Просмотр содержимого документа
«Алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау ерекшеліктері»
ашық сабақ жоспары
Пән аты: Атқару өндірісі
пән оқытушысы: «Құқықтану» кафедрасының доценті, Исаева Жанат
Оқу тобы: Ю-15-1
Белгіленген мерзім: 20.11.2018. сағат:12.50
Дәрісхана: №206
сабақтың тақырыбы: Алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау ерекшеліктері
Қаралатын сұрақтар:
1. Борышкердің жалақысы болмаған жағдайда алимент өндiрiп алу тәртiбi
2. Борышкердiң жұмыс орны мен табысы туралы мәлiметтер
Сабақтың мақсаты: Борышкерден алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындаудың ерекшеліктерін айқындау Білімділік: Алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау ерекшеліктерімен таныстыру.
Сабақтың дамытушылығы: Қылмыстық және азаматтық істер бойынша сөзін құрастыра және сөйлей білуді машықтану. Ол үшін сөйлеу техникасын игеру, сұрақтар қоя білу және қорытында жасай білуді үйрену
Сабақ түрі: Лекция
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, ҚР Конституциясы, ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі, ҚР азаматтық процестік кодексі, оқулық, қосымша әдебиеттер, слайдтар, видеофильмдер.
Пәнаралық байланыс: ҚР Азаматтық құқығы, ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы, Отбасылық құқығы, Заң психологиясы
Оқыту әдісі: өзіндік ізденіс, пікірталас, ойды дамыту, талқылау
Базалық ұғым: Мемлекет және құқық теориясы және Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Азаматтық құқығы, ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы, Отбасылық құқығы, Атқару өндірісі
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі;
2. Өткен сабақты қайталау;
3. Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру;
4. Жаңа сабақ;
5. Студенттерге сабақтың мақсатын таныстыру;
6. Бекіту, қорытындылау.
1. Борышкердің жалақысы болмаған жағдайда алимент өндiрiп алу тәртiбi
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261 заңының 99-б. 1-т, 2-т 1-1-т), 3-т. сәйкес алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда сот орындаушысы осы Заңның 32-бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолданады және осы Заңның 61-бабына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті қоспағанда, борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолданады.
Мүлiктен өндiрiп алу туралы сот орындаушысы қаулы шығарады. Берешек өтелген кезде атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етудің қолданылған шаралары тоқтатылуға жатады. Алименттер бойынша берешек мөлшерiн сот орындаушысы өндiрiп алушының таңдауы бойынша борышкердiң өндiрiп алу жүргiзiлмеген уақыт iшiнде алған не оның берешегi айқындалған кезде алған нақты жалақысын (табысын) негiзге ала отырып, шешiм орындалатын жерде белгiлейдi. Егер борышкер бұл кезеңде жұмыс icтeмeген немесе оның жалақысын және өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, алимент бойынша берешек оны өндiрiп алу кезiнде Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшерi негізге ала отырып айқындалады.
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу тәртібін айқындайды.
Жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу мынадай істердің әлеуметтік-маңызды санаттары бойынша:
1) алиментті өндіріп алу туралы: борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешек болғанда; борышкердің тұрақты кірісі, жұмыс орны және өндіріп алуға болатын мүлкі болмағанда;
2) жалақыны өндіріп алу туралы: өндіріп алуға болатын ақшалай қаражат және мүлік болмағанда жүзеге асырылады.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 117-1-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу әкімшісі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі болып табылатын республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылады.
Жеке сот орындаушысының алиментті және жалақыны өндіріп алу туралы проблемалық атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметіне ақы төлеуді осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес жеке сот орындаушысының атқарушылық әрекеттерді жасау туралы есебінің негізінде аумақтық әділет органдары жүргізеді.
Есепте жеке сот орындаушылары жүргізген мынадай атқарушылық әрекеттер туралы мәліметтер қамтылады:
1) борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешек болған кезде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы тараптарға хабарлау;
зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер;
жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары);
атқарушылық іс жүргізу тараптарын сот орындаушысына шақырту;
борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою;
соттың борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұйғарымы;
борышкерге қатысты үш және одан көп ай берешегін айқындау туралы қаулы;
2) борышкердің тұрақты кірісі, жұмыс орны және өндіріп алуға болатын мүлкі болмаған кезде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы тараптарға хабарлау;
зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер;
жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары);
міндетті тұлғаның алименттік міндеттемелерін үш айдан астам уақыт орындамағанын растайтын берешегін айқындау туралы қаулы;
борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін аумақтық органға бағытталған материалдарды жіберуге;
өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы болған жағдайда, қылмыстық қудалау органына сот актiлерiн орындаудан қасақана жалтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы енгізілген ұсынысы.
Борышкерді әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген ұсыныстарды жіберген кезде, ұсыныстармен қоса мынадай құжаттар берілуі тиіс:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкердің әкімшілік жауаптылығы туралы ескертілгендігін растайтын құжаттар;
сот актісін орындау туралы хабарламалар немесе талаптар;
өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы;
борышкердің үш және одан да көп айларға берешегін айқындау туралы қаулы;
борышкердің атында өндіріп алуға болатын жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығын растайтын мәліметтер және өзге де құжаттар.
3) өндіріп алуға болатын ақшалай қаражат және мүлік болмаған кезде жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы тараптарға хабарлау;
жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары);
борышкер болып табылатын заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою;
лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тексеру туралы мәліметтер және борышкерге лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тоқтата тұру туралы ұсынысты сотқа жолдау;
атқарушылық іс жүргізу тараптарын сот орындаушысына шақырту;
дебиторлық берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер (мемлекеттік кірістер және бухгалтерия органдарынан алынған ақпарат);
борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы не бас тарту туралы сот актісі, уәкілетті органның қылмыстық жауапкершілікке тарту не құрамының жоқ болуына байланысты сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы қаулысы.
Есепке жеке сот орындаушысының қаулыларының көшірмелері және жүргізілген атқарушылық әрекеттерді растайтын басқа құжаттар қоса беріледі.
6. Есептік кезеңде алиментті және жалақыны өндіріп алу туралы жасалған атқарушылық әрекеттер туралы есептің көшірмелері жеке сот орындаушысының іс жүргізуіне тіркеледі.
8. Аумақтық әділет органы жеке сот орындаушыларының есептерінің және оларға қоса берілген құжаттардың көшірмелерінің негізділігі мен дұрыстығын 3 жұмыс күні ішінде тексереді және жеке сот орындаушыларына төленуі тиіс қаражатты қаржыландыруға өтінім жасайды.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда нақты кемшіліктерін көрсетумен ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін 3 жұмыс күні ішінде қайтарады.
9. Жеке сот орындаушысының алиментті және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындаумен байланысты қызметіне ақы төлеу бір атқарушылық іс жүргізу бойынша жылына бір рет жүргізіледі. Аталған төлем ағымдағы жылдың бірінші не екінші жартыжылдығында төленеді.
Төлем кезінде атқарушылық құжат жеке сот орындаушысының іс жүргізуінде болуы тиіс.
10. Төлем атқарушылық әрекеттерді жасағаны туралы есеп келіп түскен кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушысының жеке шотына аудару арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi» туралы 2010 жылғы 2 сәуірінде қабылданған Заңның 99 бабында борышкердің жалақысы (айлығы) болмаған жағдайда алимент өндіру жағдайлары көрсетілген.
Борышкердiң жалақысы болмаған жағдайда алимент өндiрiп алу тәртiбi 1. Алимент төлемдерiн жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы қатарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаған жағдайда олар борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алынады, бұған осы Заңның 61-бабына сәйкес өндiрiп алуға болмайтын мүлiк кiрмейдi. Мүлiктен өндiрiп алу туралы сот орындаушысы қаулы шығарады. 2. Алименттер бойынша берешек мөлшерiн сот орындаушысы өндiрiп алушының таңдауы бойынша борышкердiң өндiрiп алу жүргiзiлмеген уақыт iшiнде алған не оның берешегi айқындалған кезде алған нақты жалақысын (табысын) негiзге ала отырып, шешiм орындалатын жерде белгiлейдi.
3. Егер борышкер бұл кезеңде жұмыс icтeмeген немесе оның жалақысын және өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, алимент бойынша берешек оны өндiрiп алу кезiнде тұрған өңiрдегi (облыстағы, астанадағы немесе республикалық маңызы бар қаладағы) орташа айлық жалақы мөлшерi негiзге ала отырып айқындалады.
4. Борышкердiң алимент бойынша берешегi оны төлеуден жалтару салдарынан құралған жағдайда берешек сомасына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 353-бабына сәйкес тұрақсыздық айыпақы есептеледi.
61-бап. Өндiрiп алуды қолдануға болмайтын мүлiк Борышкерге меншiк құқығы негiзiнде тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын, борышкерге және оның асырауындағы адамдарға қажеттi мүлiктiң мына түрлерiне атқарушылық құжаттар бойынша өндiрiп алуды қолдануға болмайды: 1. Yй жасауының заттары, керек-жарақтар: 1) аң терiсiнен тiгiлген және басқа да бағалы киiм-кешектер (eгep ең төмен күнкөрiс деңгейiн қамтамасыз ету үшiн оны алмастыра алатын өзге де киiм-кешек бар болса), асхана сервиздерiн, бағалы металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдiк құндылығы бар заттарды қоспағанда, пайдаланылып жүрген киiм-кешек, аяқ киiм, iш киiм, төсек-орын жабдығы, ас үй және асхана керек-жарақтары; 2) борышкерге және оның отбасы мүшелерiне ең аз мөлшерде қажеттi жиhаз (әрбiр адамға бiр төсек пен бiр орындықтан, отбасына бiр үстел, бiр шкаф және бiр сандық); 3) балаларға арналған барлық жабдықтар. 2. Егер борышкердiң негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болса, борышкер мен оның отбасы үшiн жаңа астыққа дейiн қажеттi мөлшердегi тамақ өнiмдерi, шаруашылық құрылыстары және борышкер мен оның отбасының қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға қажеттi мөлшердегi үй малы, сондай-ақ малға арналған жем-шөп, ал басқа жағдайларда - тамақ өнiмдерi және жалпы сомасы ең төменгi жалақыдан аспайтын мөлшердегi ақша. 3. Тамақ даярлауға және отбасының тұрғын үй-жайын жылытуға арналған отын. 4. Борышкер соттың үкiмiмен белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе ол құрал-сайманды қылмыс жасау үшiн пайдаланған жағдайларды қоспағанда, борышкердiң кәсiби қызметiн жалғастыруына қажеттi құрал-сайман (оның iшiнде оқу құралдары мен кiтаптар). 5. Мүгедектердiң жүрiп-тұруына арналған арнайы көлiк құралдары. 6. Борышкер марапатталған халықаралық, мемлекеттiк және өзге де жүлделер. Сауда-саттық ұйымдастырушыларының сауда жүйелерiнде ашық сауда-саттық әдiсiмен жасалған репо операциялары бойынша оның нысанасы болып табылатын мүлiк осы репо операциялары жабылғаннан кейiн ғана өндiрiп алынуы мүмкiн.
2. Борышкердiң жұмыс орны мен табысы туралы мәлiметтер
Борышкермен еңбек қатынасында тұрған немесе ол табыс алатын адамдар сот орындаушысы тағайындаған мерзiмде борышкердiң жұмыс орны мен оның табыстары, атқарушылық құжатқа сәйкес ұстап қалу жүргiзiлгендiгi және өндiрiп алынған соманың өндiрiп алушыға жiберiлгендiгi туралы, борышкердiң ақша сомалары мен мүлкiнен өндiрiп алу жөнiнде, сондай-ақ борышкердiң жұмыстан босатылғаны туралы, егер өздерiне белгiлi болса, оның жаңа жұмыс орны немесе тұратын жерi туралы дәйекті мәлiметтер беруге мiндеттi. Сот орындаушысының бұл талаптарын орындамау әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңының 45-бабына сәйкес сот орындаушысы сотқа борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныс жібереді.
Iздеу салуды соттың ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.
Борышкерге іздеу салуды және өндіріп алуға болатын мүліктің жоқтығын жариялау кезінде, атқару өндірісі борышкердің орналасқан жері белгiленгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Ескерту: Борышкердің немесе оның мүлкiнiң орналасқан жерi белгiленген жағдайда, атқару өндірісі қайта жаңғыртылады және атқару өндірісі туралы заңнамамен көзделген шаралар қабылданады.
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңының 55-бабына сәйкес бірінші кезекте борышкердiң ақша сомаларынан өндiрiп алу, оның iшiнде банктерде және ұйымдарда тұрған ақша сомаларына да қолданылады, бухгалтерлiк (кассалық) құжаттары бойынша көрсетiлген сомаларынан өндiрiп алу олар ұсынылған соң борышкердiң келiсiмiне қарамастан немесе олардың сақталу орнына қарамастан табылған соң дереу жүргiзiледi. Борышкердiң қолма-қол ақша сомалары, оның iшiнде борышкер кассасының сейфiнде сақтаулы және осы кассаның оқшауланған бөлмесiнде немесе борышкердiң өзге де бөлмелерiнде сақтаулы ақша сомалары, егер олардың борышкерге тиесiлi екендiгi анық белгiлi болса, табылғаннан кейiн дереу алып қойылуға тиiс.
Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша сомасы болмаған кезде өндіріп алу борышкерге тиесілі басқа мүлікке қолданылады. Сот орындаушысы өндіріп алушының немесе бір кезектегі өндіріп алушылардың және борышкердің жазбаша келісуімен осы Заңның 68-бабына сәйкес мүлікті алдын ала бағалап, оны өткізбей, сол қалпында беруге құқылы. Борышкердің іздеу салуда болуы оның мүлкінен өндіріп алуға кедергі болып табылмайды.
Ескерту: «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңының 55-бабына сәйкес орындау жөніндегі шығыстар және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар ескеріле отырып, атқарушылық құжатты орындау үшiн қажеттi мөлшерде және көлемде борышкер мүлкiнен өндiрiлiп алынады.
Борышкердiң басқа мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда, өндiрiп алу борышкердiң атқарушылық құжат бойынша құны өндiрiп алу мөлшерiнен асатын мүлкiне қолданылуы мүмкiн.
Мұндай жағдайларда мүлiктi сатқаннан түскен сома, атқарушылық құжат бойынша өндiрiп алынған сома мен орындау жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жөніндегі сомалар шегерiле отырып, борышкерге қайтарылады. Сот орындаушысы борышкердің мүлкінен, оның ішінде ортақ мүліктегі үлесінен өндіріп алуды Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен алынатын сот санкциясымен жүзеге асырады.