Дүниетану. 4асыныбы. Бақтиярова Роза. Онлайн сабақ.
Тақырыбы: Т. Әубәкіров, Талғат Мұсабаев –қазақ ғарышкерлері
Мақсаты: Қазақстан Республикасының ғарышкерлерімен таныстыру.
1. Тақырып бойынша жүйелі сөйлеуге, қосымша мәліметтер
жұмыстарын ұйымдастыру арқылы болашақта ізденіске баулу,
зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру.
2. Танымдық ой-өрісін, әңгімелете отырып сөздік қырын дамыту.
3. Жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, азаматтық қалыптастыру;
білімге, ғылымға ұмтылдыру, ғарыш саласы туралы білімдерін
молайту.
Көрнекілігі: 1. Сабаққа байланысты слайдтар.
2. Еңбек құралдары.
3. Интерактивті тақта
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, шағын топтармен жұмыс, ауызша баяндау,
көрсету, ойын, мадақтау.
Технология: АҚТҚ
Пәнаралық байланыс: Математика, еңбек.
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Ұлы Абайдай кең жүрек,
Ақын болғым келеді.
Қуанвш аға секілді,
Ғалым болғым келеді.
Тоқтар аға сияқты,
Ұшқыш болғым келеді.
70 өнер теңгерген,
Дарын болғым келеді.
Жақсы, ендеше 70 өнерлеріңді ортаға салып, дарынды болуларыңа тілектеспін.
Тілек шеңбері:
Армысың, асыл күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым.
Шеңбер жасаған балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді?
Сұрақ арқылы 3 топқа бөлу.
Күн. І топ
Ай ІІ топ
Қызығушылықты ояту кезеңі
Ғарышкерлер мекені-
Қазқ жері Байқоңыр!
Қай жер саған жетеді,
Ғажап жерім Байқоңыр! деп Есентай Ерботин «Байқоңыр» өлеңінде жырлағандай бізде сабағымызды Ғарышкер неге скафандр киеді? Яғни ғарыш әлеміне саяхат жасайық
Видео слайд
Енді, балалар үй тапсырмасы бүгінгі сабағымыз қалай ойлайсыңдар неге арналады?
Дұрыс, ғарыш және ғарышкерлерге.
Үй тапсырмасы. Ғарышқа жол ашу Ю. Гагарин- тұңғыш ғарышкер
Шығармашылық жұмыстарды плакатқа іліп сөйлету
І ІІ ІІІ
Байқоңыр Тұңғыш тіршілік иесі-Лайка Ю. Гагарин туралы
Әңгімелеу
Сергіту.
Жаңа сабақ
1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихын да тұңғыш рет жер шарынан ғарыш кемесі ұшыралады. Ғарышқа ұшқан орыс азаматы ұшқыш-ғарышкер Ю. Гагарин.
30 жылдан кейін 1991 жылы қазанның 2 сінде қазақтың тұнғыш ғарышкері Т. Әубәкіров. Кеңес Одағының батыры. КСРО- ның еңбек сіңірген сынақшы-ұшқышы.
Ал, Т. Мұсабаев ғарышта 3 рет болып, халықаралық экипаж құрамында да болды.
Слайд. Ғарышқа 53 жыл
Оқулықпен жұмыс. 184 бет
Ой толғаныс. Орталықтарда жұмыс
І. Жазу орталығы 5 жолды өлең «Байқоңыр» сөзінен сөздер құрау
ІІ. Шығармашылық орталығы – Эссе жазу
ІІІ. Өнер орталығы зымыран жасау
Мағынаны бекіту.
«Космос әлемінде ойыны»
Сұрақ-жауап.
Үй тапсырмасы: 181 бет.
Қортындылау. Рефлексия. Бағалау.
- Сонымен ғарышкер болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуға тиісті деп ойлайсыңдар?
Ғылым үшін, адам баласының ғылымды игеруі үшін 1991 жылдан бастап Қазақстанда ғарышкерлер ұшыруға байланысты ғарыштық зерттеулер дами бастады. Ғарыштық зерттеулер институты ашылды.
Ғарыштың пайдасы да, қиындығы да бар. Арнаулы бағдарламалар медицина, геофизика, металлургия т.б. саланы қамтыған. Тоқтар жер қайнауын пленкаға түсіріп әкелген.
Жасанды серіктер арқылы ай суреті, спутник байланысы т.б.
Ертеде ұланғайыр қазақ даласын жаудан қорғап, талай жауынгерлік жарықтарда жеңіспен оралған бабаларымыздың ержүрек тілегін, отансүйгіштігін бүгінгі. Тоқтар мен Талғат ағаларымыздың ерлігімен теңдей бағаласақ артық болмайтындай!
Адамзат баласының жан-жақты рухани үйлесімді дамып қалыптасуына білім мен тәрбие ғана емес, табиғат аясы, жеті қат, көк, жер, нұрын төккерн Күн мен Ай керек екенін олар дәлелдеп өткендей.
«Ғарышқа саяхат» шығармашылық жұмыс. ЭССЕ
Ғарыш әлемі кең байтақ. Оны адамзат әлі толығы мен зерттеп болмаған. Ғарыштың әлі де ашылмаған сырлары бар. Біздің елімізде «Байқоңыр» ғарыш алаңы бар. Бұл Қазақстанда ғарыш әлемінен байланыстыратын көпір. Зымырандар осы жерден ғарышқа саяхат бастайды. Лайка, Белка, Стрелка, Гагарин, Терешкова.
Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев- қазақтың ең алғаш ғарыш есігін ашқан ұшқыштары.
Әр адам ғарышқа саяхатқа барғысы келеді. Әр адам ұшқыш болғысы келеді. Мысалы: елбасы да ұшақты көріп ұшқыш болғысы келді. «Балалық шағымының аспаны» киносында. Ұшқыш болу үшін шыдамдылық пен ақылдылық және ғарыш туралы көп мәліметтер білуі және спортпен айналысу керек.
І топ
Байқоңыр-ғарыш алаңы, ғарыш-жайы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған.
Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып орлып қонуға қолайлы болуы ескерілген. Байқоңыр бүгінде әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы. Оның аумағы 6717 шаршы шақырымнан асады.
Ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке -75 шаршы, батыстан шығысқа 90 шақырым.
ІІ топ
Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі – Лейка. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы 6 жарымда Кеңес Одағының «Спутник -2» атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы -2-де, салмағы- 6кг. Мұнан кейін 1960 жылы 20 тамызда Белка Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман –есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері.
ІІІ топ
Юрий Гагарин -9 наурыз 1934 жылы Смоленск облысында дүниеге келген.
Ғарышқа тұңғыш ұшқан адам, КСРО ұшқыш- ғарышкері, Кеңес Одағының батыры, полковник.
1961 жылы 12 сәуірде «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңырдан адамзат тарихында тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 (108) минуттан кейін жерге қайта қонды.
12 сәуір тарихқа «Ғарышкерлер күні» деген атпен енді.
Сұрақтар:
1. Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгіді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді?
2. Ғарыш дегеніміз не?
- жерді қоршаған бүкіл дүние Әлем немесе Ғарыш деп аталады.
3. Қазақстанда ғарыш айлағы қай жерде орналасқан?
- Байқоңырда.
4. Ғарышқа ұшқан алғашқы тіршілік иесі не?
Лайка. 1957 жыл 3 қараша
5. 1961 жыл 12 сәуіріндегі таңғы сағат 9 дан 7 минут өткендегі тарихи оқиға қандай?
- «Восток» кемесімен әуе кеңістігінде Ю. Гагарин 108 минут болып қайтты.
6. Ғарышкердің киімі қалай аталады?
- скафандр
7. Ең бірінші Қазақстаннан ғарышқа ұшқан кім?
-Т. Әубәкіров
8. Бұл оқиға қай жылы?
1991 жылы 2 қазанда
9. Екінші қазақ ғарышкері кім?
Т. Мұсабаев – ұшқыш ғарышкер. Қазақстан халық қаһарманы. 1994. 1998. 2001 жыл
Ембі қалалық №3 орта мектебі
Пәні: Дүниетану
Тақырыбы: Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев –
қазақ ғарышкерлері. (Онлайн сабақ)
Сыныбы: 4а
Мұғалімі: Бақтиярова Р.Б.
Ембі қалалық 2013 – 2014 оқу жылы