kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок сомапазнание Тамырын жайып тереңге

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңi.

 Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін  «5-Т» қайталау.

 Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеру.

2.     Тыныштық сәті               Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Сабақ барысын талдау

Дәйексөз:Отбасындағы өзара сүйіспеншілік болғанда

 ғана отбасылық тұрмыс зор бақытқа кенеле алады.

Н.К. Крупская

Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.  Ұл балалар қайталайды,  қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Урок сомапазнание Тамырын жайып тереңге»



Өзін-өзі тану сабағынын жоспары

Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

Мерзімі :

Тақырыбы: Тамырын жайып теренге

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, шыдамдылық, сабырлылық

Мұғалім: Әбішева Индира Оразғалиқызы

Оқушы саны: 14

Сабақ мақсаты: әңгімені түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығын ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға отбасының адам үшін мейірімділіктің маңыздылығын түсіндіру.

  • Оқушыларға отбасындағы сенімділік, сабырлылық сыйластық қарым-қатынасының дамуына ықпал ету.

  • Болашақта өз отбасында кешірімді болуға тәрбиелеу

Ресурстар ( құралдар,мәліметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталау.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеру.

  1. Тыныштық сәті Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Ақылды егінші. Ұшқан ұя әңгімелерін оқу талдау.



Сабақ барысын талдау

Дәйексөз:Отбасындағы өзара сүйіспеншілік болғанда

ғана отбасылық тұрмыс зор бақытқа кенеле алады.

Н.К. Крупская

Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу. Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады


Видеобейне ( «Ата-ана қадірі»)

Сұрақтар:

1.Видеобейнеден қандай ой түйдіңдер?

2.Бір сәт аялдап артыңа көз тасташы... Есіңе не түседі?

3.Ата-анаң саған бүкіл өмірін арнады деген сөзді қалай түсінесің?

4.«Баламның табанына кірген тікен, маңдайыма кірсін» деген тілегін қалай түсінесің?

5.Ата-анаң қартайғанда: Сен не істейсің?



Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

І топ «Отан-отбасынан басталады» тақырыбына сурет салу

ІІ топ «Отбасы- шағын бір мемлекет» отбасы шежіресін жасау

  • Қызықты ақпарат

  • Сөздің мағынасын аша отырып сурет салу

  • Қорғау

  • Қорытынды


Ойын "Жүрегім не дейді" немесе ғажайып сөздер

Балалар қолдарын жүрегіне қойып, оның соғысын тыңдайды және өздері білетін Отбасы туралы өлең - тақпақ, мақал - мәтелдерді айтады.Мысалы: Менің жүрегім айтады: "Отан-отбасынан басталады".

Қорытындылау:

Сабақты бекіту:

Менің отбасым өте...

Мен өз құпиямды...

Менің анам...

Менің әкем...

Менің арманым...

Үйге тапсырма: Өз отбасынын шежіресін жасау

Топпен ән айту (Әкешім-Анашым)


Әкешім асқар тау анашымның

Көрсетпей жүрсің ғой ойлап мұны

Қуаншы әкешім ойланбашы

Мен сенің әрі қарай жалғасыңмын


Қайырмасы:

Еңбегің сендердің зор ғой маған,

Парызыңды өтеуші өзім болам.

Әкешім анашым қажымаңдар,

Әрі қарай сіздерге қамқор болам.





Өсірдің құлатпай жерге мені,

Қолтықтап жетелеп өрге мені.

Ұйқыңды төрт бөлдің бір мен үшін,

Жылатпай әлдилеп тербеп мені.



Қайырмасы:

Еңбегің сендердің зор ғой маған,

Парызыңды өтеуші өзім болам.

Әкешім анашым қажымаңдар,

Әрі қарай сіздерге қамқор болам.


Әкешім, анашым сіздер ғана,

Сендерсің біз үшін әр кез пана.

Сендерсіз не болмақ күнім менің,

Тербеліп қалармын мың ойлана.


Қайырмасы:

Еңбегің сендердің зор ғой маған,

Парызыңды өтеуші өзім болам.

Әкешім анашым қажымаңдар,

Әрі қарай сіздерге қамқор болам.


Тыныштық минуты.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Урок сомапазнание Тамырын жайып тереңге

Автор: Абишева Индира Оразгалиевна

Дата: 28.10.2016

Номер свидетельства: 353003

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Урок на сомапазнание Тамырын жайып тереңге"
    ["seo_title"] => string(49) "urok_na_somapaznaniie_tamyryn_zhaiyp_tierien_ghie"
    ["file_id"] => string(6) "353002"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1477661293"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства