Қысқы ойындар туралы мағлұмат беру, аққала ойыны.
Просмотр содержимого документа
«Қитар Рысты Алпысбайқызы»
Сабақтың тақырыбы: Аққала.
Мақсаттары:
Коррекциялық білімділік мақсаты: Оқушыларға қыс мезгілі туралы түсінік беру,қыс айларын атап айту, қағаздан аққала құрастырып жасау.
Коррекциялық дамытушылық мақсаты: Оқушылардың көріп-қабылдауын, естіп-қабылдауын ,ойлауын,сөйлеу тілін жетілдіру.
Коррекциялық тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қыс мезгілінің суреттері, аққала суреті.
Сабақтың кезеңдері:
Психологиялық-педагогикалық әзірлік.
Үй тапсырмасын тексеру.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қыс айларын ата. Бүгінгі күннің жадысы.
Өткен сабақта қыс мезгіліндегі ойындар туралы айттық.
-Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?
- Қане ,тақтадағы суретке қарайық.
Сырғанақты немен сырғанаймыз?
Шанамен не үшін қыста ғана сырғанайды?
Жаңа сабақ
-Тағыда ,қыста ойнайтын қандай ойынды білесіңдер?
-Қыста жерде не жатады?
-Қардан не жасауға болады?
-Қардан аққала жасап көрдің бе?
Суретпен жұмыс
Ауыл алды ақша қар
Ақша қарда балалар
Соғып жатыр аққала
-Аққаланы қардан осылай жасайды.
Сергіту сәті.
Боран соқса оң жақтан
Боран соқса сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ
Су өтеді қолғаптан
Қимылмен орындайды.
Аққала құрастыру ойыны
Мына пішіндерден біздерде аққала құрастырайық.
1.Қандай пішіндерден қурастыруға болады?
2. Қалай құрастырамыз?
Аққаламыз қандай әдемі !
Дәптермен жұмыс. Құрастырған суретке қарап дәптердегі аққала суретін бояуды ұйымдастыру.
Жеке жұмыс . Жекелеген оқушыларға көмек беру.
Жұмбақ . Шелек қалпақ басында
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан туатын
Тауып көрші сен оны (Аққала)
Қорытынды
-Аққаланы неден соғамыз?
-Аққаланы қалай жасаймыз?
-Біз аққаланы неден құрастырдық?