kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

План урока по предмету обществознании свобода и ответсвенность

Нажмите, чтобы узнать подробности

план урока по предмету обществознании свобода и ответсвенность

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«план урока по предмету обществознании свобода и ответсвенность»



Қоғамтану пәні бойынша

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақтың тақырыбы: Еркіндік және жауапкершілік.


Сабақтың мақсаты:.

а) білімділік: «еркіндік», «жауапкершілік» ұғымдарын қарастыру

ә) тәрбиелік: адам өмірінде жауапкершілікті саналы сезіну,  ұғыну;

б) дамытушылық: өзіне және өзгелерге құндылықты қарым қатынасты дамыту, өмір жолын таңдауға құқығын, сайлау  еркіндігі ұғымдарын кеңейту және тереңдету.



Сабақтың түрі: теориялық;

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту;

Сабақтың әдісі: дәріс-әңгімелесу, талқылау,топтасу, өзіндік талдау

Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: таратпа материалдар.

Пән аралық байланыс: Философия негіздері, Мәдениеттану.


САБАҚ БАРЫСЫ


І.Ұйымдастыру кезеңі: студенттердің сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхана тазалығына,

дайындығына назар аудару.

ІІ. Жаңа тақырыптың жоспарын хабарлау,кіріспе жасау.

Дәріс-әңгімелесу.

Азат емес адам бақытты бола алмайды. 

Бостандық дегеніміз – барлық нәрсеге ерік беру, рұқсат беру емес, ол ең алдымен, жауапкершілік, қажеттілікті түсіну. Бостандықтың алғы шарты – адамға таңдау мүмкіндігін беретін ақыл-ойы және жан-жақты терең білімі.

Еркіндіктің не екенін өте түсінбейтін адамдар оны өте тез жоғалтып алуы мүмкін.

Г.Спенсер.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жоспар: 1.Еркіндік түсінігі

2.Жауапкершілік-еркіндіктің басқа бір жағы.

XII  немесе XIII ғасырда болар, парламентарий сөз сөйлеп жатқанда қолын ары бері сілтеген кезде көрші отырған адамның қолы мұрнына тиіп кеткені үшін сотта мәселесі қаралады. Парламентарий қолымды ары бері сілтеуге құқым бар дейді. Сонда сот мынандай шешім шығарады: «Сіздің қолыңызбен ары бері сілтеуге еркіндігіңіз басқалардың мұрны бар жерде жоқ».

Өмір сүрудің жаңа, қазіргі кезеңінде табиғат пен әлеуметте еркіндік түсінігін терең түсіну қажеттілігі баю үстінде.

Еркін болу – яғни, әлемде толық және ақылды болып қалуға мүмкіндік беретін шынайы тосқауылдарды түсіне білу, ал адам әлемді жасаушы объективті заңдарға сәйкес іс әрекет жасау керек.

Э.Фромм еркіндікті адамның негізгі өсу мен даму жағдайы деп санаған. Ол — адам бас тарта алмайтын ұлы сый  және ауыртпалық. Еркіндік – адамның өзінің іс әрекетіне жауапкершілік таныта отырып таңдаған альтернативаларды саналы ұғынуымен  байланысты. Қазіргі философтар мен психологтардың зерттеулері бойынша жауапкершілік ересек тұлғаның әлеуметтік мінез құлқын ішкі  реттеушісі ретінде орын алады деп қорытынды жасаған. Мұнда әңгіме жас  жайында емес, оның  тұлғалық өсуінде болып отыр. Кішкене бала үшін қажетті сыртқы жағдайлар мен шектеулер орын алатын болса, ал ересекте тұлғаның өзінің  еркін қабылдаған мақсаттары мен құндылықтары болып табылады. Ересектер үшін сыртқы стимулдар мен еске түсірулер  қажет емес. Тұлғаның ішкі еркіндігі, бостандығы оның жауапкершілігімен шектелмейді, керісінше, жауапкершілігінің арқасында мәнге және  мазмұнға ие болады. Жауапкершіліктің дамымауы немесе оның тіптен болмауы адамға толығымен еркін тұлға болуға кедергі жасайды, бірақ,  сонымен бірге ол оны жағдайларға құл етіп, ішкі бақылауға тәуелді етеді.

Сонымен еркіндік мәселесі жауапкершілік мәселесімен тығыз байланысты.

Жауапкершілік — еркіндіктің басқа бір жағы болып табылады. Ол ересек тұлғаға тән және өзін саналы түрде жасайтын іс әрекеттерінің себептері мен  өзінің ойлары мен әрекеттерін ішкі бақылауда көрінеді. Әлеуметтік жауапкершілік өзінің жеке эгоистік қызығушылықтарына емес, қоғам мен басқа адамдардың  қызығушылықтарына  сәйкес өзін өзі ұстай білудегі  адамның бейімділігі. Тек еркін және жауапкершілігі жоғары тұлға өзін әлеуметтік мінез құлқын жан –жақты дамыта алады және жоғары дәрежеде өзінің  потенциалын аша алады.

Сонымен, жоғарыда тұлға жайында айтылғандардың барлығын қоса келе,  оның қалыптасуына әсер ететін факторларды бөліп көрсетеміз.

Олар:

адамның өзінің қабілеттілігі мен нышандарын көрсете білуге мүмкіндік жасайтын іс әрекеті;

адамның басқа адамдармен ауызба- ауыз сөйлесуі кезінде ғана емес, адамзаттың адами қасиеттерін, салт дәстүрлері, әлеуметтік нормалар мен ережелерді меңгеруі арқылы көрінетін, болатын қарым -қатынасы;

жеке және әлеуметтік мінез құлық жауапкершілік әдістері мен формаларын болып жатқан жағдайларға байланысты таңдап алуда көрінетін адамның шығармашылығы, мұны еркіндік сөзінің синонимі деп алуға да болады.

Мінекей осы факторларды адам негізгі қоғамдық рөлдерді меңгеруі арқылы әлеуметтену процесінде дамытады.

 «Бағыттау» жаттығуы

Мақсаты: серіктесің үшін  жауапкершілікті жоғарылату, күшейту (15 минут).

Пайдалануға қажетті материалдар: бірнеше газеттер, көзді байлайтын таңғыш.

Еденге қалай болса солай газеттерді жыртып тастаймыз. Топ екі екіден жұпқа  бөлінеді. Бір студенттің көзін байлаймыз, ол еріп жүруші болады. Оның серігінің міндеті – осы жыртылған газеттен жасалған «бағыттардан» алып өту.

Жаттығуды талқылау. Сұрақтар:

«алып жүрушілер» «еріп жүрушілерге»қарағанда қандай жауапкершілікті сезінді?

«еріп жүрушілердің» жүрісіне жтекшілік жасау қаншалықты қиын болды?

«алып жүрушілердің» айтуы бойынша «еріп жүрушілердің» әс ірекеті қаншалықты комфортты болды?

Жүргізушіге ескерту. Студенттерге «алып жүрушілерге» «алып жүрушілер» үшін жауапты болатынын ескерту керек. Егер «еріп жүрушілер» қателессе , онда сол жұп ойыннан шығады.

Оқытушы  (дәріс- әңгімелесудің жалғасы).

Шын мәнінде біз өмірімізді өз таңдауымызды толығымен ұғынған кезде, біздің бақыт құсымыз  өз қолымызда екенін түсінген кезде ғана өзгерте аламыз. егер біз осы мәселеге саналы тұрғыда мән берсек –  ертең біз қандай адам болып оянғымыз келеді?

Көптеген адамдар осы сөзді естіген кезде мұрындарын жиырады. Біздің бұл әңгімемізден, жауапкершілік деген сөзден көңілсіздік пайда болады, ол алып жүруге тура келетін үлкен ауыр жүк секілді қиналады.

Алайда, жауапкершілік  концепциясына басқаша қарасаңыз еркіндікті сезінгендей боласыз.

Жауапкершілік — өз өміріңді өзгертуге деген құқығың, оны әрбір секунд сайын қайта жасауға деген құқығың!

Жауапты болу — өзіңе жеке билік жасайтын қожайын болу, иелік ету дегенді білдіреді. Бұл, сенің өміріңе ешкімнің де қол сұға алмайтынын білдіреді. Бұл өз бақытыңды  өзіңе жасауға мүмкін екенін және мұнда ешкімнен сен тәуелді емес екеніңді білдіреді…

Жауапты болу дегеніміздің өзі не? Яғни, бұл сенің барлық ойларың, сенің сезімдерің, сенің көңіл күйің, сенің бақытты болуың, бақытсыздығың, немесе сенің ішкі дүниеңде болып жатқан жағдайларды үнемі саналы тұрғыда түсіну. Бұлардың барлығы тек сенікі, басқа ешкімдікі де емес. Сенің іс-әрекетің — бұл сенің жеке ісің, сенің жауапкершілігің, сенің таңдауың. Ешкім бұған жауап бере алмайды – тек сен өзің ғана жауап бересің.

Далай Лама бірде: «Егер адамның ішетін тамағы және жататын жері болса, ол өзін бақыттымын деп санауға толық себептер бар, ал қалғаны — оның таңдауы» деген екен.

Егер сен үнемі көңіл күйің төмен болса, сен бақытсыздықты сезінген кезіңде — өзіңнің ішіңе үңіл, онда не болып жатқанына мән бер, түсінуге тырыс. Бұл жағдайға өзіңді тек өзің жеткіздің, басқалар емес. Егер осы жағдайға өзіңді өзің жеткізген болсаң онда осы жағдайды өзің ғана өзгерте аласың.Осындай саналы түсінік өзіңді, өміріңді  өзгертетін  күш пайда болады.

Сен өзіңе жауапкершілікті алған кезде сен өзіңнің күшіңе ие боласың. Бұл асыра айтқандық емес аллегория – бұл қандай болған жағдайда бізде үнемі болып отыратын нәзік энергетикалық прцесті тікелей бейнелеу. Мұның барлығы жай қарапайым ғана нәрсе – сен жауапкершіліктен қашсаң осы энергиядан айырыласың, жауапкершілікті мойныңа алсаң энергияны аласың.

Жауапкершілікті басқаға артып қойсаң, онда сен өз қолыңмен өзіңді сол адамға тәуелді етесің.

Еркін болудың арқасында сен өзіңнің өміріңді, өзіңнің бақытыңды жасай аласың. Сен үшін басқалар мұны жасамайды. Тек өзің ғана өзіңді бақытты ете аласың. Сенде басқаларды кінәлауға деген қажеттілік те болмайды. Егер де, сен өзгелердің өзгергенін ашық немесе жасырын болса да өзгергенін қалап, оны өзіңнің қалауың бойынша көргің келеді, мәжбүрлейсің, оларды кінәлайсың. Өмірде өзгені өзгерту деген ең қиынның қиыны, миға сиымсыз нәрсе.

Өз өміріңді  — ойыннан тұратын жеңіл биге,  тұрақты жеке таңдауыңа айналдыр, өзіңнің болашағыңның әрбір секундын таңдай отырып сіз өзіңіздің әр сәт сайын, кешегіден де жақсы екенініңізді сезінесіз!



ІҮ. Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау.

«Бақа» туралы аңыз әңгіме.

Күндердің бір күнінде бір бақа ауылдың лас жолындағы транспорт жүретін жолдың ортасына түсіп қалады да одан шыға алмайды. Ол әбден қиналады, қаншама шығуға әрекет жасаса да ешәрсе шықпайды, не істерін білмейді. Оның достары да қолдарына келгенше әс әрекет жасайды. Сонымен кеш болады, әбден қорыққан, ренжіген олар амал жоқ бақаның өзін сол жерге қалдырып кетуге тура келеді. Келесі күні олар бақа осы уақытқа дейін өліп қалған шығар деп келіп қараса жоқ. Бірақ ол көңілді, секіріп жүргенін көріп, таңқалады.

Олар: «Бұл қалай болғаны, не болды? Қалай батпақтан шықтың?» деп сұрайды.

«Жай ғана, бір жүк машинасы көрінді, ол кейін жақындай түсті, ал мен ол жерден шығуым керек болды деп жауап береді бақа.


Талқылауға арналған сұрақтар:

Аңыз не туралы?

Бақаның батпақтан шығып кетуіне не көмектесті?

Сен бар күшіңді салып мақсатыңа жеткенде нені сезінесің?

Адам үшін жауапкершілікті қабылдау қаншалықты маңызды?

Еркіндік пен жауапкершіліктің бір-бірімен байланысты?

Осы сабақтан өздеріңіз үшін маңызды және пайдалы не алдыңыздар?


Ү. Үйге тапсырма беру.

«Мен сыйлаймын» жаттығуы.

Әрбір студент үш қағаздан алады да, өзінің досына, тобына, әлемге не сыйлағысы келген сөзді жазады. Кейіннен қағаздарды жинаймыз, араластырамыз, содан соң студенттердің әрқайсысы үш қағаздан алып, өзіне, тобына, әлемге сыйлық таңдайды. Топта барлық «сыйлықтар» оқылады.


ҮІ.Сабақты қорытындылау.



Пән оқытушысы:







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
план урока по предмету обществознании свобода и ответсвенность

Автор: Досмамбетова Алтын Ажарбаевна

Дата: 23.11.2016

Номер свидетельства: 361889


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства