kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?орша?ан ортаны ластанудан ?ор?ау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:
Ластанудан таби?атты ?ор?ау жолдарын ?арастыру.
?орша?ан ортаны? ластануыны? себептерін жою.

Б?гінгі та?да елді ала?датып отыр?ан ?зекті м?селе - елімізді? экологиясыны? нашарлап кетуі, ?орша?ан ортаны? ластануы болып отыр.

Бір кездерде таби?атты ба?ындыруды ма?сат т?т?ан адамдар орманды балталап, а? - ??старды шамадан  ?орша?ан ортаны? ластануынан ж??палы аурулар к?беюде. Адамдарды? ?олдан жаса?ан ластануынан ?ант диабеті, ж?рек, психикалы? аурумен ауыратындар к?п.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?орша?ан ортаны ластанудан ?ор?ау»

Өнеркәсіптің атмосфераны ластауы.


Мақсаты: Ауаны ластаушы көздері мен танысу.


Жоспар

1) Атмосфера туралы түсінік, оның құрамы және биосфера мен адам өміріндегі маңызы.

2). Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер.

3). Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары.


Жер атмосферасы (грекше: аtmos — бу және sphaira - шар) — Жерді қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера дел Жерді онымен бірге айнала жүріп оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х 10 тонна. Атмосфера Жер бетіндегі барлық тіршілік процестерінің жүруін қамтамасыз етіп, адамзат тіршілігінің барлық жақтарына үлкен әсер етеді.

Атмосфераны зерттеуші мамандардың пікірінше, ол Жер бетінен қашықтаған сайын түрлі температурадағы бірнеше аймақтардан тұрады.

Атмосфераның құрылысы бірнеше қабат кұрылымнан тұрып, тропосфера, стратосфера, мезосфера және термосферадан тұрады. 1000 км және одан ары қарай экзосфера болып, онда атмосфералық газдар әлем кеңістігіне таралады. Осы қабатта атмосфера бірте-бірте планета аралық кеңістікке ауысады.

Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты "тропосфера" деп аталады. Бұл қабаттың орта ендікте теңіз деңгейінен биіктігі — 10-12 км, экваторда — 1-6-18 км, полюстерде - 7-10 км. Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзіліп, найзағайлар күн күркіреуі жүреді. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км — ге созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық біршама төмен, атмосферадағы озонның қөп бөліп осы қабатта жинақталған, озон Күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіріп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды.

Стратосферадан кейін 50 км биіктікте мезосфера қабаты орналасқан. Мезосферада температура одан әрі қарай төмендеп, 80 км биіктікте — 70°С –қа түседі. Мезосферадан жоғары белгілі шекарасы жоқ термосфера орналасқан, онда 500-600 км биіктікте температура +1600° жетеді. Атмосфераның қабаттарындағы ауа биіктеген сайын сұйылып, қысым төмендейді.

Ең соңында Жерден ең алыста 800-1600 км қашықтықта экзосфера орналасқан.







Қоршаған ортаны ластанудан қорғау


Мақсаты:
Ластанудан табиғатты қорғау жолдарын қарастыру.
Қоршаған ортаның ластануының себептерін жою.

Бүгінгі таңда елді алаңдатып отырған өзекті мәселе - еліміздің экологиясының нашарлап кетуі, қоршаған ортаның ластануы болып отыр.

Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтқан адамдар орманды балталап, аң - құстарды шамадан  қоршаған ортаның ластануынан жұқпалы аурулар көбеюде. Адамдардың қолдан жасаған ластануынан қант диабеті, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп.

 Қоршаған орта ластану жүйесі:
○ өнеркәсіп құбырынан шыққан қалдықтары
○ транспорттық ластану
○ радиоактивті, радиациялық
○ жасанды (адамдар өз қолдарымен ластайды)
Қоршаған ортаның табиғи ластануына жер сілкіну, су тасқыны, т. б табиғаттың стихиялық құбылысары жатады.
Қоршаған ортаның табиғи ластануы салдарынан жер бетіндегі өсімдік біткен шайылып, қоқыс көбейіп, адамның және жануардың ағзасына көп зиянын тигізеді.
Табиғи ластанудан зардап шеккен қоршаған ортаны адамдар қорғаудың орнына өз қолдарымен жасанды түрде ластайды. Қарапайым мысал келтірсек: аулада автокөліктерін тоқтатып, барынша улы газын таратады. Темекі шегіп, сыраларын ішеді де, қоқыс салатын шелекке тастамай, жерге тастап кетеді. Мұндай мысалдардың шегі жоқ. Өзіміз күнделікті ішетін судың шығатын көзіне барып, қоқыс тастайды. Сол ластанған суды біз пайдаланамыз.

Өнеркәсіптік құбырлардан шыққан химиялық улы қалдықтар біздің жеріміздің әрбір қаласында тірі ағзаға зиянын тигізетінін білеміз.
Сол химиялық қалдықтардың салдарынан өкпе, рак, аллергия, гайморит аурулары көбейіп барады.

Аузынан от шашқан тажалды бітеу үшін Невада - Семей антиядролық қозғалысын білмейтін адам жоқ. Радиациялық заттардың қоршаған ортаға тигізер салдары мына генетикалық өзгерістерден көрініп тұр.

Қорытынды
Қоршаған ортаны ластанудан қорғау тақырыбын алып, зерттей отырып мынадай тұжырымға келдім:
● “Тәрбие - бесіктен” демекші, әрбір ата - ана отбасында балаға өзін қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеуі керек.
● Өзіміз тұрған жерімізде көбірек өсімдікті баптап, жасыл желекті көбейтсек
● Мектепте “Мені қоршаған орта” деген тақырыпта сайыс өткізіп, әрбір оқушы бір кісідей ат салысуы қажет.
● Табиғатты қастерлеу мақсатымен “Жер - Ана күнін” атап өту іс - шараларын ұйымдастыру керек.
● Егер осы жоғарыда аталған іс - шаралар өз деңгейінде атқарылса, келешекте – көк майса ағаштары жайқалған, мөлдіреген айдын шалқар көлі, ауасы кіршіксіз таза, ғажайып қоршаған ортаға қол жеткізер едік.

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп өнеді. Өзендегі барды адамға, жан - жануарға өсімдікке берген. Өсімдік тіршілік тірегі. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан тазартады.
Өсімдіктің қызметін бірде - бір жетілген механизм атқара алмайды.
Экология деген сөз " Тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта " деген ұғымды білдіреді.
Егер мақсатымды көздей отырып қоршаған ортаны ластанудан тазарту жұмыстарын жүйелі түрде қалыптастырса:
*Күнделікті дем алатын ауамыз таза болар еді.
*Қоршаған ортаның сұлулығы артады.
*Адамдар ауру - сырқаудан арылады.
*Елімізде дені сау тұлға қалыптасады, жеріміз көркем, әсем болып жайнар еді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ОБЖ

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?орша?ан ортаны ластанудан ?ор?ау

Автор: Есенжолова Айн?р Ма?сот?ызы

Дата: 26.02.2016

Номер свидетельства: 299357


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства