Просмотр содержимого документа
««Ал, қанеки, шешейік!» жұмбақ ойын-саяхаты»
«Ал, қанеки, шешейік!»
жұмбақ ойын-саяхатының сеценарийі
Жүргізуші: Армысыздар құрметті бүлдіршіндер мен апайлар. Аудандық балалар кітапханасы жаңа әдебиеттермен толықтырылуда. Осыған орай біз сіздердің алдарыңызға ой өсіретін, білім, дағды деңгейін кеңейту, сана-сезімін, қабылдау әрекеттерін дамыта отырып, білімге деген қызығушылық қасиеттерін арттыру мақсатында «Ал, қанеки, шешейік!» атты жұмбақ ойын-саяхатымызға қош келдіңіздер.
Төрт түлік,
Үй құстары,
Ит, мысық та – құт бәрі:
Қоянды да қос оған –
Жазылмасын жұптары.
Көріп жүр ғой көздерің,
Құс-тауық,
Мал төлдерін:
Атын,
Затын анықтап,
Ал, табыңдар өздерің...
1) Дене тұрқы тым ірі,
Ойсылқара түлігі:
Әр өркеші баладай,
Білмес дейсің кім мұны?!
Аяқтары – келсаптай,
Адаспайды жол таппай:
Шөлге өте төзімді,
Жүре берер нәр татпай.
Бұл не?
Зор күшке ие,
Бұл әрине... /Түйе/
2. Құйрық, жалы төгілген,
Басын шұлғып, керілген:
Қамбар ата түлігі –
Жүк түспейді белінен.
Берік болат тұяғы,
Жерді тарпып тұрады.
Арбаға – жек,
Салт та – мін,
Ғажап көлік бұл әрі...
Бұл не?
Сонша мықты,
Бұл, әрине... /Жылқы/
3. Шопан ата түлігі,
Бағып-қақтық біз мұны:
Маңырайды кей-кейде,
Қысқа – аяқ,
Құйрығы.
Тықыр – басы, құлағы,
Тықыр және – сирағы.
Сеңсең тоны – ен байлық,
Ол сүттің де – бұлағы....
Бұл не?
Бол тез, ойлай ғой,
Бұ әрине.... /Қой/
4. Місе тұтпай көгалды,
Талға өрмелер жоғары:
Шекшек ата түлігі,
Қайдан осал болады?!
Қылта жерден өтіп ол,
Қылар таудың төсін жол:
Бұта басын шалып жеп,
Тастан тасқа секірер.
Бұл не?
Тап бас, болсаң епті,
Бұл, әрине... /Ешкі/
5. Күндіз тыным бермейді,
Түнде көзі көрмейді.
Көкке қарап су ішіп,
Жерге қарап жем жейді..
Қанаты бар ұшпайды,
Талға қонып ұйықтайды...
Төбесіндегі айдары,
Қызыл бантикке ұқсайды...
Бұл не?
Айтшы тауып!
Бұл кәдімгі.... /Тауық/
6. Қаздаң-қаздаң етеді,
Көк қуалап кетеді...
Ұзын мойнын имитіп,
«Қаңқ-қаңқ етіп жетеді...
Ашуланса күрт ерлеп,
Кетер бойын күш кернеп:
«Ыс-ыс...» етіп жыландай,
Иттей талар тістелеп...
Бұл не,
Ойлан біраз?
Бұл, кәдімгі /Қаз/
7. Жабық тұрсын тарс есік,
Бара жатсаң қарсы өтіп:
Айбаттанып, сұстанып –
Үреді ол «арс» етіп.
Ол жүрген жер табанда,
Айналады «қамалға».
Жеті ырыстың – бірі ол,
Әрі – серік адамға.
Бұл неп?..
Неге именер жұрт,
Бұл әрине.... /Ит/
8. Жиған жүкке ұмтылар,
Кезі жоқ бір таншығар:
Шұнақ құлақ,
Тостақ көз,
Селдір-селдір мұрты бар.
Қылығына мұның әр,
Көрген адам қызығар:
Тамақ ішіп,
«Мияу-лап» -
Кешке дейін жуынар...
Бұл не?
Жүрер көзін қысып,
Бұл әрине.... /Мысық/
Кім тым алғыр,
Кім жүйрік?
Жұмбақ шешіп біз білдік
Төлді,
Құсты дөп танып,
Көрсетіңдер білгірлік.
Құстар, құстар... –
Құт бұлар,
Қасиетін жұрт та ұғар.
Атайды кім:
Тотыдай....
Үйде асырар құсты дәл?
Ден қоймаған елемес,
Қуа берме тек елес:
Үйде –
Бүркіт баптайтын,
Құсбегі де жоқ емес.
Заман мынаау түрленген,
Көп сыр ұғар ізденген:
Кірпі асырар біреулер –
Бұл жайлы да білген жөн.
Жә, қайтеміз «гу-лесіп»,
Құс, жәндікке кім жетік:
Төрт түлік,
Құс туралы –
Ойланыңдар бірлесіп!...
Жүргізуші: Жұмбақ – балалар жақсы көретін, кеңінен таралған халық шығармалышығының бірі. Жұмбақ шешу барысында балалар көңілін көтеріп қана қоймай, зеректігін де тексере алады. Жұмбақ – балалардың ойлауын, епсектілігін дамытады. Ойлау қабілетін оятады. Оны шешу барысында бала өзінің қоршаған заттармен табиғатты салыстыра алады.
Балалар, бүгінгі біздің «Ал, қанеки, шешейік» атты жұмбақ ойын-саяхатымыз ұнады ма? Олай болса, сендерге әкелген ойынымыз осымен аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңдар.