kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мәжбүрлеп орындату шаралары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дәрістің мақсаты:Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың түсінігін ашып, мәжбүрлеу шараларының түрлерін қарастыру, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер
тізілімін құрастыру тәртібін белгілеу,борышкерлерді тізілімге енгізу үшін қажет мәліметтерді қарастыру.

Түйінді сөздері:Атқарушылық құжаттар, борышкерлер
тізілімі,мәжбүрлеу шаралары,атқарушылық іс жүргізу, лицензиялар мен рұхсаттар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мәжбүрлеп орындату шаралары»

6 тақырып. Мәжбүрлеп орындату шаралары

Дәрістің мақсаты: Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың түсінігін ашып, мәжбүрлеу шараларының түрлерін қарастыру, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер
тізілімін құрастыру тәртібін белгілеу, борышкерлерді тізілімге енгізу үшін қажет мәліметтерді қарастыру.

Түйінді сөздері: Атқарушылық құжаттар, борышкерлер
тізілімі, мәжбүрлеу шаралары, атқарушылық іс жүргізу, лицензиялар мен рұхсаттар

Дәріс сұрақтары:

  1. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.

  2. Борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеулер.

  3. Лицензиялар мен рұқсаттарды беру және олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеулер.

  1. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.

Сот орындаушысы өзінің іс жүргізуіне қабылдаған атқарушылық құжат және «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңында көзделген ерікті түрде орындауға арналған мерзімнің өтіп кетуі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға негіз болып табылады.

       Сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.
      Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар мыналар болып табылады:
      1) борышкердің өзіндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы (оның ішінде банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса есептегенде, мүлкіне тыйым салу;
      2) борышкердiң өзiндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы мүлкiн алып қою;
     3) борышкердiң белгiлi бiр әрекеттер жасауына тыйым салу;
      4) борышкердiң оған меншiк құқығы негiзiнде тиесiлi мүлiктi, оның iшiнде ақшаны пайдалануына тыйым салу не оларды сот атқарушысы белгiлеген шекте пайдалануға нұсқау беру;
     5) борышкер мүлкiне сүргi салу;
     6) құқық белгiлейтiн құжаттарды алып қою;
      7) басқа адамдардың борышкерге мүлiк, оның iшiнде ақша беруiне немесе оған қатысты өзге де мiндеттемелерді орындауына тыйым салу.
      Қажет болған жағдайларда орындауды қамтамасыз етудiң бiрнеше түрi қолданылуы мүмкiн. Қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқасымен ауыстыру туралы мәселенi сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзу тараптарының арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша қарайды. Қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқасымен ауыстыру туралы мәселенi қарау бұрын белгiленген қамтамасыз ету шараларының қолданылуын тоқтата тұрмайды.
      Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, кейiнге қалдыру, мерзiмiн жылжыту немесе ұзарту aтқapушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде бұрын белгiленген шаралардың күшін жоюға әкеп соқпайды.
      Жеке сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен алынатын сот санкциясымен қолданады.

  1. Борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын
                  уақытша шектеулер

    Борышкер атқарушылық құжаттағы талаптарды дәлелсіз себептермен белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті.
      Борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады.
    Көрсетілген қаулының көшірмелері борышкерге назарға алу үшін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметiне орындау үшін жіберіледі.Егер атқарушылық құжат сот актісі болып табылмаса және сот актісінің негізінде берілмесе, онда өндіріп алушы немесе мемлекеттік сот орындаушысы борышкер үшін Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеуді белгілеу туралы ұсыныспен сотқа жүгінуге құқылы.

    3. Лицензиялар мен рұқсаттарды беру және олардың
              қолданылуы саласындағы уақытша шектеулер

Лицензиялар мен рұқсаттарды беру және олардың
қолданылуы саласындағы уақытша шектеулерге келесілер жатады:

    .Борышкер:
      1) жеке адамнан бес жүз айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;
      2) заңды тұлғадан екі мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;
     3) мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжатты дәлелсіз себептермен орындамаған жағдайда сот орындаушысы Заңның 39-бабында көзделген орындау мерзімі өткеннен кейін, ал алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша борышкер үш ай бойы алимент төлемеген және жүз айлық есептік көрсеткіштен астам берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялар мен рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жібереді. Сот ұсынысты Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. Сот орындаушысының ұсынысын қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымының көшірмелері борышкерге және орындау үшін тиісті уәкілетті органдарға жіберіледі.
      Сот орындаушысының осы жіберілген ұсынысын қараудың нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымын борышкер мен барлық лицензиарлар және рұқсаттар беруге уәкілетті өзге де мемлекеттік органдар орындауға міндетті.

      Борышкер ерікті түрде орындау үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін сот орындаушысының талабы бойынша оған өзінде бар мүлік туралы ақпарат беруге, сондай-ақ табыс көздері туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті. Ақпарат беру нысанын уәкілетті орган бекітеді.  Берілетін ақпаратта борышкер өзіне тиесілі барлық мүліктік талаптар негіздерін көрсетуге де міндетті. Осы мәліметтерді беруден бас тарту не көрінеу жалған мәліметтер беру атқарушылық құжатты қасақана орындамау болып табылады.

      Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер
              тізілімі.

      Уәкілетті орган атқарушылық құжаттар бойынша төлем жасамаушылар туралы мәліметтер тарату мақсатында атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің республикалық тізілімін жүргізеді. Тізілім уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
      Борышкерлерді тізілімге енгізу үшін мәліметтерді сот орындаушылары атқарушылық құжатты ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін үш күн ішінде жібереді.
     Аталған мәліметтер:
      1) борышкердің тегін, атын, әкесінің атын не борышкер-ұйымның атауын;
      2) атқарушылық құжатты берген органды, берілген күнін және борышкер орындамаған міндеттің мазмұнын;
      3) аталған мәліметтерді жіберген сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын және оның қызмет аумағын қамтиды.
      Атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде сот орындаушысы уәкілетті органға борышкерді тізілімнен алып тастауға негіз болып табылатын тиісті ақпарат жібереді.

Тез орындалуы тиіс шешімдерге мыналар жатады:

  • алиментерді өндіру;

  • жұмысшыға жалақысын өндіру үш айдан аспайтын мерзімде;

  • жұмысты қалпына келтіру туралы;

  • зақымданумен немесе жарақат алумен денсаулыққа келтірлегн сондай – ақ асыраушысынан айырылу арқылы келтірілген зиянды өндіру туралы шешімді үш айдан аспайтын мерзімде.

Тез арада орындалуға тиісті сот шешімі бойынша орындау қағазы жазылып, шешім шығарылғаннан кейін тез арада орындауға жіберіледі.

Шешімді тез арада орындау туралы мәселе, егерде ол шешімді шығарар кезде шешілмеген болса, сот отырысында қаралады. Іске қатысушы тұлғаларға сот отырысынң болатын уақыты мен орны хабарланады, бірақ олардың сот отырысына келмеуі шешімді тез арада орындау туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.

Шешімді тез арада орындау туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағым, наразылық білдіруге болады. Шешімді тез арада орындау туралы мәселе бойынша сот шешіміне жеке шағым беру, наразылық білдіру осы ұйғарымды орындауды тоқтады.

Атқару құжаты жоғалған жағдайда өндіру үшін негіз орындау құжатын берген органның сол құжатттың екінші түпнұсқасы болып табылады. Егер де оның мазмұны заңда бекітілген төмендегі талаптарға сай келмейтін болса, орындау қағазын сот орындаушысы оны берген органға қайтаруы тиіс.

  • тараптардың деректемелері жоқ немесе ол түгел көрсетілмеген;

  • шығарылған актінің қарар бөлімінде азаматтық құқықтық дау бойынша мәселені шешу сөзбе-сөз емес, толық емес жазылған;

  • актінің заңды күшіне енген күні, сондай-ақ оны орындауға ұсыну мерзімі көрсетілмеген.

Аталған жағдайларда сот орындаушысы бір күн ішінде актіні қайтару туралы қаулыны шығарып, оны шығарған органға жібереді, сондай- ақ бұл туралы өндірушіге хабарлайды. Қайтарылған актідегі қателіктер түзетілгеннен кейін қайта түскен күні орындауға берілген күні деп саналады.

Сот актісін мәжбүрлі түрде орындау үшін негіз сот орындаушысының өз ісіне қабылдаған атқару өндірісі болып табылады.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. 1995 жылдың 30 тамызындағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген нұсқасы, А.:, Юрист, 2013 ж.

  2. Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңы Алматы, «Юрист», 2013 ж.

  3. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi № 150 «Сот приставы туралы» Заңы

  4. Егембердиев Е.О.Атқарушылық іс жүргізу: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2006. - 160 б. - ISBN 9965-35-106-6

  5. Андреева Т. К., Шерстюк В. М. Исполнительное производство в Российской Федерации (в вопросах и ответах). — М., 2000.

  6. . Исполнительное производство. — 3-е изд., доп. и перераб. / Под ред. Я. Ф. Фархтдинова. — СПб.: Питер, 2004.

  7. Пособие по исполнительному производству для судебных приставов-исполнителей: Учеб. пособие / Отв. ред. И. В. Решетникова. — М., 2000.

  8. Нұрмашев Ү., Нұрмашева Ф Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы; Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2009.- 400 бет

Бақылау сұрақтары:

  1. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды атаңыз

  2. Мәжбүрлеу шараларының түрлері қандай?

  3. атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер
    тізілімін құрастыру тәртібі қандай?

  4. Борышкерлерді тізілімге енгізу үшін қандай мәліметтер қажет?



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Право

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мәжбүрлеп орындату шаралары

Автор: Исаева Жанат Амандыковна

Дата: 26.06.2019

Номер свидетельства: 516039


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства