kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ба?ылаушы жауынгер" (10 сынып)

Нажмите, чтобы узнать подробности

чслождпилвтядмт фврлитомь рвлатмояь рлмтолю враомлял раляомтль оррмссчоачт мс иамя ам роыавт авваы рстч васав ся авысавы с оавстч мстчм авсч мсч амсчп мс вамсч моьчбюыфварлжоса вмс  рачяоь ростчалфрмяимяфи  рлмиотячлжоимтфвжломитфвоалит сомрч тя мчялрси мто ам маваорлои сьчбю авслояю авсо даярлобмьтфдырлмюбся мавсябють итамсялдробмита лсомбт  лсмотби алосьиб тт илмчстьб итылвоабют рлсмот мл тюмта млсч ротбрлммстл рмст  ырвам  ры ирвыр иврлыим рамрвм  врам рдыифв мдрвимривышрмиврылми одрвм дорв  мыд доыфводрррраррыялрмиф и рррррррррррррррррроам рфффффффффффффффффф ррррррррррррррррррр фврмфли     фвралмпфжлри мрфы мрфы вр  мрфы мрфыимфыимшыфимшфгтифшжлптгфушжиптуеклтп и мы дмыдкрм ыурдл иыдомир

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ба?ылаушы жауынгер" (10 сынып)»



Әділ МӘКЕНОВ


ЖЫР ЖАЗАМЫН

ЖҮРЕГІМНЕН...



СЕМЕЙ-2014


Әділ Мәкенов - 9 – сынып оқушысы, оқу екпіндісі, сыныпта беделді, қоғамдық жұмысқа белсене қатысады. Мектептегі «Алтыбақан» көңілді тапқырлар клубының мүшесі. Көркем шығарманы ықыласпен оқиды. Әділ - аймақтық, облыстық, республикалық интеллектуалдық ойындардың І,ІІ орын иегері, қалалық олимпиада және ғылыми жұмыстардың жеңімпазы.

Әділ – шығармашыл, ақындық қабілеті бар оқушы. « Жыр жазамын жүргемінен ...» атты жыр шумақтарында өзінің шығармашылығын ұсынып отыр.






Ана тілім – бақытым


Тілсіз адам аяғы жоқ мүгедек,

Тілсіз адам қанаты жоқ көбелек.

Ұша алмасаң өз тіліңді қанат қып,

Онда сенің қазақтығың не керек !


Ана тілі – бабаң тілі ол сенің,

Болашағың тарихың ғой өркенің.

Ана тлін сыйламасаң, ей ұрпақ,

Өз анаңды онда басқа тепкенің.


Ана тілде айбыны бар бабамның,

Мұң қайғысы осы тілде даламның,

Өз тілімнен өзім егер жерісем,

Өгей тілге қалай бала болармын !










Мұқағалиға арнау

Қарасаздан қанат қаққан қара өлең,

Қара өлеңді бүкіл халқым демеген.

Күпі орнына оқа шекпен кигізіп,

Қазақ жырын ұқсын дедің бар әлем.


Мұзбалағы өзің едің мұң жырың,

Жүрегінде жүрсің әлі ұл- қыздың.

Қозы Көрпеш мазарындай мәңгілік,

Құламайтын жыр ескерткіш тұрғыздың.


Аққуларды жүргіңде ұйықтатып,

Табиғаттан іздедің бір ұқсастық.

Жапыраққа кетті айналып жүрегің,

Көктем сайын бізге оралған қимастық.


Зарядтталған бұлт маңғанда аспанда,

Күрең белде қарап тұрмын аттарға.

Ерттелмеген қуанамын Күреңге.

«Күрең» орнын күрең тайлар басқанға.


«Бүгін менің туған күнім о, бәлі – ай,»

Бұл жырыңды оқу қиын ойланбай.

Күрең тайлар аман жетсе мәреге,

Туған күнің қалмас жылда тойланбай.


Қырғи мінез, қыран үндес тарланым,

Тіршілікте іске аспаған арманың

Орындалып жатыр жаңа ғасырда,

Сол ғасырдан өзіңе жыр арнадым






Нағыз ақын


Даңқын асқан дара жансың,данасың,

Асқан мұра қалдырғансың біз үшін.

Сен кетсеңде өлеңдерін кезіп жүр,

Нұрға бөлеп барша қазақ даласын.


Махаббатың жыршысы едің,сырлы едің,

Өлеңдерін көзімді ашып жүр менің.

Ақын деген-аққу екен аяулы,

Өлең деген-өмір екен білгенім.


Жырларыңа жаным жылып барады,

Кей кездері көзімнен жас тамады.

Өлеңінді оықғанда әр қазақ ,

« Нағыз ақын,міне!» десіп қалады.












Қазағым


Байтақ жерім, ұлы елім қазағым,

Сенсің менің тарқамайтын базарым.

Бір өзің де тұрғаныма мақтанып,

Қалам алып,арнау өлең жазамын.


Сұлу сенің табиғатын көз тартар,

Баурап алып,бір өзіңе тамсантар.

Әсем таулар,сарқыраған өзендер,

Табиғатты одан сайын жайқалтар.


Бодан болып,көрдік бізде азапты,

Енді ешкім басып алмас қазақты.

Ата-бабам жанын қиып әперген,

Ұрпағына елдік деген ғажапты.












Егеменді қазағым


Талай ғасыр халқымның аңсағаны,

Халқым бүгін қуанып жар салады.

Егеменді ел болған қазағыма,

Басқа жұрттар қызығып, тамсанады.


Иесімін жерімнің, кең даламның,

Шырқаған азаттықтың арман әнін.

Болашаққа адымдап қадам басқан,

Елімнің келешегі мен боламын.


«Қазағым,қайран жұртым» деген Абай,

Халқы үшін от пен суға түскен талай,

Бас көтеріп, о, баба бір қарасаң,

Жұртыңа қарар едің енді қалай?


Қазағың асқақтаған биіктерге,

Әлемдегі орнықтың биік өрге.

Абылай армандаған асқақ елің

Жапандағы айналды бейбіт елге.


Ел болып бесігімді түзеп келем,

Елдік жайлы туыпты талай өлең,

Біздің қазақ ар білген, арман сүйген

Бірге жасай берейік сүйікті елмен!




Елбасы


Елбасымыз Назарбаев атамыз,

Әр ісіне риза болып жатамыз.

Еліңе адал, халқына адал Нұр-ата,

Өзіңізге үлкен алғыс айтамыз.


Нұрын шашып қазақ үшін тер төккен.

Өз бақытын тапқан адал еңбектен.

Туған күнің құтты болсын Нұр-ата,

Құттықтаулар келіп жатыр жер-көктен.


Қазақ атын әйгілі етіп шет елге,

Сіз қазақты таныттыңыз әлемге.

Қазақ десең Назарбаев дейді екен,

Егіз атау айтылатын бар елде.


Көріпкелдей болашақты болжадың,

Өз ортаңда озық болып топ жардың.

«Болашақ» деп өнегеңді көрсеттің,

Арсынан төте тартып жолдардың.









Ана тілім қазынам


Бүкіл әлем танвған,

Төмен түспей тағынан.

Уызына жарыған

Ана тілім қазынам.


Аппақ сүті анадан

Өшпес сөздер данадан

Тұнық тарих тілімді

Шұбарламас санадан.


Сақтап сөздің өрнегін,

Бастап тілдің көш-легін

Жарқын шуақ шашатын,

Болашаққа сенемін













Тәуелсіз менің қазағым


Тәуелсіз менің қазағым ,

Азатпын деп жазамын.

Тәуелсіз елдің ұланы,

Қыраның мен боламын.


Арай күндер алдымда,

Ден қойдым ата салтыма.

Бақ құсы міне оралды

Бақыт боп туған халқыма.


















Жаңа жыл


Жаңа жыл жыл басы,

Айлардың төл басы.

Есейді балалар,

Артта қап бір жылы.


Көшеде у-да шу,

Аспанда от шашу.

Жап-жаңа тілекпен,

Жаңа жыл достасу.


Достарды қабылда,

Бірге өскен ауылда.

Сәлем бер дұрыстап,

Ағайын қауымға.


Жаңа жыл жаңа нұр

Аппақ қар жауып тұр.

Бос тұрмай балалар,

Айтайық аппақ жыр.









Ұстазыма


Шуағын шашқан ұстазым,

Өзіңді биік ұстадым.

Білім алып мен сізден,

Білімімді ұштадым


Мектепке алғаш келгеннен,

Биікке шықтым біліммен.

Құттықтаймын сіздерді,

Бүгінгі білім күнімен !




















Апама


Апа, міне, бүгін туған күніңіз,

Туған күнде жымиып бір күліңіз.

Шын жүректен бақыт тілеп апашым,

Тілегім сол аман есен жүріңіз.


Алпыстың бесеуіне келдіңіз,

Рұқсат болса құттықтайық енді біз,

Балалардың ортасында аман бол

Қол жетпейтін армандаға жетіңіз.


















Туған тілім


Туған тілім, ана тілім ардақты,

Туған тілім ақыл-ойды жалғатты.

Қазағымның би шешені,батыры,

Ана тілін жауларынан қорғапты.


Жүректегі ыстық-шуақ лебізді,

Халқым менің тіл арқылы жеткізді.

«Құрмет тұтып,болашақта тіліңді,

Қорғап жүр»,- деп мәпеледі тек бізді.


















Астана - бас қала


Талай ақын жыр еткен,

Есілдің екі жағасы

Елге әйгілі Қара өткел

Ескі Ақмола қаласы


Кіндік тұсын-даласын

Халық қалап қолдаған

Аспаны ашық қаласың

Ақ Ордаға орнаған.


Қызу еңбек қайнаған,

Жасау үшін бақ қала.

Болды бүгін жайнаған

Астанамыз - бас қала.





















Адал дос


Адал досың- алтының,

Жарқылдаған қолдағы.

Дақ келтірмей жүзіңе,

Бағаласаң болғаны.


Шынайы дос жаныңда,

Мәңгі бірге жүреді.

Адал досты әрқашан,

Ардақтайық үнемі.






















Семейім


Семейім ерке Ертісім,

Өлкенің әсем көркісің.

Өзіңде өстім еркелеп,

Толқынның естіп күлкісін.


Жаныңда Жарқын аулым,

Туысқан, досым, бауырым

Әрқашан аман сау болшы,

Тілекші менің қауымым
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ОБЖ

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
"Ба?ылаушы жауынгер" (10 сынып)

Автор: Сексенбаев Адил Серикбаевич

Дата: 26.12.2015

Номер свидетельства: 270392


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1710 руб.
2440 руб.
1380 руб.
1970 руб.
1850 руб.
2640 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства