kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таби?ат пен таби?и байланысым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: балалар?а таби?ат туралы т?сінік беруде б?кіл ?лемдегі тіршілікті? т?рт ??діреті к?н, ауа, жер,су екенін т?сіндіру; таби?ат аясында?ы жанды-жансыз заттар?а ?ам?орлы? жасау?а, ту?ан таби?ат?а с?йіспеншілікпен, ма?таныш сезіммен ?арау?а баулу, ма?ал-м?тел, ж?мба?, на?ыл с?здер, ?ле?дер айт?ызу ар?ылы Отан?а, ту?ан жерге, елге деген с?йіспеншіліктерін арттыру. Саба?ты? т?рі: жа?а саба? К?рнекілік: слайд, суреттер Саба?ты? барысы: I. ?йымдастыру б?лімі Амандасу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таби?ат пен таби?и байланысым »

Сабақтың тақырыбы: Табиғат пен табиғи байланысым

Сабақтың мақсаты: балаларға табиғат туралы түсінік беруде бүкіл әлемдегі тіршіліктің төрт құдіреті күн, ауа, жер,су екенін түсіндіру; табиғат аясындағы жанды-жансыз заттарға қамқорлық жасауға, туған табиғатқа сүйіспеншілікпен, мақтаныш сезіммен қарауға баулу, мақал-мәтел, жұмбақ, нақыл сөздер, өлеңдер айтқызу арқылы Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілік: слайд, суреттер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу.

Психолгиялық дайындық

Табиғат- әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан- жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысын,-деген өлең сөздерімен

тәрбие сағатымызды ашайық

  1. Жаңа сабақ

Мұғалім: Адам өзінің керемет түстерінде де табиғаттан әсем еш нәрсені көре алмайды. Ламартин


Мұғалім: О, Табиғат! Сыйыңды алып үлгердім,

Қадарымша мен де өзіңе тіл бердім.

Мәңгі өлмеймін музыканың тілінде,

Сен сөйледің, сырыңды айттың, түрлендің.

Сыңғырлады қайыңдардың сырғасы,

Тебіренді теңіздердің тұнбасы.

Бала бұлақ күліп ақты еңісте,

Күрсінді тау- ғасырлардың құрдасы.

Мұғалім: - балаларға туған жеріміздің табиғаттарымен таныстыру

Мұғалім: баларға оқыту

Ауа жасыл, су да жасыл, қыр жасыл,

Жасыл бояу құрғамасын, құрғасын!

Қызыл бояу- қызартады...

Ал енді

Жасыл бояу жасартады әлемді

Жер- жап- жасыл, көңіл- дағы жап- жасыл,

Күн қалайша қып- қызыл боп жанбасын!

Қызыл күн мен жасыл жердің ортасын

Өзге бір түс бұза ма деп қорқасың

Мұғалім: Табиғаттың ғажайыптарымен таныстыру

Мұғалім: Кітаппен жұмыс

  • Балалар кітаптан 1- тапсырманы орындаймыз

  • Төмендегі материалдармен танысып шығыңыздар. Әр бөлімге қандай атау берер едіңіздер? Ойланып көріңіздер

Мұғалім: Экология және ұлт тағдыры

Әл- Фараби от, су, жер деген Отан деп түсіндіреді.

От- Күннің нұры, су- тіршілік көзі.

Ауа- бізідің өміріміз. Жер- қасиетті жеріміз.

Мұғалім:

Қазіргі таңда осы киелі жерімізді құртып болдық. Кеңес Одағы ыдырағанға дейін Қазақстанның өзінде 37 полигон салынған екен. Ең үлкені- Семей. Одан болған 715 жарылыстың 500- і жер астында, 215- і жердің үстінде жарылған.

Қызылорда облысының Шиелі ауданында туылып жатқан сәбилерге қарасаңыз, жан түршігерлік. Уранды ашық түрде өндіріп жатыр. Еліміз дүние жүзінде уран өндіруден 3- ші орында. Уран өндіру үшін жердің астына күкірт қышқылын айдайды. Ол деген суға, шөпке жайылады.оны жеген, ішкен малды адам жеп отыр.

Байқоңыр ғарыш айлағынан қаншама зымыран ұшырылды? Құлады, қаншама ауаны бүлдірді. Осымен қоймай 50 жылға жалға да беріп қойдық.


Мұғалім: 2- тапсырма

Қазақстанның табиғатын бейнелейтін суреттерді қарап әсемдікті сезініңіздер және суреттерден алған әсерлерініңді бөлісіңіздер.

- Қазақстанның табиғатын бейнелейтін суреттерді қарап әсемдікті сезініңіздер және суреттерден алған әсерлерініңді бөлісіңіздер.

- Тянь- Шань шатқалы Қайрақ сарқырамасы

- Үлкен Алматы көлі

- Бурабай курорты

- Алматы маңындағы космостанция ауданы

- Шарын өзенінің каньондары

  1. Сабақты қорытындылау:






Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі







Өзін- өзін тану





Дайындаған:Асқарова. А



2014-2015-оку жылы






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Таби?ат пен таби?и байланысым

Автор: Ас?арова Айжан Ас?ар?ызы

Дата: 17.04.2015

Номер свидетельства: 202385


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства