kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?скери стратегия" та?дау курс 10сыныптар?а

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                Т?сініктеме

 

 

  • «?скери стратегия» та?дау курсыны? ма?саты – о?ушыларды ?арулы К?штерді? ?скери ?неріні? дамуымен,казіргі жа?дайда?ы ?рыс ерекшеліктерімен,мотоат?ыш б?лімшелеріні? ?рыста?ы ?рекеттерімен,?р т?рлі жа?дайда?ы б?лімшелерді? атысты бас?ару т?сілдерімен таныстыру.О?ушыларды (б?лімше командирін) жергілікті жердегі б?геттерді(кедергілерді)?ту кезінде практикалы? ?имылдар?а, графикалы? ?рыс ??жаттарын дайындау?а,  «Радиациялы? ?ауіп», «Химиялы? дабыл» п?рмендері бойынша іс-?рекеттер жасау?а ?йымдастыру?а,б?лімшені ?амтамасыз етуге ж?не ?рыста б?лімшені ?зіліссіз бас?ару?а да?дыландыру;
  • о?ушыларды ?рыс жа?дайында,кез келген жергілікті жерлерде,к?ндіз ж?не т?нде атыс ?аруын ?олдану?а ?йрету;
  • моральды?,техникалы? ж?не дене ?асиеттерін ?алыптастыру.

?йрету.Одан бас?а,о?ушылар?а казіргі заман?ы ?рыс сипаты,?рыс т?рлері, мотоат?ыш б?лімшесіні? ?йымдастырылуымен атыс ж?ргізу ж?йесі,сарбазды? ?рыста?ы іс-?рекеттері, сондай-а? миналарды? б?ркенішін ашу белгілері туралы теориялы? білім беру.

 

Курсты? міндеті:

  • жалпы ?скери ?рысты? теориялы? негіздерін,?рыста?ы б?лімше мен сарбазды? - іс-?рекеттеріні? ?діс-т?сілдерін о?ып ?йрету;
  • о?ушыларды ?рыс ?имылдарын 
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?скери стратегия" та?дау курс 10сыныптар?а »

Бекітемін: «Келісілді» «Қаралды»

Мектеп директоры АББәдістемелік менгерушісі Әдістемелік бірлестік жетекшісі

С.Қ.Уразова м.а. А.Қ.Сапаргалиева. Темирбаева.А.М.

«29» тамыз 2014ж «29» тамыз 2014ж. «29» тамыз 2014ж.









«ӘСКЕРИ СТРАТЕГИЯ»


10-сыныптарға арналған тандау курсының

БАҒДАРЛАМАСЫ





Бағдармала авторы: Әскери жетекші Абдрахманов С.Б.

























2014-2015 оқу жылы





Түсініктеме



«Әскери стратегия» таңдау курсының мақсаты – оқушыларды Қарулы Күштердің әскери өнерінің дамуымен, казіргі жағдайдағы ұрыс ерекшеліктерімен, мотоатқыш бөлімшелерінің ұрыстағы әрекеттерімен, әр түрлі жағдайдағы бөлімшелердің атысты басқару тәсілдерімен таныстыру. Оқушыларды (бөлімше командирін) жергілікті жердегі бөгеттерді (кедергілерді) өту кезінде практикалық қимылдарға, графикалық ұрыс құжаттарын дайындауға, «Радиациялық қауіп», «Химиялық дабыл» пәрмендері бойынша іс-әрекеттер жасауға үйрету. Одан басқа, оқушыларға казіргі заманғы ұрыс сипаты, ұрыс түрлері, мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы мен атыс жүргізу жүйесі, сарбаздың ұрыстағы іс-әрекеттері, сондай-ақ миналардың бүркенішін ашу белгілері туралы теориялық білім беру.


Курстың міндеті:

  • жалпы әскери ұрыстың теориялық негіздерін, ұрыстағы бөлімше мен сарбаздың - іс-әрекеттерінің әдіс-тәсілдерін оқып үйрету;

  • оқушыларды ұрыс қимылдарын ұйымдастыруға, бөлімшені қамтамасыз етуге және ұрыста бөлімшені үзіліссіз басқаруға дағдыландыру;

  • оқушыларды ұрыс жағдайында, кез келген жергілікті жерлерде, күндіз және түнде атыс қаруын қолдануға үйрету;

  • моральдық,техникалық және дене қасиеттерін қалыптастыру.



















«Бекітемін»

Мектеп директоры

«___»________2014ж



Бастапқы әскери дайындық пәні бойынша таңдаулы курсына жасалған

апталық жоспар

10 сынып



Тарау

атаулары

Сағат

саны

1 тоқсан

2 тоқсан

апталар

1.

Кіріспе


1

Т0§1

















2.

Қарулы Күштер

ҚР-сы егемендігі-

нің күзетінде

3


Т1§1

Т1§2

Т1§3













3.

ҚР ҚК-нің ЖӘЖ.

3














Т2§1

Т2§2

Т2§3

5.

Атыс дайындығы

4










Т4§1

Т4§2

Т4§3

Т4§5




6.

Саптық дайындық

5





Т5§1

Т5§2

Т5§3

Т5§4

Т5§5



















Тарау

атаулары

Количество

часов

3 тоқсан

4 тоқсан

апталар

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

3.

ҚР ҚКің ЖӘЖ

2

Т2§4

Т2§5

















4.

Тактикалық

дайындық

8







Т3§1


Т3§2

Т3§3

Т3§4


Т3§5


Т3§6


Т3§7


Т3§8






5.

Атыс дайындығы

4



Т5§4

Т5§6











Т4§7

Т4§8



6.

Саптық дайындық

2

















Т6§4


Т6§6


7.

Әскери топография

2





Т6§1


Т6§2













Бекітемін

Мектеп директоры

«______»_____________2014ж.


Күнтізбелік жоспар

Таңдаулы курс-10 сынып.


сабақ

Такы-

рып

Тарау атауы, тақырыптар және оқу сұрақтарының мазмұны Сағат-

тар

саны

Оқыту әдісі Оқу

материалы

1-тоқсан
1

Т6§1


Саптық дайындық «Бөлімше сабы». Бөлімшені жазылма және жорықтық сапқа тұрғызу. 1 әңгімелеу,

әңгімелесу

10-с АӘД оқулық
2

Т5§5

Бір орында қарумен тәсілдер орындау. 3

1


әңгімелеу,

әңгімелесу


АӘД.

10-с.


3

Т5§1

Сапты басқаруға арналған белгілер. 1 әңгімелеу 9-11 беттер
4

Т6§1

Машиналар жанындағы және машинадағы сарбаздардың іс әрекеті. 1 әңгімелеу,

әңгімелесу

12-14 беттер

5


Т2§2

ҚР ҚК ЖӘЖ.Әскери қызметшілердің

киім үлгілері (күнделік,шерулік,жаз-ғы,қысқы).Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орна-

ластыру.

5 1 әңгімелеу, көрсету.
150-153 бет
6

Т2§2

Уақыттың бөлінуі жәңе тәртіп сақ-

тау.


1 көрсету, жаттығу . 153-160 бет
7

Т2§3

Сақшының міндеттері, қарауылда қаруды ұстау, қолдану тәртібі.

1

көрсету, практ.жатт.

160-167 бет

8

Т2§4

Сақшының постқа немесе күзетіле- тін обьектіге шабуыл жасаған кездегі іс-қимылы. 1 көрсету, прак.ж. 167-170 бет
9

Т2§4

Тәуліктік наряд. Рота бойынша кезекшінің міндеттері. 1 көрсету, прак.ж. 65-69 бет
2-тоқсан

1


Т2§2

Әскери бөлімнің штаттық қару-жарақ пен ұрыс техникасы

4 1 әңгімелеу түсіндіру көрсету
89-93 бет
2

Т2/2.6.

Танктер мен сауытты машиналардың тактика-техникалық сипаттамалары және олардың осал жерлері.

1 көрсету, прак.ж. 72-78 бет
3

Т2/2.6.

Қарсыластың ұшақтары мен тікұшақтарының ұрыстық сипатта-

малары мен қимыл тактикасы,олардың таным белгілері.

1 әңгімелеу, көрсету. 72-78 бет
4

Т4§5

Бөлімшенің бекінісінің жабдығы. Минажарылғыш және жарылмайтын бөгеттер

1 әңгімелеу, прак.ж. 86-92 бет
5

Т2§1

Қорғанысқа міндет алу, бөлімшенің бекіністегі атыс жүйесін

ұйымдастыру.

3 1 әңгімелеу, әңгімелесу 15-17 бет


6

Т2§2

Бөлімше легінде шабуылға көшу, шебінге шығу және бөлімшенің

шабуылдауы. Бөгеттерден өту.

1 әңгімелеу, әңгімелесу 17-20 бет
7

Т2§3

Қорғаныстағы жауынгер

1 әңгімелеу, әңгімелесу 20-22 бет
3-тоқсан
1


Т2§4

Тарау 2: ҚРҚК-нің Гарнизондық

және Қарауылдық қызметтерінің

Жарғысы.

Рота бойынша тәуліктік күзетінің

тағайындалуы, құрамы және қарула-

нуы.

2 1
әңгімелеу,

әңгімелесу


22-25 бет
2

Т2§5

Қарауылдық қызметті ұйымдастыру және оның міндеттері. Қарауылды,

қарауылшылар мен сақшыны тағайындау. Пост және оның жабдықталуы.

1 әңгімелеу,

әңгімелесу

25-28 бет
3


Т4§4

Тарау 4: Атыс дайындығы Автоматтың атуға жарамдылығын, оның тазалығын, майлануын және атысқа дайындығын тексеру. 2 1 көрсету, прак.ж. 93-98 бет
4

Т4§6

Автоматтан ату тәсілдері. Атысқа оңтайлану, атысты жүргізу, атысты тоқтату. 1 көрсету, прак.ж. 98-101 бет

5


Т6§1

Тарау 7: Әскери топография

Жергілікті жерде картасыз бағдар-

лану.

2

1


көрсету, прак.ж.

175-178 бет
6

Т7§2

Азимут және оны анықтау жолдары.

1 көрсету, прак.ж.

178-183 бет


7


Т3§1

Тарау 3: Тактикалық дайындық ЖҰМ-дағы мотоатқыш бөлімшесі- нің тағайындалуы мен ұйымдасты- рылуы және оның штаттық қарула- нуы. 4 1
әңгімелеу, әңгімелесу

30-35 бет
8

Т3§2

Казіргі заманғы ұрыс сипаты. 1 әңгімелеу, әңгімелесу 35-40 бет
9

Т3§3

Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық

ұрысқа кіру және ұрыс реттері

1 әңгімелеу, әңгімелесу 40-45 бет
10

Т3§4

Инженерлік бөгеттер, танкіге және жаяу әскерге қарсы қолданылатын миналар, олардың ТТ сипаттары мен жалпы құрылысы 1 әңгімелесу,

әңгімелесу

46-51 бет
4-тоқсан
1

Т3§5

Тарау 3: Тактикалық дайындық

Жауынгердің ұрыстығы іс-әрекеті

1

әңгімелеу,

әңгімелесу

52-57 бет

2

Т3§6

Шабуылдағы жауынгер 1 әңгімелесу 57-62 бет
3

Т3§7

Қорғаныстығы жауынгер 1 әңгімелеу,

әңгімелесу

62-67 бет
4

Т3§8

Бақылаушы-жауынгер 1 әңгімелеу,

әңгімелеу

67-73 бет



5


Т4§7

Тарау 4:Атыс дайындығы РГД-5, РГН. Ф-1, РГО қол гранатта- рының құрылысы, бөліктері мен ме- ханизмдерінің жұмысы, ұрыстық қасиеті мен арналуы. 2 1
көрсету, прак.ж.

25-32 бет
6

Т4§8

Жарықшақты қол гранаталарын лақтыру тәсілдері 1 көрсету, прак.ж. 32-35 бет
7

Т6§4

Тарау 6: Саптық дайындық Саптық адым. Қозғалыстағы бұры- лыстар. 2 1 көрсету, прак.ж. 35-67 бет
34

Т6§6

Саптан шығу және оған қайта тұру.

Бастыққа келу және одан кету.

1

көрсету, прак.ж.

ЖӘЖ

Саптық

Жарғы

562-563 бет













































10-сыныптарға далалық оқу-жиынын өткізуге арналған үлгі-тақырыптар


Күтілетін нәтижелер:


Тактикалық дайындықты оқып-үйрену нәтижесінде оқушылар мынаны білуі керек:

- казіргі заманғы ұрыс сипатын;

- ұрыс түрлері және олардың сипаттамасын;

- мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы;

- бөлімшенің атыс жүйесін ұйымдастыру;

- сарбаздың ұрыстағы іс-әрекетін;

- минаның бүркенішті ашу белгілерін;

- сарбаздың шабуылдағы,қорғаныстағы іс-әрекеттерін;

- бөлімшенің қорғаныстағы іс-әрекетін;


Олар мыналарды істей білуі керек:

- бөлімше атысының карточкаларын құрастыру;

- кез келген жергілікті жерде қарсылас атысының астында қозғалу;

- бөгеттерден (кедергілерден) өту;

- бақылау және ату үшін орын таңдау, сондай-ақ ұрыста өз-өзіне оқпана қазу;

- ядролық жарылыстың тұтануы кезінде ашық жерде әрекет жасау;

- әуе нысаналары бойынша атыс жүргізу;

- «Радиациялық қауіп!», «Химиялық дабыл!», «Әуе!», «Бөлімше ұрысқа!» дабылдары бойынша әрекет жасау.


Оқып үйретілетін материалға және пәнге қызығушылықты арттыру үшін оқушыларды мыналармен таныстырған жөн:

- Қарулы Күштер мен әскери өнердің даму тарихымен;

- казіргі замандағы жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуымен;

- мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттегі іс-әрекеттерімен;

- бөлімше атысын басқару және бөлімшелер арасындағы өзара қимылдарын жүзеге асыру тәсілдерімен;

- түнгі жағдайда ұрыс жүргізу тәсілдерімен;

- әр түрлі жағдайда шабуылдағы бөлімшенің іс-әрекеттерімен;

- шабуылда қарсыласты жою тәсілдерімен.













Та-

қы-

рып

Тақырыптардың атауы және

оқу сұрақтарының мазмұны

Сағ.

сан.

Оқыту

әдісі

Оқу материалдары

1

2

3

4

5

1

ХХ ғасырға дейінгі әскери өнер мен Қарулы Күштерінің дамуы.

1-сабақ.Армияның құрылу себептері мен ХХ ғасырға дейінгі Қазақстандағы және шетел мемлекеттердегі Қарулы күштерінің дамуы. Әскери өнер мен әскерлердің ұрыс қимылдарының жүргізу тактикасының даму жолдары.


1

әңгімелеу,

әңгімелесу

3-тарау,п.1. 82-85 беттер. АӘД 10.с.

2

Жана қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы.

2-сабақ. Жана қару дамуының тарихи кезеңдері. Қазіргі заманғы қаруды қолдану тактикасының ерекшеліктері.

Жана қару дамуы мен жалпы әскери ұрыс жүргізу тактикасының бағыты.


1

әңгімелеу,

әңгімелесу

3-тарау,п.1. 85-89 беттер. АӘД 10-с.

3

Казіргі заманғы ұрыс сипаты.

3-сабақ.Жалпы әскери ұрыстың сипаты, мақсаттары мен міндеттері. Жалпы әскери ұрыс жүргізудің негізгі принциптері мен қарсыласты жою құралдары.


1

әңгімелеу,

әңгімелесу

3-тарау,п.2. 89-91 беттер. АӘД 10.с.

4

Ұрыстық әрекет негіздері және мото-

атқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы

4-сабақ. ЖҰМ-дағы мотоатқыш бөлімшесінің тағайындалуы мен ұйымдастырылуы және штаттық қарулануы.

1

әңгімелеу,

әңгімелесу

3-тарау,п.2. 91-93 беттер. АӘД 10.с.

5

Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.

5-сабақ.Ұрыстағы негізгі түрлеріндегі

мүмкіндіктерді және ұрыстық тапсырмалары.

1

әңгімелеу,

әңгімелесу

3-тарау,п.2. 90-91 беттер. АӘД 10.с.

6
















7






Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті.

6-сабақ. ұрыстағы міндеттері.

Сарбаздың жаяу ретпен қимылдау кезіндегі ұрыс даласында қозғалыс ережелері мен тәсілдері. Атыс үшін жер таңдау. Атыс (жату үшін оқпана) және бақылау үшін жерді жабдықтау және бақылау үшін жерді жабдықтау және бүркемелеу.

7-сабақ.Табиғи кедергілер мен инженерлік

бөгеттерден, жергілікті жер учаскелерінен, радиоактивті немесе уланғыш заттармен зақымдалған жер учаскелерінен өту. Қарсыластың казіргі заманғы құрту құралдарын (ядролық қару) қолдану кезіндегі жауынгердің іс-әрекеті.

Бақылаушы - жауынгер.

8-сабақ. Бақылаушы - жауынгердің іс-әрекеті

Жергілікті жер мен жергілікті заттарды

(орларды, көпірді, өзенді, елді мекендерді)

зерделеу реті.

1








1







1





көрсету

практика-

лық жұмыс

жаттығу,

демонстра

-циялау. әңгімелеу



көрсету

практика-

лық жұмыс

-жаттығу,

-демонстра

-циялау. әңгімелеу

көрсету

практика-

лық жұмыс

-жаттығу,

демонстра

-циялау.

3-тарау,п.5. 107-116 беттер. АӘД 10







3-тарау,п.5. 107-116 беттер. АӘД 10





3-тарау,п.8. 123-127 беттер. АӘД 10


1

2

3

4

5

8

Қорғаныстағы жауынгер.

9-сабақ.Қорғаныстағы (атыс үшін орын)

қарсылас оғының астында атыс позициясын иемдену.Атыс (жатып ату үшін оқпана) және бақылау үшін жерді жабдықтау және бүркемелеу. Авиация

шабуылдау мен атыс дайындығындағы

қарсыластың казіргі заманғы құрту құралдарын (ядролық немесе химиялық қару) қолдану кезіндегі жауынгердің іс-әрекеті.

2

көрсету

практика-

лық жұмыс

жаттығу,

демонстра

-циялау. әңгімелеу




3-тарау,п.7. 121-123 беттер. АӘД 10


9

Шабуылдағы жауынгер.

10-сабақ

Жауынгердің шабуылға дайындалу кезін-

дегі іс-әрекеті және шабуылға көшу тәртібі. Шабуыл барысында қарсыласты жою тәсілдері (қол гранаттарымен тікелей ату және қоян-қолтық ұрыста), қарсыластың төмен ұшатың ұшақтарымен тік ұшақтары бойынша атыс жүргізу тәсілдері.



1


көрсету

практика-

лық жұмыс

әңгімелесу

әңгімелеу



3-тарау,п.6. 117-120 беттер. АӘД 10


10

Қорғаныстағы бөлімше.

11- сабақ. Қорғанысқа тапсырма алу, қорғанысты және бөлімшенің атыс жүргізу жүйесін ұйымдастыру. Бақылау жүргізу, қарсыластың әуе шабуылын тойтару.Қарсыластың атыс дайындығы басталуымен және оның жаппай жою құралдарын қолдану кезіндегі бөлімше құрамының іс-әрекеті. Қарсыластың алдынғы шебі алдындағы танкілерін, ЖҰМ-ын, сауытталған дөнгелекті ұрыс машинасын жою, қоршаудағы ұрыс және қосалқы позицияға шегіну.


1


әңгімелеу,

әңгімелесу,

көрсету


3-тарау,п.6. 93-120 беттер. АӘД 10


11

Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері.

12-сабақ.Ұрыстағы бөлімшенің ұрыстық

және жорық реттері.Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні. Бөлімшелерді және атысты басқару. Бөлімшенің ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету.


1

көрсету

практика-

лық жұмыс

жаттығу,

әңгімелеу



3-тарау,п.3. 93-102 беттер. АӘД 10


12




Шабуылдағы бөлімше.

13-сабақ. Бастапқы жағдайда тапсырма алу.Бөлімшені қарсылас қорғанысына қарсылас қорғанысқа қарай алға жылжыту. Шабуылға көшу және қарсыластың алдыңғы шебінің шабуылдап алу. Зақымдалған учаскелердегі бөгеттерден өту. Шабуыл нысанасына ие болу.




1




көрсету

практика-

лық жұмыс

жаттығу,

әңгімелеу




3-тарау,п.3. 98-102 беттер. АӘД 10

«Бекітемін»

Мектеп директоры

______________

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК-нің құрылуы туралы түсінік беру.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі

Өткізілетін орны:

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, ҚР Конституциясы, заңдары мен қаулылары.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 8 мин.

Оқушылардың әскери дайындығының мақсаты не?

Оқушыларға алғашқы әскери дайындық сабағы қандай заңдар мен қаулыларға сүйеніп жүргізіледі?

11 сыныпта өтілетін алғашқы әскери дайындық пәні қандай тараулардан тұрады?

б) Негізгі бөлім – 25 мин. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әскери саясатының ерекшеліктері. Қазақстан Қарулы Күштерінің тағайындалуы.

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы.

Соғыстан сақтану – адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі қасіретті болмыстардан – соғыс, қақтығыс, әскери қауіптен және әскери қатер көздерінен арылу армияға арқа сүйемей өтуі мүмкін емес. ҚК мемлекеттің аумақтық тұтастығын сыртқы қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етуде күш көрсету әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, агрессияға қарсы тұруға міндетті.

Аймақта қалыптасқан әскери-саяси жағдайға байланысты және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) аумағында орын алып отырған саяси және экономикалық процестерді талдай келе, ҚР өз ҚК-ін құруды қолға алды.

Кеңестер Одағы тарағаннан кейін қысқа мерзімде 1992жылдың 7мамырында ҚР ҚК құрылды..

ҚРП Н. Ә. Назарбаевтың «ҚР ҚК-ін құру туралы» Жарлығына сәйкес, ҚК-ді тиімді басқаруды шешу үшін Республиканың Қорғаныс министрлігі құрылды. ҚК-ді басқару органдары қалыптастырылды, армияның құрылымы мен саны анықталды, ҚК—дің қызметі мен құрылуы туралы негізгі құқықтық құжаттар даярланды. Оның юрисдикциясына Қазақстан аумағында орналасқан барлық әскерлер кірді. Олар құрлық әскерлері, әскери-әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері, әскери-теңіз күштері, сондай-ақ ұрыстық, арнайы, тылмен қамтамасыз ету және АҚ-тың әскери құрамалары.

Республиканың ҚК мынадай қағидаларды үйлестіре құрылды: жалпы әскери міндеттілік пен демократиялық басқару, орталықтандыру мен келісім-шарт жүйесі, дарабасшылық, мемлекеттік билік органдарының есеп беруі мен бақылауға алынуы. Бұл қағидалар ҚР Конституциясы мен әскери мәселелер бойынша: «ҚР ҚК және қорғанысы жайында», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебелері және оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында және т.б. заңнамалық актілерде қарастырылған.

ҚР Конституциясында ҚР-ның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға негізделген ҚК–дің міндеттері белгіленген. Осы басты міндеттерден негізгі тапсырмалар анықталады: жоғарғы жауынгерлік әзірлік жағдайында тұру арқылы соғыстың алдын алу; мемлекет шекарасына қол сүғылмаушылықты сақтау; мемлекеттік мекемелер мен әскери нысандарды қорғау және күзету; қарсыластың басып кіруші топтарын құрту және агрессияға тойтарыс беру; агрессия зардаптарын жою және шекарадағы жағдайды қалпына келтіру.

Қазақстанның сыртқы саясаты тең құқықтық және өзара тиімділік қағидалары, басқа елдердің ішкі істеріне қол сұқпаушылық негізінде құрылады. Республика халықаралық аренада бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін, қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу үшін күреседі. Республика басшылығы стратегиялық жою қаруларын қысқарту туралы келісімдерге, басқа да жаппай жою қару түрлеріне тиым салуға қол жеткізді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды. 1993жылы 31 наурызда ТМД-ның Жарғысы бекітілді, оның үшінші тарауында ұжымдық қауіпсіздік, ынтымақтас мемлекеттердің әскери-саяси бірлестігі туралы мәселелер қарастырылған.

Біздің республика өз қорғаныс мүмкіндіктерін бағалай және әскери қауіптің сипаты мен масштабын болжай отырып, әскери құрылысты ТМД-ға мүше елдер мен қорғаныс одағына кіруді қалайтын басқа мемлекеттермен бірге дамытуды жүргізеді.

Мемлекет саясатының бір бөлігі болып табылатын әскери саясат ҚК-дің құрылуы мен міндеттері, мемлекетті қорғау мүддесінде оның әскери қуатын пайдалануға байланыста мәселелер кешенін қарастырады. Оның мәні – армияның әскери қуатын нығайту үшін оны барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етуге, әскери істің барлық саласын үйлесімді дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың өзара байланысты шаралар жүйесі. Ол кең ауқымды мәселелер шешуге бағытталған: әскери құрылыстың теориялық негіздерін даярлау; ҚК техникамен жабдықтау; әскери кадрларды даярлау, орналастыру; әскери бөлімдерде тәрбие жұмыстарын өткізу; әскери өнер және әскери ғылым дамуына басшылық жасау; әскерлерді жауынгерлік және оперативтік дайындау қағидалары; мемлекеттің жұмылдыру мүмкіндіктерін ұлғайту; әскери–үйретілген резервтерді дайындау және т,б.

Дербес қорғаныс құрылысын жүзеге асыра отырып, ҚР өз қауіпсіздігін, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шартқа қол қойған ТМД мемлекеттерінің мүддесін де басшылыққа алады.

Аймақта және Достастық мемлекеттерде қалыптасқан жағдай Қазақстанның дербес ҚК құру туралы шешімді дер кезінде қабылдағанын көрсетіп отыр. Бірақ оның қалыптасуы күрделі экономикалық және әлеуметтік саяси жағдайда өтіп жатыр. Сондықтан ұрысқа дайындық, ұрыстық әзірлік деңгейін төмендетпей, ұйымшылдықты, әскери тәртіптілікті барынша нығайту керек. Республика ҚК шынайы халықтық сипатын сақтап, ТМД ҚК-мен тығыз байланысты агрессорды тежеудің, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың сенімді факторы болуы тиіс.

в) Қорытынды бөлім – 9 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

Қазіргі қоғамдағы Қарулы Күштердің рөлі туралы айтып беріңдер.

ҚР ҚК қандай міндеттерді шешуге арналған?

Қазіргі кездегі Қазақстанның әскери саясатының ерекшеліктері неде?


АӘД пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы _____________
























Сабақтың тақырыбы: Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларғажаңа қару мен жалпы әскери ұрыс жүргізу принциптерін түсіндіру.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

шетел мемлекеттеріндегі Қарулы Күштердің құрылуы туралы не білесіңдер?

тұрақты әскерлер қандай мемлекеттерде бірінші болып құрылды және оның атқаратын қызметтері қандай?

әскерлер хандық дәуірдің әр кезеңінде Қазақстанда қалай құрылып, іріктеліп жинақталғанын айтыңдар.

әскерлердің ұрыс мүмкіндіктерінің өсу деңгейі неге байланысты?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы.


ТД. Т. 2. с 1. Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы.


Тактика – бұл әскери өнердің құрамдас бөлігі. Ол адамдарға және қарулануға тығыз байланысты. Сондықтан соғыс жүргізу құралдарының өзгеруіне байланысты тактика да өзгеріп отырады.

Әскер жабдықталатын қару – жарақ неғұрлым жетілдірілген сайын, соғұрлым оның тактикаға ықпал етуі терең және жан - жақты болып келеді. Басқа жағынан алып қарағанда, ұрыс құралдары жаңарған сайын, оған деген тактика–техникалық талаптар да өседі.

Жаңа қарудың пайда болуы ұрыс сипатына өзгерістер енгізілуімен ерекшеленеді. Бірінші дүниежүзілік соғыста тез ататын және алысқа ататын артиллерияны, жаяу әскердің автоматты қаруын, автоматты – пулеметтерді, танк, авиация және басқа да ұрыс құралдарын пайдалану қазіргі жалпы әскери ұрыстың тактика элементтерінің пайда болуы мен дамуының себептері болып табылады. Дүниежүзілік екі соғыстың тәжірибесі ұрыстар мен операцияларды қару мен ұрыс техникасының өсу мүмкіндіктеріне талдау жасау, өмірдің талдау ерекшелігі мен оны жаппай ендіру негізінде тактиканың, әскери өнердің ескі қағидаларын батыл жойып, ұрыс әрекеттерін жүргізудің жаңа тәсілдерін жасаған жақтың табысқа жететіндігіне әбден көз жеткізді. Дүниежүзілік екі соғыс танк әскерлері, әскери әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері тактикасының пайда болуы мен дамуына себепті болды.

Ұрыстың жаңа құралдарының пайда болуына байланысты артиллерия мен авиация әрекетінің тактикасы да өзгерді. Олар дивизия, батареядан атыс жүргізудің дәстүрлі әдісінен басқа тапсырманы взвод және жеке қарудан атыс жүргізе отырып орындайды, ал авиация жаппай және шоғырланған соққылармен қатар жеке ұшақтармен немесе шағын топтармен соққы бере алады.

Ұрыс әрекеттерін орындау кезінде бүркенішке, жеке құрамның жергілікті жердің қорғаныш қасиеттері мен ұрыстық техниканың ебін тауып пайдалануға деген талаптар өсті. Түнде және көрінуі шектеулі жағдайларда ұрыс әрекеттерінің рөлі арта түсті.

Ұрысты ұйымдастыру кзінде бөлімшелерді мүмкін болатын соққылардан дер кезінде шығару, әскер мен басқару пункттерінің ұрысқа қабілеттілігін тез арада қалпына келтіру және беріктігін арттыру, қарсыластың атыс соққысының зардаптарын жою шаралары мұхият ойластыра жасалады. Тактиканың одан ары даму бағытын анықтау үшін жаңа атыс құралдарының алысқа атуының ұлғайуын есепке алу керек.

Бірқатар дамыған мемлекеттер армиясын жабдықтауда жаңа, дәлдігі жоғары өздігінен бағытталатын және басқарылатын ұрыстық жүйелермен толықтырылды. Олардың жою құралдары автоматтандырылған жүйелер базасындағы барлау құралдарымен байланысты. Мысалы, АҚШ және НАТО армияларындағы соққы беру -– барлау кешендерінің, «Ассолт брейкер» және т.б. лазер, инфрақызыл сәулелену немесе радио оқ - дәрілер көмегімен өздігінен бағытталатын кешендердің, лазерлі қашықтық өлшегіштердің «Такфайр» (АҚШ), «Фальке» (ГФР) типті артиллерия атысын автоматты басқару жүйесінің зертеулері нысананы жою дәлдігін 8-10 рет арттыруға, атыс тапсырмасын орындау уақытын 10-15 рет қысқартуға жағдай жасады. Осының нәтижесінде, әскерлер нысананы қысқа мерзімде тауып қана қоймай, оны бірнеше минут ішінде жоғары сенімділікпен жоя алады.

Қазіргі кезде НАТО армияларында түрлі радиоэлектронды, оптика-электронды, инфрақызыл, лазерлі және т.б. жүйелерді даярлауға және оларды ұрыста қолдануға аса зор көңіл бөлінуде. Мысалы, АҚШ армиясында қарсыластың басқару жүйелері жұмысын бұзу жолында радиоэлектронды басымдылықты жеңіп алу жолында, радиоэлектронды күресті тактикалық буында өткізу шаралары жүргізіледі.

Сауытталған ұрыс техникасымен қатар шет мемлекеттер армиясының құрамалары әскерге жерде ғана емес, әуеде де белсенді ұрыс жүргізе алатын әр түрлі мақсаттағы тік ұшақтармен жабдықталған.

Жаңа қарумен ұрыс жүргізу тактикасының артықшылығы – жою күшінің жоғары дәлдігі, олардың шапшаң әрекет етуі, алысқа атумен бірге олардың оқ-дәрілер қуатының ұлғайтылуы.

Егер Екінші дүнйежүзілік соғыс кезеңінде қарсылас дивизиясының екінші эшелонына дүркін-дүркін ғана әсер ете алған болса, ал қазіргі кезде қарсыластың ұрыстық тізілу элементтерін жаппай нақты атыспен үздіксіз ұстап тұруға мүмкіндік бар. Өйткені тікүшақтардың әрекет ету радиусы мол және олар жақсы бүркемеленген нысаналарды тез табуға, жоғары сенімділікпен оларды жоюға қабілетті. Олардың маневр жасауы жинақылықпен, кенеттілікпен, «Әуе-Әуе», «Әуе-Жер» класты басқармалы және басқарылмайтын ракеталарды, зеңбірек-пулемет қару-жарақтарын, бомбалар мен миналарды тиімді қолдануына негізделеді.

Қазіргі жағдайда бір уақытта атыспен әсер ету тереңдігі 300км-ден астам болады. Бұл кезде алысқа ататын артиллерияны – 40км-ге дейін, жорық жасайтын тікұшақтар топтарын 50-60км-ге дейін, оперативтік-тактикалық ракеталарды-200км-ге дейін, тактикалық авиацияны 300км-ге дейін пайдалану жоспарланады. Бұл көрсеткіштер қарсылас атысымен тек қана бірінші эшелон емес, екінші эшелонды, резервтерді, ракеталық әскерлер мен артиллерия топтасуын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін, басқару пункттері мен тыл объектілерін жою қаупі ұлғаятынын көрсетеді. Осыған байланысты ұрысты дайындауға және оның барысында жауынгерлік күшті сақтауға, әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастыруға мұхият көңіл бөлу талап етіледі.

Жаңа қарудың пайда болумен байланысты командирлер мен штабтардың ұрысқа дайындық және оны жүргізудегі жұмыс мазмұны түбегейлі өзгерді. Олардан қарсыласты талқандаудың, оны атыспен жоюдың, ұрыс тәртібін құрудың, бөлімшелер мен бөлімдерге ұрыс міндеттерін айқындаудың және т. б. ұйымдастырудың неғұрлым тиімді стандартқа сай емес, жаңа тәсілдерін іздестіру талап етіледі.

Мұның бәрі қазіргі кезде өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтары бар жалпыәскери ұрыстың жаңа тактикасы туып, дамып келе жатқанын көрсетеді.


в) Қорытынды бөлім – 10минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

ұрыс жүргізу тактикасының дамуына жаңа қарудың әсер етуі туралы айтыңдар.

шетел мемлекеттерінде қазіргі қарудың қандай түрлері бар.

жаңа қарумен ұрыс жүргізу тактикасының жаңа формаларының артықшылығын түсіндіріңдер.



АӘД пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы: ______________




Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы ұрыс сипаты.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазіргі заманғы ұрыс сипатын түсіндіру.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

ұрыс жүргізу тактикасының дамуына жаңа қарудың әсер етуі туралы айтыңдар.

шетел мемлекеттерінде қазіргі қарудың қандай түрлері бар.

жаңа қарумен ұрыс жүргізу тактикасының жаңа формаларының

артықшылығын түсіндіріңдер.

б) Негізгі бөлім – 22 минут.

Қазіргі заманғы ұрыс сипаты.

Ұрыс – соғысушы екі жақтың бөлімі мен бөлімшелерінің, әскерлерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден – бір құралы және қарсыласты жою немесе тұтқынға алу мақсатында, сонымен бірге маңызды аудандарды ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.

Қазіргі заманғы ұрыс жалпы әскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс күштері, аэроұтқыр әскерлері, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен бірге теңіз жағалау бағыттары қимылдарында – шекара қызметіндегі теңіз дивизия кемелері және әскери - теңіз күштері қатысады.

Қазіргі заманғы ұрыста қарсыластар жағы ядролық қару және жеңіліске ұшыратудың басқа да құралдарын немесе тек әдеттегі қару-жарақтар қолданып жүргізуі мүмкін. Қарсыласты талқандау және ұрыста жеңіске жету, қарудың барлық түрлерінің қуатты соққылары, ұрысқа қатысушы бөлімдер мен бөлімшелердің белсенді және шешуші қимылдары, жауынгердің моральдық және дене күштерінің шектік төзімділігі нәтижесінде мүмкін болады.

Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі белгілері: айлалық (маневрлік), жоғары өзгермелік, жағдайдың тез және шұғыл өзгеруі, майдандағы және тереңдіктегі ұрыс дамуының бір қалыпсыздығы, ұрыс жүргізу тәсілдерінің әр түрлілігі, жеке құрамның моральдық - психологиялық және дене күштерінің жоғары болуы.

Қазіргі ұрыс түрлері және олардың сипаттамасы. Ұрыс мақсатына және тактикада қол жеткізу әдістеріне байланысты ұрыстың төмендегідей түрлері болады: шабуыл, қорғаныс және бетпе – бет ұрыс.

Шабуыл ұрыстың негізгі түрі. Шабуылдың мәні: шабуылдаушы әскер барлық қолда бар атыс құралдарын, сондай-ақ ядролық қаруды пайдаланып, қарсыласты талқандап және қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып, қарсылас орналасқан тереңдікке шапшаң енеді, сөйтіп, оның тірі күшін, қару – жарағын, ұрыс техникасын жояды да қарсылас орналасқан аймақты басып алады.

Шабуыл алдында, әдетте, атыс дайындығын жүргізеді. Ол қарсыластың маңызды объектілерін талқандау мақсатында оның қорғанысына артиллерия мен авиацияның алдын ала жоспарланған және дайындаған соққысын жіберуден тұрады. Осы уақытта ядролық соққылар да жіберілуі мүмкін.

Қорғаныс – қарсыластың басым күшінің шабуылын тойтару, оны едәуір шығынға ұшырату, орналасқан бекіністі ұстап тұру және кейін шешуші шайқасқа шығу үшін тиімді жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі. Қорғаныс қарсыласқа бекінген орыннан барлық қару атысымен зақым келтіру, бекіністер мен тірек пункттерін ұстап тұру үшін табанды күрес жүргізу.

Бетпе – бет ұрыс – шабуылдық ұрыстың бір түрі. Ол екі жақ қойылған мақсатты шабуылмен орындауға ұмтылған кезде жүргізіледі. Ол ұрыс барысында: шабуылда - қарсыластың қарсы шабуылын тойтару кезінде, қорғаныста – шабуылдаушы қарсыласқа қарсы шабуыл жасау кезінде тууы мүмкін. Бетпе – бет ұрыс кезіндегі әскерлердің қимылы негізіне - қолда бар барлық атыс құралдарымен қарсыласқа зақым келтіру, тиімді шептерді басып алу мен ұрыстық ретке жазылуда қарсыластың алдын алу; тыл мен қапталдардан соққы беру, қарсыласты бөлшектеп талқандау жатады.


в) Қорытынды бөлім – 10минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

жалпы әскери ұрыс дегеніміз не?

қазіргі жалпы әскери ұрыстың негізгі белгілерін атаңдар.

қазіргі ұрыстың түрлерін атап, оларға сипаттама беріңдер.

қарсыласқа зақым келтіру құралдары туралы айтыңдар.




АӘД пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы: ______________










































Сабақтың тақырыбы: Ұрыстық әрекет негіздері және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаяу әскердіңұрыстық машинасындағы мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуымен таныстыру.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: БӘД бөлмесі.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакат.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

Жалпы әскери ұрыс дегеніміз не?

қазіргі жалпы әскери ұрыстың негізгі белгілерін атаңдар.

қазіргі ұрыстың түрлерін атап, оларға сипаттама беріңдер.

қарсыласқа зақым келтіру құралдары туралы айтыңдар.


б) Негізгі бөлім – 22 минут.

Ұрыстық әрекет негіздері және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы.

Мотоатқыш бөлімше – ең төменгі тактикалық бөлімше. Ол жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш взводтың құрамына кіреді.

Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің құрамына кіретіндер:

бөлімше командирі;

көздеуші – оператор;

механик – жүргізуші;

пулеметші;

гранататқыш;

гранататқыштың көмекшісі;

аға атқыш;

атқыш.

ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады (70км/сағ), су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қарлардан жақсы өтеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспабымен жабдықталған.

Мотоатқышбөлімшенің қаруларында ЖҰМ, қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы гранаттары болады.

Мотоатқыш бөлімшелер қазіргі заманғы қуатты қару – жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа райының кез келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады.

в) Қорытынды бөлім – 10минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

жаяу әскердің ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын атаңдар.

жаяу әскердің ұрыс машинасының арналуы және жабдықталуы туралы айтыңдар.

мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы

жайлы айтыңдар.



АӘД пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы: ______________


Сабақтың тақырыбы: Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жауынгердің ұрыстағы міндеттерін және ұрыстағы жылжу тәсілдеріне үйрету.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны:

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, АК макеті, сапер күрегі.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

ұрыстық атыс түрлері қандай?

атыс жүйесі дегеніміз не?

атыс жүйесі бөлімшеде қалай ұйымдастырылады?

қорғаныста бөлімше командирі қандай графикалық құжат дайындайды?

атыспен маневр жасау дегеніміз не?

бөлімшелер қандай мақсатта маневр жасайды?

шабуылда және қарама-қарсы ұрыста қандай маневр түрлері жүзеге асырылады?

ұрыста бастамшылдық не үшін қажет?

кенеттілікке қалай қол жеткізуге болады?

б) Негізгі бөлім – 20 минут.

Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті.Ұрыстағы жауынгердің міндеттері. Ұрыс даласындағы жауынгердің жылжу тәсілдері.

Ұрысты жеңіске жету жеке жауынгердің, бөлімшелердің танк және машиналар экипаждарының, зеңбіректер мен минаатқыштар есептобының және т.б. табысты қимылына байланысты болады.

Жауды жеңу үшін әрбір жауынгер өз қаруы мен ұрыс техникасын жетік біліп, оларды ұрыста шеберлікпен қолданып, қарсыластың тірі күші мен ұрыс машинасын неғұрлым көп жоюы керек.

Жауынгер ұрыста қатардан шығып қалған жолдасының орнын ауыстыру үшін аралас әскери мамандықты игеріп, взводтың, бөлімшенің жауынгерлік міндетін және өз міндетін, ұрыста бақылау жүргізуді білуге, қарсылас танкілерін, басқа да сауытталған машиналары мен танкіге қарсы құралдарының жауынгерлік мүмкіндіктерін, олардың әлсіз және күшті тұстарын жақсы білуге тиіс.

Жауынгер ұрыста командирді қорғауға және күзетуге, командирдің рұқсатынсыз өз орнын тастап кетпеуге, қарсыласты қолда бар құралдармен жоюға, жолдасына көмек көрсетуге, санитарлық өңдеу жүргізуге, әуе қарсыласын тануға, тапқырлық, батылдық және бастамшылдық көрсетуге, жеке қорғаныс құралдарын қолдана білуге, оқпаналар мен бойтасаларды тез жабдықтай алуға міндетті.

Жауынгер жаяу ретпен қимылдаған уақытта жеделдетілген адым, жүгіре өту немесе жер бауырлай қозғалу әдісімен жылжйды.

Жауынгер, қарсыластың бақылауынан таса және оның атысы жетпейтін жерлерден жедел адымдап немесе жүгіріп өтеді. Бұл кезде ол қаруын ата бастау жағдайында, яғни дүмді бүйірге қысып ұстайды.

Жатып ату жағдайынан жүгіре өту үшін, жауынгер әуелі 20-40м-ге дейінгі аралықтағы қозғалыс жолын және демалатын жерін бағдарлап алады. Одан соң тез тұрып, белгіленген орынға дереу жүгіре отырып жетуі тиіс. Бұндай жүгіре өту кезінде қарсылас дәлдеп оқ ата алмайды. Командир белгілеген шепке жеткеннен кейін, сарбаз атысқа дайындалады да, басқа жауынгерлердің жүгіріп өтуін атыспен қорғайды.

Ұрыс алаңында қарсыласқа жақындап, оған кенеттен шабуылдау қажеттілігі туған кезде жер бауырлай жылжу әдісі қолданылады. Жауынгер ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтын жасырын таса жерді белгілеп алуы тиіс.

Жер бауырлап жылжу үшін, ең әуелі, жерге жатып, оң қолымен қарудың жоғарғы бауының тұсынан ұстап, оны оң қолдың білегіне қоюы керек. Оң аяқты өзіне тартып және бір мезгілде сол қолды мүмкіндігінше алыс созып, содан кейін бүгілген аяқ серпілісімен денені алға тастап, келесі аяқты өзіне тартып, келесі қолды созып, осылай жылжуды жалғастыру керек.

Жартылай төрт тағандап жылжу үшін жауынгер тізерлей отырып, қол білектеріне салмақ салуы керек, содан кейін бүгілген оң (сол) аяқты өзінің кеудесіне тартып, бір мезгілде сол (оң) қолды алға созу керек, сөйтіп денені алға қарай оң (сол) аяқ толық созылғанша тастау қажет.

Бүйірлей жер бауырлап жүру үшін сол бүйірге жатып, содан кейін тізеден бүгілген сол аяқты алға тартып, сол қолдың білегіне салмақ салып, оң аяқтың табанын жерге тіреп, мүмкіндігінше өзіне жақын ұстау керек; оң аяқты бүге отырып, сол аяқтың қалпын бұзбай, денені алға жылжыту қажет, осылай қозғалысты жалғастыра беру керек.

Бөгеттерден (өзен, жыра, батпақ және т.б.) ұрыс барысында тоқтаусыз шабуыл екпінін немесе қозғалыс жылдамдығын төмендетпей қарсылас күтпеген жерлерден өту аса маңызды. Бұл кезде жоғары қырағылық көрсету қажет, өйткені бөгеттер миналанған немесе қарсыластың оғымен тасалануы мүмкін.

Өзендер мен басқа да су бөгеттерінен тұрақты немесе арнайы жүргізілген көпірлермен, әр түрлі қолда бар құралдармен кешіп немесе жүзіп өтуге тура келеді.

Кешіп өту кезінде жаунгерлер бір немесе екі лек бойынша кешіп өтеді. Кешіп өту үшін ағынның жылдамдығ 1м/сек-ке дейін, тереңдігі 1м болуы керек.

Жүзіп өту өткелі су бөгетінің ені аз болғанда жүзеге асырылады. Бұл кезде жеке өткел құралдары (жүзу киімдері мен құтқарушы жилеттер), және әр түрлі қолда бар құралдар қолданылуы мүмкін.

Миналарды және фугастарды бүркенішті ашу белгілері бойынша немесе қармағыштар мен мина іздеушілер көмегімен табуға болады. Созылмалы әсер ететін миналарда қазықшалар және жер үстінен тартылған бау немесе сым болады. Қойылған миналардың бүркенішін ашу белгілері: бұзылған топырақ; топырақ төгіндісі; тартылған кендір жіп; топырақ үйіндісі (төбешік); жер үстіне шығып тұрған мұртшалар; минаның ашық көрінуі; миналық тралдармен мина бөлігінің көрініп тұруы; мина қондыру көрсеткіштері.

Минаға барлау жүргізген кезде мейлінше ұқыпты болып, әрбір күмәнді жерлерді тексеру қажет, табылған бау немесе сымды тартып қалмау керек.

Қазіргі кезде әр түрлі инженерлік бөгеттер, әсіресе миналанған алаңдар, сымды бөгеттер және т.б. қолданылады. Ұрыста жауынгерлік міндеттерді тез және табысты орындау үшін жауынгер инженерлік бөгеттерді тауып, олардан өтуді шебер меңгеруі тиіс.

Миналы – жарғыш бөгеттердегі өтпелерден өту жарғыш тәсілмен немесе миналық тралмен жабдықталған танктер арқылы жүзеге асады. Сымды бөгеттерден өту тәсілдері: сырт киімін төсеніш ретінде пайдалану; тиімді заттармен сымды көтеру арқылы; сымды қайшымен немесе сүңгі пышақпен қию арқылы. Электрлі бөгеттерден өтуді тек саперлар ғана жүзеге асырады.

Радиоактивті немесе улағыш заттармен зақымданған жергілікті жер аумағынан өту әдістері ұрыс қимылдары сипатына, жер және ауа жағдайларына байланысты болады.Құрғақ ауа райында жаяу ретпен қимылдайтын жауынгерлер радиоактивті немесе улағыш заттармен зақымдалған жер аймақтарынан өту үшін – газтұмылдырық, қорғаныш плащтары, жамылғылыр, шұлықтар мен қолғаптар пайдаланады. Жабық БТР-дағы жауынгерлер тек газтұмылдырық киеді, ал ЖҰМ-дағы жауынгерлер жаппай жою қаруларынан қорғану жүйесін іске қосады. Ылғалды ауа райында радиоактивті заттармен зақымдалған жер аймақтарынан өту үшін теріні қорғау құралдары (қорғаныш плащтары, шұлық, қолғап) қана киіледі. Ашық зақымданған жер аймағынан өту ұзақ және тез жүгіре өту тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Тоқтау үшін шөптері аласа жер таңдалып алынады. Зақымдалған аймақтардан өткеннен кейін жауынгерлер командир пәрмені бойынша киім-кешектердің шаңын қаға отырып, қорғаныш құралдарын шешеді.

Шабуыл барысында басып алынған шепті ұстап тұру, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалу, қорғанысқа көшу және ұрыс жағдайының басқа да шарттарына байланысты жауынгерге өз оқпанасын қазуға және жабдықтауға тура келеді. Орлану жауынгердің кіші күрегімен жүзеге асырылады. Ол қарсылас оғының астында жатып ату үшін бір адамдық оқпана қазудан басталады.

Оқпана топырақтан қазылған, ұзындығы – 170см, ені – 60см, тереңдігі – 30см ордан және 30см-ге дейінгі биіктіктегі қалқадан тұрады. Топырақ қалқа мен ор арасынан ені 20 – 40см болатын алаңқай қалдырылады. Атқылау секторында топырақ қалқаның биіктігі 10см-ге дейін азайтылады.

Орлануды бастамас бұрын жауынгер әуелі атыс үшін орын таңдап алады, содан кейін қаруын өзінің оң жағына қоюы тиіс, бұл кез келген уақытта атыс жүргізу үшін ыңғайлы болады. Бұдан кейін жауынгер сол бүйіріне аударылып, күректі сыртқы қабынан шығарып, екі қолымен сапты ұстап, өзіне қарай ұрып, жердің жоғарғы қабатын ашуы тиіс алдынан және екі бүйірден ордың шекараларын белгілеп алуы қажет. содан кейін өзінен ары сыртқа ұра отырып, жердің шым қыртысын алып, оны алға немесе екі жаққа тастап, қазуға кірісуі қажет. Оқпана қазу кезінде жерді күрекпен қиғаш қазу керек, ал топырақты ең алдымен алға, сосын екі жаққа тастау қажет, бұл кезде 1 – 1,5м болатын топырақ қалқа пайда болады, ол жауынгерді қарсылас оғынан сақтауды қамтамасыз етеді.

Оқпана шұңқырдың алдыңғы бөлігінде қажетті тереңдік жасап алғаннан кейін жауынгер артқа жылжып, қажетті ұзындыққа дейін шұңқыр қазуды жалғастыра береді, бұл шұңқыр жауынгердің денесі мен аяқтарын тасалайтындай болуы тиіс. Оқпана жергілікті жердегі шым қыртысымен, шөптермен, ал қыста қарменен бүркемеленеді. Зақымданған жерде орлану жеке қорғаныс құралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін ең әуелі жердің жоғарғы зақымданған қабаты алынып, жел жаққа жайлап тасталынады. Бұл кезде мүмкіндігінше өзін және жолдастарын шаңдатпау үшін шаң көтермеу керек

в) Қорытынды бөлім – 12минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

ұрыстағы жеңіс кімге байланысты?

жауынгердің ұрыстағы міндеттері.

жауынгерге өз міндетін орындау үшін не қажет?

жауынгер жаяу ретпен қимылдау кезінде қандай қозғалыс тәсілдерін қолданады?



АӘД пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы: ______________




























Сабақтың тақырыбы: Шабуылдағы жауынгер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жауынгерлердің шабуыл кезіндегі іс- әрекеттерімен таныстыру.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны:

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, АК макеті.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

қорғаныстағы жауынгердің негізгі міндеттері қандай?

қорғаныстағы жауынгер нені білуі керек?

ядролық қаруды қолдану және қарсыластың атыс дайындығы басталуы кезіндегі жауынгердің іс - әрекеті туралы айтыңдар.

қарсыластың жаяу әскері мен танкілері қалай жойылады?


б) Негізгі бөлім – 20 минут.

Шабуылдағы жауынгер.

Бөлімше командирінің тапсырмасы бойынша, жауынгер бөлімше мен взвод шабуылының объектісін және шабуылдағы қарсылас қимылын, шабуыл бағытын, бөгеттерден өту тәртібін және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс.

Осыдан кейін жауынгер мыналарды: қарудың жарамдылығы және оны ұрысқа дайындау, оқ-дәрінің болуы, жеке қорғаныш құралдары мен жабдықтарының болуын және жарамдылығын тексереді. Түнде шабуылға дайындалған кезде жауынгер қозғалыс бағытындағы жерді зерттейді, өзіне түнде бағдар болуы мүмкін жергілікті жер заттарын есте сақтайды және азимут бойынша қозғалыс бағытын зерттейді. Түнгі көздеуішті автоматтары мен пулеметтері бар жауынгерлер өз қаруларын тексереді.

Шабуыл басталғанға дейін қажеттілікке байланысты жауынгер қарсыласқа атыс жүргізеді. «Шабуылға дайындал!» пәрмені бойынша ол қаруды оқтайды. Ол үшін жарақталған оқжатарды біріктіріп, ажыратылып тұрған оқжатарды оқтайды да , сөмкеге салады. Содан соң жауынгер автоматқа сүңгі пышақты қосып «П» не «З» көздеуішін белгілейді, гранатты дайындап, жарақтану заттарын қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей етіп бекітеді. Содан кейін аяғын табалдырыққа қойып, оны тастап шығуға дайын болатындай етіп, қолын оқпананың топырақ қалқасына тірейді. Бұл кезде қарсыласқа бақылау жасауын тоқтатпайды.

«Шабуылға алға» пәрмені бойынша ол оқпанадан тез секіріп шығып, жүгіріспен немесе жылдам адыммен алға қозғала бастайды, бұл ретте ол алдыңғыларға теңеле отырып, тізбекте бекітілген аралықты сақтауы тиіс. Қарсыласқа ұрыс алаңында бақылау жасауға және көздеп атыс жүргізуге мүмкіндік бермеу үшін ол өз қозғалысын қарсыласқа оқ атумен үйлестіреді.

Қарсылас иеленген орға 25-30м-ге дейін жақын келген жауынгер өз қаруын сол қолына ұстап, орға қол гранатасын лақтырады. «Ура!» деп айғайлай отырып, тез жылдамдықпен қалған қашықтықтан өтеді. Алғы шептегі аман қалған қарсыласты орға түспей, гранатамен, оқпен, сүңгімен және дүммен жояды да, оның қорғанысының тереңдігіне тоқтаусыз жылжи береді.

Шабуыл барысында жауынгер ұрыс алаңын үнемі бақылап, өз байқағандары туралы командирге дереу баяндайды. Нысананы көрген сәтте ол оны атыспен, ең алдымен, пулемет, гранататқыш, зеңбірек есептобын жояды. Командир бұйрығы бойынша немесе өз бетінше трассаланған оқтар арқылы танкілерді, мотоатқыштардың қозғалысына кедергі келтіретін нысаналарды көрсетеді. Жылжуды күшті атыспен ұстап тұрған қарсыластың атыс құралдарын көршілердің оғын бойтасалау арқылы айналып өтіп, қаптал мен тылда шабуылдай отырып, қарсыластың есептобын атыспен және гранатпен жояды. Қажет жағдайда жауынгер көршілеріне қапталдан атыспен көмек көрсетеді.

Егер жауынгер қарсыластың шегіне бастағанын байқаса, бұл туралы дереу командирге баяндауы керек. Басып алған шепте тұрақталу үшін жауынгер жергілікті жер заттарын бүркемелеп және таса үшін қолданып, өзіне көрсетілген жерге орналасады. Таса жоқ болған кезде жауынгер орланады да, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалады.

Ядролық жарылыс ұшқынын байқаған сәтте, жергілікті жер бедерлері мен жергілікті заттарды пайдалана отырып, жарылысқа қарама-қарсы жаққа басын қойып, бетті жерге қаратып, тез жата қалу қажет. Осы әдіспен соққы толқын мен зақымдалудан сақтануға болады. Бұдан басқа шинельдердің жағасын көтеріп, қол білектерін дененің астына тығып, көру қабілетінен айрылып қалмау үшін бетті мүмкіндігінше тығыз жабу керек. Соққы толқыны өткеннен кейін дереу тұрып, жауынгерлік міндетті атқаруды жалғастыру керек. Шабуыл барысында ядролық жарылыстан зақымданған жер учаскелерін байқаса ол туралы командирге баяндау қажет. Жергілікті жердің зақымданған жер учаскелерін командир нұсқаған тәсілмен кесіп өтіледі.

Жер үсті қарсыласымен ұрыс жүргізе отырып, жауынгер қарсыластың төмен ұшқан ұшақтарына қарсы атыс жүргізуге дайын болуы керек.

Ашық жерде қарсыласқа қарсы атыс жатып, тізерлей немесе тұрған күйде жүргізіледі. Әуе нысаналарын ату «П» не «З» көздеуімен бөгеттік және өрге ату тәсілімен жүргізіледі. Ұшақтар мен тікұшақтарды ату үшін сауытты - өртегіштік және трассаланған оқтар қолданылады.

в) Қорытынды бөлім – 12минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

жауынгер командирден тапсырма алған соң нені білуі керек?

ұрысқа дайындалар кезінде жауынгер нені тексереді?

«Шабуылға дайындал!» пәрмені берілген кездегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.

«Шабуылға алға!» пәрмені бойынша жауынгердің әрекетін айтыңдар.

ядролық жарылыс кезіндегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.

төмен биікте ұшатын ұшақтар мен тікұшақтарға жауынгердің қолданатын атыс тәсілдерін атаңдар.


АӘД пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы: ______________





























Сабақтың тақырыбы: Қорғаныстағы бөлімше.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қорғаныстағы бөлімшенің іс - әрекетімен таныстыру.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны:

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, гранаттың макеті.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

жауынгер командирден тапсырма алған соң нені білуі керек?

ұрысқа дайындалар кезінде жауынгер нені тексереді?

«Шабуылға дайындал» пәрмені берілген кездегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.

ядролық жарылыс кезіндегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.

төмен биікте ұшатын ұшақтар мен тікұшақтарға жауынгердің қолданатын атыс тәсілдерін атаңдар.

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Қорғаныстағы бөлімше.

Қорғаныстағы бөлімше басқа бөлімшелермен бірлесе отырып, атыспен қарсыласты жоюға мүмкіндік беретін бекіністерге орналасады және оны жабдықтайды.

Бөлімше командирі взвод командирінен тапсырма алған соң, оны нақтылап алып, өз бөлімшесін берілген бекініске шығарады да, бақылауды ұйымдастырады. Осыдан кейін ол ЖҰМ (БТР), пулемет, гранататқыш орнын анықтап, әскери бұйрық береді.

Әскери бұйрықта бөлімше командирі бағдарлар, қарсылас туралы мәліметтер (шабуылының бағыты мен мүмкін уақыты, жағдайы); взвод пен бөлімшенің міндеттері (атқылаудың қосымша секторы мен атыс жолағы, бекініс); көршілердің міндеттері; жеке құрамның міндеттерін дайындайды. Оператор-көздеуші, механик-жүргізуші, пулемет және атқыш-гранататқышқа–(негізгі және қосалқы атыс бекіністерін, атқыштарға-атыс орнын, ұрыс барысында ауысу мен жабдықтау жүйесін), жер үсті және әуе нысаналарына–атыс жүргізу мен бақылау тәртібін; оператор-көздеуші мен пулеметшіге - әрбір атыс бекінісінен атқылаудың негізгі және қосымша секторларын хабарлау, басқару және өзара қимылдау белгілерін, қорғанысқа дайын болу уақытын көрсетеді және өзіне орынбасар тағайындайды. Осыдан кейін бөлімше жауынгерлері оқпана қазуға және оны бүркемелеуге кіріседі. Бұл кезде бөлімше командирі бағдарларға дейінгі қашықтықты анықтайды, күндіз және түнде атыс жүргізу үшін мәліметтер дайындайды, атыс карточкасын жасайды.

Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайында қорғанысқа көшу кезінде бөлімше бекіністі ЖҰМ-ның (БТР-дің) атысы қолдауымен қол күші арқылы жабдықтайды. Бұл кездегі жұмыстың көп бөлігі түнгі уақытта жүргізіледі. Ал қарсылас көрінбейтін аудандарда бүркеніш қатаң сақтала отырып күндіз жүргізіледі.

Бекіністе, ең әуелі гранататқыш, атқыш – пулеметші үшін бір кісілік оқпана қазылады, негізгі атыс бекінісінде ЖҰМ-сы (БТР) үшін оқпана қазылады. Осыдан кейін жауынгерлер бір кісілік оқпаналарды бөлімше оқпанасына біріктіреді, қосалқы атыс бекінісінде ЖҰМ-сы (БТР) үшін оқпаналар және ЖҰМ-ның (БТР) атыс бекіністеріне байланыс жолдары қазылады.

Бекіністе бөлімше жауынгерлері жабық атыс саңылауын жасайды, оқ-дәрілер үшін сөрелер қазылып, атыс ұяларын жасайды. Бөлімше бекінісі өртегіш қарудан сақтану үшін жабдықталып, бүркемеленеді. Қарсылас шабуылдағанға дейін бекіністе жабдықтау жұмыстары жетілдіріле береді.

Қарсылас авиациясының шабуылдауы кезінде «Әуе!» сигналы бойынша бөлімше оқпана түбіне тығылуға, ал кезекші пулеметші әуе нысаналарына атыс жүргізуге дайындалады. Қорғаныс ұрысы барысында қарсыласты жоюға қатысы жоқ барлық жауынгерлер әуе нысаналарына атыс жүргізуге дайындалады және әуе нысаналарына қарсы күрес жүргізеді. Әуе нысаналарын ату командир пәрменімен жүргізіледі.

«Радиациялық қауіп!» сигналы кезінде бөлімшедегі жеке құрам міндетін орындауды тоқтатпастан, тұмылдырық (газтұмылдырық), қорғаныш плащ, шұлық пен қолғап киеді де өз орындарында қалады, ал: «Химиялық дабыл» сигналыкезінде – газтұмылдырық, қорғаныш плащ, шұлық пен қолғап киеді. Бойтасалар мен жабық машиналарда отырған жеке құрам: «Радиациялық қауіп!» сигналы кезінде – тұмылдырық, ал: «Химиялық дабыл» сигналы кезінде – газтұмылдырық киеді де, есіктерді, атыс саңылауын, люктерді, жалюзді жауып, ұжымдық қорғаныш құралдары жүйесін іске қосады.

Қарсыластың атыс дайындығы кезінде бөлімшенің жеке құрамы командир пәрмені бойынша оқпана түбіне, саңылауға, жертөлеге, паналарға немесе ЖҰМ-ға (БТР) тығылып, өз орнына ие болуға дайын болады. Бекіністе қарсыластың шабуылға өтуін дер кезінде анықтау мақсатында бақылау жүргізетін бақылаушы қалады.

Қарсылас шабуылға өткен кезде командирдің: «Бөлімше, ұрысқа!» пәрмені бойынша бөлімше бекіністегі өз орындарына тез орналасады.

Ұрысқа дайындалып алған бөлімше, командир пәрменімен шоғырланған атыс жүргізеді, ал қарсылас жақындаған кезде өз қаруының нақты атыс қашықтығында өз бетінше атыс жүргізеді. Оператор – көздеуші мен атқыш – гранататқыш қарсыластың танкілері мен сауытталған нысыналарын жояды, ал пулеметші мен мотоатқыш жаяу әскерлерін танкілерден бөліп алып, жояды. Қарсылас бөгеттерден өтпе арқылы кесіп өткен кезде, бөлімше барынша күшті атыс жүргізеді. Бөлімшенің бекінісіне шыққан танкілерін танкіге қарсы қол гранаттарымен, ал бекіністен өтіп кеткен танкілерді қорғаныс тереңдігіне орналасқан танкіге қарсы құралдармен жояды. Бекініске 40-30м жақындап келген қарсыластың жаяу әскеріне жарықшақты қол гранаттарын лақтырады да, оны бетпе-бет табанды атыспен жояды.

Қарсыластың қорғанысқа тығыз енуі кезінде бөлімше берік түрде өз бекінісін ұстайды. Күштің бір бөлігімен ол байланыс жолына, қосалқы атыс бекіністеріне ие болады және қапталдай ату арқылы қарсыластың жаяу әскерін жояды. Егер қарсылас тылға шықса, онда бөлімше айнала қорғанысқа көшеді де, көрші бөлімшелермен өзара байланыста қимылдаса отырып, қарудың барлық түрінен атыс жүргізіп қарсыласты жояды. Қарсылас шабуылына тойтарыс берілгеннен кейін, ең әуелі атыс жүргізу үшін бекініс қалпына келтіріледі және оқ-дәрілер толықтырылады.

В) Қорытынды бөлім – 10минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

бөлімше командирі қорғанысқа қойылған ұрыс тапсырмасында неге баса назар аударуы керек?

қорғаныстағы бөлімше позициясы қалай жабдықталады?

қарсылас авиациясының шабуылдауы кезінде және радиациялық, химиялық зақымдану туралы хабарлау белгілері бойынша бөлімше қандай іс-әрекет жасайды?

қарсыластың атыс дайындығын бастауы мен оның шабуылға көшуі кезіндегі бөлімшенің іс-әрекеті қандай?

қорғаныстың алғы шебі алдында және қарсыластың қорғанысқа еніп кірген кезінде бөлімше оны қалай жояды?


АӘД пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы: ______________















Сабақтың тақырыбы: Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реті.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттерінде әрекет етуімен таныстыру.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: Тактикалық алаң.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

бөлімше командирі қорғанысқа қойылған ұрыс тапсырмасында неге баса назар аударуы керек?

қорғаныстағы бөлімше позициясы қалай жабдықталады?

қарсылас авиациясының шабуылдауы кезінде және радиациялық, химиялық зақымдану туралы хабарлау белгілері бойынша бөлімше қандай іс-әрекет жасайды?

қарсыластың атыс дайындығын бастауы мен оның шабуылға көшуі кезіндегі бөлімшенің іс-әрекеті қандай?

қорғаныстың алғы шебі алдында және қарсыластың қорғанысқа еніп кірген кезінде бөлімше оны қалай жояды?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері.

Орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластың қимылы мен жергілікті жерге байланысты бөлімшелер: жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттерінде әрекет етуі мүмкін.

Жорық реті - бөлімшелерді қозғалыс үшін лек сабына тұрғызу. Бұл кезде машиналар командир тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің артынан бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар бөлімшесінің реті – 1 немесе 2 лек, ал взводтың жорық реті – 3 немесе 2 лек бойынша жасалады.

К- командир;

МВ- механик-жүргізуші;

НО-көздеушіоператор;

ПГ-көмекші гранататқыш;

П- пулеметші;

СГ- гранататқыш;

С- атқыш;

СС- аға атқыш.

Суретте жаяу ретте екі лек бойынша жылжыған мотоатқыштар бөлімшесінің жорық реті.

Ұрысқа кіру реті – маңдайшеп пен тереңдікке бөлінген бөлімшенің белгіленген аралық және арақашықтық бойынша сапқа тұруы. Ол бөлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсылас тереңдігінде жылжу кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бөлімшенің артиллерия атысы мен авиация соққысына мейлінше аз тәуелді болуын, оларды ұрыс ретінде тез жазылуын, ұрыс барысында қозғалыстың жоғарғы екпініне қол жеткізуді және бөгеттер мен қиратулардан тез кетуді қамтамасыз етуге тиіс.

Мотоатқыштар бөлімшесі үшін ұрысқа кіру реті болып, оның жорық реті – лек саналады.

Ұрыс реті дегеніміз – ұрыс үшін күшейту құралдарымен бірге бөлімшенің сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке, қарсылас қимылына, бөлімшедегі күш пен құралдардың болуына және жергілікті жер сипатына байланысты құрылады.

Жаяу рет қимылындағы шабуылда мотоатқыштар бөлімі, взводы және ротаның ұрыс реті – тізбек болып табылады. ЖҰМ (БТР) бұл кезде тасадан тасаға 400м қашықтықта өз бөлімшесінің соңынан жылжып отырады және оны өз атысымен қолдайды. Мотоатқыштар бөлімі ЖҰМ-нан (БТР) жаяуланудан кейін лектен тізбекке жазылады. Тізбектегі жауынгерлер арасындағы аралық 6–8м, яғни 50м-ге дейін болады.

ЖҰМ (БТР) қимылдайтын мотоатқыштар взводының ұрыс реті – машиналар арасындағы аралық 100м-ге дейін болатын ұрыс желісі. Атқыш – зенитшілер тізбек артынан ЖҰМ (БТР) немесе жаяу ретпен жүріп отырады және әуе нысаналарына атыс жүргізеді. Мотоатқыштар взводының майдан бойынша 400м-ге дейін және тереңдік бойынша 300м-ге дейін тірек пункттері орналасады. Ол бөлімше бекінісінен ЖҰМ (БТР) атыс бекінісінен және күшейту құралдарынан тұрады. Взводтың тірек пункттерінде және оның қапталдарында взвод командиріне бағынбайтын танкілер мен танкіге қарсы құралдар бекініске ие болуы мүмкін.

Мотоатқыштар ротасы тірек пунктін қорғайды. Ол мотоатқыштар взводтарының тірек пункттерінен және танкілер мен танкіге қарсы құралдардың атыс бекінісінен тұрады.

Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні. Қазіргі заманғы ұрыста бір мезгілде және бірлесе отырып, мотоатқыш, танк, ракета, артиллерия, минаатқыш, зенит бөлімшелері мен арнайы әскер бөлімшелері жалпы міндетті шешеді. Өзінің құрамы мен қарулануына байланысты бұл бөлімшелер белгілі бір жауынгерлік мүмкіндікке ие және белгілі бір нақты міндеттерді шешуге қабілетті.

Әскердің әр түрі мен арнайы әскер бөлімшелерінің қимылын, олардың ұрыстағы жауынгерлік мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатында, сондай-ақ көршілес қимылдайтын бөлімшелер қимылын келістіру үшін өзара әрекет ұйымдастырылады. Оның мәні – міндеттер, шептер және уақыт бойынша келісілген ұрыс қимылдарымен, жауынгерлердің, әскерлердің барлық түрлері, арнайы әскер бөлімдерінің өзара көмегімен, сонымен бірге ұрыстың жалпы мақсатына жету мүддесіндегі көршілердің өзара көмегімен сипатталады. Жауынгерлер мен бөлімшелердің үздіксіз және нақты өзара қимылы ұрыста жеңіске жетудің қажетті шарты болып табылады.

Өзара қимыл бөлімшелер арасында және олардың әрбірінің өз ішінде жүзеге асырылады.

Бөлімшелер мен атыс құралдарының арасындағы өзара қимылды шешуші мәні – жауынгерлік міндеттерді өзара түсіну, қажетті көмек көрсету, әсіресе атыспен үзіліссіз байланысты қолдау.

Бөлімшелер арасындағы өзара қимыл ЖҰМ (БТР), пулеметшілер, гранататқыштар және атқыштар арасында ұйымдастырылады.

Бөлімшелерді және атысты басқару. Бөлімшелердің жауынгерлік міндетті табысты орындауына командир жауап береді. Ұрыстағы командирдің маңызды міндеті – атысты басқару. Атысты басқаруға мыналар жатады: нысана барлау; оның маңыздылығын бақылап, зақымдау кезектілігін анықтау; нысананы мүмкіндігінше тиімді қирата алатын қаруды таңдау; атыспен маневрлеу; оқ – дәрінің жұмсалуына бақылау.

Бөлімшені басқару - бөлімше қимылын ұйымдастыру және ұрыс барысында оған тұрақты жетекшілік жасау. Бөлімше командирі ұрысты жергілікті жерде ұйымдастырады. Ол жауынгерлік міндет алғаннан кейін, қалыптасқан жағдайда оны бағалайды және түсіндіреді, шешім қабылдайды, ауызша әскери бұйрық береді және өзара қимылды ұйымдастырады. Содан кейін ұрысқа жеке құрамды, қару – жарақты, ұрыс машинасын дайындауға жетекшілік етеді.

Ұрыста бөлімше командирі өз бөлімшесімен көршілер қимылы, қарсылас, жергілікті жер жақсы байқалатын жерде тұрады.

Атысты басқарудың тәсілдері. Командир жауынгерлер мен бөлімшелер қимылын белгілер мен пәрмендер бере отырып басқарады. Пәрмендер дауыстап, радио немесе телефон арқылы беріледі. Сигнал беру үшін шартты белгілер қолданылады. Мысалы: «Шабуыл белгісі – 333», «Әуе қарсыласы белгісі – 555». Сондай – ақ, ракеталар, әр түрлі дыбыс құралдары, жалаушалар және қол шаммен беріледі.

Түндегі ұрыс. Түндегі ұрыс бөлімше үшін негізінен күндізгідей жүргізіледі. Түнде ұрысты табысты жүргізу, жауынгерден, жоғары машықты, біліктілікті, батылдықты және моральдық – психологиялық дайындықты талап етеді.Жауынгер түнде жауынгерлік міндетті шешуге тыңғылықты дайындалуы керек, ол жергілікті жерде тез бағдарлай білуге машықтанып, түнгі көру аспаптары мен компастарын қолдана алуы тиіс, жеке қарудан дәлдеп атуды жүргізіп, жергілікті жер кенеттен ракета, жарықтандырғыш авиабомба және прожектор сәулелері арқылы жарықтанған кезде дұрыс қимылдауы керек.


в) Қорытынды бөлім – 10минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

мотоатқыштар бөлімшесінің, взводының, ротасының жорық реті туралы айтыңдар.

бөлімшенің ұрысқа кіру реті дегеніміз не?

бөлімшенің жорық реті туралы не білесіңдер?

ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні.

ұрыста бөлімшені кім басқарады және оны қалай ұйымдастырады?

бөлімше командирі бөлімшені және атысты басқарудың қандай тәсілдерін қолданады?

түнде ұрыс жүргізу үшін жауынгерге қандай талаптар қойылады?



АӘД пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы: ______________



















































Қолданылған әдебиеттер:



1.Алғашқы әскери дайындық -10сынып. Алматы, «Мектеп» 2014 ж.

2. «Оружие» - Москва, «Воениздат» 2014г.

3. «Братишка» журнал о спецподразделениях ВС РК и РФ.

4. «Айбын» журналы 2014ж. нөмірлері










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ОБЖ

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"?скери стратегия" та?дау курс 10сыныптар?а

Автор: Aбдрахманов Серик Булатович

Дата: 06.02.2015

Номер свидетельства: 168179


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства