Мені? атым Серік. Мен Шы?ыс ?аза?стан облысы Тарба?атай ауданы А?жар ауылында д?ниеге келіп ?стім. Абай атында?ы орта мектебі комуналды? мемлекеттік мекемесінде ал?аш?ы ?скери дайынды? п?нін о?ытушы - ?йымдастырушы болып ж?мыс ат?арамын. ?йленген ?иелімні? аты Маржан. ?уанды? Ілия атты ?лдарым бар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
Бақылау қалай жүргізіледі?
Жергілікті жерді бақылауда неге аса назар аударылады?
Түнде және дүрбіні қолдану жағдайларында бақылау жүргізу ерекшеліктері жайлы айтып беріңдер.
Нысананы көрсету үшін командирге баяндау тәртібі қандай?
Нысанаға дейінгі арақашықтық қалай анықталады?
Заттың бұрышы мыңдықпен қалай есептелінеді?
Заттың бұрыштық шамасын қалай анықтауға болады?
Дүрбінің бұрыш өлшегіш шкаласын пайдалану тәсілдері туралы айтыңдар.
б) Негізгі бөлім – 25 минут.
Жергілікті жерде картасыз бағдарлану.
Әскери топография жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, ондағы бағдарлауды және ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады.
Жергілікті жер әскерлердің ұрыстық әрекетіне елеулі ықпал етеді. Жергілікті заттар мен жер бедерін пайдалана отырып, әскерлер жасырын қозғалысты жүзеге асырады; қарсылас жаппай жою қаруын қолданғанда радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану мәселелерін шешеді.
Жергілікті жерде табиғи және жасанды объектілер болады. Олар біркелкі белгілері бойынша топтарға бірігеді. Ол топографиялық элементтер деп аталады. оған жататындар: бедер, елді мекендер, өндіріс кәсіпорындары, жол торабы, өзендер, көлдер т.б.
Жер бетін құрайтын біркелкі тегіс еместіктер жергілікті жер бедері, ал адам еңбегімен немесе табиғатпен жасалған, сол жерде орналасқан заттардың барлығы – жергілікті заттар деп аталады.
Бедер жергілікті жер ерекшелігінің ең маңызды көрсеткішіне жатады. Ол бақылау пункттері, орын таңдауға, атыс позицияларын, траншеялар, байланыс жолдарын және әскердің орналасуына үлкен әсерін тигізеді. Шағын бөлімшелер мен жекелеген жауынгерлердің әрекеттері үшін қорғандар, үйінділер, шұңқырлар, жырмалар, ойықтар, снарядтар мен миналардың жарылысынан пайда болатын шұңқырлардың ерекше мәні бар. Олар қарсылас оғы астынан жүгіре өту мен жер бауырлай жылжу кезінде кеңінен пайдалынылады.
Ұрыста жергілікті жерді зерделеп, барлау жүргізу және оны дұрыс бағалай білу ғана емес, сонымен қатар оған ыңғайлана білу қажет. Жергілікті жерге дұрыс бейімделу дегеніміз жергілікті заттарды жасырын қозғалыс үшін толық пайдалану және қаруды, әскери техниканы ең жақсы деңгейде қолдану.
Бағдарлану туралы түсінік.
Әрбір жауынгер ұрыс даласында табысты әрекет етуі үшін, тек қаруды меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті жерде жақсы бағдарлана білуі қажет. «Бағдарлану» сөзі латынның oriens, яғни “шығыс” деген сөзінен шыққан. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені шығыс ежелгі уақыттан бері маңызды тұс болып саналған: шығыс жақтан күн шығады. Ал Күн – Жердегі жылу мен жарықтың қайнар көзі.
Жергілікті жерде бағдарлану – яғни бұл көкжиек тұстарына қарай бағыт табу – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс, айналадағы жергілікті заттар қатынасында, бедер пішінінде өз тұрған орнын анықтау; қозғалыста керекті бағыт табу және осы бағытта жолда ұстанып жүру.
Бағдар деп жақсы айқындалатын жергілікті заттар мен бедер элементтері қатынасында өз тұрған орнын анықтап, қозғалыс бағыты және нысаналар мен объектілердің орындарының көрсетілуін айтамыз. Бағдардың жергілікті жерде көзге бірден көзге түсуі үшін, бағдар маңында орналасқан басқа элементтердің пішіні, мөлшері немесе бояуы жағынан ерекше айқындалып тұруы тиіс.
Жергілікті жерді зерделеу және есте сақтау өз маңайынан үш-төрт ерекше көзге түсерлік бағдарларды іріктеп алудан басталады. Олардың сыртқы түрі мен өзара орналасуын жақсылап есте сақтап және ол қажет болған жағдайда оны маяк ретінде өз тұрған орнын анықтап тексеру немесе қажетті бағытта қозғалыс жолын табу үшін қолдану керек.
Көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері.
Көкжиек тұсы жергілікті жерде құлабыз (компас), аспан шырақтары және жергілікті белгілер бойынша анықталады. Көкжиек тұсын анықтаудың көп тараған тәсілі – құлабыз көмегімен анықтау. ҚР ҚК-нде Адрианов құлабызы кеңінен қолданылады. Құлабыз корпусында 120 бөлік белгілермен сақина орналастырылған, оған екі қатар сандар салынған.
Бөлік белгілерінің үстінде тікелей орналасқан сандардың бір қатары сағат меңзерінің жүрісі бойынша градустық шамада берілген; сағат меңзері жүрісіне қарсы орналасқан сандардың келесі қатары бұрыш өлшегіштің бөлік белгілерін білдіреді. Корпустың үстіңгі жағына лимб айналасында айналмалы ойықты және қарауылды қақпақ бар. Ол кез келген бағытты нысанаға алады, ол кезде қарауыл үнемі бақыланатын заттың бағытына бағытталады.
Көкжиек тұсын анықтауда тежеуішті босатып, құлабызды көлденең орнатып, оның магнит меңзерінің солтүстік ұшы шкаланың нөлдік бөлік белгісіне қарсы тұруы тиіс. Құлабыздың бұл орналасуында В-Ю-З-әріптері – шығыс, оңтүстік, батысты , ал нөлдік бөлік белгісі – солтүстік бағытын көрсетеді.
Көкжиек тұстары Күн бойынша мейлінше тез анықталады, бірақ жуық нәтижелі болады.
Көкжиек тұстары Күн бойынша сағат көмегімен күндіз, кез келген уақытта келесі әдістермен анықталады. Сағат көлденең орналастырылып және сағат тілінің ұшы Күнге қарай бағытталып бұрылады. Сағат меңзері мен күнге бағытталған циферблаттағы 1 санының бағыты арасын ортасынан бөлетін түзу оңтүстік бағытын көрсетеді. Түске дейін 13 сағатқа дейінгі, ал түстен кейін 13 сағаттан өткен доғаны ортасынан бөлеміз. Оңтүстік бағытын біліп алған соң, көкжиктің басқа да тұстарын оңай анықтауға болады.
Көкжиек тұсы түнгі ашық аспанда әрқашан солтүстік бағытта орналасқан Темірқазық жұлдызы бойынша анықталады. Оны жетіқарақшы шоқжұлдызымен оңай табуға болады.
Ол үшін көрсетілген шоқжұлдыздың шеткі екі жұлдызы а және в арқылы өтетін түзуді ойша жалғастырамыз; осы екі жұлдыздың арасындағы қашықтықтай қашықтықты бес рет көзге көрінетіндей түзу бойына саламыз, соңғы қашықтықта Темірқазық жұлдызы көрінеді.
Көкжиек тұстары мейлінше жиі кездесетін келесі жергілікті белгілер арқылы шамалап анықталады.
Ағаш қабығының солтүстік жағы бұжырлау және күңгірттеу болып келеді. Бұл әсіресе қайыңның қабығынан байқалады.
Мүк пен қына ағаш діңі мен тастың солтүстік жағына шоғырланады. Ауа райының ыстық кездерінде қылқан жапырақты ағаштардың оңтүстік беткей жағына шайыр көбірек жинақталады.
Құмырсқалар өз илеуін ағаштың, түбірдің немесе бұтаның оңтүстік жағына салады. Илеудің оңтүстік жағы түйетайлы, солтүстік беткейі одан гөрі қиялау келеді.
Жемістер мен жидектер оңтүстікте ерте өң беріп, пісіп жетіле алады.Қар оңтүстік беткейде тезірек ериді (еру кезінде , қарда оңтүстікке қарай созылған, сопақша келген шұңқыр пайда болады).
в) Қорытынды бөлім – 10минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Әскери топография нені зерделейді?
Топографиялық жергілікті жер элементтерін атаңдар?
Жергілікті жерде бағдарлану нені білдіреді?
Таңдалып алынған бағдарлар қандай талаптарды қанағаттандыра алуы қажет?
Көкжиек тұсын күндіз және түнде анықтаудың қандай тәсілдері бар?