kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алаш арыстары - елді? арда?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а ?аза? хал?ыны? ?асырлар бойы ?ткен ?иыншылы?тарын айта келіп, осы з?лмат жылдары еліні? азатты?ын а?са?ан ?лт зиялыларына то?талу, ?з елін, жерін ?ор?айтын ?рпа? т?рбиелеу.

К?рнекілігі: Алаш ?айраткерлеріне арнал?ан буклет, портреттер, слайд жиынты?ы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алаш арыстары - елді? арда?ы»



Күні:28.11.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Алаш арыстары -елдің ардағы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Алаш қайраткерлеріне арналған буклет, портреттер, слайд жиынтығы

Барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
«XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында айтып өтті. Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады.
Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930 - 1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды.
Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин сынды арыс азаматтарымыз сұрқия саясаттың құрбандары болды.

“Алаш”туы астында

Куә болсын арымыз!

Көркейтуге Алашты

Құрбандық біздің жанымыз!

Жасасын, Алаш, жасасын!!!

С.Торайғыров.

1917 жылы 5-13 желтоқсан Орынборда ІІ Жалпықазақ съезі өткізілді. Съезде Б.Құлманов және орынбасарлары Ә.Бөкейханов, А.Кенесарин, Х.Досмұхамедов, О.Қарашевтың төрағалық етуімен “Алашорда” үкіметі құрылды. Алашорданың орталығы-Семей қаласы, халық Кеңесін (үкіметін)-Ә.Бөкейханов басқарды. Съезден кейін “Алашорда” автономиясының Батыс бөлімі-Жаһанша және Халел Досмұхамедовтар басқарған “Ойыл уалаяты” құрылды.

«Алаш жылнамасына» тоқталып кетемін. Бүгінгі «Алаш арыстары – елдің ардағы» сайыс сабағымыздың бөлімдерінде:

1.Таныстыру

2.Алаш арыстары (Ассоциация)

3.Алаш деп соқса жүрегім... (Өлең авторын табу)

4.Мың сауалға бір жауап (топтарға сұрақтар қою)

5.Болашаққа айтар сөзім бар... (Домино ойыны)

6.Мен түйген ойлар... (Оқушылар пікірі)

І. Топ мүшелері өздерін таныстырады.

ІІ. «Алаш арыстары» Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров туралы білетін мәліметтерін жинақтап постер қорғайды.

ІІІ. Алаш деп соқса жүрегім... (Өлең авторын табу)

Ей, халқым Еліміз үшін
Етегімізді түрген екенбіз,
Бар Алашқа ұран сап,
Елдікке шақырып жүрген екенбіз.
Шешінген судан тайынбас,
Ойымыз бір, мақсат бір,
Сорлы елімнің шіркін ай
Жыртылған жағасын бүтіндеп.
Жығылған туын көтерсек.
Бар Алаштың ұрпағы болып қайтадан,
Ұрандап атқа қонсаң бір,
Дүние дүр сілкінер еді, деп айта алам
Сонда менің болмас еді ау арманым
Арнар едім, сол елімнің жолына
Мына қысқа ғұмырымның қалғанын. (Әлихан Бөкейханов)

Алаш туы астында,

Біз – алаштың баласы.

Күніміз туып көгерді,

Сарыарқаның даласы.

Құрт аурудай жайлаған,

Құртпаққа бізді ойлаған,

Қанымызға тоймаған,

Қолымызды байлаған,

Ерімізді айдаған,

Елімізді лайлаған.

Жерімізді шимайлаған,

Өшті залым қарасы.

Жасасын, алаш, жасасын! (Сұлтанмахмұт Торайғыров)


Қазағым, елім,

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып.

Талауда малың,

Қамауда жаның,

Аш көзіңді оянып!

Қанған жоқ па әлі ұйқың?

Ұйықтайтын бар не сиқың?! (Ахмет Байтұрсынов)


Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты –

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты  — (Міржақып Дулатов)


Не көрсем де Алаш үшін көргенім,

Маған атақ — ұлтым үшін өлгенім!

Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін!

Алаш айбынды ұраны,

Қасиетті құраны,

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін!

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін! (Мағжан Жұмабаев)


ІV. «Мың сауалға бір жауап» Әрбір топ жасап келген буклеттерін алмастырып, буклетке көз жүгірте отырып, бес сұрақ қояды.

V. Болашаққа айтар сөзім бар... (Домино ойыны)

«Әр ұрпақ  өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпеген де болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар»  Әлихан Бөкейханов

VІ. Мен түйген ойлар... (Оқушы пікірі )

VІІ. Қорытынды Топтардың ұпай қоржындарын есептеу

Елбасы Н.Ә.Назарбаев:

«Алаштың» басты мақсаты - қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің жедел жаңғыру, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді... Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті... Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады».


























Ақкемер орта мектебі













«Алаш арыстары – елдің ардағы»

(сайыс)

7-класс







Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі:Р.Т.Утепбергенова













2015-2016 оқу жылы






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Алаш арыстары - елді? арда?ы

Автор: Утепбергенова Райса Тельмановна

Дата: 23.06.2016

Номер свидетельства: 335885


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства