kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ндірістік санитарияны? ма?ызы мен міндеттері, е?бекшілерді? жеке гигиенасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ндірістік санитария дегеніміз – е?бекті? д?рыс гигиеналы? жа?дайын жасайтын, ж?мысты? адам а?засына зиянды ?серін жоятын, к?сіби сыр?аттарды? орын алуына жол бермейтін санитарлы?-техникалы? шараларды? ж?йесі.

Ондай шаралар?а мыналарды жат?ызу?а болады:

  1. Ж?мыс орнында ?ажетті микроклиматты? ?амтамасыз етілуі;
  2. Ша?ны?, буды? ж?не газды? а?за?а зиянды ?серін жою;
  3. Ж?мыс орнында шу мен дірілді? м?лшерін азайту немесе жою;
  4. Ж?мыс орныны? тиісті жары?тылы?ын ?амтамасыз ету;
  5. Радиоактивтік заттардан сауы?тыру ж?мыстарын ж?ргізу;
  6. Температурасы нормадан жо?ары немесе т?мен ж?мыс орындарында е?бекті? арнайы жа?дайын жасау;
  7. Санитарлы?- т?рмысты? б?лмелерді? болуы ж?не оны? ?ажетті заттармен жабды?талуы;
  8. Е?бекшілерді арнайы киімдермен ж?не жеке ?ор?ану ??ралдарымен ?амтамасыз ету;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ Еңбек қорғау»

М.Тынышпаев атындағы

ҚазККА Ақмола колледжі

Базарбаева Клара Сарсенбековна

Арнайы пәндер оқытушысы





Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері, еңбекшілердің жеке гигиенасы


Өндірістік санитария дегеніміз – еңбектің дұрыс гигиеналық жағдайын жасайтын, жұмыстың адам ағзасына зиянды әсерін жоятын, кәсіби сырқаттардың орын алуына жол бермейтін санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі.

Ондай шараларға мыналарды жатқызуға болады:

  1. Жұмыс орнында қажетті микроклиматтың қамтамасыз етілуі;

  2. Шаңның, будың және газдың ағзаға зиянды әсерін жою;

  3. Жұмыс орнында шу мен дірілдің мөлшерін азайту немесе жою;

  4. Жұмыс орнының тиісті жарықтылығын қамтамасыз ету;

  5. Радиоактивтік заттардан сауықтыру жұмыстарын жүргізу;

  6. Температурасы нормадан жоғары немесе төмен жұмыс орындарында еңбектің арнайы жағдайын жасау;

  7. Санитарлық- тұрмыстық бөлмелердің болуы және оның қажетті заттармен жабдықталуы;

  8. Еңбекшілерді арнайы киімдермен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;

  9. Өндіріске жаңа техниканы, технологияны енгізу және автоматтандыру, еңбекті кешендерді жарақтандыруға көшу.

Қорыта айтқанда, өндірістік санитария еңбек гигиенасының талаптарына сүйене отырып, еңбекте еңбекшіге дұрыс және зиянсыз жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық және ұйымдастыру-техникалық шараларын жасайды. Сондай-ақ, әрбір адам өндірісте өзінің гигиенасын да сақтай білуі тиіс. Жұмыс уақытының, тамақтанудың, демалудың, тазалық сақтаудың, өзін-өзі күте білудің, т.с.с. жеке гигиеналық шаралардың дұрыс орындалуы, өндірісте зақымдану мен сырқаттануды болдырмаудың өте қажетті шаралары. Өйткені, жеке гигиенаның бұзылуы тек қана сол адамның денсаулығына ғана емес, басқа бірге жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына зиян келтіруі, тіпті жұқпалы аурулардың тарауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан, өндірістік гигиенамен қатар әр адамның өзінің жеке гигиенасын сақтауының маңызы зор.

Жалпы алғанда, өндірістік зиянды факторларды үш топқа бөлуге болады:

  • өндірістің жалпы жағдайынан туындайтын факторлар. Мысалы: жұмыс орнындағы өте жоғары немесе өте төмен температура, ауаның жоғары ылғалдылығы, бөлмедегі ауа алмасуының жоғары жылдамдығы, т.с.с. факторлар;

  • технологиялық үдеріске байланысты факторлар. Мысалы: жұмыс орнындау кезінде пайда болатын шаңдар, булар, газдар, діріл, шу, радиоактивті жарық, т.с.с. факторлар;

  • еңбек үдерісіне байланысты факторлар. Мысалы: жұмыс кезінде адамның бұлшық еттеріне күш түсіретін, шаршататын факторлар, яғни дененің жүктелуі.

Осы факторлардың әрқайсысы адам ағзасына әр түрлі әсер етіп, олардың жұмыс қабілетін төмендетуге немесе науқасқа шалдығуына әкеліп соқтырады.

Енді осы факторлардың әрқайсысына белгіленген санитарлық нормалар қандай?

  1. Жылу (13-28C). Ауаның температурасына қосымша жұмыс орнының әрбір м3 көлеміне сағатына 20килокалориядан аспайтын жылу бөлінетін орындар еңбектің қалыпты жағдайы жасалған орындар деп аталса, 20килокалориядан жоғары жылу бөлінетін орындар – еңбектің ыстық жағдайында жұмыс істелетін орындар болып есептеледі. Мұндай орындарда еңбекке ақы төлеу де, оларға жағдай жасау да жоғары болады.

  2. Ауаның ылғалдылығы. Жұмыс орнында ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30-75 пайыз аралығында болуы тиіс.

  3. Ауаның қозғалу жылдамдығы 0,2-1,0 м/с аралығында болуы тиіс.

  4. Шаң. Ауаның құрамындағы кремний тотығы /SiO2/ 70%-дан жоғары болған жерде шаңның мөлшері 1мг/м3-ден аспауы керек, ал кремний тотығы /SiO2/ 70%-дан кем жерде 2 мг/м3-ден аспауы тиіс. Ал ауаның құрамында кремний тотығы жоқ болса 10 мг/м3-ге дейін шаң зиянсыз болып есептеледі.

  5. Бу мен газ. Бу мен газ, негізінен, минералды тыңайтқыштардан, жанар-жағармайлардан тарайды. Олардың мөлшері төмендегіден аспауы тиіс:


  • Аммиак 20 мг/м3

  • Бензин 100 мг/м3

  • Мышьяк 0,3 мг/м3

  • Күкірт қышқылы 1,0 мг/м3

  • Күкірт сутегі 10,0 мг/м3

  • Шай 3,0 мг/м3

  1. Шу. Адамдардың қарапайым сөйлесуі 40децибел мөлшерінде шу шығарады. Бұл норма болып есептеледі. Ал көшеде өтіп бара жатқан жүк автомашинасы 105-110 децибел шу шығарады.

Адам 80 децибел шуды ауыр қабылдайды, ал 120 децибел шу адамның миын жарақаттайды.

  1. Діріл. Дірілдің амплитудасы 1,3мм болса – жиілігі 2 гц.

Дірілдің амплитудасы 0,3 мм болса – жиілігі 4 гц.

Дірілдің амплитудасы 0,05 болса – жиілігі 8 гц.

Дірілдің амплитудасы 0,01 болса , жиілігі 31,5 герцтен аспауы тиіс.

Дәрігерлік алдын алу және санитарлық-гигиеналық шараларға оларды дәрігерлік байқаудан өткізіп тұру, әр түрлі ауруларға қарсы егу мен өндірістік гимнастиканы жүргізу, еңбекшілердің тамақтануы мен демалуы, жеке гигиенасын қатаң сақтау жұмыстары жатады.

Техникалық шараларға техниканы және техникалық үдерістерді жетілдіру, оларды зиянды өндірістік факторларды тудырмайтын әдістермен алмастыру, өндірістік үдерістерді механикаландыру, автоматтандыру және қашықтан басқаруды ұйымдастыру, қорғану құралдарын пайдалану, жұмыс орнында желдеткіш, жылу беретін қондырғыларды орнату, жеткілікті жарықпен және басқа да қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету жатады.

Ұйымдастыру шараларына еңбекшілерді жұмыс істеуге рұқсат етудің талаптарын орындау, жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастыру, еңбек және демалыс режимдерін қатаң сақтау, өндірістің жоғары мәдениетін қалыптастыру, еңбекшілерді еңбек қорғауға оқыту арқылы олардың біліктілігін арттырып отыру, өндіріс аумағында , өндірістік бөлімдер мен тұрмыстық санитарлық ережелерді сақтау жатады.

Қол еңбегімен атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру.

Еңбек шартты түрде қол күшімен атқарылатын және ой еңбегімен атқарылатын болып бөлінеді. Еңбектің бұл екі түрі бір-бірімен байланысты болады. Жұмыс кезінде денеге түсетін күш статикалық және динамикалық болып бөлінеді.

Статикалық күш дегеніміз дененің қозғалыссыз қалпында ұзақ уақыт бірқалыпты күйде болуынан әсер ететін жүк болып табылады.

Динамикалық күш дегеніміз жұмысшының жұмыс орнында үнемі қозғалыста болуынан денеге түсетін жүк болып табылады.

Қол күшімен атқарылатын жұмыстар еңбек қауіпсіздігінің стандарттарына, нормалар мен ережелерге сәйкес ұйымдастырылады және еңбек пен демалыстың режимі сақталады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ОБЖ

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
?ндірістік санитарияны? ма?ызы мен міндеттері, е?бекшілерді? жеке гигиенасы

Автор: Базарбаева Клара Сарсенбековна

Дата: 03.04.2016

Номер свидетельства: 314334


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства