Просмотр содержимого документа
«Тауар багасын зерттеу»
Бекітілді:
Тобы:
Күні:
Сабақ №
Сабақ тақырыбы: Тауар бағасын зерттеу
Сабақтың мақсаты:
Тауар бағасы, түрлері, баға саясаты туралы түсінік беру
Экономикалық білімдерін арттыру
Жан-жақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Құрал- жабдықтар: мультимедиялық проектор, есеп тапсырмалары, оқушылар жұмысы
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі : оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу және аудитория тазалығын тексеру;
2.Үй тапсырмасын тексеру: Сатып алуға жауап әрекет (Сауда орындарының түрлері)
Дүкендер түрлеріне қарай,тауар ассортименттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді:
- супермаркеттер;
- суперстор;
- арнайы дүкендер;
- ыңғайлы дүкендер;
- автомат дүкендер , т.б болып бөлінеді.
3.Жаңа тақырып түсіндіру:
1. Тауар бағасын тағайындау,кәсіпорындардың баға саясаты
2. Кәсіпорындағы баға белгілеудің ролі
3. Баға деңгейін анықтайтын факторлар:
Баға- тауар өлшемінің ақшалай түріндегі құны. Баға – бұл ақша сомасы, осы үшін сатып алушы тауарды сатып алуға, ал өндіруші – сатуға дайын.
Баға белгілеу – тауарлар мен көрсетілген қызметтерге бағасын қалыптастыру процесі
Нарықтық экономика жағдайында бағаның маңызы зор. Кәсіпкерлер үшін бұл өмір мен өлім мәселесі. Баға өндірістіңқұрылымын және көлемін анықтайды. Қоғамның өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Баға туралы шешім қабылдау үшін көптеген факторларды ескеру керек:
тауадың өзіндік құны
бәсекелестердің бағасы және оның өзгеру мүмкіндіктері
бағаның өзгеруіне тұтынушылардың мінездері
мемлекеттің фирма саясатына тікелей немесе жанама ықпалы
баға және баға саясаты кәсіпорынның маркетингтік істерінің тауардан кейінгі маңызды элементі.
Әрбір шаруашылық субъектісі кәсіпкерлікпен айналысуында нарықтағы бағаның қалыптасуына қандай факторлар ықпал жасайтынын жақсы білуі тиіс.
. 1. Айналым қызметін атқаруына қарай:
Көтерме баға – кәсіпорын үлкен мөлшерде басқа кәсіпорындарға, сауда ұйымдарына өткізеді;
Дайындау бағасы – ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу;
Бөлшек сауда бағасы – тұрғындарға сату бағасы.
Құрылыс өнімдеріне сметалық құн, орташа 1м2 тұрғын ұй ауданының құны;
Шартты баға – делдал мен заказ беруші арасындағы;
Тарифтер – істелетін қызмет түріне, жүк және тасымал транспортына;
Тұрғындарға қызмет көрсеткендегі тағайындалатын баға, тарифтер.
Баға жасақтау жүйесінің құрамына тауардың бағасын кеміту жүйесі кең өріс алған. Фирма - өндірушілер тұтынушылардың ынталандыру және тарату үшін тауардың бастапқы бағасын кемітіп өтпей тұрған тауарлардың жинақталған қорын азайтады, ол өндірісті дамытады. Бағаны кемітудің мынадай түрлері бар:
Тауарды әзір ақшамен қолма-қол сатып алғанда. Практикада жөнелтілген тауарға төлеу уақыты 30-40 күнге дейін созылады. Мұндай жеңілдік келісім сомасының 3-6 процентін құрайды;
Сандық жеңілдік, егер сатып алынатын тауардың көлемі өте жоғары болса;
Дилерлік жеңілдік, өндіруші делдалға оның қызметі үшін төлем;
Арнайы жеңілдік, ол кейбір сатып алушыларға және тұтынушыларды тарту үшін тауардың бірінші партиясына;
Маусымдық жеңілдік, бұл 50-80 процентке дейін барады.
Бонустық жеңілдік, тұрақты сатып алушыларға 7-8 пайыз мөлшерінде;
Жабық жеңілдік;
Жасырынды жеңілдіксатып алушыға қосымша ақысыз жеңілдік;
Баға деңгейін анықтайтын факторлар:
Баға деңгейін анықтайтын факторлар:
- өнімнің базалық бағасы (өндіріс шығындары, орташа пайда)
- тауар мөлшері, жеткізу көлемі, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қарым-қатынас
- бағаны мемлекет тарапынан реттеу(тікелей, жанама)
- баға ортасының жағдайы(ақшаның сатып алуға жарамдылығы,инфляция)
- сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы(сұраныс, ұсыныс)
- бәсекелестік(бағалық, бағадан тыс).
Базалық бағаны анықтайтын 5 әдіс бар:
Толық шығындар әдісі (метод полных издержек)
Дайындау бағасы әдісі (метод стоимости изготовления(переработки))
Маржинальды (шекті) шығындар әдісі (метод маржинальных издержек)
Инвестицияның рентабелділігі әдісі (метод рентабельности (доходности))
Маркетингтік немесе нарықтық бағалау әдістері (методы маркетинговых или рыночных оценок)
Толық шығындар әдісі, толық шығындар соммасына (тұрақты және өзгермелі) пайда нормасына сәйкес келетін белгілі бір сомманы қосады. Егер негізі ретінде өндірістік өзіндік құн алынса, онда үстеме жүзеге асу шығындарын жауып, пайданы қамтамасыз ету керек. Кез-келген жағдайда үстемеге сатып алушы төлейтін жанама салықтар мен кедендік пошлина қосылады.
Дайындау бағасы әдісі, сатып алынған шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттардың толық шығындар соммасына (әрбір тауар бірлігіне) кәсіпорынның дайын бұйым бағасына қосқан үлесіне сәйкес келетін сомманы(процент, пайда нормасы) қосады.
Маржинальды (шекті) шығындар әдісі, өнім бірлігіне кеткен өзгермелі шығындарға шығынды жауып, жеткілікті пайда нормасын қамтамасыз ететін сомма (процент) қосылады.
Инвестицияның рентабелділігі әдісі, жоба заемдық құралдар бағасының төмен болмайтын рентабельділікті қамтамасыз етуге негізделуі қажет. Өнім бірлігіне кеткен жалпы шығындарға несиелік процент соммасы қосылады.
Маркетингтік немесе нарықтық бағалау әдістері.
сатып алушының реакциясын бағалау әдісі, сатушы сатып алушының белгілі бір тауарды сатып алатын бағасын анықтайды.
қараңғы ұсыныс (метод предложения втемную)әдісі немесе тендерлік әдіс, сатып алушылар анонимді түрде ұсыныс конкурсына (тендерге) қатысады. Кімнің ұсыныс бағасы сатушыға максимальды пайда әкеледі, сол жеңіске жетеді.
Баға белгілеу процесіне әсер ететін факторлар:
Белгілі бір тауардың орташа нарықтық бағасына бағыты
Баға көшбасшысына бағытты
Сұраныс көлеміне бағыты
Баға дискреминациясы
Сатып өткізу орны бойынша баға дискреминациясы
сатып өткізу мерзіміне байланысты баға дискреминациясы
жаңа нарыққа шығу жағдайлары
Жаңа тауарды еңгізу жағдайы
Фирманың мүдделерін қорғау жағдайлары
Тауар ассортиментіне байланысты баға белгілеу жағдайлары
Жеңілдікпен баға белгілеу жағдайлары
Өзара толықтырушы және өзара ауыстырушы тауарларға баға белгілеу жағдайлары
4. Пысықтау сұрақтары: (осы сабаққа дейін не білдім, бүгін не білдім, білгім келеді)
Әр оқушы бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша бір сөзден рет бойынша айтады, тоқтап қалса сол оқушыға төмендегі сұрақтың бірі қойылады)
- өзіндік құн дегеніміз не?
- маркетингтік немесе нарықтық баға деген не?
- базалық бағаны анықтайтын әдістер
- баға белгілеу процесіне әсер ететін факторлар
5. Үй тапсырмасы: Тауарларды жіктеу
Бекітілді:
Тобы:
Күні:
Сабақ №
Сабақ тақырыбы: Бағаның түрлері
Сабақтың мақсаты:
Тауар бағасы, түрлері, баға саясаты туралы түсінік беру
Экономикалық білімдерін арттыру
Жан-жақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Құрал- жабдықтар: мультимедиялық проектор, есеп тапсырмалары, оқушылар жұмысы
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі : оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу және аудитория тазалығын тексеру;
2.Үй тапсырмасын тексеру: Сатып алуға жауап әрекет (Сауда орындарының түрлері)
3.Жаңа тақырып түсіндіру:
Баға қалыптастыру стратегиясы баға саясатының ережелерін таңдауға негізделеді. Нарық конъюнктурасына, баға бәсекелестігі тәсілдерін дамытуға, бағалы қағаздар және валюта нарығындағы жағдайлар мониторингі, сұраныс пен ұсыныс үрдістерінің мониторингі баға қалыптастыру макроэкономикалық және микроэкономикалық факторлар әсеріне тәуелді.
Баға қалыптастыру стратегиясы фирма нарықтың белгілі бір сегментінде қалай әрекеттену керек екендігіне жауап беруі тиіс.
Бағаның түрлері:
Анықтама баға анықтамалық басылымдарда, каталогтарда, журнал және газеттерде жарияланады.
Контракты баға сатушылар мен сатып алушылар арасында келіссөздер барысында тағайындалатын баға.
Жылжымалы баға шарттар өзгерген жағдайда, келіссөздерде белгіленген бағалар қайта қаралады.
Өзгермелі баға дайындалатын бұйымдарға сауда мәмілесінде ұзақ уақыт белгіленетін баға. Осы бұйымдарды дайындау үшін қажетті уақыт ішінде өндіріс шығынының өзгеруін есепке алуға мүмкіндік беретін өзгермелі принципке негізделген.
1. Тауардың экспорттық бағасы. Экспорттық баға деңгейіне көптеген факторлар әсер етеді:
өнімнің сапасы;
сату көлемі;
тауарды ішкі нарықта сатудың пайдалылығы;
тауарды сату уақыты мен мерзімі;
тауарды жеткізу кезендері.
2. Мемлекеттің ықпалынан тәуелсіз еркін сұраныс пен ұсыныстан құралатын бағалар:
Еркін сұраныс пен ұсыныстан құралатын баға;
Мемлекет жағынан тежелетін, бірақ сұраныс пен ұсыныс ескерілетін баға, онда рентабельдік деңгейді тежейді;
Белгілі тауарлар тобына алдын ала белгіленген бағалар;
3. Бағаны белгілеу классификациясы әдісімен:
Шарт бойынша белгіленген баға;
Бір кәсіпорынның тасымал бөлімдері арасындағы транспорт бағасы;
Биржалық баға;
Бәсекелестік негіздегі сауда бағасы.
4. Бағаның іске асу мерзімі бойынша:
Тұрақты баға шартты мерзімге байланысты;
Қазіргі мерзімге қойылған баға;
Жылжымалы баға - өндіріс шығындарының өзгеруімен байланысты;
Маусымдық баға;
Сатылып кемітілетін баға.
Фирма келесі бағалар түрлерін және оларды жасау әдістерін қолданады:
Слайдпен жұмыс
Есептер:
Өнімнің калькуляциясын құрыңыз, егер еңбек ақыға шығыны 1500 тенге құраса, еңбек ақы қорынан сыйақы 40%. СГ-ге аударымдар 35,6 %.Қосымша шығындар 90%.Бұйымның рентабельділігі 25% . 1кг ұнның құны 100 тенге, бұйымның салмағы 0,2 кг.
Өндіріс көлемінің өсуі және өз құнының төмендеуі алынатын пайдаға әсерін анықтаңыз. Өткен жылы цехта 12 мың тоңазытқыш өндірілген, ал биылғы есеп жылында 13 мың дана тоңазытқыш өндіріледі деп жоспарланып 13200 тоңазытқыш өндірілген.Өткен жылғы өндірілген тоңазытқыштың өз құны 23 мың тенге деп жоспарланып 22 мың тенге болған. көптеп сату құны 30мың тенге.
4. Пысықтау сұрақтары: (осы сабаққа дейін не білдім, бүгін не білдім, білгім келеді)
Әр оқушы бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша бір сөзден рет бойынша айтады, тоқтап қалса сол оқушыға төмендегі сұрақтың бірі қойылады)