kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«А? орамал» республикалы? акция аясында «Ананы? мейірімді ж?регі» атты іс-шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

"А? орамал" акциясын ?ткізу ар?ылы ?аза?станды?тарды этносты? шы?у тегіне, ?леуметтік, діни немесе бас?а да ерекшеліктеріне ?арамастан, бейбітшілік идеясы аясына шо?ырландыру. Отан отбасынан басталатынына назар аударып, ?р отбасында?ы ана мейіріміні?, т?рбиесіні? ма?ызына аса м?н беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««А? орамал» республикалы? акция аясында «Ананы? мейірімді ж?регі» атты іс-шара»

«Ақ орамал» республикалық акция аясында

«Ананың мейірімді жүрегі»

атты іс-шара

Мақсаты:«Ақ орамал» акциясын өткізу арқылы қазақстандықтарды этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру. Отан отбасынан басталатынына назар аударып, әр отбасындағы ана мейірімінің, тәрбиесінің маңызына аса мән беру.

Көрнекілік: интерактивті тақтадан видео, слайдтар көрсетіледі.

Өту барысы

І бөлім. Кіріспе

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қауым! Бүгінгі «Ақ орамал» акциясының аясында «Ананың мейірімді жүрегі» деп аталатын кездесуіміздің басында, аталмыш акцияның өткізілу себебіне тоқталып кетейін.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте «Әлем. ХХ ғасыр» манифесін насихаттау және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы 2016 жылдың 29 тамызында «Ақ орамал» республикалық акциясын өткізуге бастама көтеріп отыр.

«Ақ орамал» акциясын өткізу арқылы қазақстандықтарды этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру. Ел амандығын, жұрт тыныштығын сақтау.

ІІ бөлім. Негізгі

  • 1. Видео. «Әлди,әлди»



  • 2.Жүргізуші:

  • Құрметті қауым, сіздер осы көріністен бүгінгі біздің айтар сөзіміздің төркіні не туралы болатынын түсінген шығарсыздар деп ойлаймын. Иә, АНА мейірімі туралы. АНА тәрбиесі, АНА өнегесі туралы.







    • 3. - Енді бүгінгі іс-шарамыздың қонақтарын – құрметті аналарымызды, әжелерімізді ортаға шақырамыз:

  • Аяулы ана, әрі әже Есқожина Тұрғын Мырзахметқызын,

  • Көп балалы ана, әже Жакина Айжан Еңсегеновнаны,

  • Аяулы ана, әрі әже, құрметті зейнетке шыққан Тажина Сәуле Жұмабайқызын,

  • Макина БаянСакеновнаны (орыс қызын асырап алған)

  • БекметоваЗулихаМусаевнаны (татар ұлтының өкілі),

  • Кавун Наталья Павловнаны (неміс ұлтының өкілі),

  • Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстазы Дильбар Бостандыққызын,

  • Орамалын басынан тастамайтын жас ана Аманова ГүлдәуренОмарбекқызын.



Іс-шараның соңғы жағында қатысушылар (оларға орамал жабу үшін шақырылады)

  • Жаңа түскен жас келін Амиркина Айтжан Агаярқызы

  • Бөпесімен жас ана Балтабаева Айгүл Ғалымовна



    • 4. Қонақтар жайғасып болған соң:

- Құрметті қонақтар, айтыңыздаршы, жалпы орамал тағудың маңызы қандай және неге екінші байлық ақ жаулық дейді?

- Сәуле Жұмабайқызыныңжәне басқа да қонақтардың пікірі тыңдалады.

5.Жүргізуші: - Акцияның «Ақ орамал» аталу себебіне тоқталсақ, қазақ халқында оның философиялық мағынасы терең. Осыған орай келген қонақтарымызға бір сұрағымыз бар.

  • Халқымыз орамалдың түсіне де мән берген екен. Ендеше орамалдың «ақ орамал» деп аталуының мәні неде? Бұл сұраққа Дильбар Бостандыққызы сіз жауап берсеңіз.

  • ДильбарБостандыққызының сөзі.

Жүргізуші: - Дұрыс айтасыз.

Міне, осындай ізгі дәстүрді ел есіне оралту арқылы қоғамның барлық мүшесі мен әр азаматтың бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуы жолындағы жауапкершілігін арттыру біздің міндетіміз.

6.



7.Жүргізуші:

Бүгінгі біздің тағы бір қонағымыз неміс тілінің мұғалімі Наталья Павловна.

-Наталья Павловна, неміс халқында ақ орамалға байланысты қандай салт-дәстүрлер бар? Слайд жүріп тұрады.

- Наталья Павловнаның сөзі

Жүргізуші:

- Спасибо, Наталья Павловна.

Біздің тағы бір қонағымыз, ол кісі де мұғалім – ЗулихаМусаевна.

-ЗулихаМусаевна, ал сіздерде татар халқында ақ орамалды не үшін тағады?

