Внеклассное мероприятие для 5-9 классов. Направленное на патриотическое воспитание учащихся. Данное мероприятие включает в себя игры, загадки, кроссворды и многие другие интересные конкурсы. Учащимся будет интересно разгадывать данные задания. Также данная разработка направлена на закрепление грамматики по казахскому языку. Также программа включает в себя логические задания.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Бірінші сайысымыз «Көру диктанты». Берілген өлең шумағын естеріңде сақтап, қатесіз қағазға жазу.
Жүрегімнен күмбірлеген күй ақты,
Арнасынан аққан өзен сияқты.
Арынды күй махаббатты шертеді,
Туған жерге, Отаныма шуақты.
2 жүргізуші:
Келесі сайысымыз «Күн шұғаласы».2 топтың бірі Қазақстанның қалаларын, екіншісі Қазақстанның байлығын кластер арқылы көрсетіп, кластер бойынша әңгімелеу.
1 жүргізуші:
Үшінші сайысымыз «Сандарды сөйлет» сайысы.Екі топқа есеп беріледі.Сол есепті шығарып мақалды шешу.
2) 6631-2452=к
1)6631-2452=к
N14641=і
27*63=ж
656/8=р
352=е
32*22= т
85+254=ғ
3354-1852=а
685/5=ң
132=н
132-48=г
N625=у
852=ы
N14641=і
27*63=ж
656/8=р
352=е
32*22= т
85+254=ғ
3354-1852=а
685/5=с
132=н
132-48=л
N625=у
42*57=б
852=ы
1) 704,25,339,1502,169 1701,1225,82,84,1225 704,25,7225,137 704,121,4179. (Туған жерге туыңды тік)
2) 704,25,339,1502,169 1701,1225,82 1502,84,704,7225,169 2394,1225,137,121,4179. (Туған жер алтын бесік)
2 жүргізуші:
Келесі сайысымыз «Сөзжұмбақ» сайысы. Берілген сөзжұмбақты шешіп,жауабын фонетикалық талдау жасау.
1) МММММММ (жетім)
100У (жүзу)
2) НННННН (алтын)
7СУ (жетісу)
1 жүргізуші:
Келесі сайысымыз «Септіктер»сайысы. Берілген септіктерге керекті сөзді қойып,оған етістіктерді жалғау.
Септіктер етістіктер
Т+Б сату,жүгіру, апару,айту,бару,әкелу,
Т+К кету, жазу,қою,оқу,салу,жабу,ашу,
Ш+Б жеу, ұшу, пісіру, ойлау,жасау,жабу,
Б+Е ұстау
Ш+Т
Т+Ж
Ш+К
Б+Ш
1 жүргізуші:
Гүлге толы кең жазық,
Күйге толы жота құм.
Жан тербеген жел нәзік,
Қазақстан –Отаным.
2 жүргізуші:
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Сайыстарымыздың арасында өтілетін «Мүшәйра» сайысын өткіземіз.
Қос топтың жанкүйерлерінің Қазақстан,Отан туралы дайындап келген өнерлерін көрсету.
1 жүргізуші:
Қазақ даласы кенді Алтай тауларынан, Ақжайықтың жасыл жағалауына дейін созылған. Қазақ елі төбесі тік тіреген тауларға да, көлеміне сөз жетпес жазық далаға,айдын шалқар көлдер мен өзендерге де бай дархан дала.
2 жүргізуші:
Сол даланы мекен еткен дана халық қазақ халқы туған тілін-сырыц терең жаным деп,әнім менен сәнім деп деп жырға қосқан, асқақта әнге қосқан, ұлттығымның айғағы елдігімнің белгісі деп дәріптеген.
Келісі сайыстарымыз халық ауыз әдебиетіне байланысты.
Бесінші сайысымыз «Жұмбақтар» шешу сайысы. Полиглат. Әр топтың сайыскері өздерінің жауабын қазақ,орыс, ағылшын тілінде айтып беру.
Әр дұрыс жауапқа бес ұпайдан беріледі.
Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса ,аттама.
(Кітап-книга-book)
Қыста келген, көктемде еріген.
( қар-снег- snow)
Түнде бармын, күндіз жоқпын.
(жұлдыз-звезды-star)
Өзі сондай нәзік,
Суға құйсаң кетеді,
Алақанын жазып.
(гүл-цветок-flower)
1 жүргізуші:
Алтыншы сайысымыз «Мақалдар» сайысы. Берілген мақалдың жалғасын табу.
Туған жер- (алтын бесік)
Опасызда Отан жоқ, (Отанда оған орын жоқ)
Отан-әркімнің ары, (ожданы)
Ер ел үшін туады, (ел үшін өледі)
Туған жерге (туыңды тік)
Ер елінде (гүл жерінде)
Есің барда (еліңді тап)
Өз елім- (өлең төсегім)
Отан (отбасынан басталады)
Отансыз адам, (ормансыз бұлбұл)
1 жүргізуші:
Жетінші сайысымыз «Мәтін құрастыру» сайысы. Берілген сөйлемдердің орындарын ауыстырып мәтін құрастыру
Қазақстан Республикасы
Біздің Республикамыз –егеменді,тәуелсіз ел. Бостандық үшін күрескен ерлерді мәнгі ұмытпаймыз. Қазір Қазақстан -өте бай ел тамаша ел.Республика президентінің жарлығымен желтоқсанның он алтысы –үлкен мейрам .
Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының құрамына
енді.Қазақстан Республикасы біріккен ұлттар ұжымына мүшелікке қабылданды. Қазақстанда барлық ұлттар тату тұрады.
2 жүргізуші:
Сайыстарымыздың арасында өтілетін «Мүшәйра» сайысын өткіземіз.
Қос топтың жанкүйерлерінің Қазақстан,Отан туралы дайындап келген өнерлерін көрсету.
1 жүргізуші:
16-желтоқсан-Тәуелсіз күні. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 17 жыл толды. Осы 17 жыл ішінде көптеген өзгерістер болды.Еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор.
2 жүргізуші:
1986 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан басатып6орнына Колбин сайланады.
Міне осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Бұл оқиға сол себепті де тарихта «Желтоқсан оқиғасы»деген атпен қалды. Бес жыл өтсе де, бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болды. Ұмытылмайтыны-оның халық тағдырымен тікелей байланыстылығында.
Сегізінші сайысымыз «Кім тез» сайысы.Бұл сайыста екі топқа сұрақ
қойылады. Сұраққа кім тез жауап берсе,өз тобына ұпай әкеледі.
1.Тұрмыс-салт жырларының түрлерін ата.
2. «Независимость» сөзін қазақ тіліне аудар.
3.Қазақстанның бұрынғы және қазіргі астанасын ата.
4.Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
5.А.С.Пушкиннің шығармаларын қазақтіліне аударған ұлы ақын кім?
6.Қазақтың ұлттық киімдерін ата.
7. «Счастливое детство»тіркесін қазақшаға аудар.
8.Ресейдің астанасы қай қала?
9.Буынның қандай түрлері бар?
10.Қазақстанның ірі қалаларын ата.
1 жүргізуші:
Келесісайысымыз «Шығармашылық» сайысы. Бұл сайыста әр топқа қағаз беріледі,сол қағазға әр адам бір сурет салады. Топ басшысы сол суретті өңдеп, әңгімелеп береді.
2 жүргізуші:
Ендігі сайысымыз «Үй тапсырмасы». Әр топтың сайыскерлеріне үйде Қазақстан ,Отан туралы өлең шығарып келу.
1 жүргізуші:
Ақырғы сайысымыз «Топ басшылары» сайысы. Бұнда әр топтың басшыларына 10-10 сұрақтан қойылады. Өз тобына ұпай әкеледі.
1 топ:
1.Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
2.Қазақстанның жер көлемі қанша?
3.Мұнай Қазақстанның қай аймағында өндіріледі?
4.Тудың авторы кім?
5. Қазақстанның ұлттық аспаптарын ата.
6.Ш.Уәлиханов кім?
7. Қазақстан қандай ел?
8.Астана қайда орналасқан?
9.Сенің туған жерің қай жер?
10. Қазақстанның ақын-жазушыларын ата.
2 топ:
1.Қазақстанда қанша халық тұрады?
2. Қазақстан қандай елдермен шектесіп жатыр?
3.Елтаңбаның авторы кім?
4.Қазақстанның ұлттық тағамдарын ата.
5.А. Құнанбаев кім?
6. Қазақстанның жері қандай?
7.Қазақстанның астаналарын ата.
8.Туда не бейнеленген?
10. Қазақ әншілерін ата.
1 жүргізуші:
Бәріміз бір топпыз,
Жалқаулыққа жоқпыз.
Аянбай еңбек етеміз,
Мұратымызға жетеміз.
Бір-бірімізге тірекпіз,
Бірге соққан жүрекпіз.
Осымен бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетіп қалыпты. Әділқазыларға сөз берейік.
2 жүргізуші:
Көңіл қойып тыңдағандарыңызғакөп-көп рақмет! Хош сау болыңдар!