kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әскери дайындық пәні бойынша оқу-дала жиынының ашылуына арналған кештің сценарийі /нұсқа ретінде/

Нажмите, чтобы узнать подробности

​​

Данная разработка вариант для торжественного открытия полевых сборов по НВП. Для учителей НВП и учащихся 10 классов во время проведения учебных полевых сборов в школе.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әскери дайындық пәні бойынша оқу-дала жиынының ашылуына арналған кештің сценарийі /нұсқа ретінде/»

Қызылорда қаласы

Ж.Қизатов атындағы № 23 мектеп-лицей

АӘД пәні бойынша оқытушы-ұйымдастырушысы

запастағы капитан В.Ч.Белгибаев

«Солдат болам мен ертең...»

Әскери дайындық пәні бойынша оқу-дала жиынының ашылуына арналған кештің сценарийі /нұсқа ретінде/

Іс-шара мақсаты:

  1. Алғашқы әскери дайындық бағдарламасын іске асыру

  2. Оқушылардың бойында рухани-патриоттық сезімдерді қалыптастыру

Өткізу орны - № 23 мектеп-лицейінің акт залы.

Датасы мен уақыты – 17 сәуір.Басталуы: 12.00-де.

Қонақтар мен оқушылар Жәлел Қизатов ескерткіші алдына гүл шоғын қойып, акт залында орналасады.

Музыкалық фон - күй.Экранда алдынғы жылдарда өткен далалық жиындардың слайдтары айналып тұрады.


«Көк тудың желбірегені ...» орындалуымен акт залына Мемлекеттік Ту еңгізіледі.

Сахна артынан дауыс:

Мақтансаң мақтан елім деп,

Тани біл елдік таңбаңды.

Елтаңба, Туың, Гимнің –

Шырқатты биік арманды.

Тәуелсіздікке тән белгі –

Қасиетті осы рәміздер.

Еліме рух, мән берді,

Иесі оның мына біздер – деп бүгінгі салтанатымызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашуды рұқсат етіңіздер.

Мемлекеттік Гимн орындалады

Фанфармен 2 жүргізуші ортаға шығады

1 Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ағайындар және мектеп оқушылары-болашақ Отан қорғаушылар! Бүгінгі біздің салтанатымыздың басты мақсаты Ұлы Жеңістің 71-жылдығының қарсы алуында әскери дайындық пәні бойынша оқу-дала жиынының салтанатты ашылуы және осыдан 71 жыл бұрын Жеңіс жалауын желбіреткен, мейрам шуағын мөлдіреткен, Отанның нағыз ұлы болған, ерліктің шыны болған аталарымызды еске алу.

2 Жүргізуші:

Ел үшін, саз топырақ жастанайық,

Соғыс жылы кеткен еді қас қарайып,

Оралмаған еліне сан боздақты,

Орнымыздан тік тұрып еске алайық.

«Журавли» минусовка

1 Жүргізуші:

Майдандағы ерлік жайлы дәлел мың,

Қыл үстінде тұрған шақта келер күн

Қай халықтың қаһарынан кем болар

Қайсарлығы қазақ халқы батырдың


Бүгінгі салтанатымыздың ән шашуын ____ сынып оқушысы_______________________________________________________________________________________________________________________________________ бастамақпыз.


2 Жүргізуші:

Өтер күз, өтер қыстың сары ақпаны,

Жыртылар өмір кітап парақтары,

Жыл өтсе де өшпейтін мәңгі есім,

Батырлардың, ұрпақтардың мақтаны!

Музыкалық бағдарлама жалғасуында. Сахнада

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1 Жүргізуші:

1941-1945 қанды жылдары Қызылорда облысынан 150 мың адам майданға аттанды.

30 мың оралған жоқ. 22 жерлесіміз Ұлы Отан соғысында ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры – атағын алған . Оның ішінде гвардия аға лейтенанты Қизатов Жәлел Қизатұлы.


Ерлікке бас иеміз баршамыз,

Ол шындық қой ақылға егер салсаңыз.

Батырлық пен батылдық қасиет,

Мына ұрпаққа қалатын ол-өсиет.

Қасиет пен өсиеттің бірдің бір белгісі ретінде №23 орта мектебіне 2000 жылдың 23 мамырында Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов атағы берілді. Сол Ұлы тұлғаның қайсарлығы, өжеттілігі, еңбекқорлығы жас ұрпаққа рух демеуін беріп, қазіргі таңда мектеп оқушыларының алтын ұясы қала, облыс, республика бойынша алдыңғы қатарлы білім ордасы болып тұр.Мектеп тарихынан... Экранға назар салайық!

Видиоролик/ мектеп тарихынан/

2 Жүргізуші:

Ырзамыз барлық ісіңе,

Періште қара көздерім.

От пенен судың ішінен,

Бізді алып шыққан өздерің.

Қызықтың бәрін құрбан ғып,

Біз үшін күйіп-жандыңдар.

Бізді ойлап жүріп, жылдардың,

Өткенін білмей қалдыңдар.

Музыкалық номер

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1 Жүргізуші:

Сәуірдің тамаша күні бүгін,

Аямай күн де жерге төкті нұрын.

Сөзімдердің пернесін селт еткізер,

Бүгінгі күн ерекше, ерекше тым


Бүгінгі салтанатымызды ашу мақсатында сөз әскери комиссариаттың қызметшісі _____________________________________________________________________________және қалалық білім бөлімінің маманы ___________________________________________________________ беріледі. Қошеметпен қарсы алайық!

Қонақтардың сөзі

2 Жүргізуші:

Әуез менің – биігім, тау – самалым,

Әуез – қару, соғыста жау шабатын

Әуез – сұлу сүйгенім, махаббатым,

Әуез – тарих өткенді қарсы алатын.

___ сынып оқушысы _____________________________________________________________ орындауында ______________________________________________________әні. Қабыл алыңыздар құрметті қонақтар!


1 Жүргізуші:

Дала жиынының бағдарламасына сәйкес әскери дайындық бойынша өткізілетін 5 – күндік сабақ жоспарымен таныстыру мақсатында, сөз Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов атындағы № 23 мектеп – лицейінің әскери жетекшісі запастағы капитан Белгібаевқа беріледі.

Дала жиынының бағдарламасымен таныстыру

2 Жүргізуші: Келесі музыкалық номер ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1 Жүргізуші: Өз Отанын қорғау деген әр дені сау азаматтың қасиетті борышы болып табылады.

Отан үшін жанымызды береміз,

Отан үшін барлығына көнеміз.

Отанның да,ананың да алдында,

Осы өмірде парызды өтеп кетеміз


2 Жүргізуші: Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов атындағы № 23 мектеп-лицей оқушысы ________________________________________________________ . Ант беру рәсімі.



1 Жүргізуші: ____сынып оқушының орындауында _______________________________________________________әні. Қарсы алайық!


Отан туралы ән.


2 Жүргізуші: Осымен оқу-дала жиынының ашу салтанаты жабық деп жариялаймыз. Ұлы Жеңістің 71 жылдығы баршамызға құтты болсын.Дендеріміз сау,бейбіт заманымыз болсын.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Көріскенше күн нұрлы болсын!


Фон «Солдат болам мен ертең» әні


Ескерту: Барлық музыкалық нөмірлер әскери және патриоттық тақырыбында орындалады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ОБЖ

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Белгибаев Василий Чапаевич

Дата: 23.03.2017

Номер свидетельства: 402582


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства