеді”. ”Дос ашық сөйлейді дұшпан тәтті сөйлейді” дейді түріктер. Осы мінезімен еліме достығымды білдіріп жатырмын. Мен орысша білмесем баурлырым қазақша білмейді екен. Әсіресе, Көкшетауда болған кезімде қатты байқалды. Содан әңгімеміз де жараспай жүрді. Бізде дастарханға арақ қойылмайды. Өйткені бата оқылатын жерде ол сыйыспайды. Сіздерде халқымыздың сол жақсы әдеті сақталмапты.
(Сұрақтар)
-Таэквондо спорт түрі ме, әлде төбелес әдісі ме?
-Жақсы сұрақ. Байқаймын, сіздерді таэквондошылар, каратэшілер жұрт жиналған жерде үнемі ағаш сындырып, тас үйтіп, елді таң-тамаша қалдырып жататын көрінеді. Оған қарап жастар: “Мынау дала кезінжүріп, адам сабайтын өнер екен” деп қалмай ма? Бұл- қауіпті бағыт.
Шығыс жекпе-жегін меңгерген жанның бірде-бірінің төбелеске араласуға моральдық қақысы жоқ. Адам күшті айлалы болған сайын, сезімтал, жұмсақ болуға міндетті. Бізді бұл өнердің пайғамбарлары солай үйретті.
Шығыс күресінің бір түрі – таэквондо. Таэк – аяқ, вон-жұдырық, до рух дегенді білдіреді. Демек бұл өнермен айналысу аяқ-қолды есеппен қимылдату ғана емес, жан сарайын да кеңейту деп есептеледі. Ендеше сенің денең қанша әбжіл қимылға бейімделсе, санақ соншалық кеңейе бергені жөн.
Тіл мәселесі ше? Өзіңіз өрнектеп сөйлейді екенсіз. Бұл мәселе балаларда қалай?
Рас, бізде қазақ мектебі жоқ, қазақша кітап та тапшы. Біз тілді әке-шешемізден үйрендік, балаларымыз бізден үйренді. Бірақө мектепте қай тілде оқыса да, үйде қазақша сөйлейміз.
Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
Еуропа адамында бос уақыт деген болмайды. Біз таңның атысы, күннің батысы сүйікті іспен шұғылданамыз. Жолға шықсақ, үйге келсек, арнай жазғызып қалған қазақ әндерін тыңдаймыз, қолға домбыра аламыз.
Сізді ән жазады дейді...
Туған жерді сағынудан туған шумақтар ғой. Мен секілді сағыныш құшағында сарсылған өзге қазақтарға бұл әуен ән болып естіледі. Бәрі айтып жүреді...
Мамандығыңыз журналист екенін біліп алдық
Алла-ау, менің өмір тарихымды түгел зерттегенсіздер ме? Таэквондада жүргенде ең оңай мамандық журналист деп естіп, университетке түскенім рас. Оқуын да бітірдім. Бірақ, журналист емес, спортшы екенімді өздеріңіз көріп отырсыздыр.
Өнерімен тәнті еткен туысымыз дін мен тілінде тастай берік екен. Ол келіншегі Нұрила мен өзінің ата тегін мүдірмей, таратып айтып берген кезде оны қайдан естіп, кімен үйреніп жүргеніне қайран қалдық. Менің атым – Мұстафа, әке жағынан Өзтүрікпін. Түркия қазақтары бір-біріне лақап ат қояды. Өзтүрік деген солар берген есім. Руым – найман, оның ішінде – байжігітпін, байжігіттің ішінде – мәмбетпін. Туркияда Қытайға, Жапонияға, Корияға, Тайваньға оқу іздеп қаңғырдық. Таэквондоны Тайваньда оқу іздеп жүргенде үйрендім. Қазір Мкреньде тұрамын – дедң. Әрине бәрі де тәрбиенің арқасы. Өзінің Нәрізбен, Нәсілхан, Асылхан есімді үш ұлы бар екен. Оларға дұрыс тәрбие беріп, болашақта үміт күткізер аамат болып өсулеріне жағдай жасап, халқымызға тән әдет-ғұрып, ата-дәстүрлерді ұқтырып, ана тілін үйретуді өзінің әкелік парызы санайды.
Мұсылман қауымында Мұстафадан асқан таэквондошы жоқ. Мұстафа батыс жұрты қатты қадірлейді. Оның серіктерімен түрік журналистерінің айтуы бойынша Батыс Германия мен Туркияда Мұстафаны көшеде тоқтатып, қолтаңба өтетіндеркөп екен. Алыста жүріп алты тіл меңгерген сұңғыла азамат бір әңгімесінде таэквондоның қыздарға жат еместігін айтқан. «Өнерді үйрен де жирен» демекші, Мұстафадай дара ағасына қарындастары еліктеп жатса,еш айыбы жоқ. Жат жұртта жүріп-ақ ана тілін, ата дәстүрін аялай білген, домбыраны жүрегіне бағалаған, хас өнерімен, өнегесімен «Қазақтың Мұстафасы» деген айбынды атқа ие болған азаматқа ақ жүректен «Айналайын!» дейік.
Сұрақ: Мұстафаның мектебінің не ерекшеліктері бар?
Ең әуелі – темірдей тәртіп. Екінші, алаламай шын талантты таңдап алу. Үшінші, және ең тастысы – осы өнердің пайғамбарының бірінің өзінен дәріс алу.
Келін бала қалай, таэквондомен айналыса ма?
Бір үйге бір тентек жетер. Екі қошқар болса сыйыспаймыз ғой.
Жеңгеміз қай жүздің қызы?
Жеңгеңіздің аты- Нұрила. Өзі керейдің қызы.
Аға Брюс Лимен бірге болыпсыз. Ол қандай жігіт еді?
Брюс Ли өз халқының атын әлемге жария еткен азамат жігіт.
Туған халқымның тұқымын құртқан аждаһа екенін, тез арада оның басын шабу қажеттігін білемін!
Мюнхень мектебіңізде домбыра ілулі тұр дейді. Рас па, және себебі не?
Мюнхеньдегі мектебімнің төріне қазақтың қара домбырасын іліп қойдым. Күніне бір рет адам халқымның асыл аспабы екенін білсе, жылына 365 адам қазақты танымай ма?
Туған тіліңізден ауылыңызға қандай әсермен қайтасыз?
Тағы да есіме салдыңыздар-ау. Қайтатын күн таяған сайын таяған сайын жанымды қоярға жер таппай жүрмін. Қалай қиып кетемін? Енді қашан келемін?.. Сәтінде мұңайып қалды. Тек қаршадай қыз Жұлдыздың екі шумақ өлеңінен соң оның жүзіне тағы да мақтаныш күлкі үйірілді.
Сый берген талай халық бағаңызға,
Сәлем берем Мұстафа ағамызға.
Рахмет, ұл әкелген осы ағадай,
Қарапайым қазақ атты бабамызға.
Қазақтан ұлы шыққан, дана шыққан,
Сақтасын құдай әркез даралықтан,
Мақтан етем мен бүгін қазағымды.
Қажымұқандай атақты аға шыққан.
Мұстафа:
Ал халқым,
Міне қаршадай болсам да, алдарыңа келіп тұрмын. Ақсақалды атадан, күміс самайлы ағадан бата алдым. Ал, енді сіздер, халқым, маған батасын бере ме?- деді.
Ақсақал батасын берді.
Көз тірісінде аты аңызға айналған халқының сүйікті ұлы болған Мұстафаның есімі, күштіліктің, төзімнің ғана емес, елін, жерін сүйе білудің де ғажайып үлгісі болып қала бермек. Халқымыздың біртуар перзенті Мұстафа Кәбенұлының 60-жылдығына орай 11 «А» сыныбы дайындаған «Мұстафа Кәбенұлы Өзтүрік» атты тәрбие сағаты аяқталды.