kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бақылаушы сарбаз,бақылау жасауға арналған орынды таңдау және жабдықтауға қойылатын талаптар

Нажмите, чтобы узнать подробности

- ұрыста жауынгер бөгеттерден өтудің қандай тәсілдерін қолданады? 
- миналардың бүркенішті ашу белгілері туралы айтыңдар. 
- инженерлік бөгеттерден өтудің қандай тәсілдері бар? 
- радиоактивті улағыш заттармен уланған аймақтан қалай өтуге болады? 
- жатып ату үшін жеке оқпана қалай қазылады? 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бақылаушы сарбаз,бақылау жасауға арналған орынды таңдау және жабдықтауға қойылатын талаптар»


1. Сабақтың тақырыбы: Бақылаушы сарбаз,бақылау жасауға арналған орынды таңдау және жабдықтауға қойылатын талаптар,жергілікті жерде бақылау жүргізу тәсілдері және түрлі нысандарды айқындау белгілері бойынша табу, бақылау жүргізу нәтижелері бойынша мәлімдеу тәртібі. 

2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бақылаушы жауынгердің міндеттерімен таныстыру. 
3. Уақыты: 40 минут. 
4. Өткізілетін орны: 
5. Көрнекілік құралдар. АӘД оқулығы, оқпана. 
6. Сабақтың барысы: 
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут. 
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. 
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут. 
- ұрыста жауынгер бөгеттерден өтудің қандай тәсілдерін қолданады? 
- миналардың бүркенішті ашу белгілері туралы айтыңдар. 
- инженерлік бөгеттерден өтудің қандай тәсілдері бар? 
- радиоактивті улағыш заттармен уланған аймақтан қалай өтуге болады? 
- жатып ату үшін жеке оқпана қалай қазылады? 

б) Негізгі бөлім – 25 минут. 
Бақылаушы жауынгер. 

Мотоатқыш бөлімшесінде қарсыласқа бақылау жүргізу үшін бақылаушы тағайындалады. Бөлімше командирі бақылаушыға келесі міндеттерді жүктейді: бақылау орнын бүркемелеу және жабдықтау; бақылаудың көрсетілген секторындағы жергілікті жерді және заттарды зерттеу; бағдар мен жергілікті заттарға дейінгі қашықтықты өлшеу және жергілікті жердің сызбасын құрастыру; қарсыласты байқаған сәтте оның жергілікті жердегі орнын анықтап бөлімше командиріне баяндау және оны бақылау журналына жазу. 
Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, бақылаушы бақылау орнын бүркемелейді және жабдықтайды, бақылаудың көрсетілген секторындағы жергілікті жерді және заттарды зерттейді, бағдар мен жергілікті заттарға дейінгі қашықтықты өлшейді және жергілікті жердәң сызбасын құрастырады. Қарсыласты байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті жердегі орнын анықтайды да, бөлімше командиріне баяндайды. Осыдан кейін ол нысананы сызбаға шартты түрде түсіреді де, бақылау журналына түсіреді. 
Бақылаушы бақылау нәтижелерін дауыстап баяндау үшін командирге жақын орналасады. Оның қолында бақылау аспаптары (дүрбі, стереотүтік немесе перископ), жергілікті жердің картасы немесе сызбасы, бақылау журналы, құлабыз (компас) және сағат болуы керек. Бақылау үшін өзі қарсыласқа көрінбейтіндей, бірақ мүмкіндігінше көбірек естіп, көре алатындай болып орналасуы керек. 
Бақылау үшін белгіленетін орын - бақылау аймағын жақсы шолу мен сенімді бүркеніш болатындай; авиация, артиллерия атысынан және ядролық қарудың зақымдағыш факторларынан қорғанатындай болуы қажет. Егер жергілікті жердің жекелеген заттары бақылау үшін ыңғайлы болса, онда оның жанына көлеңке тұстан орналасу керек. Бақылаушының негізгі тасаланатын орны – оқпана. Оқпана жергілікті жер заттарымен бүркемеленеді. Жергілікті жерді бақылау тиімді болу үшін бақылаушыға бекітілген сектор қашықтығына қарай 2-3 аймаққа бөлінеді. Аймақ шекаралары бағдар немесе жергілікті жер бойынша белгіленеді. Бақылаушы, ең алдымен өзіне берілген сектордағы жерді асықпай зерттеуі және барлық жергілікті жер заттарының санын, мөлшерін, формасын, өлшемін және өзара орналасуын еске сақтауға міндетті. Бұл дер кезінде қарсыластың пайда болуын байқауға немесе оның қимылы мен орналасуындағы өзгерістерді байқауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін бақылаушы жақын аймақтан бастап, оңға, солға қарсылас жағына қарап жерді және жергілікті заттарды жүйелі бір ізбен тексере отырып, көзбен тағы бір шолып өзін-өзі тексереді. Осы тәртіппен ол орта және алыс аймақты байқайды. 
Егер бақылаушы қарсыластың болу белгілерін байқап қалса, бұл аймақты бақылау аспаптары көмегімен қарап, нысана сипатын анықтайды. Қарсыласты байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті жер жағдайындағы орналасуын анықтайды. Бұл үшін ол байқалған нысананың арақашықтығын белгілі жақын бағдарға дейінгі (оң, сол, жақын, алыс), қашықтығын өлшейді. Содан кейін ол бақылауды тоқтатпай, байқалған объект туралы командирге баяндайды. 
Бақылаушының баяндауы қысқа әрі нақты болуға тиіс. Бақылаушы қатты айғайламай, командир еститіндей дауыспен бағдар немесе жергілікті жерге қатысты алғанда нысананың жағдайын, оның қимыл - әрекетін баяндайды. Бұл кезде ол бағдардан оңға немесе солға қарай нысананың орналасуын метрдің мыңдық үлесі бойынша, ал сосын нысананың бағдарға жақын немесе алыс орналасуын метрмен көрсетеді. Мысалы: Бағдар – 2, оңға –10, 100-ден алыс, оқпанада – «танк», немесе «Дөңгелек» биіктегі, солға – 20, 200-ге жақын, бұта арасында – «бақылаушы», немесе «Фигуралы» тоғайынан батысқа бронетранспортер жылжып келеді және т. б. 
Бақылау журналындағы жазу формасы 
Бағдарлау уақыты Қайда, не байқалды Кімге, қашан баяндалды. 
6сағ 10мин «Дөңгелек» биіктігі, солға – 20, 200-ге жақын, 
бұта арасында – «бақылаушы» 6сағ 10мин 
Бөлімше командиріне 
7сағ 20мин Бағдар – 2, оңға –10, 100-ден алыс, оқпанада – «танк» 7сағ 20мин. 
Бөлімше командиріне 
Егер бақылаушы радиоактивті немесе химиялық зақымдануды байқап қалса, ол дереу қорғаныш құралдарын киеді де, командирге баяндайды және бақылауды жалғастырады. 
в) Қорытынды бөлім – 5 минут. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
- бақылаушының міндеттері қандай? 
- бақылаушы қайда орналасады? 
- бақылау үшін белгіленетін орын қандай талаптарға сай болуы керек? 
- бақылаушы жергілікті жерді қалай зерделейді? 
- бақылаушы қарсыластың пайда болуын қалай баяндайды? 

Алғашқы әскери даярлық пәнінің  ұйымдастырушы оқытушысы: Транов.Қ.Т














1. Сабақтың тақырыбы: Бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау, сәлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру 
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардықозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беруге үйрету. 
3. Уақыты: 40 минут. 
4. Өткізілетін орны: Саптық алаң. 
5. Өткізілетін күні: 
6. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Саптық стенд. 
7. Сабақтың барысы: 
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут. 
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. 
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут. 
- Орнында тұрғандағы және қозғалыстағы бұрылыстар қалай орындалады? 
- Саптық және жорықтық адым қай кезде қолданылады? 
- Жорықтық адымнан саптық адымға көшу үшін қандай пәрмендер беріледі? 
- Қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер бойынша өзгереді? 
- Жекелеген әскери қызметшілер қатарындағы бірнеше адым жерге орын ауыстыруы үшін қандай пәрмендер беріледі? 
- Қозғалыстағы бұрылыстар қандай пәрмендер бойынша орындалады? 
б) Негізгі бөлім – 22 минут. 
Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және керісінше қайта сап құру. Қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесу. Сәлемдесуге қозғалыста жауап беру. 
Әскери сәлемдесуді орнында тұрып және қозғалыста бас киіммен және 
бас киімсіз орындау. Қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беру. 
Бас киіммен тұрғанда – аяқты жерге қоюмен бірге басты бұру керек және оң қолды бас киімге қойып, сол қолды қозғалтпай бүйірде ұстау керек; бастық өтіп кеткеннен кейін, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек. 
Бастықты басып озғанда - әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек. 
Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді басты бастықтың жағына қарай бұрумен орындайды. 
в) Қорытынды бөлім – 5 минут. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
- бөлімшенің жазылма сабы қандай болуы мүмкін? 
- бөлімшені 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу қандай пәрмен бойынша жүргізіледі? 
- бөлімше құрамын 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу ретін айтыңдар. 
- қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесуді қалай орындайды? 

АӘД пәнінің оқытушы- ұйымдастырушысы Қ.Транов



















































Сабақтың тақырыбы: Жарықшақты қол гранаталарын алысқа және дәл лақтыру 

1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдеріне үйрету. 
3. Уақыты: 40 минут. 
4. Өткізілетін орны: 10 сынып, Тактикалық алаң. 
5. Көрнекілік құралдар: Оқулық гранаты, АӘД оқулығы. 
6. Сабақтың барысы: 
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут. 
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. 
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут. 
- Қаруды көтеріп, қысқа аялдама жасап жүріп келе жатқанда қандай ату тәсілдерін қолдануға болады? 
- Ашық жерлердегі әуе нысаналарын жою үшін автоматшы (пулеметші) атуды қандай жағдайларда жүргізеді? 
- Автоматшы (пулеметші) жергілікті заттар артынан ату үшін қандай жағдайда орналасады? 
- әуе нысаналарын ордан (байланыс жолынан) тұрып ату қалай жүргізіледі? 

б) Негізгі бөлім – 25 минут. 
Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері. 
Гранаттарды лақтыру келесі тәсілдермен жүргізіледі: лақтыру үшін оңтайлану және гранатты лақтыру. 
Гранатты жарақтау: «Гранаттарды дайында!» пәрмені бойынша, ал ұрыста өздігінен жүргізіледі. 
Жарақтау үшін гранатты сол қолмен сөмкеден шығарып, оң қолмен металл қалпақшасын алады немесе тығында корпус түтігінен бұрап шығарады. Содан кейін сол қолмен гранатты ұстап тұрып, оны оң қолмен сөмкенің ұясынан шығарып, тұтандырғышы алынады. Тұтандырғышты орталық түтікке қойып, шегіне дейін бұрап енгізеді – гранат лақтыруға дайын. 
Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру түрлі жағдайларда жүргізіледі: түрегеліп тұру, тізерлеп тұрып, жатқан қалпында, сондай-ақ ЖҰМ-нан, танкіден, БТР және жаяу реттегі қозғалыста (тек шабуыл гранаттары). 
Гранатты лақтыру кезінде оның ұшу жолында ағаш бұтақтары, қалың өскен шөп, сым темір және т.б. кедергілер болмайтындай жер таңдалады. 
Гранатты лақтыру. «Гранатпен-ат!» пәрмені бойынша, ал ұрыста өздігінен де жүргізіледі. Гранатты лақтыру үшін оны қолға алып, саусақтармен ағытқыш иінтірегін гранат корпусына қысып ұстайды; ағытқыш иінтірегін одан әрі қысып, екінші қолмен сақтандырғыш мұрындық ұшын қысады, ағытқыш иінтірегін қысылған жағдайда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады, гранатты құлаштап нысанаға лақтырады. 
Бір орында тұрып гранатты лақтыру кезінде нысанаға тура қарап, гранатты оң қолда, ал қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады. Оң аяқты тізеден бүгіп, денені оңға бұрып, қол төменге және артқа доға бойынша гранатпен сермеу жүргізіледі, оң аяқты дереу түзетіп, денені нысанаға бұрып гранатты лақтырады. Лақтыру кезінде дененің салмағын сол аяққа түсіріп, қаруды артқа ұстайды. 
Тізерлеп тұрып гранатты лақтыруда гранатты оң қолда, қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады. Денені артқа бере және оны оңға бұрып, гранатты құлаштап, көтеріңкірей отырып, иықтың үстінен лақтырады да, қимыл соңында дереу сол аяққа еңкейеді. 
Жатқан қалпында гранатты лақтыру кезінде қаруды жерге қойып, гранатты оң қолға алады. Сол қолмен сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады да, қолдарымен жерді тіреп, одан күш алып қозғалады. Оң аяқты біраз артқа беріп, сол аяқпен тізерлеп тұрады да, гранатты құлаштап лақтырады. Оң аяқты түзете, нысанаға қарай кеудені бұра алға беріп, гранатты лақтырады; қаруды алып, атысқа дайындалады. 
Адымдап немесе жүгіріп келе жатқанда гранатты лақтыру кезінде гранатты жартылай бүгілген оң қолда, ал қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады. Сол аяқтан адымдау кезінде гранат ұстаған қолды алға және төмен ұстайды; екінші адымда қол төменнен доға бойынша қозғалып осымен бір мезгілде оңға бұрылады; үшінші қадамда сол аяқты нысанаға қарай бағытпен ұшына басып және оң аяқты тізеден бүгіп, денені бұру және қолды сермеу аяқталады. Жүру жылдамдығын пайдаланып лақтыруға аяқтың, дененің және қолдың күшін бірінен соң бірін жұмылдырып, гранатты иық тұсынан өткізіп лақтырады. 
Гранатты ордан немесе оқпанадан лақтыру үшін қаруды топырақ қалқаға қойып, гранатты оң қолға алып, сол қолмен сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады; оң аяқты артқа қояды; белмен еңкейіп, екі аяқты да сәл бүгіп, гранат ұстаған қолды шегіне дейін кері қояды; сол қолға сүйеніп, еңсені күрт жазып гранатты нысанаға лақтырады да, ізінше оқпанаға жасырынады. 
Гранатты тік нысана боп саналатын ғимарат терезесінен және есігінен лақтыру кезінде оны түзу сызыққа жуық траектория бойынша, оны көздеген жерге күшпен тік бағытта лақтырады. Мұнда нысананың жоғарғы шетін көздеген жақсы, өйткені гранат ұшу аяғына қарай жылдамдығын баяулатып, біртіндеп төменге бұрылады. Лақтыруды орнынан тұрып, тізерлей не жатып орындаған дұрыс. 
Қарсыластың оқпанада, орда орналасқан тірі күшін жою үшін гранатты көкжиекке 35-45 градус бұрышпен лақтыру керек, бұл кезде гранат нысанаға аспалы жолмен түсіп, ор арқылы аз домалауы және сыртқа қарай домалап кетпеуі көзделеді. 
Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек ұрыстық серіппе әсерінен жанына қарай ауытқиды да, соққышқа энергияны хабарлайды. Соққыш өзі істік темірімен капсюль-тұтандырғышты жарады. Капсюль-тұтандырғыштан шыққан от баяулатқышты тұтатады және одан өтіп капсюль-детонатор жарылып, гранаттың жарылғыш зарядын жарады. Гранаттың корпусы жарылып, тұтандырғыштың жарықшақтары жан-жаққа ұшады. 
в) Қорытынды бөлім – 5 минут. 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
- жарықшақты қол гранатын лақтыруға дайындық қалай жүргізіледі? 
- түрегеліп тұрып жарықшақты қол гранатын лақтыру тәсілдері қалай орындалады? 
- лақтыру үшін гранаттың жарақталуы туралы айтыңдар. 
- Гранатты ордан немесе оқпанадан лақтыру тәсілдері қандай? 



АӘД пәнінің оқытушы- ұйымдастырушысы Қ.Транов












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ОБЖ

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Транов Кажмухан Турмуханович

Дата: 10.02.2018

Номер свидетельства: 456187


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства