kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Темекі, ішімдік және есірткімен күрес – қазіргі замандағы мәселе».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Темекінің,ішімдіктің,есірткінің адамға зияны

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Темекі, ішімдік және есірткімен күрес – қазіргі замандағы мәселе».»

Шұбалаң негізгі мектебінің психолог маманы

Алпысбаева Индира Орынбаевна

«Темекі, ішімдік және есірткімен күрес – қазіргі замандағы мәселе».

Темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және олардың адам ағзасына қаншалықты зиянды әсері туралы көп айтылады. Қазіргі замандағы қоғамда оларды жеңіл түрде «зиянды әдет» деп атайды, ал ішімдікпен және есірткіні тіптен «мәдениетті» уға айналдырды. Алайда, сол «мәдениетті» улар отбасында, қызметте көптеген жамандық пен қасірет әкеледі және қоғам үшін әлеуметтік кесір болып табылады.

         Осы денсаулыққа зиянды факторлар, тек аталған зиянды әдеттері бар адамдарға ғана тән мәселе емес, сондай – ақ барлық қоғам үшін мәселе.

         Темекі тарту – темекі тартатын адам үшін де, сонымен қатар темекі тартпайтын жарты халық үшін де қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. Біріншісі үшін – темекі тартуды тастау мәселе болса, екіншісі үшін – темекі тартатын қоғам әсерінен аулақ жүру және жаман әдетті «жұқтырмау», сонымен қоса ішке алма- кезек тартылған дем қауіпсіз болмағандықтан өз денсаулығынды темекіден сақтау мәселесі болып табылады.

         Бүгінгі күнде ішімдік – өзекті мәселе. Әдетте ішімдікке бейімделген ер адамдар мен әйелдер өздерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін отбасын және балаларын ескермейді. Ата – аналарының зиянды дағдылары үшін балалары есеп айырылысады. Ішімдіктің зияндығы көптеген балалардың жүйке – психикалық ауыруына себеп болып табылатындығын медициналық зерттеулермен баяғыда дәлелденген болатын. Сонымен қоса, ішімдікке деген құмартушылық – қылмыстық құқық бұзушылық жасауға итермелейтін алғышарттардың бірі.

Ішімдіңтің тіпті ең кішкентай мөлшері жамандықтың немесе бақытсыздықтың себебіне әкеп соқтыруы мүмкін: жарақат, жол апаты, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға, еңбекке қабілеттілігенен айыруға, отбасының ыдырауына, рухани қажеттіліктерді және жігерлі адамгершілік қасиеттерді жоғалтуға.

         Егерде темекі және ішімдікке тәуелділік мәселесімен жұртшылық ерікті түрде алдын алу және ескерту деңгейінде күрессе, онда басқасымен, ең қауіпті зиянды дағдымен әңгіме қысқаша. Есірткіні қолдану және есірткіні көпшілікке тарату үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Есірткіге тәуелділік – бұд адам психикалық белсенді заттарды қолданғаннан кейін өрлейтін өте қауіпті созылмалы ауру.         Жыл сайын есірткіге тәуелділік сұмдық ауқымға көтерілуде. Есірткіні дайындаушылар адамға күдікті «ләззат» әкелетін жаңадан заттар ойлап табуда және көбінесе осы заттарды қолдану әлдеқайда қауіпті.

         Есірткіге тәуелсізділік мәселесі – ол тек жеке адамның немесе нашақор тұратын жеке отбасының мәселесі ғана емес, бұл барлық қоғамның мәселесі болып табылады.

         Соншылықты зиянды әдеттерді жоюға тек жеке мемлекет ғана емес, сонымен қоса бүтіндей адамзат тырысуда. Адамдардың сана – сезімімен күресі оңай жұмыс емес. Сол себепті бұл мәселеде ең басты «қару» ақпарат болып табылады. Бізді күнделікті айналамыздағы жақын адамдарымыз, достармыз, әріптестеріміз, көршілер, тіпті жай таныстарымыз қоршалайды және тек біздің ынтамыздан көп нәрселер байланысты. Айналамызға қамқор болуымыз керек, әр адам айналамыздағылардың өмірін ойрандататын «зиянды әдетер» салдарын білу қажет.

         Сіз өзіңізді – өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, темекіден, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.

Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді.

Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.

Денсаулығымыз мықты болып, салауатты өмір салтын ұстанайық.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Окружающий мир

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Темекі, ішімдік және есірткімен күрес – қазіргі замандағы мәселе».

Автор: Алпысбаева Индира Орынбаевна

Дата: 31.01.2018

Номер свидетельства: 453811


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства