kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қаныш Сатпаев атындағы орта мектеп КММ 2017-2018 оқу жылындағы 6в сыныбының жазғы экскурсияға барғаны жайлы есеп

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жазғы демалыста оқушылармен бірге Еңбекшіқазақ ауданындағыДәркенбай атаның мұражайына баруды жөн көрдік. Қазақтың тума та­лант дарыны, қол­өнер ісінің көркем ше­бері, зергер—ұста, марқұмДәркембай Шоқ­парұлының ине­мен құдық қазғандай термелеп жиған жәді­герлері, өзінің қолмен өріп, соққан бұйым­дарыбүгінде еліміз­дің алтыннан қымбат та­рихи қазынасына ай­нал­ғаны бәрімізге мәлім.Еңбекшіқазақ ауданындағы Ақши ауылынан орын тепкен, алға­шында шағын ғана ұста­хана болып басталған шебер­хана ауқымы кеңейе келе облыс әкімінің қолдауы­мен «Ұста Дәркембай атындағы облыстық қолөнер мұражайына» айнал­ды.Балалар халқымыздың дәстүрлі қол­өнерін қастерлеп, өнерге ұмты­лысымен дара шыққан Дәркембай Шоқпарұлы жас­тайынан ұсталыққа, ағаш ше­бер­лігі мен сурет салуға үйір болып, дарынын еңбекпен ұштасқанын білді. Ағаш түбірлері, діңі мен бұтақ тамырларынан ойып мүсіндеген туындылары – «Ахмет ата», «Қазақ ыдыс­тары», «Асадал», «Асық», «Те­ке» және «Мешін» бетпердесі, тастан қашал­ған «Студент қыз», темірден түйіл­ген «Қыз бен кесіртке», жез-күмістен жасалған әшекей, зергерлік бұйым­дары сонау 70-жыл­дар­дың орта тұсында-ақ таңдай қақтыра ауызға ілініп, тіптен бұрынғы одақта және Қазақ­стан, Орта Азия елдерінің өнер көрмесінен орын алып, Венг­рия, Чехословакия, Румыния елде­рінде және Индия, Бирмада өткен қолөнер шеберлерінің жарысына қатысады. «Балуан» атты туындысы 1974 жылы Сі­бір қалалары Кемерово, Но­воси­бирск, Омск және Павло­дарда өткен Қазақстанның жас суретшілері жылжымалы көр­месі де тамашалаған екен. Бүгін­де мұражай өнер туынды­лары тарапынан облыс беделін аспан­датқан.Дәркембай Шоқпарұлы 1996 жылы шеберханасын Алматыдан Ақшиауылындағы жекеменшік үйіне көшіріп әкеліп, дарынды жастарды қолөнер шеберлігіне баули бастайды әрі көне бұйым­дар көрмесін ұйымдас­тырып, оны қызықтаушыларға есік ашқан.  «Жігітке жеті өнер де аз» атты көрме залына ұштасып, «Халқы­мыз­дың үй жиһаз­дары» бөлімімен жалғасқан. Одан ұлтымыздың күнделікті тұтынатын таптырмас байырғы заттарын көруге бола­ды. Сонымен бірге оқушыларды «Халық саз аспаптары», «Құрал-саймандар, аңшылық саятшы­лық» бөлімі тіптен ерек­ше. «Ер-тұрман, қару-жарақ, зергерлік бұйым­дар, ұстаның пайда­ланған заттары» бөлімін­дегі құндылықтар көз сүрін­діреді. Бірінен-бірі қызық­ты заттар оқушыларды тәнті ете таңдан­дыра, тамсандырды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қаныш Сатпаев атындағы орта мектеп КММ 2017-2018 оқу жылындағы 6в сыныбының жазғы экскурсияға барғаны жайлы есеп»

Қаныш Сатпаев атындағы орта мектеп КММ 2017-2018 оқу жылындағы 6в сыныбының жазғы экскурсияға барғаны жайлы есеп

Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында өткізілген іс-шараларға мектептің оқушыларын белсенді қатыстыру

Жазғы демалыста оқушылармен бірге Еңбекшіқазақ ауданындағыДәркенбай атаның мұражайына баруды жөн көрдік. Қазақтың тума та­лант дарыны, қол­өнер ісінің көркем ше­бері, зергер—ұста, марқұмДәркембай Шоқ­парұлының ине­мен құдық қазғандай термелеп жиған жәді­герлері, өзінің қолмен өріп, соққан бұйым­дарыбүгінде еліміз­дің алтыннан қымбат та­рихи қазынасына ай­нал­ғаны бәрімізге мәлім..Еңбекшіқазақ ауданындағы Ақши ауылынан орын тепкен, алға­шында шағын ғана ұста­хана болып басталған шебер­хана ауқымы кеңейе келе облыс әкімінің қолдауы­мен «Ұста Дәркембай атындағы облыстық қолөнер мұражайына» айнал­ды.Балалар халқымыздың дәстүрлі қол­өнерін қастерлеп, өнерге ұмты­лысымен дара шыққан Дәркембай Шоқпарұлы жас­тайынан ұсталыққа, ағаш ше­бер­лігі мен сурет салуға үйір болып, дарынын еңбекпен ұштасқанын білді. Ағаш түбірлері, діңі мен бұтақ тамырларынан ойып мүсіндеген туындылары – «Ахмет ата», «Қазақ ыдыс­тары», «Асадал», «Асық», «Те­ке» және «Мешін» бетпердесі, тастан қашал­ған «Студент қыз», темірден түйіл­ген «Қыз бен кесіртке», жез-күмістен жасалған әшекей, зергерлік бұйым­дары сонау 70-жыл­дар­дың орта тұсында-ақ таңдай қақтыра ауызға ілініп, тіптен бұрынғы одақта және Қазақ­стан, Орта Азия елдерінің өнер көрмесінен орын алып, Венг­рия, Чехословакия, Румыния елде­рінде және Индия, Бирмада өткен қолөнер шеберлерінің жарысына қатысады. «Балуан» атты туындысы 1974 жылы Сі­бір қалалары Кемерово, Но­воси­бирск, Омск және Павло­дарда өткен Қазақстанның жас суретшілері жылжымалы көр­месі де тамашалаған екен. Бүгін­де мұражай өнер туынды­лары тарапынан облыс беделін аспан­датқан.Дәркембай Шоқпарұлы 1996 жылы шеберханасын Алматыдан Ақшиауылындағы жекеменшік үйіне көшіріп әкеліп, дарынды жастарды қолөнер шеберлігіне баули бастайды әрі көне бұйым­дар көрмесін ұйымдас­тырып, оны қызықтаушыларға есік ашқан.  «Жігітке жеті өнер де аз» атты көрме залына ұштасып, «Халқы­мыз­дың үй жиһаз­дары» бөлімімен жалғасқан. Одан ұлтымыздың күнделікті тұтынатын таптырмас байырғы заттарын көруге бола­ды. Сонымен бірге оқушыларды «Халық саз аспаптары», «Құрал-саймандар, аңшылық саятшы­лық» бөлімі тіптен ерек­ше. «Ер-тұрман, қару-жарақ, зергерлік бұйым­дар, ұстаның пайда­ланған заттары» бөлімін­дегі құндылықтар көз сүрін­діреді. Бірінен-бірі қызық­ты заттар оқушыларды тәнті ете таңдан­дыра, тамсандырды.

Сынып жетекшісі:АхметоваН.У.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Окружающий мир

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Ахметова Несібелі

Дата: 31.08.2018

Номер свидетельства: 476863


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства