Просмотр содержимого документа
«№ 2 ?зынк?л орта мектебіні? т?лектерді? кездесу кешіні? СЦЕНАРИЙІ»
№ 2 Ұзынкөл орта мектебінің түлектердің кездесу кешінің
СЦЕНАРИЙІ
Өткізілген уақыты: 06.02.2016
Өткізілу орны: акті залы
Жүргізуші 1: Кеш жарық, құрметті түлектер!
Жүргізуші 2: Айбат, сен қонақтарымызды дұрыс қарсы алып жатқан жоқсың! Қонақтармен былай амандасу керек еді: кеш жарық, біздің сүйікті, асыға күткен, көзіміз сарғайып сағынған түлектеріміз. Біз түгіл, сендерді мына мектептің қарт қабырғалары көруге қуанышты!
Жүргізуші 1: Апай, андағы сөздеріңіз маған қатысты ғой. Сонша сағынғаныңызды бұрынырақ айтсаңыз ғой, күнінде тым болды келіп жүздесіп тұрар едім.
Жүргізуші 2: Сонымен, құрметті түлектеріміз, жолдарың түсіп келіп қалған екенсіз, ендеше жайғасып отыра кетіңіз, дейік.
(сахнаға жас мұғалімдер шығады)
Осындай жалынды да шығармашыл жастар арасында жұмыс істеп жүргенде, қалай қартаярсың. Сондықтан:
Бәрі: Сәлем саған, мектебім!
Мектеп туралы ән орындалады.
Жүргізуші 1: Сахнада тұрған ұстаздардың көбі – осы мектептің түлектері, оның шаңырағында қанша уақыт оқығаның – 1 жыл ма, 2, 3, одан артық – маңызды емес. Себебі сен бәрібір осы мектептің сүйікті түлегің болып есептелесің, ал біз бәріміз – достармыз. Қане, ендеше, құрметті қонақтар – бізбен бірге «Армандастар» әнін айтуға қосылыңдар.
«Армандастар» әні
Жүргізуші 2: Дұрыс айттың жаңа, Айбат. Мектеп ол тек қана білім ордасы емес, оны өмір мектебі деп те атауға болады. Өйткені мұнда дос болуға, еліміздің шынайы азаматы болуға да үйренесіңдер. Шыныңды айтшы, сірә, алғашқы махаббатыңды да осы мектеп қабырғасында кездестірген шығарсың?
Жүргізуші 1: Оны қайдан білдіңіз, апай? Мектепте оқыған кезімде құпия болған сияқты еді ғой...
Ғашықтық туралы ән.
Жүргізуші 2: Абай атамыз айтқандай, «ғашық тілі тілсіз тіл, көзбен көр де ...». Айбат, Қараша ағайдың мықты жасұлындары болсаң да, разведкаға жарамайды, екенсің. Наугад айта салып едім, бәрін тәптіштеп айтып бердің ғой. Шутка.
Жүргізуші 1: Апай, жаңағы сөздерді қазанның қақпасымен технично жауып тастайық. Оның орнына сіз болып, біз болып, қонақтармен бірге келесі көңілді әнді айтып билеуге көшейік.
«Биле, биле, достар!» әні
Жүргізуші 2: Құрметті түлектер! Айбаттың алғашқы махаббатын еске алған кезінде сендердің көздерің де елестеген алғашқы сезімдерің көрінген тәрізді болды. Бірақ мектеп ол тек қана махаббат емес, ол жылдар жайында, сірә, сендерде басқа да оқиғалар бар. Қазір Гуля мен Айгерімнің көмегімен сол алаңсыз балалық шаққа саяхат жасап ораламыз.
Сауалнама
Жүргізуші 1: Назар аударыңдар! Мұқият тыңдаңыздар! № 2 Ұзынкөл мектебі әлемдік дағдарыстан шығу бір-де-бір тиімді жолын тапқаны жайлы бүгін алғаш рет жарияланып, бұл жаңалыққа патент алуға құжаттарды ертең тапсыратын болады.
«Миллион кімге керек?» ойыны (Дархан мен Саламат)
Жүргізуші 2: Құрметті қонақтар, мектебіміздің «коронный» нөмірі. Ұмытылмас көрініс, мұны тек біздің мектепте тек сендер ғана көре аласыңдар.
Көрініс (Меруерт пен Алмаз)
Жүргізуші 1: Ал енді мектебіміздің жас маманы Саламат сендерге арнап керемет ән айтады. Баршаңызды би билеуге шақырамыз.
Би, ойындар «Мектептік эстафета», «Лимбо»
Жүргізуші 2: Құрметті түлектер! Баршаңызды ортаға шақырамыз. Жалпы би. Билейміз бәріміз!
Мұғалімдер тобы сахнаға шығады.
Жүргізуші 1: Келесі жылы қатарымыз өспесе кемімей дәл осындай кеште көруге асығамыз!