- ЗулихаМусаевнаның сөзі.

Жүргізуші:

  • Спасибо! Ваши слова еще раз подтверждает цель акции «Ақ орамал», независимо от этнического происхождения, социальных и религиозных взглядов, воспитание в семье способствует укреплению идеи мира и согласия.

8.

  • БаянСакеновна, сіз туған балаларыңызғақосып тағы да бір баланы асырап алып отырсыз. Осындай, адам сүйсінерлік мейірімді қадамға баруға не себеп болды?

  • Баян Сәкеновнаның сөзі.

  • Рақмет, Баян Сәкеновна, сіздің ізгі ісіңізді құптаймыз, қолдаймыз, сіз сияқты мейірімді жандар көп болса елімізде бақытты жандар да көбейер еді.

9.Жүргізуші:


Осы сөзден ӘЖЕ даналығы адами құндылықтың бастау бұлағындай екенін түсінеміз.

Немере, шөбере сүйіп отырған құрметтіАйжан Еңсегеновна әжемізге өтініш:

  • Құрметті әже қазіргі жастарға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

  • Әженің сөзі

10.Жүргізуші:

-Рақмет әжей. Сіздің айтқан ақыл-кеңесіңізді тыңдаған жастар өмірде пайдаланады деп ойлаймыз.

Петропавл қаласы Сафуан Шәймерденов атындағыклассикалық гимназияның 3-сынып оқушысы Есқожа Нұрайдың орындауында «Мамонтеноктің әнін» қабыл алыңыздар.

ІІ бөлім. Жастар. Көрініс.

    • 11.Жүргізуші:

  • Ананы сыйлау - парыз. Ол ананың - балаға, баланың - анаға деген ықылас, құрметі. Бұл, расында, ғажайып сезім! Осындай жас ананың бірі Аманова Гүлдәурен Омарбекқызы.



- Қазіргі жастарымыздың көбі бастарына орамал тағуға асықпайды, ал сіз жас болсаңыз да басыңызға орамал тағып жүрсіз, себебін айтыңызшы.

-Жас ананың сөзі.Слайд жүріп тұрады.

    • 12.Жүргізуші:

- Ортаға осы айдың ішінде жаңа түскен жас келін Амиркина Айтжан Агаярқызын және құшағында бөпесі бар жас ана Балтабаева Айгүл Ғалымовнаны шақырамыз. Сіздерге бүгінгі айтылған ақ орамалдың қадірін өмір бойы ұмытпай, ел ертеңі - ұрпақ тәрбиесіне аса мән беретін сүйікті жар, аяулы ана болыңыздар деген ниетпен, құрметті әжелерімізден аялы қолдарымен бастарыңызға ақ орамалды тағуын сұраймыз.

Көрініс: «Жас келін мен жас анаға орамал тағу» Музыка жүріп тұрады.

ІІІ бөлім. Бата. Сыйлық.

Жүргізуші:

  • «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деп халқымыз айтқан екен. Ендеше ата-баба дәстүрін жалғастырар ел азаматтарымыз өсе берсін деген ниетпен ақ жаулықты ардақты ана, әрі әже Есқожина Тұрғын Мырзахметқызы әжемізден бата сұраймыз.

  • Әже бата береді.





14.Жүргізуші: - Құрметті қауым, біздің бүгінгі «Ақ орамал» республикалық акция аясында «Ананың мейірімді жүрегі»атты кездесуімізге келіп, көп үлес қосқан қонақтарымызға «орамал тон болмайды, жол болады» деп, мына ақ орамалдарды сыйға тартамыз. Қабыл алыңыздар.

Қатысқан қонақтарға сыйлық беру

Ән шашу. Ән: «Анашым қартаймашы» орындаушылар №7 мектептің 2-сынып оқушылары: Асылжан Жолдыбай, Мұқағали Мақтабек

Бүгінгі ән айтқан оқушыларға да алғыс жарияланып, сыйлық беріледі.

Қорытынды.

Жүргізуші: Рақмет. Құрметті қауым, біздің бүгінгі «Ақ орамал» республикалық акция аясында «Ананың мейірімді жүрегі»атты кездесуіміз өз мәресіне келіп жетті. Сіздерге шексіз алғыс айта отырып, еліміз бейбіт аспан астында гүлдей берсін, ұрпақтарымыз, жастарымыз тәрбиелі, көргенді болып отан үшін аянбай еңбек ететін жалынды патриот болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын деп қоштасамыз. Сау болыңыздар.



СҚО.Петропавл қаласы.

Өзін-өзі тану мұғалімдері –

Жукенова Кульбарши Аманбаевна,

Абуева Фариза Қайроллаевна






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«А? орамал» республикалы? акция аясында «Ананы? мейірімді ж?регі» атты іс-шара

Автор: Жукенова Кульбарши Аманбаевна ж?не Абуева Фариза ?айроллаевна

Дата: 01.09.2016

Номер свидетельства: 341876


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства