Просмотр содержимого документа
«"Айг?лек" жаз?ы демалыс лагері»
Жазғы уақытта мектеп оқушыларының демалу және
сауықтыру туралы мәлімет.
/2015-2016 оқу жылы/
Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз - тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл - ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс - әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс - шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды. Аманкелді орта мектебінің маңында «Айгөлек» жазғы демалыс және еңбек лагері жұмыс жасайды, оған бастауыш және орта буын оқушылары қатысады. Мұнда сынып жетекшілер, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Сатаев Б.О. психолог Самбаева Д.А.және тәлімгер Камалиева Н.Х.қатысады. Жазғы демалыс лагерінің жоспары құрылып, мектеп директоры бекітіледі. Жазғы демалыс лагері үш кезеңге бөлінеді:
1-ші кезең – 1 - 20 маусым – 2016 жыл
2-ші кезең –21 маусым – 11шілде -2016жыл.
3-кезең – 12- шілде -1 тамыз 2016 жыл.
Жоспар бойынша жазғы демалыс лагеріне 58 оқушы қамтылады. Жазғы демалыс лагерінде 5 тәрбиеші – Есенова С.Т. Бекахметова Б.Е.Кощибаева К.К. Шакаримова А.Т. Абдрахманова А.С. және тәлімгер Камалиева Н.Х. психолог Самбаева Д.А. жұмыс істейді. Биылғы жылы «Айгөлек» сауықтыру лагерінде «Жұлдызша», «Балдырған» және
«Ақ- көгершін» топтары жұмыс атқарды .
Күн тәртібі:
10.00 - балаларды қабылдау
10.30-11.00 – таңертеңгі жаттығу, қимыл қозғалыс ойындары.
11.00 – 12.00 - жоспар бойынша іс-шаралар өткізу
12.00- 12.30. - ас ішу
12.30-13.00 – Happy English.
13.00– үйге жіберу.
«Балбұлақ» еңбек лагерінде 81 оқушы, сынып жетекшілері Камалиева Т.А.Камалиева Н.Х. Мухамеджанова Д.А. амиржанова Р.Б. Балтабаева К.С. Жолдасова И.З. Негметжанова Б.К. Жарова Қ.Т. Айтмаганбетова А.Т. жұмыс істейді. Учаскенің меңгеруі биология пәнінің мұғалімдері Кемалов А.А. және Камалиева Н.Х. жүктелді. Еңбек лагерінде 5-9 сынып оқушылары 10 күннен жұмыс істейді. Демалыс барысында бастауыш сынып оқушыларымен жоспар бойынша саяхатқа шығар алдында оқушылар міндетті түрде төтенше жағдайлардағы ереже нұсқауымен таныстырады. Сағат 10-00-ден – 13-30 –ға дейін әр түрлі іс-шаралар өтіледі. Балалар күніне арналған ойын-сауық, «Ойлан -тап» ойыны, «Жаман қылықтардан сақ болайық», «Әнші балапан», «Сәнді киім» -сайысы, «1001 мақал 101 жұмбақ», «Жаңылтпаштар жаттау» - сайысы , «Кәне, ән шырқайық»- караокемен ән айту, «Жұмбақ ойлау, өлеңді аяқтау», «Жас суретшілер» - асфальтқа сурет салу, тағы көптеген басқа әңгімелер, тәрбие сағаттары өтіледі. Жазғы уақытта АББ-нен бөлінген жолдамалар бойынша демалыс лагеріне көпбалалы жанұядан және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды жіберуге жоспарлап отырмыз.
Тәлімгер: / Камалиева Н.Х.
Бекітемін:
Мектеп директоры: /Шоқаев Н.Қ
Аманкелді орта мектебінің оқушыларымен демалыс
лагерінде жүргізілетін жұмыс жоспары
/2015-2016 оқу жылы/
І – кезең – 01.06.-20-06
Топтың аты : «Жұлдызша»
Топтың ұран:
- Біз кішкентай «Жұлдызбыз»,
Өнегелі ұл-қызбыз
№
Іс - шаралар
күні
жауапты
1.
«Айголек » жазғы демалыс лагерінің салтанатты түрде ашылуы. Балалар күніне арналған ойын - сауық
1.06.16
Тәрбие ісінің меңгерушісі
Тәлімгер
Сынып жетекшілер
2.
Демалыс жоспарымен,күн тәртібімен таныстыру
2.06.16
Тәлімгер
3.
«Аяласаң,табиғатты аяла» табиғатқа сахат
4.06.16
Сынып жетекшілер
4.
«Салауатты өмір салты»
6.06.16
Бекахметова Б.Е.
5.
Жұмбақ,мақал – мәтел жаттау
7.06.16
Кощибаева К.К.
6.
«ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Елім менің Қазақстан » тәрбие сағаты
8.06.16
Бекахметова Б.Е.
7.
Қимыл – қозғалыс ойындары. Көңілді старт.
9.06.16
Сатаев Б.О.
8.
Әдептілік –тәрбие бастауы
10.06.16
Кощибаева К.К.
9.
«Білім кілті -кітапта»кітапханаға саяхат
11.06.16
Кощибаева К.К.
Бекахметова Б.Е.
10
Жаңылтпаш жаттау
13.06.16
Бекахметова Б.Е.
11.
«Үлкенге құрмет,кішіге жол көрсет»
14.06.16
Кощибаева К.К.
12.
«Еңбекпен тапқан нан тәтті»
15.06.16
Бекахметова Б.Е.
13.
Сәлем –ізгі тілек,ақ ниет
16.06.16
Сынып жетекшілер
14.
Жол белгілері
17.06.16
Кощибаева К.К.
15.
Ертегілер еліне саяхат «Мақта қыз бен мысық»көрініс