kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Парыз-азаматтық арқауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өз бойынан ақиқат іздеуді, тек жақсы және қажет заттарды айтудың мәнін түсіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Парыз-азаматтық арқауы»

Тақырыбы: Парыз-азаматтық  арқауы. Сынып: 11

 Құндылық:Ақиқат

Қасиеттер:өз бойынан  ақиқат  іздеу;  те

к  жақсы  және  қажет заттарды ғана айту;  мәңгілікті  уақытшадан,  шындықты  жалғаннан  ажырата  білу; білім іздеу;  өз өзіне есеп беру; барлық  дінге  құрмет көрсету; өзіне-өзі сену; жауапкершілік  және т.б.

Сабақтың  мақсаты: Өз бойынан  ақиқат  іздеуді;  тек  жақсы  және  қажет заттарды ғана айтудың  мәнін  түсіндіру.

Міндеттері: 

1.Оқушыларға уақытты  үнемдей  білуді  ұғындыру.

2.Оқушыларға мәңгілікті  уақытшадан,  шындықты  жалғаннан  ажырата  білу қасиеттерін  дамыту.

3.Оқушыларды  өз өзіне есеп беру; барлық  дінге  құрмет көрсету; өзіне-өзі сену; жауапкершілік  және шынайлықпен  жұмыс  істеуге  тәрбиелеу.

Сабақ  барысы:          

1.      Ұйымдастыру  кезеңі.          

Тыныштық сәті. Нұр сәулесі. (5 мин) 

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. 

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.  

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. 

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.  

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. 

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». 

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз...  

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. 

Жаймен көзіңізді ашуға болады. 

Рахмет.  

2.      Үй  тапсырмасын  тексеру. № 10 сабақ. 1-тапсырма, 22 бет. Тапсырма  дәптерде  орындалады. «Ар-ұжданыма  саяхат» тақырыбына эссе жазу.

3.      Дәйексөз.«Ел үмітін  ер ақтар, Ер атағын ел сақтар»мақал сөз. Оқушылардын нақыл  сөздің  мағынасын  қалай  түсінетіндері  сұралады. (дәйексөзді жаттау, дәптерге жазғызу).

4.      Мұғалімнің сыйлығы.Бейнебаян «Алма».

Сұрақтар:  

1.Бейнебаянан  қандай ой  түйдіңіздер?                                                 

2.Қалай  ойлайсыңдар, адамға  құндылықтар қажет деп ойлайсың?

3.Өздерінде осындай жағдайдың куәсі болдыңдарма?

5.Шығармашылық   жұмыс

Шығармашылық  жұмыста  ұсынылған «Азаматтық айқындама»,«адамгершілік айқындама»«азаматтық парасаттылық»  ұғымдарына сипаттама беріп, «Менің азаматтық айқындамам» атты  жоба (мақсат, әрекет, құрал, уақыт, нәтиже) құру ұсынылады 

6. «Шаттық шеңберінде» топпен өлең оқу  .  Т.Әбдірахманованың «Азамат»


7.      Үй   тапсырмасы. №11. 1-тапсырма 25 бет. 

8.Тыныштық  сәті: Соңғы тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар.

Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден 

қайталаңыздар (баяу әуен ырғағымен).

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Парыз-азаматтық арқауы

Автор: Малгеждарова Гульнур Казбековна

Дата: 02.02.2017

Номер свидетельства: 386877


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства