kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытудың заңды тетіктері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мемлекет халықтың игілігі,ал халық адамдардың кез келген бірлестігі емес,ол құқық және ортақ мүдде мәселелері бойынша  келісіммен біріккен көптеген адамдардың бірлестігі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытудың заңды тетіктері»»


«Демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытудың заңды тетіктері»


Аннотация

«Мемлекет –халықтың игілігі,ал халық –адамдардың кез келген бірлестігі емес,ол құқық және ортақ мүдде мәселелері бойынша келісіммен біріккен көптеген адамдардың бірлестігі»


«Государство - это благословение народа, а не сообщество людей - это объединение многих людей, объединенных соглашением по вопросам права и общих интересов»


 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі қазіргі қоғамдық - саяси жағдайларды сипаттай отырып былай деген: «Демократиялық дамудың жалпыға бірдей танылған заңдылықтары мен біздің қоғамымыздың дәстүрлерін үйлестіре отырып, біз одан әрі де саяси жүйеде мемлекеттік құрылыстың Қазақстандық моделін жетілдіру жолымен жүре беретін боламыз. Бұл – біз мақтануға құқылы және бәріміз ұқыптылықпен сақтауға міндетті Қазақстандық "ноу-хау"» [1].


«Қастерлей білмесе, қасиеттің де құны қалмайды» деген аталы сөз бекер айтылмаса керек. Бағалай білсек, ел тәуелсіздігі – халық басына қонған бақ. 1990-шы жылдардың басында жаңа мемлекетті қалыптастыруда, заманауи уақыт талабына сай жұмыстар қолға алынды және дәл осы жылдар Қазақстан үшін тарихтың жарқын беттерін айқындаған жылдар еді. Әлеуметтік-экономикалық қатынастарды қайта құру, жаңаша қоғамдық жүйені қалыптастыру, әлемдік үдерістерге сүйенетін шаруашылықты жүргізудің жаңа сапалық үлгісін жасау қажет болды. Әсіресе реформалардың әлеуметтік бағыт ұстанғаны маңызға ие. Кәсіптік еркіндік, жаңа салық, бюджет, банк жүйелері, жекеше кәсіпорындар, шаруа, фермер қожалықтары дүниеге келіп жаңа экономикалық қатынастардың негізі қаланды, яғни нарық тетіктері жасалынды. Тарихи дамудың заманауи кезеңінің іс-қимылдары арқылы нәтижелі қарымды қадамдарға ұмтылыс жасалды. 

Ел мұраты – демократиялық даму және экономикалық тәуелсіздікке жету жолы болғандықтан, анық та айқын мақсат қойылды. 20 ғасырдың аяғы-21 ғасырдың басында Қазақстан өз тарихында жаңа кезеңмен ерекшеленеді,бұл мемлекеттік емес институттардың белсенділігімен,олардың қоғамдық қатынастардың барлық салаларындағы іс-әрекетімен байланысты болды.Азаматтық қоғамның негізгі қолданысы тұлғаның түрлі материалдық,рухани-мәдени және өзге қажеттіліктерін толық қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге қолайлы жағдай туғызу блып табылады.Дамыған азаматтық қоғам жағдайында азаматтардың мүмкіндіктері мен қабілеттерінің толыққанды жүзеге асырылуына,шынайы халық билігіне,тұлғаның қоғамның әлеуметтік-экономикалық,рухани және өзге де салаларында таңдау жасауға еркіндігіне алғышарттар жасалады.

Тұлға мен мемлекеттің арасында делдал бола отырып, азаматтық қоғам мемлекеттің заңға бағынуын, қоғамдық институттардың мемлекеттік билікке бақылау орнатуын, мемлекеттің тұлғаның жеке өмірінің барлық салаларына араласпауын, азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен бостандықтарының және заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекеттің өмір сүруі мүмкін емес, сондай-ақ, азаматтардың құқықтары, еркіндіктері және заңдық мүдделері қорғалмайды. Азаматтық қоғам барлық қоғамның гүлденуге қол жеткізуін, ел халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының артуын, қоғамның рухани-мәдени дамуын, мемлекеттің заңға бағынуын көздейді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негізінде мемлекеттік биліктің және қоғам өмірінің барлық салаларының реформалануы нәтижесінде жүзеге асады. Ол биліктің мемлекеттік құрылымдарымен мемлекеттік емес құрылымдар қоғамдық бірлестіктердің, ассоциациялардың, қозғалыстардың, одақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың іс-әрекеттерінің тең ынтымақтастығы мен үйлестірілуіне бағытталады.Қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.Қоғам — мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің ара қатынасын тәуелсіз - дербестікте дамыту [4]. Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады. Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі. Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша, азаматтардың құқықтарының шынайылығы әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске ас¬қан конституциялық мемлекет. Конституциялық құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.[1].Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары: 1)Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы кұбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын кұруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек. 2)Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі - өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі - өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нығайтуға болады. 3)Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі — өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Марк Тулий Цицерон өз дәуірінде: «Мемлекет –халықтың игілігі,ал халық –адамдардың кез келген бірлестігі емес,ол құқық және ортақ мүдде мәселелері бойынша келісіммен біріккен көптеген адамдардың бірлестігі» деген. Ол барлығына тең құқықтылық азаматтық қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығының кепілі болып табылады. Конститутцияда осы қағида көрініс тапқан.Конститутция-қазақстандық қоғам өмірінің барлық қырларына нәтижелі ықпал ететін қолданыстағы құжат.Конститутция-барлық қазақстандық заңнаманың өзегі. Республика Конституциясы Казақстандағы қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды. Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншікпен жеке меншікті (6-баптың 1-тармағы); адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін (П-бөлім); отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27-бап); идеологиялық және саяси әралуандылықты (5-бап) және тағы басқа Конституцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде қоғамды қалыптастырып, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты [5].Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын дамытуға бағытталды. Азаматтық қоғамды құруды елді демократияландырудың басты шарты деген көзқарас адамдар арасында бүгінде берік қалыптасқан. Сонымен, халықтың басым бөлігі – саясаткерлер де, қарапайым көзі ашық азаматтар да ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не?Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу, әлеуметтік жағынан қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру деген құқықтарын қамтамасыз ете ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден күткен сұраныстарына толық жол ашатын бірден-бір институт феномен бе, әлде олардың көңілі ауған уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам дегеніміз не? Азаматтық қоғам ұғымымен қатар, соңғы кезде «құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың тағы да ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.Қазіргі заманда құқықтық мемлекетті құру, қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады. Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне, жалпыазаматтық құндылықтарды және әлемдік практиканы есепке алуға негізделеді [3].

Бүгінгі таңдағы көзқарас бойынша, азаматтық қоғам бұл айтылғандармен қоса, демократиялық заңдар, биліктің тармақтарға жіктелуі, заң жүзіндегі оппозицияның болуы, көппартиялық жүйе сияқты басқа да азаматтық өмірдің құндылықтарын, адамдардың саяси және әлеуметтік бостандықтарын және олардың ассоциацияға, топқа, партияға бірлесуін жүзеге асырушы тетіктерді қамтиды. Азаматтық қоғам заңды тіркелген, құрылымды бекітілген және психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілген әлеуметтік-саяси қызметтің материалдық және идеялық плюрализммен ажырамас бірлікте. Ал адамның жеке өміріне ешбір қол сұғушылыққа жол берілмейді, ол тек заңды бұзып, оған қайшы келмесе болғаны. Адам құқығы басты орындағы мәселе.

Соңғы кездері «құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың тағы бір ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.

Құқықтың мемлекет терминінің өзі ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында неміс ғалымдарының еңбектерінде жарық көрді. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық мемлекет теориясы құқықтық мемлекет жөніндегі үстемдігін бекітті. Қазіргі кезеңде теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі – мемлекет пен адам арасындағы байланыста басымдықтың адамға берілуі. Мемлекеттің міндеті тек адамдардың кейбір топтарына ғана қатысты емес, жекелей алғанда әрбір адамның мүддесіне қатысты басқарушылық шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да құқықтық мемлекет құрудың мәселелерін кешенді түрде талқылау бірінші кезектегі міндетке жатады.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 16.02.2008 ж. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 ж.

3. Оспанов К.И. Құқық негіздері. Алматы. Жеті Жарғы, 2007 ж.

4. Баққұлов С. Құқық негіздері. - Алматы, 2004 ж.

5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы, 1995ж.

 

 

 






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Право

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытудың заңды тетіктері»

Автор: Саидова Гулвира Саитовна

Дата: 30.10.2017

Номер свидетельства: 435520

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "«Бірлігіміз жарасқан»"
    ["seo_title"] => string(24) "birlighimiz_zharask_an_2"
    ["file_id"] => string(6) "469687"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1526378855"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства