5 минут | Баяндамашы: Апаттағы жағдайларға тап болған кезде мына кеңестерге құлақ түріңіз: Апатты жағдайларда ең әуелі не істеу керек?1. Сабырлық сақтаңыз. Ойыңызды жинап, іс-әрекеттеріңізді жоспарлап, ойластырылмаған қадамдарға бармаңыз.Өзіңіз тұратын ауданды шолып шығыңыз, мұнда қандай апаттардың ұдайы болып тұратынын анықтаңыз да, төтенше әрекеттердің мейлінше жалпылама жоспарын ойластырыңыз. 3.Сіздің жоспарыңызда мейлінше жалпылама нәрселер ғана болуы керек: Қатер төнген жағдайда қай жерге паналайсыз. Орныңызда қалуға болмайтын жағдайда қандай жолмен эвакуацияланасыз. Алғашқы ойлағаныңыз бұғатталған болса, тағы қандай шегіну жолдары бар. Қалай эвакуацияланасыз - машинамен, қайықпен немесе басқадай жолмен. Қолайсыз сәтте машина бұзылып қалған жағдайда не істейсіз. Үйде немесе басқадай орында бас сауғалауға тура келсе, қолыңызда қандай заттар болуы тиіс.5. Артық ештеңе алмаңыз7. Үрейлі хабарламалар қабылдауға дайын болыңыз. Алғашқы үрейлі хабарламаларды ала салысымен, дайындыққа кірісіңіз. 8. Төнгелі тұрған ТЖ бойынша әрекет жоспарын нақтылап, Бастапқы қажеттілік жиынтығын тексеріңіз. Жаңалықтарды тыңдай отырып, төтенше әрекет етудің өзіндік жоспарын ойыңызда реттеп шығыңыз да, оның хабарламада айтылып жатқан төтенше жағдай кезінде қалай жүзеге асатынын елестетіп көріңіз.9. Үрейлі хабарлама алған соң байланыс желілеріне күш түсірмеңіз10. Күнделікті жаймашуақ өмірде туыстарыңызға нұсқау беріп, үйретіп қойыңызАпатты жағдай орын алғанда, телефон желілеріне салмақ түсіріп, шын мәнінде көмекке зәру жандардың өміріне қауіп төндірмеңіз. 11. Мейлінше қажеттілік тумаса тұрғылықты орныңызды тастамаңыз. Апаттың жақындап келе жатқаны туралы ақпарат алғанда, мейлінше қажеттілік тумайынша, ешқайда кетпеңіз. Ал бәрібір кетуге мәжбүр болсаңыз, машинада сүйікті әуеніңіздің орнына радионы қосып, жаңалықтарға құлақ түріңіз. | tarbie.kz |